Файл: Оуаарту министріні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 495

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Адамның денсаулығына пайдалы (көгөністер, жемістер, сүт өнімдері) және зиянды тағамдар (тәттілер, бәліштер, тәтті газдалған сусындар) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.

Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.

115. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Балалардың денсаулығын және жергілікті жағдайларды ескере отырып, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.

Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

Серуенде қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қатысуға қызығушылықты арттыру.

Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

Күн тәртібіне сәйкес балалардың күнделікті таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.

2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту



  1. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

  2. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін тілді меңгеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту болып табылады.

  3. Міндеттері: балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету;

түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау; әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке

сөйлесу;

дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану

арқылы сөздік қорды байыту; шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу;

артикуляциялық және дауыс аппаратының, есту қабілетінің дамуына

ықпал ету; қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен,

мәдениетімен таныстыру; қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға

тәрбиелеу; балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру.


119. Күтілетін нәтижелер: дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды анық айтады; дұрыс сөйлеу қарқынына ие;

қоршаған ортаға қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап береді; қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады; сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстырады; зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші

сөздермен бірге қолданады; ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді, өз ойын айтады; бір-бірімен, ересектермен сөйлеседі;

естігені, көргені, өзі қолдан жасаған заттары туралы айтады; қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады;

кітаптардағы суреттерді өз бетінше, басқа балалармен бірге қарастырады; көрген суреттері бойынша өз ойын айтады;

әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;

әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға

еліктеп, жеткізеді; сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады; ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнайды; еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің рөлін сомдайды;

оқылған шығармадан қызықты үзінділерді, сөздер мен қарапайым сөз

тіркестерін қайталап айтады; тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады;

қазақ тіліне тән дыбыстарды, осы дыбыстармен берілген сөздерді айтады; өзіне айтылған сөздерді ынта қойып тыңдайды және түсінеді; алынған ақпаратқа сәйкес өзінің ойын білдіреді;

күнделікті жиі қолданылатын сөздердің мәнін түсінеді және оларды

ауызекі сөйлеуде өз бетінше дұрыс қолданады; туыстық қатынасты білдіретін сөздерді түсінеді және атайды; сөз тіркестерінің мәнін түсінеді, оларды өз бетінше құрайды; қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтады; сөйлегенде бұйрық райлы етістіктерді жеке қолданады;

кітаптағы суреттерді, ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып,

сұрақтарға жауап береді, оларды жай сөйлемдермен сипаттайды; таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға

жауап береді, мазмұнын өз бетінше қайталап айтады.

  1. Сөйлеуді дамыту.

  2. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

  1. Сөздік қор.

Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.



Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы қадамы ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру, дәстүрге байланысты балалармен ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, санамақ айтқызу, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.

  1. Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану. 124.Байланыстырып сөйлеу.

Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге, өз ойын айтуға үйрету.

Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.

Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.

125. Көркем әдебиет.

Кітаптарға қызығушылықты ояту.

Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.

Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.

Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.

Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.

Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.

  1. Қазақ тілі.

  2. Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.


  1. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды, естуді дамыту. Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдау және түсінуді дамыту. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.

  1. Сөздік қор.

Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас»), тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.

  1. Тілдің грамматикалық құрылымы.

Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).

Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.

131.Байланыстырып сөйлеу.

Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу.

Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.

3-параграф. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту



  1. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

  2. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, балалардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту болып табылады.

  3. Міндеттері: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

бақылау арқылы қоршаған орта заттарының санын, пішінін, шамасын,

олардың кеңістікте орналасуын ажыратуға үйрету; заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны тануға, өзіне

сенімділікке баулу; командада жұмыс істей білуге дағдыландыру; көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту.

  1. Күтілетін нәтижелер:


«бір», «көп» ұғымдарын ажыратады; жаңаны тануға ұмтылады, заттарды қызығып, қуанып зерттейді; біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетеді; қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады; тең және тең емес заттар тобын салыстырады; екі затты белгілі өлшемі бойынша салыстырады; ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша заттарды салыстырады; ұстау және көру тәсілдері арқылы геометриялық фигураларды зерттейді,

атайды; өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтайды; қарама-қарсы тәулік бөліктерін біледі.

  1. Математика негіздері.

  2. Сан.

«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беру.

Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, «Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру.

  1. Шама.

Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.

  1. Геометриялық фигуралар.

Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.

  1. Кеңістікті бағдарлау.

Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.

141.Уақытты бағдарлау.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

4-параграф. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту



  1. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.

  2. Мақсаты балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық дағдыларын, зерттеу қабілеттерін, көркем-эстетикалық талғамын дамыту үшін ұлттық мәдениетке баулу болып табылады.

  3. Міндеттері: