Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5489

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

56

 

СР-55940,  WIN-  55212-2)  –  есептеледі.  Олар  адамның  жан-
дүниесіне өте күшті әсер етеді. 

Тетрагидроканнабинол

  өкпеден  тез  қанға  өтіп,  тіндерге 

ауысады.  Оның  қанға  түсуі  денені  босаңсытып,  көңіл-күйін 
шаттандырады,  адамның  ойлау  қабілетін  бұзады,  зердесін, 
ұғымталдығын әлсіретеді, мас адамдардағыдай істеген ісіне 
жауапкершілігін жоғалтады. 

Кокаинизм

 

(erythroxylon 

coca 

өсімдігінің 

жапырақтарынан  алынған)  кокаин  қабылдаудан  дамиды.  Әсер 
ететін  зат  болып,  ОЖЖ  уақытша  сергітетін,  жергілікті 
ауыру  сезімін  басатын,  қан  тамырларын  тарылтатын, 
бензилэкгониннің  метилді  әтірі  (эфирі)  есептеледі.  Бұл 
зат: 

●  нейрон  мембранасы  арқылы  биогендік  аминдердің 

тасымалдануын бөгейді; 

●  адренергиялық  жүйке  талшықтарының  аяқшаларымен 

катехоламиндер- дің түйіспе саңылауларынан кері қамтылуын 
тежейді. 

Кокаинды  адам  мұрынға  тарту  арқылы  деммен,  шылыммен 

немесе ішу арқылы қабылдайды. Оған дағдылану оны қабылдай 
бастағаннан кейін бірнеше күн ішінде өте тез дамиды. 

Апиындық нашақорлық 

морфин, героин, промедол, омнопон, 

кодеин  т.с.с.  заттар  қабылдаудан  дамиды.  Олар  лат. 
papaver  somniferum  –  апиын  магінің  сүттіген  шырынынан 
алынады. 

Бұл 

заттарды 

адам 

шылыммен 

тарту, 

ішу, 

көктамырға  немесе  тері  астына  енгізу  арқылы  қабылдайды. 
Апиын  тектестер  барлық  тіндерде,  солардың  ішінде  жүйке 
тінінде, 

болатын 

апиынды 

қабылдағыштармен 

(рецепторлармен) 

әрекеттеседі. 

ОЖЖ-де 

опиоидтық 

рецепторлармен байланысудан: 

● ауырусыну сезімі азаяды; 
● көңіл-күй қобалжуын басады; 
●  мидағы  лимбикалық  жүйені  әсерлендіруден  шаттану, 

масаттану сезімі (эйфория) дамиды; 

●  қандағы  рСО

2

  –ның  деңгейіне  тыныс  алу  орталығының 

сезімталдығын төмендетеді; 

● жүректі айнытып, құстырады; 
●  ішек-қарынның  қимылдық  әрекеттерін  бұзып,  сөл 

шығаруын азайтады, тәбетті жоғалтады, іш қатуы болады.. 

Полинашақорлық 

–  екі  немесе  бірнеше  есірткілерді  бір 

мезгілде немесе алмастырып қабылдаудан дамиды. Бұл кезде: 

● 

қабылдаған 

есірткілердің 

әсерлері 

бірін-бірі 

күшейтуі мүмкін; 

●  доғару  синдромы  және  физикалық  тәуелділік  күштірек 

болады; 


background image

 

57

 

● организмнің тіршілігі ауыр түрде бұзылады; 
● емдеу шараларының нәтижелері аз болады. 

Уытқорлықтар  (токсикоманиялар)

  –  есірткіге  жатпайтын 

заттарды қабылдаудан дамиды. Ең жиі қолданылатын заттарға 
психотроптық  дәрілер,  көңіл-күйді  сергітетін  заттар 
(мәселен, фенамин, меридил, кофеин), химиялық реактивтер, 
желім, этил спирті т.с.с. жатады.  

Психотроптық 

заттар  психоздарды,  жүйке  тозуын  және 

соған 

ұқсас 

жүйке 

бұзылыстарын 

(мәселен, 

көңіл 

толқуларын,  қорқыныш,  үрей  сезімдерін)  емдеу  үшін 
қолданылады. Оларға: 

● транквилизаторлар (мезапам, фенозепам, сибазон т.б.) 

● 

антидепрессанттар (амитриптилин т.с.с.); 

● психостимуляторлар (психоаналептиктер, психотониктер 

т.б.); 

● ұйықтататын дәрілер (барбитураттар); 

● 

Паркинсонизмді емдейтін дәрілер; 

● 

лизергин

 

қышқылының өнімдері – жатады. 

Бұларды  ұзақ  бақылаусыз  қабылдағанда    физикалық 

тәуелділік дамиды. 

Транквилизаторлар 

көңіл  қобалжуларын,  үрей,  қорқыныш 

сезімдерін 

басатын 

дәрілер. 

Клиникаларда 

мепротан 

(мепробамат),  сибазон  (седуксен),  хлорезид  (элениум), 
триоксазин, 

нитрозепам, 

фенозепам 

т.б. 

кеңінен 

қолданылады. 

Бұларды 

ұзақ 

бақылаусыз 

қабылдаудан 

тәуелділік 

синдромы, 

қабылдауды 

тоқтатқанда 

доғару 

синдромына  ұқсас  жағдай  дамиды.  Бұл  кезде  орынсыз 
қобалжу,  мазасыздану,  қорқыныш,  үрей  сезімі,  ұйқы  қашу 
және  кейбір  дербес  (вегетативтік)  бұзылыстар  байқалады. 
Осыдан оларды қайталап және көбірек өлшемдерде қабылдауға 
мәжбүрлік пайда болады. 

Антидепрессанттар

 

адамның 

көңіл-күйі 

тұнжырауын 

жоятын,  тұнжырау  синдромымен  ауыратын  адамдардың  көңілін 
көтеретін  дәрілер.  Бұларды  ұзақ  қабылдағанда  оларды 
қабылдауға  дағдылану  және  рухани  тәуелділік  байқалмайды. 
Бірақ  оларды  кенеттен  тоқтатқанда  әртүрлі  вегетативтік 
бұзылыстармен  көрінетін  физикалық  тәуелділік  дамиды.  Сол 
себепті оларды қайта қабылдауға мәжбүрлік туындайды. 

Психостимуляторлар

  шаршағандық  сезімді  жоятын,  көңіл-

күйді  сергітетін,  адамның  қол  және  ой  жұмысын  атқаруға 
қабілетін арттыратын дәрілер. Оларға фенамин (амфетамин), 
меридил,  кофеин  т.б.  жатады.  Бақылаусыз  ұзақ,  әсіресе 
фенаминді,  қабылдағанда  тез  арада  тәуелділік  синдромы 
және  артынан  бұл  дәріге  организмнің  төзімділігі  дамиды. 
Өз  алдына  бұл  дәрілерді  көп  мөлшерлерде  қабылдаудан 


background image

 

58

 

психоздар  дамып,  әртүрлі  сандырақтар,  көру  және  есту 
елестері 

пайда 

болады. 

«Экстази» 

таблеткаларын 

қабылдаудан  фенаминдік  нашақорлық  біршама  жиілейді.  Бұл 
жан-дүниені сергітетін дәрілер серотонинге және дофаминге 
жауап  қайтаратын  жүйелерге  күшті  әсер  етіп,  артынан 
оларды бүлдіреді, ауыр тұнжыраулық бұзылыстарға әкеледі. 

Ұйықтатын  дәрілер

  қалай  болса  солай  ұзақ  бақылаусыз 

қабылдаудан  тәуелділік  синдромын  дамытады,  организмнің 
төзімділігін  арттырады.  Содан  оларды  қабылдау  өлшемдері 
біртіндеп  көбейе  береді.  Оларды  қабылдауды  тоқтатқаннан 
кейін  доғару  синдромы  дамиды.  Ол  ішкі  ағзалардың 
ауытқуларымен, 

қимыл-қозғалыстың 

бұзылыстарымен, 

бұлшықеттердің әлсіздігімен, адамның есеңгіреуімен, кейде 
қояншық  ауруына  ұқсас  ұстамалармен  көрінеді.  Бұл  кезде 
артериалық  қан  қысымы  қатты  төмендейді,  адамда  әртүрлі 
сандырақтар 

мен 

елестер 

байқалады. 

Барбитураттарды 

қабылдап  жүргенде  ішімдіктер  ішіу  оларға  рухани  және 
физикалық тәуелділіктер дамуын тездетеді. 

Паркинсонизм  ауруын  емдеуге  қолданылатын  дәрілердің

 

кейбірлері  (мәселен,  циклодол)  көңіл-күйді  шаттандырып 
масаттандыратын,  көзге  елестер  туындататын  әсер  етеді. 
Оларды 

ұзақ 

қабылдаудан 

рухани 

және 

физикалық 

тәуелділіктер  дамиды,  соңғы  сатыларында  адамның  ақыл-
есінен  адастырады,  жадыда  сақтауды  әлсіретеді,  өзіне-өзі 
қол жұмсауға талпыныстар болып, әлеуметке қарсы әрекеттер 
жасалады. 

Психотроптық  дәрілердің  ішінде  лизергин  қышқылының 

өнімдері  ерекше  орында  тұрады.

  Лизергин  қышқылының 

диэтиламиді  (ЛСД-25),  мескалин  және  псилоцибин  емдік 
мақсаттарда  қолданылмайды.  Бұлар  көзге  елестер  пайда 
болуына  әкеледі.  Сондықтан  оларды  елестеткіш  есірткілер 
дейді.  Бір  рет  қолданудың  өзінде  жан-дүниелік  өзгерістер 
пайда  болып,  жіті  психоздар  дамиды.  Олар  дербес  жүйке 
жүйесінің 

әрі 

симпатикалық, 

әрі 

парасимпатикалық 

бөліктерін 

бүлдіріп, 

вегетативтік 

реттелулердің 

бұзылыстарына  және  тыныс  алу  орталығының  салдануынан 
адамның  өліміне    әкеледі.  Қайталап  оларды  қабылдағанда 
рухани тәуелділік байқалады. ЛСД-25 және мескалин өте тез 
және  күшті  әсер  ететін  заттарға  жатады.  Олардың  әсері 
бірнеше  минуттардың  ішінде  дамиды.  Әдетте  жүрек  қағуы, 
артериялық  қан  қысымы  және  дене  қызымы  көтерілуі,  көңіл-
күйдің  өзгерістері,  қоршаған  ортаның  айғақтығын  сезіну 
бұзылуы,  әртүрлі  елестер,  сезімталдықтың  өзгерістері 
байқалады.  Кейде    негізсіз  үрейден  зорлық  жасауға, 
қоршаған ортасын ойрандауға, лаңкестік істерге итермелеуі 


background image

 

59

 

ықтимал. 

Этанол. 

Маскүнемдік уытқорлықтың бір түрі. Ішімдіктерді 

жиі  қайталап  қабылдаудан  маскүнемдік  дамиды.  Бұл  кезде 
ішімдік  ішуді  тоқтатқан  соң  доғару  синдромы  дамып, 
адамның  бас  жазуға  тәуелділігі  пайда  болады  және  ішімдік 
ішуге 

ұдайы 

аңсары 

ауып 

тұрады.Ұзаққа 

созылған 

маскүнемдік  кезінде  адамның  азғындауы  болып,  оның  жан-
дүниесінде және дене мүшелерінде тұрақты бұзылыстар пайда 
болады. 

Нашақорлық пен уытқорлықтың патогенезі. 

Есірткілер  мен  уыттардың  құрамында  және  әсер  ету 

жолдарында  белгілі  айырмашылықтар  бар.  Соған  қарамай 
олардың  дерт  туындату  әсерлерінде,  рухани  және  физикалық 
тәуелділіктер  дамытуында  біршама  ортақ  жалпы  заңдылықтар 
болады. Бұл жалпы ортақ белгілеріне: 

● жан-дүниеге әсер ететін заттарды қайталап қабылдауға 

деген дерттік құштарлық болуы; 

● оларға организнің төзімділігі қалыптасуы; 
● бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасуы; 
● оларға физикалық тәуелділік қалыптасуы – жатады. 

Жан-дүниесіне  әсерлі  заттарды  қайталап  қабылдауға 

дерттік құштарлық мына себептерден дамуы мүмкін

♣ 

есірткіні  немесе  уыттарға  әуестендіретін  затты 

қабылдау  адамның  көңі-күйін  уақытша  сергітіп,  жайлылық, 
шаттық  сезім  туындатады.  Сондықтан  оларды  қайталап 
қабылдауға  деген  ықылас  пайда  болады.  Осындай  жағдайды 

«нығайту ерені»

 - дейді. 

♣ 

оларды  әрбір  қабылдаудан  кейінгі  адамның  жадыраңқы 

күйі  дерттік  жүйе  қалыптасуына  әкеледі.  Бұл  жүйе  көңіл-
күйдің  және  әл-қуаттың  жайлылығын  қамтамасыз  ету  үшін 
заттың кезекті жаңа өлшемдерін қабылдауды мұқтаж етеді. 

Мида  дерттік 

нығайту

  жүйенің  дәнекерлері  болып, 

дофамин, 

норадреналин, 

серотонин, 

эндорфиндер 

мен 

энкефалиндер  есептеледі.  Есірткілер  мен  көңіл-күйге  әсер 
ететін  заттар  нығайту  жүйені  әсерлендіреді.  Осыдан  қорға 
жиналған  қосымша  жүйкелік  дәнекерлер  көптеп  шығарылады. 
Бұлар 

көңіл-күйді 

көтеріп, 

әл-қуатты 

арттырып, 

масаттандырады  және  қайта  қабылдауға  тұрақты  құштарлықты 
қалыптастырады. 

Жан-дүниесіне әсерлі заттарға организмнің төзімділігі 

дамуы. 

Бұл  заттарға  организмнің  төзімділігі  дамуы  нейрон 

мембраналарының, 

олардың 

иондық 

каналдарының, 

рецепторларының  және  ферменттік  жүйелерінің  жағдайларына 
байланысты 

болады. 

Есірткілерді, 

уытты 

заттарды, 


background image

 

60

 

ішімдіктерді  қайталап  қабылдаудан  нейрон  мембраналарының 
тұтқырлығы  артады.  Өйткені  бұл  заттардың  әсерлерінен 
мембраналардың  құрамында  холестерин  мен  қаныққан  май 
қышқылдарының мөлшері көбейеді. Мембраналардың тұтқырлығы 
артуы  адамның  көңіл-күйіне  әсер  ететін  заттарға  олардың 
төзімділігін 

ұлғайтады. 

Өйткені 

мембраналардың 

тұтқырлығынан 

рецепторлардың 

қозғалыстары 

шектеліп, 

жүйкелік  дәнекерлерге  олардың  сезімталдығы  төмендейді. 
Сол 

себептен 

есірткілер 

мен 

уыттардың 

бастапқы 

өлшемдеріне  нейрон  мембраналарының  рецепторлары  жауап 
қайтармай,  олардың  қабылданатын  өлшемдерін  ұлғайтуды 
қажет етеді. 

Рухани және физикалық тәуелділіктер қалыптасуы. 

Тәуелділік  синдромы  –  деп  көңіл-күйге,  жан-дүниеге 

әсер  ететін  затты  қабылдамаса  тұра  алмайтын  адамның 
жағдайын айтады. Оның дамуының қарқыны жан-дүниеге әсерлі 
затты 

алғашқы 

қабылдау 

кезіндегі 

көңіл-күйдің 

шаттаныстығы 

мен 

рахаттану 

сезімдерінің 

айқындық 

дәрежесіне  байланысты.  Ол  неғұрлым  күшті  болса,  соғұрлым 
тәуелділік  синдромы  да  тез  және  күшті  дамиды.  Тәуелділік 
синдромы рухани және физикалық болып ажыратылады. 

Рухани  тәуелділік

  –  деп  жан-дүниеге  әсерлі  заттарды 

қабылдауды 

 

тоқтатқанда 

организмнің 

көңіл-күйінің 

бейжайлығымен,  тұнжырауымен,  үреймен,  қатты  жабырқаумен 
көрінетін  адамның  рухында  белгілі  жайсыздық  сезімімен 
сипатталатын жағдайды айтады. Ол көңіл-күйді шаттандырып, 
рахаттану  сезімін  туындату  үшін  немесе  организнің 
жайсыздық 

жағдайын 

болдырмау 

үшін 

қолданылатын 

психогендік  затты  ауық-ауық  қайталап  немесе  оны  ұдайы 
енгізуді  қажет  ететін  және  оны  қабылдағаннан  кейін 
организмде  қанағаттану  сезімі  мен  көңіл-күйдің  жадырауын 
туындататын жағдай. 

Физикалық  тәуелділік 

–  деп  жан-дүниесіне  әсерлі 

заттарды қабылдауды тоқтатқанда адамның әл-қуатының қатты 
әлсіреуімен, 

бұлшықеттердің 

сырқырап 

ауыруымен, 

сіңірлердің 

тартылуларымен, 

орталық 

жүйке 

жүйесі 

әрекеттерінің,  ішкі  ағзалар  мен  жүйелердің  қызметтерінің 
терең  бұзылыстарымен  көрінетін  жағдайды  айтады.  Бұл 
тәуелділік  бар  жағдайда  жан-дүниеге  әсерлі  заттарды 
қабылдауды  тоқтатқанда  д

оғару  синдромы 

дамиды.  Ол  науқас 

адам  рухының,  жүйке  жүйелерінің  және  әл-қуатының  қатты 
бұзылыстарымен сипатталады. Осыдан: 

● 

қатты 

қобалжу

жабырқау, 

жайсыздық, 

қанағат 

сезімінің жоғалуы, өзін қоршаған ортаға өшігу т.с.с. жан-
дүниелік өзгерістер байқалады;