Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5526

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

561

 

V

a

/Q 

бірден төмен болуы қалыпты қан келетін ұяшықтардың 

желдетілмеуін  көрсетеді.  Бұндай  жағдай  обструкциялық 
бронхит, ателектаз т.с.с дерттер кездерінде байқалады және 
ол  артериялық  гипоксемияға  әкеледі.  Бірақ  сау  ұяшықтардың 
желдетілулері 

икемделістік 

түрлерде 

жоғары 

болудан 

гиперкапния дамымайды. 

Сыртқы 

тыныс 

жеткіліксіздігінің 

клиникалық 

көріністері. 

Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі қауырт, жіті 

және  созылмалы  түрлерде  болады.  Қауырт  сыртқы  тыныс 
жеткіліксіздігі  бірнеше  минөттен  бірнеше  сағаттың  ішінде 
дамиды.  Оған  мысал  ретінде:  дыбыс  байламдарының  аяқ 
астынан жиырылуы немесе жоғарғы тыныс жолдарына бөгде зат 
түскенде 

адамның 

тұншығуын, 

бронхиалық 

демікпенің 

ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын т. с. 
с. дерттерді келтіруге болады. 

Жіті  сыртқы  тыныс  алу  жеткіліксіздігі  бірнеше  аптаньщ 

ішінде 

дамиды. 

Мәселен, 

жіті 

пневмония, 

өкпеқапта 

біртіндеп 

сұйық 

немесе 

ауа 

жиналуы 

(гидроторакс, 

пневмоторакс),  өкпе  сыртынан  қысылып  қалуы,  өкпе  ісінуі 
кездеріндегі сыртқы тыныс жеткіліксіздігі. 

Созылмалы  сыртқы  тыныс  алу  жеткіліксіздігі  бірнеше 

айдан 

бірнеше 

жылдар 

бойы 

дамиды. 

Мәселен, 

өкпе 

эмфиземасы,  пневмосклероз,  өкпе  туберкулезі  т.  с.  с. 
аурулар. Бұл кезде сыртқы тыныс жеткіліксіздігі үш сатыда 
өтеді: 

●  теңгерілген  (компенсациялық)  жеткіліксіздік  сатысы. 

Бұл  кезде  өкпе  вентиляциясы  бұзылған  белгілер  болғанымен 
қанда отгегінін қалыпты деңгейі ұстальш тұрады. 

●  шала  тенгерілген  (субкомпенсациялық)  жеткіліксіздік 

сатысында  өкпе  вентиляциясы  қалыпты  деңгейде  немесе 
төмендеген,  өкпеде  газдардың  диффузиясы  мен  перфузиясы 
бұзылған болады. Қанда тотыққан, оксигемоглобиннің деңгейі 
93%-дан азаяды, гипоксемия байқалады. 

●  теңгерілмеген  (декомпенсацияланған)  жеткіліксіздік 

сатысы 

кезінде 

ауыр 

гипоксемия 

(артериялық 

қанда 

оксигемоглобин  75%-дан  аз)  және  гиперкапния  дамиды, 
артериялық қанда көмірқышқыл газының мөлшері с. б. 42 мм-
ден астам болады. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі нәтижесінде 
қанның  газдық  құрамы  өзгереді  және  ентік  пайда  болады. 
Қанның 

газдық 

құрамының 

өзгерістері 

гипоксемия, 

гиперкапния және гипокапния түрлерінде көрінеді. 

Сыртқы 

тыныс 

жеткіліксіздігінің 

 

клиникалық 

көріністері. 

Сыртқы  тыныс  жеткіліксіздігінің  көріністері 

спецификалық 

және 

бейспецифкалық 

болып 

екі 

топқа 

ажыратылады.  

Оның  спецификалық  көріністері  –  деп  тыныс  алудың 


background image

 

562

 

жеткіліксіздігіне  ғана  тән  әйгіленімдерді  айтады.  Оларға 
артериялық гипоксемия мен гиперкапния жатады. 

Бейспецификалық 

көріністеріне, 

тыныс 

алудың 

жеткіліксіздігінде  ғана  емес,  басқа  жүйелердің  (мәселен, 
қан,  жүрек-қан  тамырлар  жүйелерінің)  аурулары  кездерінде 
де байқалатын әйгіленімдерді жатқызуға болады. Бұларға: 

● тыныс алудың жиілігі мен ырғағының өзгерістері; 
● тері мен шырышты қабықтардың көгілдірленуі (цианоз); 
● ентік; 
● әртүрлі дерттік тыныстар - жатады.   

Сыртқы  тыныс  жеткіліксіздігінің  клиникалық  түрлері.

 

Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық көріністеріне 
қарай оның: 

●  гипоксемиялық  немесе  ұлпалық  тыныс  жеткіліксіздігі 

(I-түрі); 

●  гиперкапниялық-гипоксемиялық  немесе  вентиляциялық 

тыныс  жеткіліксіз  -дігі  (II-  түрі)  -деп  екі  түрін 
ажыратады. 

Гипоксемиялық  тыныс  жеткіліксіздігі 

кезінде  артериялық 

қанда  оттегінің  үлестік  қысымы  с.  б.  60  мм-ден  төмендеп 
кетеді. Ол өкпе ұлпасының ауыр бүліністерінен және төменгі 
майда  тыныс  жолдарының  ауруларынан  дамиды.  Оның  даму 
жолдарында: 

♣  өкпе  ұяшықтары  мен  қылтамырлар  қабырғалары  арқылы 

газдардың диффузиясының бұзылыстары; 

♣ 

ұяшықтардың 

желдетілуі 

мен 

олардың 

қанмен 

қамтамасыз етілуінің арақатынасы бұзылыстары;  

♣  веналық  қанның,  өкпе  тамырларына  түспей,  тікелей 

сол жақ жүрек қуыстарына ауысуы; 

♣  дем  алатын  ауада  оттегінің  үлестік  қысымы  қатты 

азайып кетуі – маңызды орын алады. 

Артериялық  гипоксемияның  нәтижесінде  мидың,  жүректің, 

бүйректің  т.б.  ішкі  ағзалардың  жасушаларында  гипоксия 
дамиды.  Шамалы  гипоксемиядан  адамның  парасаты,  көз  көруі 
төмендейді.  Артериялық  қанда  оттегінің  үлестік  қысымы 
(рО

2

)  сынап  бағанасы  бойынша  50  мм-ден  азайғанда  адамның 

масаттануы болып, өз жағдайын бағалай алмайды, ұйқы басады 
және  сана-сезімі  қарауытады.  Ол  одан  ары  азайғанда  естен 
тану,  тырыспа-селкілдек  дамып,  мидың  бүліністері  пайда 
болады.  Гипоксемия  кезінде  жүрек  қағуы,  артериялық  қысым 
көтерілуі  болып,  артынан  брадикардия  және  гипотензия 
дамиды.  Басында  тыныс  алу  жиілеп  (гиперпное),  артынан  ол 
сирейді, брадипное дамиды. 

Гиперкапниялық-гипоксемиялық 

тыныс 

жеткіліксіздігі 

өкпе ұяшықтарының гиповентиляциясы нәтижесінде дамиды. Бұл 
кезде  организмнен  көмірқышқылы  газының  сыртқа  шығарылуы 


background image

 

563

 

азайып,  қанда  оның  деңгейі  көбейіп  кетеді.  Қанда  бұл 
газдың  үлестік  қысымы  с.  б.  45  мм-ден  астам  көтеріледі. 
Осыны  гиперкапния  дейді.  Гиперкапнияның  деңгейі  өкпе 
ұяшықтарының желдетілуі азаюынан тікелей байланысты болады 
Осыдан  қанда  қышқылдық-сілтілік  үйлесімділіктің  бұзылуы 
байқалады,  газдық  ацидоз  дамиды.  Артынан  гипоксияның 
нәтижесінде газдық емес, метаболизмдік ацидоз қосылады.

  

Гиперкапнияның  нәтижесінде  ми  тамырлары  кеңіп,  бас 

сүйек  ішінде  қысым  көтеріледі.  Содан  бас  ауыруы,  көңіл -
күйдің  қобалжуы,  діріл  пайда  болады.  Артынан  естен  тану 
болып, кома дамиды. 

Сыртқы 

тыныс 

жеткіліксіздігінің 

бейспецификалық 

көріністері. 

Тыныс  алудың  жиілігі  мен  ырғағының  өзгерістері  терең 

жиі тыныс, терең сирек тыныс, үстіртін жиі тыныс, үстіртін 
сирек тыныс, инспирациялық ентік, экспирациялық ентік және 
үзілісті тыныстар түрлерінде байқалады. 

Терең  жиі  тыныс 

гиперпное 

делінеді.  Ол  қол  жұмысын 

атқарғанда,  гипоксемия,  ацидоз,  асқын  қызыну  кездерінде 
тыныс алу орталығы қозуынан дамиды. 

Терең  сирек  тынысты   

брадипное

  дейді.  Ол  организмге 

оттегі 

көп 

түсуінде, 

кезбе 

жүйкенің 

межеқуаты 

көтерілгенде, 

тыныстық 

орталықтың 

қозымдылығы 

төмендегенде, 

артериялық 

қысым 

көтерілгенде 

т.с.с. 

жағдайларда байқалады. 

Үстіртін  жиі  тыныс 

тахипное 

немесе 

полипное 

делінеді. 

Ол    тыныстық  орталықтың  қозымдылығы  көтерілгенде,  өкпе 
тінінің  бүліністері  (пневмония,  ателектаз,  эмфизема  т.б.) 
нәтижесінде  тыныстық  беттің  азаюы  кезінде,  симпатикалық 
жүйке  жүйесінің  межеқуаты  көтерілгенде,  артериялық  қысым 
төмендегенде, гипоксемия кездерінде дамиды.  

 


background image

 

564

 

 

- сурет. Дерттік өзгерген тыныс алудың түрлері. 
1-  қалыпты  тыныс,  2-  терең  жиі  тыныс,  3-  терең  сирек 

тыныс, 4- үстіртін жиі тыныс, 5- үстіртін сирек тыныс, 6- 
инспирациялық ентік, 7- экспирациялық ентік, 8- Чейн-Стокс 
тынысы, 9- Биот тынысы, 10- Кусмауль тынысы. 

 

Үстіртін сирек тыныс жантәсілім алдында байқалады. 

Ентік  (грек.  dyspnoe)

  алқыну  түсінігінен  ерекше 

түсінік. Алқынуға қол жұмысын атқарғанда дамитын терең жиі 
тынысты  немесе  гиперпноены  жатқызуға  болады.Ол  туындатқан 
себепкер ықпал жойылғаннан кейін қалыпты тынысқа айналады. 
Ал  ентік 

  - 

тыныс  алу  бұлшықеттерінің  ұдайы  ауыр  жұмыс 

атқаруынан  адамда  ауа  жетіспеу  сезімімен  қабаттасатын  өте 
ауыр 

сезім. 

 

Ол 

жиі 

үрейлену, 

қорқыныш, 

абыржу 

сезімдерімен  қабаттасады.  Бұл  сезімдер  тыныс  алуға 
қатысатын  бұлшықеттердің  проприоцепторларынан  жүйкелік 
серпіндердің  мидың  жоғарғы  бөліктеріне,  одан  лимбикалық 
жүйеге  таралуынан  пайда  болады.  Бұл  кезде  тыныс  алу 
қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, демді ішке тарту 
мен  сыртқа  шығару  ұзақтығының,  тыныс  алу  ырғағының 
өзгерістері байқалады және демді ішке тарту орталығы ұдайы 
қозу 

жағдайында 

болады. 

Ентік 

инспирациялық 

және 

экспирациялық ентіктер – деп ажыратылады. 

Оның 

даму 

жолдарында 

мидағы 

демді 

ішке 

тарту 

орталығының қоздырылуы мына ықпалдардан болуы мүмкін: 

● өкпенің механикалық рецепторлары қозуынан; 
● 

тыныс 

алуға 

қатысатын 

бұлшықеттердің 

проприоцепторлары қозуынан; 

● 

мидың 

сыртқы 

қыртысынан 

серпіндердің 

тыныс 

орталығына тарауынан; 

●  оттегінің  жетіспеушілігімен,  көмірқышқылы  газының 


background image

 

565

 

артықтығымен,  қышқыл  өнімдермен,  ыстық  қанмен  тыныс  алу 
орталығы нейрондарының тікелей қоздырылуынан; 

● 

қолқа 

иініндегі 

хеморецепторлардың 

көрсетілген 

заттармен қоздырылуынан; 

● 

өкпенің 

аралық 

тіндері 

рецепторларының 

қоздырылуынан. 

Инспирациялық  ентік 

—  демді  ішке  тартудың  ауырлауымен 

және  оның    ұзаруымен  сипатталады  (-сурет.  6).  Ол  жоғарғы 
тыныс  жолдары  мен  кеңірдек  саңылаулары  тарылғанда  (күл 
ауруы,  тамақ  ісінулерінде,  дыбыс  байламдары  жиырылғанда, 
бөгде зат тамаққа тұрып қалғанда) дамиды.  

 

 

 -  сурет.  Кеуде  қуысы  сырты  мен  ішіндегі  тыныс  алу  жолдары 

тарылғандағы тыныс алу ерекшеліктері. 

 
 Демді  сыртқа  шығару  кезінде  тыныс  алу  жолдарында 

ауаның  қысымы  олардың  сыртындағы  қысымнан  жоғары  болады 
да, оған бөгет азаяды. Демді ішке тарту кезінде тыныс алу 
жолдарында  ауаның  қысымы  олардың  сыртындағы  қысымнан  
төмен болғандықтан бөгет одан сайын тарылады (-сурет).  

Экспирациялық  ентік 

кеуде  қуысының  ішіндегі  тыныс  алу 

жолдары  тарылғанда  байқалады.  Бұл  кезде  демді  сыртқа 
шығару ұзақтығы демді ішке тартудан ұзақ және ауыр болады 
(-сурет).  Демді  сыртқа  шығарғанда  тыныс  алу  жолдарындағы 
ауа қысымы кеуде қуысы ішіндегі қысымнан төмен болады да, 
тарылған  жер  одан  сайын  тарылады,  дем  шығару  ауырлайды. 
Демді 

ішке 

тартқанда 

өкпеқап 

ішінде 

теріс 

қысым 

болғандықтан  тыныс  алу  жолдарындағы  ауаның  қысымы  одан 
артып, тарылған жер кеңиді, демді ішке тарту жеңілдейді (-
сурет). Осындай ентік бронхиалық демікпе, өкпе эмфиземасы, 
тұншығудың  2-сатысында  тыныс  алу  орталығының  қызметі 
бұзылғанда кездеседі.  

Дерттік  тыныстарға  Чейн-Стокс 

және 

Биотт 

түрдегі 

үзілісгі    тыныстар,  Кусмауль  тынысы  (-сурет),  асфиксия,