ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 492
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық танытады: оларды жақсы көреді,
сипайды; басқа балалармен бірге, келісіп ойнайды, бір-біріне көмектеседі және
жетістіктеріне бірге қуанады; ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін
түсінеді; серуенде, сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерін біледі; көлік, көше, жол туралы бастапқы түсініктері бар, көлік құралдарының
кейбір түрлерін біледі; жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі.
-
Қоршаған ортамен таныстыру. -
Бала, оның отбасы, үйі.
«Мен» бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану.
Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.
Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау, оны ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.
-
Заттық әлем.
Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану. Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу, белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу.
Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.
-
Көлік.
Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
-
Еңбекке баулу.
Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару.
Ересектерге көмектесу ниетін қолдау.
-
Адамгершілік тәрбиесі.
Балалардың жалпы қабылданған моральдық-адамгершілік нормалар мен құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету. Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру; басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу. Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
Жақын адамдарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға баулу.
101.Табиғат әлемі.
Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру. Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп) мен жемістерді (алма, алмұрт) ажырату.
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел.
Аулаға ұшып келетін құстарды (торғай, көгершін, қарға), үй құстарын (тауық, қаз, үйрек), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.
Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасау.
«Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен, серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (лас суды ішпеу, құмды шашпау, тастарды лақтырмау) таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.
Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі. Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.
3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастағы балалар)
1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту
-
Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. -
Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайту, қимыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. -
Міндеттері: дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту;
негізгі қимыл түрлері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу,
еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру; мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
қимылдарды белсенді орындауды дамыту және қимылдарды үйлестіру,
дене жаттығуларына қызығушылыққа баулу; денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен
шапшаңдықты дамыту; құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарым-
қатынас жасауға баулу; спорттық жабдықтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
-
Күтілетін нәтижелер:
бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүреді; қол ұстасып, жартылай отырып, заттарды айналып жүреді; жүруде тепе-теңдікті сақтайды;
бірқалыпты, аяқтың ұшымен, әр түрлі бағытта жүгіреді;
сапта бір-бірлеп, шеңбер бойымен, шашырап, заттарды айналып жүгіреді; тұрған орнында қос аяқпен, алға қарай жылжып, биіктіктен және
ұзындыққа секіреді;
оң және сол қолмен қашықтыққа, көлденең нысанаға, тік нысанаға
заттарды лақтырады; допты жоғары-төмен лақтырады, қағып алады;
заттардың арасымен еңбектейді, гимнастикалық қабырғаға өрмелейді және
одан түседі; бір-бірден сапқа, шеңберге тұрады, сапта өз орнын табады; жалпы дамытушы жаттығулардың орындалу ретін сақтайды; қимылды ойындарды қызығып ойнайды;
күнделікті гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін біледі; өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына ие; салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие; үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын біледі; бірлескен қимылды ойындарға қатысады; үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын меңгерген; шанамен бір-бірін сүйреп ойнайды; суға түседі, суда ойнайды.
-
Дене шынықтыру. -
Негізгі қимылдар.
Жүру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бірбірден, екеуден (жұппен) жүру; әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру: қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру, еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу.
Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру, тура жолмен, бір-бірінен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен жүру.
Жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден, алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру; белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру, белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру; қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру.
Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бірбіріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.
Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр), көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу; саты бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр).
Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, 15-20 сантиметр биіктіктен секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, тұрған орнынан жоғары секіру, сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40 сантиметр қашықтыққа секіру.
Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша). Саптағы, шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.
Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау.
108. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар: қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен); заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан
жоғары көтеру; қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау; қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру,
түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.
Кеудеге арналған жаттығулар: допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа
(солға- оңға) бұрылу; солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);
аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан
қалыпта); аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан
бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жанжаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта).
Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа
қою; қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен
иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру; отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау,
таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру. 109. Қимылды ойындар
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге, кеңістікті бағдарлауға, «жүгір», «ұста», «тұр» белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.
-
Дербес қимыл белсенділігі.
Қимылдарды орындауда балалардың дербестігін, белсенділігі мен шығармашылығын дамыту. Арбалар, автомобильдер, велосипедтер, доптар, шарлармен өз бетінше ойнауға ынталандыру. Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын, ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды мәнерлі орындауға баулу.
-
Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу.
Жүзу және гидроаэробика элементтері. Суға түсу, жүгіру, ойнау, суда билеу. Жүзуді үйрету (тиісті жағдайлар болған кезде).
-
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
-
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.
-
Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру (ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту; ауырмауға, денсаулықты сақтауға ынталандыру, «салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру.