Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5496

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

66

 

♣ 

жұмысқа  деген  қабілеті  мен  қызығушылығы  азаяды, 

бірге  істейтін  әріптестерімен  қақтығысу,  жұмысқа  кешігу, 
жұмыс орнын жиі ауыстыру т.с.с. белгілермен көрінеді; 

♣ 

мастық кезінде жасағандарын ұмытып қалады; 

♣ 

отбасы  мүшелерінің  немесе  достарының  ішімдік 

ішуден өзгерген тәртібіне шағымданулары болады. 

● ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады: 

♣    жүйке  жүйесінің  бұзылыстарынан:  энцефалопатия, 

психоздар  дамуы,  көңіл-күйдің  толқулары,  маскүнемдік 
елірме,  әртүрлі  елестер  мен  сандырақтар,  соның  ішінде 
қызғаныштық  сандырақтар,  өзіне  қол  жұмсауға  талпыну, 
озбырлыққа  бейімділік,  соңғы  өткен  оқиғаларға  жадының 
әлсіреуі,  шеткері  жүйкелердің  бұзылыстары  дамиды.  Ауыр 
түрлерінде 

ақыл-есінен 

адасады. 

Маскүнемдіктің 

нәтижесінде  миға  қан  құйылу,  қояншық  ауруына  ұқсас 
ұстамалар, 

дірілдеу-қалтылдау, 

қимыл-қозғалыстың 

бұзылыстары, есту және көру жүйкелерінің семуі байқалады; 

♣  ас  қорыту  жолдарының  бұзылыстарынан:  тәбеттің 

жоғалуы,  жүрек  айну,  құсу,  іш  ауыруы,  бауырдың  созылмалы 
дерттері  (онда  май  шоғырлануы,  цирроз),  асқазан  мен 
ұлтабарда  ойық  жара,  ұйқыбездің  қабынуы  (панкреатит) 
дамуы, 

астың 

және 

онымен 

бірге 

витаминдердің, 

аминқышқылдарының сіңірілуінің бұзылыстары байқалады; 

♣  жүрек-қан  тамырлар  жүйесі  бұзылыстарынан:  шамалы 

артериялық  гипертензия,  жүрек  аритмиялары,  маскүнемдік 
кардиомиопатиялар дамиды; 

♣  тыныс  алу  жүйесінде  жиі  аспирациалық  пневмония, 

бронхит байқалады; 

♣ 

эндокриндік 

жүйенің 

бұзылыстарынан 

зат 

алмасуларының 

өзгерістері: 

гиперхолестеринемия, 

гипертриглицеридемия, 

гиперлипидемия, 

гиперлипопротеидемия,  гипербеталипопротеидемия  дамуына, 
беттің  және  кеуденің  жоғары  жақтарына  май  жиналуына, 
еркектердің емдектерінің ұлғаюына (гинекомастия) әкеледі. 
Ішімдіктен  ессіз  күй  жағдайларында  гипогликемиядан  адам 
жиі жан тапсырады. 

Маскүнемдіктің  даму  сатылары

.  Маскүнемдік  үш  сатыда 

өтеді. 

Бірінші

 сатысы 1 ден 4 жылға дейін созылуы мүмкін. 

Бұл  кезде  адам  көп  ішкенді  көтере  алады,  артық  ішкеннен 
кейін  құсу  болмайды,  масаю  кезінде  істегендерін  ұмытып 
қалады. Науқастарда рухани тәуелділік дамып, ұдайы ішкісі 
келіп  тұрады,  ішпеген  кездерде  өзін-өзі  жайсыз  сезінеді. 
Бұл сатыда әлі физикалық тәуелділік байқалмайды.  

Екінші 

  сатысы  (5-15  жыл)  ішімдікті  көп  және 

күнделікті  іше  бастайды.  Ол  көңіл-күйінің  қобалжуын  енді 


background image

 

67

 

баспайды,  керісінше  оны  тек  қоздырады.  Жадында  сақтау 
қабілеті  жоғалады,  көңіл-күйінің  сәттілігі  ұдайы  ішімдік 
қабылдаудан  байланысты  болады.  Ішпеген  жағдайда  ойлау 
әрекеттері бұзылады, ой жұмысын атқара алмайды. Есілдерті 
ішімдік 

ішуге 

ғана 

ауып 

тұрады. 

Инабаттылық, 

адамгершілік,  ізеттілік  деген  ұғымдардан  алыстай  түседі. 
Ішпеген  жағдайда  көңіл-күйі  басыңқы  болып,  ашушаңдыққа 
бой  алдырады,  жұмысқа  деген  қабілеті  жоғалады.  Ішімдік 
ішуден кейін әл-қуаты артады. 

 Д

оғару синдромы

: денесінің жоғары жақтары қызаруымен, 

бет  әлпеті  домбығуымен,  қол  басы  мен  саусақтарының 
қалтылдауымен,  тәбеттің  жоғалуымен,  ұйқы  қашуымен,  бас 
ауыруымен  және  бас  айналуымен,  көз  қарашығы  кеңеюмен, 
жүрек  және  құрсақ  аумақтарында  ауыру  сезімі  болуымен 
көрінеді.  Адамның  шабыты  жоғалады,  парасаты  төмендейді, 
ол  болар  болмасқа  ашушаң  болады.  Басында  мастық  кезінде 
ғана  байқалатын  қызғаныштық  сандырақтар,  енді  тұрақты 
түрде  байқалады.  Осыдан  өзін  қоршаған  адамдарға  қауіп 
төндіре  бастайды.  Бұл  кезде  кез  келген  дерт,  жарақат 
немесе хирургиялық операциялық әрекеттер ауыр маскүнемдік 
психоздармен асқынуы ықтимал. Ішімдіктің көп мөлшерлеріне 
төзімділік наркоздық дәрілерге де төзімділікті арттырады. 
Сондықтан  бұндай  адамдарға  наркоз  беру  үшін  қолданылатын 
наркоздық  дәрілердің  өлшемі  өте  жоғары  болуды  қажет 
етеді. 

Бұл  сатысы  кезінде  жүйке  жүйесінде  полиневриттер,  көз 

көру 

алаңы 

тарылуы, 

көздердің 

бірікпей 

еріксіз 

қозғалыстары,  қимыл-қозғалыстардың  бұзылыстары  т.с.с. 
байқалады.  Жүрек-қан  тамырлар  жүйесінің,  бауырдың,  ас 
қорыту жолдарының т.б. аурулары дамиды. 

Үшінші 

сатысы

 

(5-10 

жыл) 

кезінде 

ішімділікке 

төзімділік  азаяды.  Бірнеше  күн  ішкеннен  кейін  әл-қуаты, 
жан-дүниесі  кеміп,  белгілі  уақыт  ішуді  тоқтатуға  мәжбүр 
болады.  Болар-болмас  ішкеннің  өзінен  қатты  масаяды. 
Ішімдіктің  денені  сергітетін  әсері  жоғалады,  ол  тек 
адамның  жалпы  жағдайын  ұстап  тұруға  жарайды.  Әрбір 
ішкеннен кейін істегендерін ұмытып қалады. Бұл кезде ауыр 
жан-дүниелік өзгерістер дамиды. Ұдайы ішуге деген ұмтылыс 
адамның  өмірінің  мәніне  айналады.  Ішімдікке  организм 
төзімділігінің  аздығынан,  өзінің  шамасын  дұрыс  бағалай 
алмаудан науқас адам жиі өлімге ұшырайды. 

Бұл  кезде

  доғару  синдромы 

адамның  енжарлығымен, 

бейжайлығымен,  қан  қысымының  төмендеуімен,  терісінің 
бозаруымен  және  көгілдірленуімен,  суық  тер  шығуымен, 
бұлшықеттердің 

әлсіздігімен, 

қимыл-қозғалыстардың 


background image

 

68

 

бұзылыстарымен  көрінеді.  Бұндай  адамдардың  жүйкесі  толық 
тозған,  эмоциясы  жоғалған,  мінез-құлқы  ашушаң,  қатігез 
болады  және  айналасындағыларға  тек  өшіккендік  сезім 
қалыптасады.  Оларда  энцефалопатия,  полиневриттер  дамиды, 
артынан ақыл-есінен адасу, ұдайы елестер және қызғаныштық 
сандырақтар  болады.  Сонымен  бірге  барлық  ішкі  ағзалардың 
(жүректің, бауырдың, ішек-қарынның, бүйректің, т.б.) және 
жүйелердің  қызметтері  бұзылады.  Маскүнемдікпен  ауыратын 
адамдардың  5-8  %  -нда  доғару  синдромы  сана-сезімінің 
бұзылуымен,  әртүрлі  елестермен,  селкілдекпен,  жүрек, 
тыныс  алу  қызметтерінің  бұзылыстарымен  және  өліммен 
аяқталуы ықтимал. 

Темекі  түтінінің әсері. 

Темекі шегуде уытқорлықтың бір түріне жатады.Темекінің 

түтінінде  көміртегі  тотығы,  никотин,  3,4-бенз(а)пирен, 
азот  тотықтары,  никель,  хром,  кадмий  т.с.с.  көптеген 
зиянды заттар болады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен 
айқындалады  және,  жеңілірек  түрде  болса  да,  уытқорлықтың 
жалпы 

заңдылықтарымен 

сипатталады. 

Темекі 

тартатын 

адамдардың  денесіне  оның  түтіні  уытты  әсер  етеді.  Ол 
организмді  уақытша  сергітетін  әсер  етіп,  артынан  жүйке 
жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. 

Темекі  шегу  жас  балалық  шақта,  ересек  адамдарға 

еліктеуден  және  өзінің  ер  жеткенін  көрсету  үшін  мақтаныш 
ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін 
шылым 

тарта 

бастайды. 

Артынан 

никотиннің 

әсеріне 

организмнің 

бейімделуі 

болып, 

темекі 

шегу 

әдетке 

айналады.  Шын  мәнінде  темекі  шегу  организмде  май 
түзілуіне 

қажетті 

ферменттерді 

тежеп, 

семіруден 

сақтандырады,  көңіл-күй  қобалжуларын  басады.  Бірақ  оның 
зиянды  жақтары  бұл  көрсетілгендерден  әлдеқайда  басым 
болатынын  ескеру  қажет.  Темекі  шегетін  адамдардың  орташа 
өмір  жасы  оны  шекпейтіндерге  қарағанда  қысқа  болатыны 
белгілі. Шылым шегу: 

●  жүрек-қан  тамырлар  жүйесінің  ауруларына  әкелетіні 

дәлелденген.  Темекі  түтініндегі  көміртегі  тотығының  және 
никотиннің  әсерлерінен  қан  тамырларының  атеросклерозы, 
жүректің  ишемиялық  ауруы,  аяқ-қол  тамырларының  ішкі 
саңылауы бітеліп қалуын туындататын эндоартериит дамиды;  

●    шылым  тартудан  созылмалы  бронхит,  өкпе  қабынуы, 

өкпе  эмфиземасы,  пневмосклероз  дамып,  өкпенің  желдетілуі 
(вентиляциясы) 

бұзылады. 

Темекінің 

түтіні 

өкпе 

ұяшықтарындағы 

макрофагтардың 

лизосомалары 

мен 

фаголизосомаларын 

бүліндіріп, 

олардың 

фагоцитоздық 

белсенділігін төмендетеді. Ол макрофагтарда ц ГМФ алмасуы 


background image

 

69

 

бұзылудан болады - деген жорамал бар; 

●  темекі  шегу  өкпеде  обыр  өспесі  дамуына  қауіп-қатер 

төндіреді. 

Өйткені 

темекі 

түтінінде 

болатын 

3,4-

бенз(а)пирен,  хром,  кадмий  өспе  туындататын  заттарға 
жатады;  

● темекі түтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс, 

дәм  сезімдерін  азайтады,  сілекей  бөлінуін  көбейтеді, 
қызыл  иекті  болбыратып,  ауыз  қуысының  кілегей  қабығында 
ойық  жаралардың  пайда  болуына,  тіс  кіреукесі    мен  оның 
қатты қабаты бүліністеріне әкеледі; 

●  темекі  тартатын  адамдардың  арасында  асқазан  мен 

ұлтабардың  ойық  жарасы,  ішектердің  талаурап  қабынуы  жиі 
кездеседі; 

●  жүктілік  кезінде  темекі  шегуден  түсік  тастау, 

мерзімінен 

бұрын 

босану, 

жүктіліктің 

асқынулары 

байқалады.  Туған  балаларда  өспе  өсу  мүмкіншіліктері 
жиілейді 

(трансплаценталық 

канцерогенезді 

қараңыз). 

Темекі  тартатын  әйелдерде  етеккір  келуінің  ерте  тоқтауы 
және жыныстық құштарлықтың төмендеуі болады; 

●  темекі  тартуды  тоқтатқаннан  кейінде,  шамалы  болса 

да, 

доғару 

синдромының 

белгілері 

байқалады. 

Олар 

нашақорлар 

мен 

уытқорлардағыдай 

ауыр 

рухани 

және 

физикалық  тәуелділіктермен  байқалмағанымен,  шамалы  түрде 
никотинге  рухани  тәуелділік  айқын  білінеді.  Доғару 
синдромы  соңғы  тартылған  сигареттен  кейін  90-120  минөт 
өткеннен  соң  дамиды  және  24  сағаттан  соң  ең  үлкен 
дәрежеге жетеді. Ол бірнеше  аптаға созылады.   Бұл кезде 
адамның  қатты  темекі  тарқысы  келеді,  көңіл-күйінің 
жабырқауы,  беймазалық,  қобалжу,  зердесінің  бұзылуы,  ұйқы 
басу  немесе  ұйықтай  алмауы,  ашушаңдық,  тәбеттің  артуы 
және  дене  массасы  ұлғаюы  сияқты  әйгіленімдер  байқалады. 
Оларды  жеңу,    нашақорларға  қарағанда,  біршама  жеңілірек 
болады. 

 

Дәрі-дәрмектердің зиянды жағымсыз әсерлері. 

 

Адам  ауруларын  емдеуде  дәрі-дәрмектердің  маңызы  өте 

зор

.

  Бірақ  науқас  адамның  организміне  дәрінің  емдік 

әсерімен  қатар,  кейде  тіпті  оған  қауіп  төндіретін  дерт 
туындататын  да,  зиянды,  жағымсыз  әсері  болуы  ықтимал.  ХХ 
-ғасырдың  басында  хлорамфеникол  қабылдаған  адамдарда 
агранилоцитоз,  жүкті  әйелдер  талидамид  қабылдағанда 
олардан  туған  балаларда  әртүрлі  туа  біткен  ақаулар 
дамитыны  белгілі  болды.  Осыған  байланысты  көптеген 
мемлекеттерде дәрі-дәрмектердің жағымсыз зиянды әсерлерін 


background image

 

70

 

зерттейтін  орталықтар  ашылды.  Дүниежүзілік  денсаулық 
сақтау 

ұйымы 

(ДДҰ) 

оларды 

қадағалайтын 

орталық 

ұйымдастырды.  

Ауруды  аңғару,  одан  сақтандыру  және  емдеу  үшін 

қолданылатын  дәрінің  әдеттегі  мөлшерін  тағайындағанның 
өзінде  күтпеген  жерден  пайда  болатын  кезкелген  жағымсыз, 
организмге  зиянды  әсерлерін  дәрі-дәрмектердің  жағымсыз 
әсері  (ДЖӘ)  –дейді. 

Бүгінгі  күні  дәрілерді  пайдаланудан 

дамитын дерттер күннен күнге өсіп бара жатыр. Бұл 

дәрілік 

дерттер 

3,2 % жағдайларда адам өліміне әкеледі. 

Олардың жиілеуі мына себептерден байланысты: 
● ел арасында дәрілерді қабылдаудың көбейіп кетуі; 
● дәрілерді жеңіл табудан адамдардың өзін-өзі емдеудің 

кең тарап кетуі; 

●  дәрілердің  жағымсыз  әсерлері  туралы  ел  арасында 

медициналық ақпараттардың болмауы немесе тым аз болуы; 

●  ауруларды  емдеу  үшін  көптеген  дәрілерді  орынсыз 

тағайындау. 

Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жіктемелері. 

Дәрілердің 

жағымсыз 

әсерлерін 

бірнеше 

түрлерге 

ажыратады. Оларды жіктеу әртүрлі негіздерде болады. 

● пайда болу сипатына қарай: 

тікелей (біріншілік) 

және 

салдарлық (артынан дамитын)

 жағымсыз әсер – деп бөледі. 

Тікелей  жағымсыз  әсерлер  дәрілердің  жасушалар  мен 

жасуша 

ішілік 

құрылымдарға 

тікелей 

бүліндіруші 

әсерлерінен  бірден  дамиды.  Мәселен,  кальций  хлоридінің 
гипертониялық 

ерітіндісі 

тері 

астына 

енгізілуден 

шелмайдың бірден өлеттенуі болады. 

Салдарлық  немесе  артынан  дамитын,  жағымсыз  әсерлер 

дәрілердің  салдарынан  дамитын  екіншілік  құбылыстардың 
нәтижесінде  артынан  байқалады.  Мәселен,  антибиотиктермен 
емдеуден  ішектерде  дисбактериоз  дамуы  артынан  ішек-қарын 
және  өт  жолдарының  қызметтерін  бұзады.  Антрациклиндік 
антибиотиктердің  әсерлерінен  жүрек  ет  жасушаларының 
мембраналарында 

май 

қышқылдарының 

асқын 

тотығуы 

кардиомициттердің 

қызметтерін 

бұзады. 

Ацетилсалицил 

қышқылы  простагландиндердің  түзілуін  тежеп,  асқазанда 
ойық жара дамытады. 

● пайда болу себептеріне қарай:  

  ♥ 

дәрілердің 

фармакологиялық 

қасиеттеріне 

байланысты дамитын; 

  ♥  организмнің  даралық  ерекшеліктеріне  байланысты 

дамитын; 

  ♥ 

қоршаған 

ортанының 

ықпалдарына 

байланысты 

дамитын – деп ажыратады.