Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5548

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

196

 

қызмет  атқаруымен  қатар,  минералдық  заттардың  маңызды 
қоры болып табылады. 

НАТРИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.

 

Жасуша  сыртындағы  барлық  катиондардың  90%-ы  натрийдің 

үлесіне тиесілі. Ол хлорид, фосфат, бикарбонат түрлерінде 
қан 

плазмасының, 

лимфаның, 

ликвордың, 

ас 

қорыту 

сөлдерінің  құрамында  болады

Жасуша  сыртындағы  сұйықта 

оның  мөлшері  140  ммоль/л  жуық,  ал  жасуша  ішіндегі 
сұйықтықта  —  20  ммоль/л  болады.  Барлық  натрийдің  30%-ға 
жуығы 

(1500—2000 

ммоль/л 

немесе 

34—46 

г) 

қаңқа 

сүйектерінде болады. 

Натрий  алмасуының  бұзылуы  қанда  оның  көбеюімен 

(гипернатриемия) 

немесе 

азаюымен 

(гипонатриемия) 

көрінеді. 

Гипернатриемия  - 

қандағы  натрий  мөлшерінің  145 

ммоль/л-ден  астам  көбеюі.  Ол  мына  жағдайларда  байқалуы 
мүмкін:  

●  тұзды  заттарды  артық  қабылдағанда  (тәуліктік 

мұқтаждық  10-12  г),  мәселен,  тағаммен,  сілтілі  минералды 
суды  көп  ішкенде,  ас  тұзының  гипертониялық  ерітіндісін 
емдеу мақсатымен артық енгізгенде; 

●  натрийдің  организмнен  шығарылуының  бұзылуы  кезінде, 

мәселен,  бүйрек  қызметі  төмендегенде  (гломерулонефрит, 
нефросклероз)  және  глюкокортикоидтарды  ұзақ  уақыт  бойы 
қабылдағанда; 

●  әлдостерон  артық  өндіріліп  шығарылғанда,  өйткені  ол 

нефрон  өзекшелерінде,  ас  қорыту  жолдарында,  сілекей  және 
тер  бездерінде  натрийдің  қанға  кері  қайта  сіңірілуін 
(реабсорбциясын) күшейтеді. 

Осы  жағдайларда 

нағыз  немесе  шынайы

  гипернатриемия 

дамиды.  Сонымен  бірге  оның  салыстырмалы  немесе  салдарлық 
түрлері  де  кездеседі.  Бұл  кездерде  организмде  натрийдің 
жалпы  мөлшері  көбеймейді.  Бірақ  денедегі  судың  мөлшері 
азаюдан  натрийдің  қандағы  деңгейі  біршама  көтеріледі. 
Осындай  жағдайды 

салыстырмалы  гипернатриемия

  дейді.  Ол 

организмнің сусыздануы барысында, мысалы организмге су аз 
түскенде  немесе  қатты  терлегенде  және  іш  өткенде, 
полиурия  т.т.  кездерде  қанның  қоюлануы  нәтижесінде 
байқалады.  

Қанда  натрийдің  көбеюіне  организм  өзінің  теңгерілу 

жолдарын  жұмылдырып  біршама  қарсы  тұра  алады.  Ол  үшін 
гипоталамустағы 

шөлдеу 

орталығының 

нейрондарындағы 

осморецепторлар  қоздырылуынан  антидиурездік  гормон  артық 
өндіріледі.  Содан  бастапқы  несептен  судың  кері  қанға 
сіңірілуі  күшейіп  су  организмде  тұтылады.  Сонымен  қатар 


background image

 

197

 

сол 

жақ 

жүрекшеде 

атриопептин 

және 

бүйректе 

простагландиндер  түзіліп,  натрийдің  несеппен  шығарылуын 
көбейтеді. 

Гипернатриемияның 

көріністері. 

Гипернатриемияның 

нәтижесінде  қанның  және  басқа  биологиялық  сұйықтардың 
осмостық  қысымы  көтеріледі.Бұл  кезде  жүйкенің  және 
бұлшықеттердің  қозғыштығы  жоғарылайды,  сол  себептен, 
гиперкинезиялық  бұзылыстардан  бастап,  тырыспа-селкілдек 
сияқты  жағдайлар  пайда  болады.  Өйткені  жасушалардың 
ішінде натрий иондарының көбеюінен қозымды тіндердің қозу 
шегі  төмендейді.  Сонымен  қатар,  жоғары  дәрежелі  жүйке 
қызметі  бұзылады:  адамда  қорқыныш,  үрей  сезімі  күшейеді, 
көңіл-күйдің  жабырқауы  пайда  болады.  Кейбір  жағдайларда, 
судың  жасуша  ішінен  сыртқы  кеңістікке  және  қанға  өтуі 
салдарынан 

жасушаның 

сусыздануы 

болады. 

Содан 

жасушалардың бүрісіп қалуы т.с.с. бүліністері байқалады. 

Гипернатриемияның  ерекше  көрінісі  болып  артериялық 

қысымның  көтерілуі  есептеледі.  Ол  тамыр  қабырғаларының 
жиырылтқыш  әсерлерге  сезімталдығын  көтереді  және  судың 
тамыр ішінде жиналуына әкеліп, айналымдағы қанның көлемін 
көбейтеді.  Гипернатриемия  алкалоз  дамуымен  қабаттаса 
жүруі  мүмкін.  Оған  мысал  ретінде  натрий  гидрокарбонатын 
артық 

қабылдаған 

кездегі 

алкалозды 

немесе 

минералокортикоидтар  артық  өндіріліп  шығарылған  кездегі 
бүйректік 

алкалозды 

келтіруге 

болады. 

Кейде 

гипернатриемия  кезінде  дене  қызымы  көтеріледі.  Ол 
натрийдің  әсерінен  термореттеу  орталығы  нейрондарының 
белсенділігі көтерілуіне байланысты дамиды. 

Гипернатриемияны  емдеу. 

Осы  мақсатпен  көктамырға 

физиологиялық  ерітінді  немесе  5%  глюкоза  ертіндісін 
жібереді.  Бұл  кезде  глюкоза  алмасуға  тез  ұшырайды,  ал  су 
қанды  сұйылтады.  Ауыр  жағдайларда  гемодиализ  немесе 
бүйректен тыс қанды тазарту тәсілі қолданылады. 

Гипонатриемия 

— қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/л-

ден төмен болуы. Ол 

нағыз немесе шынайы және салыстырмалы 

немесе  салдарлық

  болып  екі  түрге  бөлінеді. 

Нағыз 

гипонатриемия

 мына жағдайларда байқалады:  

● тағаммен ас тұзы аз түскенде, мысалы, ашығу, тұзсыз 

емдәм қабылдау кездерінде; 

●  натрийді    несеппен,  термен  немесе  ішек  сөлімен 

көптеп сыртқа шығарғанда;  

●  әльдостерон  аз  өндіріліп  шығарылғанда  (мәселен, 

Аддисон  ауруы  кезінде)  нефрон  өзекшелерінде  натрийдің 
бастапқы несептен қанға кері қайта сіңірілуі азаяды;  

● 

сульфаниламидтер 

және 

олардың 

туындылары 

— 


background image

 

198

 

салуретиктерді  (диакарб,  дихлотиазид)  ұзақ  мерзім  бойы 
қабылдағанда  кездеседі.  Өйткені  олар  натрийдің  несеппен 
шығарылуын күшейтеді. 

 

Салыстырмалы  немесе  салдарлық  гипонатриемия

:  қанның 

сұйылуы кезінде болады. Ол мына жағдайларда байқалады: 

● суды артық қабылдағанда; 
●  изотониялық  сұйықты  емдік  мақсатта  көп  мөлшерде 

енгізгенде;  

● бүйректің несеп шығару қызметі төмендегенде; 
● дене ісінуін емдеу кезінде су тінаралық кеңістіктен 

тамыр ішіне көптеп өткенде. 

Гипонатриемия  кезінде  организм  оған  жауап  ретінде 

әлдостеронның  өндірілуін  арттырады  және  атриопептин  мен 
бүйректе  простагландиндердің  түзілуін  кемітеді.  Содан 
натрийдің  несеппен  шығарылуы  азайып,  ол  организмде 
ұсталынады. 

Гипонатриемияның 

көріністері. 

Гипонатриемияның 

нәтижесінде  қанда  және  басқа  биологиялық  сұйықтарда 
осмостық  қысым  төмендейді.  Осыдан  су  жасушалардың  ішіне 
ауысып  олардың  ісінуі  байқалады.  Тері  мен  шырышты 
қабықтардың  құрғауы  болып,  олардың  серпімділігі  мен 
тығыздығы азаяды.  

Натрийді  көп  жоғалтқанда  калийдің  жасуша  ішінен 

сыртына шығуы байқалады. Сол себептен жүйке және бұлшықет 
тіндерінің  қозымдылығы  азаяды.  Өйткені  жасуша  сыртында 
натрий  иондарының  мөлшері  төмендеген.  Осыдан  қозымды 
тіндердің  қозымдылық  шегі  жоғарылайды.  Бұл  жүрек  етінің, 
бұлшық  және  тегіс  салалы  ет  талшықтарының  тонусын 
әлсіретеді,  бұлшық  еттерде  ауыру  сезімінің  пайда  болуына 
әкеледі.  Орталық  жүйке  жүйесі  қызметінің  бұзылыстары 
пайда  болады.  Бұл  бұзылыстар  жан-дүниелік  әлсіздікпен, 
кейде  тіпті  ессіз  күй  дамуымен  көрінеді.  Өйткені 
гипонатриемияның  нәтижесінде  ми  нейрондарында  иондық 
дисбаланс және олардың ісінуі дамиды. Сонымен бірге мидың 
гипоксиясы байқалады.  

 Жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары тахикардия, 

артериялық  қысымның  төмендеуімен,  кейде  коллапс  дамуымен 
байқалады.  Өйткені  қан  тамырларының  тонусы  төмендеген, 
жүректің жиырылу күші әлсіреуінен оның шығарымы азайған.  

Гипорнатриемия кезінде  тәбетттің жоғалуы, судан жеру, 

жүрек  айну,  құсу  т.т.  пайда  болады,  қанттың  ішектерде 
сіңірілуі азаяды.  

Гипонатриемияны  емдеу. 

Гипонатриемия  гипоталамус  және 

бүйректе  орналасқан  хеморецепторларды  қоздыру  арқылы 
әлдостеронның  өндірілуі  мен  бөлінуін  күшейтеді,  сөйтіп 


background image

 

199

 

организмде

 

натрий  иондары  жинала  бастайды.  Гипонатриемия 

нәтижесінде  пайда  болатын  бұзылыстарды  жою  үшін  көктамыр 
ішіне  1-2%  ас  тұзының  ерітіндісін,  қан  плазмасын, 
нәруыздар препараттарын жібереді. 

КАЛИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.

 

Калий  -  жасуша  ішіндегі,  негізгі  электролит.  Ересек 

адамда калийдің организмдегі жалпы мөлшері 4000 ммоль-дей 
болады,  ал

 

мүның  2/3  бөлігі  бұлшық  еттерде,  5%  сүйек 

құрамында  болады.  Организм  тәулігіне  2-4  г  калий  қажет 
етеді.  Калийдің  жалпы  мөлшерінің  90%-ы,  яғни  11О-150 
ммоль/л-дейіні  жасуша  ішінде,  ал  10%-ы  ғана,  яғни  7 
ммоль/л-дейіні,

 

жасуша  сыртындағы  сұйықта  орналасқан. 

Оның  қан  плазмасындағы  мөлшері    -  организмдегі  жалпы 
мөлшерінің  0,4%-ы  ғана,  яғни  3,8—5,4  ммоль/л.  Бұл 
калийдің  плазмадағы  салыстырмалы  тұрақты  шамасы  болып 
есептеледі.  Плазма  мен  жасуша  аралық  сұйықта  калий 
иондалған  түрде,  ал  жасуша  ішіндегі  оның  көп  мөлшері 
нәруыздармен,  көмірсуларымен,  креатининмен,  фосформен 
байланысқан түрлерде болады. Калийдің жасуша ішінен шығуы 
көп  жағынан  аз  жағына  қарай  (концентрациялық  айырмашылық 
бойынша)  жүзеге  асса,  оның  жасушаға  енуі  —  энергияны 
пайдалана  отырып,  Na

+

-  К

+

-  АТФ-аза  ферментінің  қатысуымен 

атқарылатын  белсенді  үрдіс.  Ұлпалы  ағзалардың  жасушасына 
калий глюкоза-калий дифосфат қосындысы түрінде енеді. Бұл 
үрдіске  АҮФ  (аденозин  үш  фосфор  қышқылы)  дем  береді  және 
гормондар  арқылы  реттеледі.  Калийдің  жасуша  іші  мен 
сыртындағы кеңістік арасында орын ауыстыруында қышқылдық-
сілтілік  үйлесімділіктің  өзгеруінің  маңызы  зор.  Мысалы, 
қанда сілтілер көбейгенде, калийдің жасуша сыртынан ішіне 
өтуіне  байланысты  оның  қандағы  мөлшері  азаяды,  ал  егер 
қанда  қышқылдар  көбейсе,  онда  керісінше  болады.  Калийдің 
организмнің тіршілігіне қажетті бірталай міндеттері бар:  

● 

ол 

жасушалардың 

мембраналық 

потенциалын 

қалыптастыратын негізгі иондардың бірі болып табылады;  

● жасушаларда осмостық қысымды қамтамасыз етеді;  
●  көмірсуларының,  нәруыздардың,  липидтердің  алмасуына 

қатысады.  

Гликогенез  үрдісі  калийдің  жұмсалуын  күшейтеді,  ал 

гликогенолиз,  керісінше,  калийдің  босауына  және  оның 
жасуша  сыртына  шығуына  әкеледі.  Калий  бүлінген  тіндерді 
қалпына келтіруге қатысады. Мәселен, нәруыздардың түзілуі 
кезінде  калий  жасуша  ішінде  жиналады,  ал  олардың  ыдырауы 
кезінде  ол  жасуша  ішінен  сыртына  шығып,  қанға  және 
артынан  несепке  өтеді.  Нәруыздар,  көмірсулары,  майлар 
ыдырауының  қарқынды  болуы  калийдің  теріс  тепе-теңдігіне 


background image

 

200

 

әкеледі.  Калий  алмасуы  су  алмасуымен  тығыз  байланысты. 
Калий  натриймен  қарама-қарсылық  әрекетте  болады,  себебі 
калий  организмнен  оңай  шығатын  болса,  натрий  керісінше 
оңай  жиналып  қалады.  Сонымен  қатар,  егер  натрий  өзімен 
бірге  организмде  суды  ұстап  қалатын  болса,  калий, 
керісінше,  бүйрек  өзекшелерінің  антидиурездік  гормонға 
сезімталдығын  төмендете  отырып,  несеппен  судың  сыртқа 
шығарылуын  күшейтеді.  Калийді  организмге  көп  мөлшерде 
енгізсе,  онда  ол  натрий  мен  судың  сыртқа  шығарылуын 
арттырады. Сол себептен, дене ісінуін калийі көп емдәммен 
емдеу, осыған негізделген. 

 Калий 

алмасуының 

бұзылуы 

гипокалиемиямен 

және 

гиперкалиемиямен көрінеді. 

Гипокалиемия 

—  қандағы  калий  мөлшерінің  3,8  ммоль/л-

дея  төмен  болуы,  ал  ол  калийдің  теріс  тепе-теңдігі 
кезінде байқалады. 

Гипокалиемия мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:  
●  организмге  калий  тамақпен,  мәселен  ашығу  кезінде, 

жеткіліксіз түскенде;  

●  несеппен,  үлкен  дәретпен,  құсықпен  калий  көп 

мөлшерде 

жоғалтылғанда. 

Калийдің 

несеппен 

көптеп 

шығарылуы төменде келтірілген жағдайларда байқалады:  

♣ глюкокортикоидтермен ұзақ уақыт бойы емделгенде;  
♣ сынапты зәрайдатқылар қолдану кезінде;  
♣ ацетилсалицил қышқылымен уланғанда;  
♣ кейбір бүйрек аурулары кездерінде; 
♣ әлдостерон өндіріліп шығарылуы көбейгенде;  

●  калий  қаннан  жасушаларға  көптеп  ауысқанда.  Ол  өз 

алдына мына жағдайларда кездеседі: 

♣ гиперинсулинемия (инсулинома) кезінде; 
♣ 

гиперкатехоламинемия 

кезінде, 

мәселен 

феохромоцитома дертінде; 

♣  фолий  қышқылы  мен  В

12

-  витаминін  тым  артық 

қабылдағанда жасушалардың өсіп-өнуі кезінде калий иондары 
олармен артық пайдаланылады. 

Гипокалиемияның  көріністері

.  Олар  калийдің  жалпы 

мөлшері  10-30%-ға  төмендегенде  байқалады.  Бұл  кезде 
жүйкелік-еттік  қозымдылық  төмендейді,  содан  бұлшықеттер 
әлсірейді,  тіпті  кейде  бұлшықеттердің  салдануы,  асқазан, 
ішек, қуықтың әлсіздігінен олардың қимылдық әрекеттерінің 
азаюы, артериялық қысымның төмендеуі байқалады. 

Орталық  жүйке  жүйесі  қозымдылығы  төмендеуден  адамды 

ұйқы  басу,  көңіл-күйдің  бейжайлығы,  селқостық,  жұмысқа 
қабілетінің  төмендеуі  байқалады.  Өйткені  нейрондардың 
гиперполяризациясынан олардың қозымдылық шегі көтеріледі.