Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5487

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

51

 

Орталық  жүйке  жүйесінің  қозымдылығы  артып,  дербес 

(вегетативтік) 

жүйке 

жүйесінің 

межеқуаты 

құбылмалы 

болады.  Осыдан  артериялық  қан  қысымы  құбылып  тұрады, 
жүректің  аритмиялары  дамиды.  Бұл  кезде  гипоталамус  - 
аденогипофиз  -  бүйрек  үсгі  бездерінің  сыртқы  қабатының 
белсенділігі артады. Иондағыш сәулелердің мөлшері 8-10 Гр 
болғанда артериялық қан қысымы төмендеп, естен тану, дене 
қызымының  көтерілуі,  іш  өтуі  байқалады.  Жүйкелік-
рефлекстік  бұзылыстар  байқалады.  Сәулелік  аурудың  бұл 
сатысы алғашқы 1-3 күн арасында көрінеді. 

Клиникалық  жалған  сәттілік  сатысында 

науқастардың 

жалпы  жағдайы  біршама  жақсарады.  Алдында  байқалған 
аурудың белгілері жоғалады. Бұл сатының ұзақтығы иондағыш 
сәулелердің мөлшеріне қарай 10-15 күннен 4-5 аптаға дейін 
созылады.  Иондағыш  сәулелердің  мөлшері  1  Гр-ден  аспаса 
алғашқы 

серпілістер 

сатысы 

аурудың 

айқын 

түріне 

ауыспайды.  Ал  олардың  мөлшері  10  Гр-ден  асып  кетсе 
аурудың  клиникалық  сәттілік  сатысы  байқалмай  бірден  жіті 
сәулелік  аурудың  айқындалуы  болады.  Бұл  сатысы  кезінде 
қанның 

бұзылыстары 

күшейе 

береді. 

Шеткері 

қанда 

лимфопения 

үдейді, 

лейкоциттердің 

жалпы 

саны, 

ретикулоциттер  мен  тромбоциттер  азаяды.  Сүйек  кемігінде 
аплазия 

дамиды. 

Сонымен 

бірге 

жыныстық 

бездердің 

атрофиясы 

байқалады, 

сперматозоидтардың 

өндірілуі 

бұзылады,  аш  ішектердің  шырышты  қабықтарында  және  теріде 
өзгерістер дамиды. 

Аурудың  айқындалу  сатысы. 

Бұл  саты  кезінде  науқастың 

жалпы  жағдайы  қайтадан  күрт  нашарлайды,  жалпы  әлсіздік, 
дене  қызымының  көтерілуі,  теріге,  шырышты  қабықтарға, 
ішек-қарын  жолдарына,  миға,  жүрекке  және  өкпеге  қан 
құйылулар 

мен 

қан 

кетулер 

байқалады. 

Денеде 

зат 

алмасуларының бұзылыстарынан, тәбеттің болмауынан және іш 
өтулерінен адамның қатты арып-жүдеуі болады. 

Қанда 

қатты 

лейкопения, 

тромбоцитопения, 

анемия 

дамиды, эритроциттердің тұну жылдамдығы көтеріледі. Сүйек 
кемігенде, 

аплазия 

байқалады. 

Шеткі 

қанда 

гипопротеинемия,  гипоәлбуминемия,  гиперазотемия  дамиды, 
хлордың  деңгейі  азаяды.  Бұл  сатысы  кезінде  организмнің 
жұқпаларға  төтемелілігі  бұзылып,  жұқпалардың  асқынуы, 
аутоинфекциялар  мен  өзінен  өзі  уыттануы  байқалады.  Бұл 
сатының  ұзақтығы  бірнеше  күннен  2-3  аптаға  дейін 
созылады. 

Сауығу  сатысы. 

Бұл  саты  кезінде  организмнің  бұзылған 

қызметтері  біртіндеп  қалпына  келеді,  науқастың  жалпы 
жағдайы  түзеледі,  дене  қызымы  қалыпты  деңгейге  түседі, 


background image

 

52

 

қан кетулер, іштің өтуі, құсу  тоқтайды. 2-5 айдан кейін 
тері  бездерінің  қызметі  қалпына  келеді,  шаш  қайта  өсе 
бастайды.  Біртіндеп  қанның  және  зат  алмасуларының 
өзгерістері қалпына келеді. 

Сәулелік  аурудан  сауығу  3-6  айда  болады,  оның  ауыр 

түрлерінде  сауығу  1-3  жылға  созылуы  мүмкін.  Кейде  жіті 
сәулелік ауру созылмалы түрге айналуы ықтимал. 

Жіті  сөулелік  аурудың  ішектік  түрі

.  10-20  Гр 

мөлшерінде  сәулеленген  адамдар  7-10  күннен  кейін  жан 
тапсырады.  Аурудың  бұл  түрінің  әйгіленімдеріне  жүрек 
айну,  құсу,  қан  араласқан  іш  өту,  дене  қызымының 
көтерілуі,  ішектердің  түйілуі,  іш  кебу  жатады.  Сонымен 
қатар  қатты  лейкопения  дамиды,  лимфоциттер  шеткері  қанда 
мүлде  болмайды,  жиі  қан  кетулер  болады  және  сепсистің 
көріністері байқалады. 

Жіті  сәулелік  аурудың  ішектік  түрінде  адамның  өлімі 

дененің сусыздануынан болады. Бұл кезде организмнен сумен 
бірге  тұздар  мен  нәруыздар  шығарылады.  Микробтардың 
уыттарымен  және  тіндердің  ыдырауынан  пайда  болған  уытты 
өнімдермен организмнің уыттануы болады, сілейме дамиды. 

Жіті  сәулелік  аурудың  токсемиялық  түрі

.  Бұл  түрі 

мөлшері  20-80  Гр  иондағыш  сәулелердің  әсерінен  дамиды 
және  4-7  күн  ішінде  адамның  өліміне  әкеледі.  Ішектер  мен 
бауыр  тамырларында  ауыр  қанайналымның  бұзылыстары,  қан 
тамырларының  межеқуаты  жоғалып,  кеңіп  кетуі,  жүрек 
соғуының  жиілеуі,  денеде  қан  қүйылу,  организмнің  қатты 
уыттануы  болады.  Осыдан  бүйректің  қызметі  бұзылып, 
олигоурия, анурия, гиперазотемия дамиды. 

Жіті  сәулелік  аурудың  милық  түрі

.  80  Гр  мөлшеріндегі 

иондағыш радиацияның әсерінен жіті сәулелік аурудың милық 
түрі дамиды. Осындай радиация әсер еткеннен кейін 1-3 күн 
өткен соң адам жан тапсырады. Радиацияның мөлшері 150-200 
Гр  болса  адам  сәулелердің  әсерінен  шықпай-ақ  немесе 
бірнеше  минут-сағаттың  ішінде  өледі.    Сәулелік  аурудың 
бұл  түрі  кезінде  дененің  селкілдегі  дамиды,  мида  қан  мен 
лимфаның  айналымы  бұзылады,  қан  тамырларының  межеқуаты 
мен  термореттелу  өзгереді.  Артынан  асқорыту  жолдары  мен 
несеп  шығару  жүйесінің  бұзылыстары  байқалады,  қан  қысымы 
қатты  төмендеп  кетеді.  Бұл  ауру  кезінде  орталық  жүйке 
жүйесінің  қайтымсыз  бұзылыстары  дамиды,  мидың  сыртқы 
қыртысы мен гипоталамустың жасушалары қатты бүлінеді.  

 

Созылмалы  сөулелік  ауру

.  Бұл  дерт  аз  мөлшердегі 

иондағыш  радиацияның  ұзақ  мерзім  әсер  етуінен  біртіндеп 
дамиды.  Оның  бастапқы  кезеңінде  тұрақсыз  лейкопения, 
адамның  жалпы  әлсіздігі,  қан  тамырлары  межеқуатының 


background image

 

53

 

құбылмалылығы 

т.с.с. 

белгілер 

байқалады. 

Дерттің 

айқындалу 

кезінде 

радиацияға 

сезімтал 

тіндердің 

регенерациялық  қабілеті  төмендейді,  жүйке  және  жүрек-қан 
тамырлар 

жүйелерінің 

қызметтері 

бұзылады. 

Сауығу 

кезеңінде 

келтірілген 

өзгерістер 

біртіндеп 

қалпына 

келеді. 

Созылмалы сәулелік ауру (ССА): I - жеңіл, II - орташа 

және III - ауыр. үш дәрежеде өтеді. 

Жеңіл  ССА  кезінде  лейкопения  мен  тромбоцитопения 

тұрақсыз  болады,  жүйкелік  реттелудің  бұзылыстары  шамалы 
болады. 

Орташа  ССА  кезінде  жүйке,  жүрек-қан  тамырлар  жүйелері 

мен  ішек-қарынның  қызметтері  бұзылады.  Қанда  лейкопения 
мен  лимфопения  елеулі  деңгейде  болады,  тромбоциттер 
азаяды. Сүйек кемігінде гипоплазия дамиды. 

Ауыр  ССА  кезінде  анемия  дамиды,  сүйек  кемігенде  қан 

өндірілу  қатты  азаяды,  ішек-қарын  жолдарының  шырышты 
қабықтарының  атрофиясы  байқалады,  жүйелік  қанайналым 
бұзылады, қан кетулер, жұқпалық асқынулар адамның өліміне 
әкелуі мүмкін. 

 

РАДИАЦИЯНЫҢ КЕШЕУІЛДЕТІЛГЕН САЛДАРЛАРЫ.

 

Шағын 

мөлшердегі 

радиацияның 

әсерінен 

артынан 

организмде  біршама  құбылыстар  дамуы  мүмкін.  Оларға  қан 
өндіруге  қатысатын  тіндердің  гипоплазиясы,  ас  қорыту 
жолдарының  атрофиялық  қабынуы,  бауырда,  бүйректе,  қан 
тамырларында склероз дамуы, адамның өмір жасының қысқаруы 
т.  с.  с.  өзгерістер  жатады.  Сонымен  қатар  радиацияның 
кешеуілдетілген 

салдарларына 

организмде 

өспелердің, 

лейкоздардың даму мүмкіншіліктері жатады. 

 

Есірткілер мен уыттардың әсері

 

 

Адамның  көңіл-күйіне  әсер  ететін  заттарды  жан-дүниеге 

белсенді  заттар  дейді.  Оларға:  психотроптық  дәрі-
дәрмектер, есірткілер және уыттарға әуестендіретін заттар 
жатады. 

Психотроптық  дәрілер

  –  адамның  жан-дүниесіне  әсер 

ететін  және  психикалық  ауруларды  емдеу  үшін  қолданылатын 
дәрі-дәрмектер.  Бұларға  адамның  көңіл-күйін  көтеретін 
антидепрессанттарды, 

нейролептиктерді, 

жан-дүниені 

сергітетін, 

көңіл-күйді 

басатын 

дәрілерді, 

транквилизаторларды 

жатқызуға 

болады. 

Олардың 

кейбіреулеріне  қабылдауға  деген  құштарлық  дамып,  рухани 
және физикалық тәуелділік байқалады. 

Есірткілер 

немесе наркоздық заттар (грек. narkotikos – 


background image

 

54

 

мелшитетін)  өздерін  ұдайы  қабылдауға  әуестік  дамуына 
әкелетін табиғи немесе жасампаздық химиялық заттар. Олар: 

● 

адамның  көңі-күйін  шаттандырып,  масаттандырады, 

өткен-кеткен  ауыртпалықтарды  ұмыттырып,  көзіне  әртүрлі 
елестер  туындатып,  белгілі  бір  жайлылық  әсер  етеді  және 
оны  қайталап  қабылдауға  адамның  құштарлығын  арттырып, 
рухани және физикалық тәуелділік туындатады; 

●   

бұл  затты  қабылдау    әлеуметтік  зиянды  зардаптарға 

әкеледі; 

● 

емдік  мақсаттардан  басқа  мақсатта  қолдануға  құзырлы 

органдармен тиым салынған заттардың қатарына жатады. 

Уыттарға 

әуестендіретін 

заттарға 

– 

есірткілерге 

жатпайтын,  бірақ  жүйке  жүйесіне  белсенді  әсер  ететін 
химиялық  заттарды  жатқызады.  Бұл  заттарды  есірткіге 
жатпайтын  –  деп  шартты  түрде  ғана  айтылады.  Уақыт  өте 
келе  олар  да    есірткілер  қатарына  жатқызылуы  ықтимал. 
Бұлар адамның көңіл-күйіне, жан-дүниесіне әсер етеді және 
көпшілік жағдайларда организмге уытты ықпал етіп, адамның 
денсаулығына қауіп төндіреді. 

Бұл  заттарды  қабылдауға  жас  балалар  мен  жеткіншектер 

үйір болады. Сол себептен әлі жетіліп болмаған, өсіп келе 
жатқан  жас  балаларда  бұлардың  өте  ауыр  зардаптары 
қалыптасады. 

Балалардың 

ақыл-есі 

дамуы 

кемиді, 

парасаттылығы 

азаяды, 

жадысында 

сақтау 

қабілеті 

төмендейді,  ішкі  ағзаларының  ауыр  бұзылыстары  пайда 
болады. 

Нашақорлық  (уытқорлық) 

-  психосоматиканың  біртектес 

бұзылыстарына  жатады.  Бұл  кезде  біртіндеп  көбейетін 
өлшемдерде  оларды  ұдайы  қабылдауға  адамның  аңсары  ауып 
тұрады  және  қабылдауды  тоқтатқан  кезде  доғару  синдромы 
дамуымен  көрінетін  рухани  және  физикалық  тәуелділікпен 
сипатталады. Адамның дерттік өзгерістері оның соматикалық 
және 

дербес 

жүйке 

жүйелерінің 

 

бұзылыстарымен 

қабаттасады. 

Нашақорлық

 

ресми 

түрде 

есірткілердің 

қатарына 

жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі. 

Уытқорлық 

(токсикоманиялар)  есірткілердің  қатарына 

жатпайтын  (солардың  ішінде  дәрі-дәрмектер,  ішімдіктер, 
никотин  т.с.с.)  уытты  заттарды  артық  қабылдаудан  дамитын 
дерт түрі. 

Медициналық тұрғыдан нашақорлық пен уытқорлық көпшілік 

жағдайларда  бір-біріне  сәйкес  келетін  түсінік.  Олар  бір-
біріне  ауысуы  мүмкін.  Мәселен,  нашақор  артынан  уытты 
заттарға, 

уытқорлар 

артынан 

есірткілерге 

ауысулары 

ықтимал.  Соған  қарамай  маскүнемдік  медицинада  бөлек  ауру 


background image

 

55

 

түрі болып саналады. 

Нашақорлық  пен  уытқорлықтың  этиологиясы. 

Нашақорлық 

есірткілердің әсерлерінен дамиды. Оларға: 

●  апиын  тектес  (  героин,  морфин,  апиын  өнімдері, 

мәселен, омнопон т.б.) заттарды; 

●  орталық  жүйке  жүйесінің  сергіткіштерін  (кокаин, 

марихуана т.б. кендір өнімдерін); 

●  көз  алдына  елестеткіштерді  (галлюциногендерді), 

мәселен,  диэтиламид  лизергин  қышқылы  (ЛСД),  мескалин 
т.с.с. заттарды – жатқызуға болады. 

Уытқорлық 

көңіл-күйді 

көтеретін, 

ой 

әрекеттерін 

уақытша  арттыратын,  бей-жайлық  сезімді  жоғалтатын,  емдік 
емес  мақсаттарда  қолданылатын  уыттарға  әуестендіретін 
заттарға дамиды. Бұл заттарға: 

●  кейбір  химиялық  реактивтерді  (мәселен,  ауаға 

тарайтын органикалық еріткіштер); 

●  тұрмыстық  химиялық  заттарды  (жәндіктерді  жоятын 

улар, желімдер); 

● ішімдіктерді (арақ-шарап, этил спирті); 
●  есірткілерге  жатпайтын  дәрі-дәрмектерді  (мәселен, 

транквилизаторлар) – келтіруге болады. 

Нашақорлық  пен  уытқорлық  дамуына  мына  әлеуметтік 

жағымсыз жағдайлар қаіп-қатер туындатады: 

●  тұрмыс  жағдайларының  нашарлығы,  қоғам  дамуының 

кейбір 

қайшылықтары 

мен 

әділетсіздіктері, 

әртүрлі 

тұрмыстық  және  рухани  ауыртпалықтар,  ұлттық  салт-
дәстүрлер т.с.с. әлеуметтік ықпалдар; 

●  жан  күйзелістері,  жаңа  қоғам  жағдайларына  бейімделе 

алмау, жоғары жүйке жүйесінің әлсіз түрі т.с.с. ықпалдар; 

● тұқым қуалаушылыққа бейімділік. 

Нашақорлық пен уытқорлықтың түрлері 

Нашақорлық қолданылатын есірткілердің түрлеріне қарай: 

каннабизм, 

кокаинизм, 

апиындық 

және 

елестеткіш  

есірткілерден туындайтын

 болып ажыратылады. 

Каннабизм

  (лат.  cannabis  sativa  –  үндіс  кендірі) 

марихуана,  гашиш  т.б.  заттарды  Үндістанда,  Қазақстанның 
Шу  ойпатында  т.б.  жерлерде  өсетін  кендір  өнімдерінен 
алынған 

есірткілерге 

дамиды. 

Оларды 

кендірдің 

жапырағынан,  гүл  тозаңдарынан  алады.  Кендірдің  құрамында 
400-ге  жуық  химиялық  элементтер  болады.  Солардың  60-қа 
жуығы  есірткілік  әсер  етеді.  Бұларды  адам  кендірдің 
жапырағы  мен  гүл  тозаңдарын  ауызда  шайнау,  шылым  қылып 
тарту немесе ішу арқылы қабылдайды. Бұл кезде әсер ететін 
зат  ретінде  каннабиноидтар  (каннабидиол,  каннабинол, 
тетрагидроканнабинол  және  жасампаздық  жолдармен  алынған