Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5543

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

186

 

қан ағуының жылдамдығы баяулайды. 

Осылардың 

нәтижесінде 

көптеген 

ішкі 

ағзаларда 

микроциркуляция  бұзылады,  гипоксия  дамиды,  тырыспа-
селкілдек  ұстамалары,  елестеу,  кома  т.  т.  пайда  болады. 
Олардың даму жолдарының негізінде миға:  

♣ қоректік заттардың (глюкозаның) аз жеткізілуі;  
♣ оттегінің жеткіліксіз түсуі;  
♣  жүйке  жүйесінде  ферментгік  үрдістердің  бұзылуы  - 

жатады. 

Жоғарғы 

жүйке 

әрекеттері 

бұзылыстарының 

дамуы 

гипоксияның  әсерінен  және  сусыздану  кезінде  үлкен  қан 
айланым  шеңберінде  артериялық  қан  қысымы  төмендеуіне 
байланысты 

организмнің 

сұйықтарында 

осмостық 

тепе-

теңдіктің 

бұзылуынан, 

метаболизмдік 

ацидоз 

және 

гиперазотемия дамуының маңызы зор болады. 

Бүйректе  қан  айналым  нашарлауына  байланысты,  оның 

несеп 

шығару 

қызметі 

бұзылады. 

Осыдан 

организмде 

гиперазотемия 

мен 

уремия 

дамуы 

мүмкін. 

Бұл 

да 

метаболизмдік ацидоз дамуына үлкен үлес қосады. 

Ас 

қорыту 

жолдарында 

сусызданудың 

нәтижесінде 

ферменттік  үрдістер  бұзылады,  ішек-қарынның  қимылдық 
әрекеттері  тежеледі.  Осыдан  іш  кебуі,  астың  дұрыс 
сіңірілмеуі байқалады. 

Балаларда сусыздану ересек адамдарға қарағанда біршама 

ауыр өтеді. Өйткені оларда ересек адамдарға қарағанда: 

●  жасуша  сыртындағы  сүйықтың  мөлшері  көбірек  болады. 

Сусыздану  кезінде  ең  алдымен  жасуша  сыртындағы,  содан 
кейін  оның  ішіндегі  су  мен  электролиттер  шығарыла 
бастайды; 

● бүйректің бастапқы несептен суды қанға кері сіңіруі 

қабілеті жетілмеген болады; 

● тыныс алу жиі болуынан су деммен көптеп шығарылады; 

●  су  мен  электролиттер  алмасуының  нейро-гуморалдық 

реттелу жолдары жетілмеген. Осылардың нәтижесінде 2 жасқа 
дейінгі 

балаларда 

уытты 

диспепсиялардан, 

гипервентиляциядан 

т. 

б. 

жағдайлардан 

дененің 

сусыздануынан  баланың  шетінеуіне  дейін  әкелетін  қауіпті 
асқынулар дамуы мүмкін. 

Изомостық гипогидратация 

(лат. һуро — аз, төмен, һуdог 

— су) су мен түздардың біршамадай азаюынан дамиды. Бұндай 
жағдай  полиурия,  диспепсия  кездерінде  және  қан  кетуден 
байқалуы  мүмкін.  Бұл  кезде  негізінен  жасуша  сыртындағы 
сүйық азаяды. 

Гипосмостық  гипогидратация 

түздардың  судан  басымырақ 

шығарылуынан  дамиды.  Электролиттердің  организм  үшін 


background image

 

187

 

көптеген маңызды қасиеттерімен бірге, суды байланыстырып, 
организмде ұстап тұратын қасиеті бар. Бұл жагынан әсіресе 
натрий,  калий,  хлор  т.  б.  иондарының  маңызы  өте  үлкен. 
Сондықтан  организмнен  бұл  тұздардың  артық  шығарылуы  оның 
сусыздануына 

әкеледі. 

Бұл 

кезде 

организмде 

электролиттердің  мөлшері  қалпына  келмей,  қанша  су  іше 
бергеніне  қарамай  организмнің  сусыздануы  тоқтамайды. 
Сусыздану  негізінен  жасуша  сыртындағы  сұйықтың  есебінен 
болады.  Жасуша  сыртындағы  электролиттердің  артық  шығып 
кетуінен  онда  осмостық  қысым  азаяды.  Жасуша  ішінде 
электролиттер біршама сақталуына байланысты онда осмостық 
қысым  жасуша  аралық  сұйықтан  басым  болады.  Осыдан  жасуша 
сыртындағы  су  оның  ішіне  енеді,  жасушаның  ісінуі  дамиды. 
Жасуша  сыртындағы  сүйық  азаюына  байланысты  қанның 
қоюлануы 

т.с.с. 

жоғарыда 

көрсетілген 

қанайналымның 

бұзылыстары байқалады. 

Электролиттердің  организмнен  артық  шығарылуы  ішек-

қарын  жолдарымен,  бүйрек  және  тері  арқылы  болуы  мүмкін. 
Ішек-қарын  жолдарымен  қайта-қайта  құсу  немесе  іш  өту 
(гастроэнтриттер,  жүкті  әйелдердің  уыттанулары  т.  б.) 
кездерінде  ересек  адам  тәулігіне  организмдегі  натрийдің 
жалпы  көлемінен  15%,  хлордың  28%,  судың  22%-на  дейін 
шығарады.  Бұл  кездерде  организмнің  қышқылдық-сілтілік 
үйлесімдігі 

бұзылады. 

Асқазанның 

сөлі 

сыртқа 

көп 

шығарылудан  көптеп  хлор  мен  сутегі  иондары  жоғалады  да, 
организмде  газдық  емес  алкалоз  дамиды.  Ал,  ұйқы  безі  мен 
ішектердің  сөлдерімен  көп  натрий  иондары  шығарылады. 
Осыдан келіп газдық емес ацидоз дамиды. 

Электролиттер  кейбір  нефриттердің  түрлерінде,  Аддисон 

ауруы  т.  б.  кездерінде  бүйрек  арқылы  көптеп  шығарылуы 
мүмкін.  Бұл  кездерде  бүйрек  өзекшелерінің  денеде  бар 
әлдостеронға сезімталдығы төмендейді немесе әлдостеронның 
тым аз өндірілуі ықтимал. 

Сонымен  бірге  электролиттер  қатты  терлегенде  тері 

арқылы 

шығарылады. 

Терлеу 

сыртқы 

ортаның 

ыстық 

температурасынан  және  ауыр  қол  жұмысын  атқарудан  болады. 
Осыған  байланысты  термен  тәулігіне  800  мл-ден  10  л-ге 
дейін  сұйық  шығарылады.  Онымен  бірге  420  ммоль/л-ден 
астам  натрий,  150  ммоль/л-ден  астам  хлор  шығарылады. 
Сондықтан  қатты  терлеуден  организмнің  ауыр  және  тез 
сусыздануы  байқалады.  Бұл  кезде  тұз  қоспай  таза  сусын 
ішсе  жасуша  сыртындағы  сұйықтың  осмостық  қысымы  одан 
сайын төмендеп, судың жасуша ішіне кіріп кетуі көбейеді. 

Гиперосмостық  гипогидратация 

судың  электролиттерден 

басымырақ  шығарылуы.  Бұндай  жағдай  терең  тыныстың 


background image

 

188

 

жиілеуінен,  сілекейдің  көп  шығарылуынан  және  қантсыз 
диабет  т.  б.  кездерінде  полиуриядан  дамуы  мүмкін.  Бұл 
кезде  жасуша  сыртындағы  сұйықтың  көлемі  азаяды,  оның 
осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның 
сыртына  ауысады.  Жасушаның  сусыздануы  қатты  шөлдеу 
сезімін шақырады, тіндік нәруыздардың ыдырауын күшейтеді, 
дене  қызуын  көтереді,  кейде  сана—сезімінің  болмауына, 
кома дамуына әкеледі.  

Дененің  құрғап  кетуін  болдырмау  үшін  гипогидратация 

кездерінде  организмге  сүйық  енгізу  қажет.  Ол  үшін 
организмге  қанша  су  жетіспейтінін  немесе  судың  тапшылық 
мөлшерін  анықтау  керек. 

Судың  тапшылығы  (СТ)

  мына  өрнек 

бойынша анықталады: 

СТ  =  0,6  х  дене  массасы  (кг)  х  (1  -  140  :  натрийдің 

қан плазмасындағы деңгейі); 

Мәселен:  дене  массасы  80  кг  болса,  қан  плазмасында 

натрий  158мМ/л  болса,  СТ  =  0,6x80  х  (1  -140:158)  =  48  x 
0,114 = 5,47 л. Сонда судын тапшылығы 5,47 л. 

ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ.

 

Организмнің  сулануы:  судың  сырттан  көп  түсуінен,  суды 

сыртқа  шығаратын  бүйректің  қызметі  бүлінуден  немесе  осы 
екеуінің біріккен әсерлерінен дамуы ықтимал. 

Гипергидратация  изосмостық  (изотониялық),  гипосмостық 

(гипотониялық), 

гиперосмостык 

(гипертониялық) 

болып 

ажыратылады. 

Изосмостық 

гипергидратация 

сырттан 

изотониялық 

сүйықтарды  емдік  мақсатта  тым  артық  енгізгеннен  кейін 
қысқа  мерзімде  байқалуы  мүмкін.  Бұндай  жағдай  жиі 
ісінулер кездерінде байқалады (төменде келтірілді). 

Гипосмостық  гипергидратация 

(сумен  улану)  организмге 

бірнеше қайталап көп су енгізуден дамиды. Сау жануарларға 
бір  рет  көп  су  енгізу  елеулі  өзгерістерге  әкелмейді. 
Бірақ,  су  алмасуының  реттелуі  бұзылыстарында  аз  мөлшерде 
енгізілген  судың  өзі  гипергидратация  дамуына  әкелуі 
мүмкін.  Бұндай  жағдай  клиникада  рефлекстік  анурия  және 
бүйрек 

қызметінің 

жеткіліксіздіктері 

кездерінде 

байқалады. 

Организмде  су  көп  жиналуынан  қан  сүйылып  кетеді. 

Қанның  жалпы  көлемі  ұлғаюымен  қатар,  онда  нәруыздың, 
электролиттердің,  гемоглобиннің  деңгейлері  салыстырмалы 
түрде  азаяды.  Эритроциттердің  ішіне  көп  су  түсуінен  олар 
еріп  кетеді.  Гемоглобиннің  деңгейі  қан  сары  суында 
көбейеді,  ол  несеппен  шыға-рыла  бастайды,  гемоглобинурия 
дамиды.  Гемоглобин  бүйрек  өзекшелерінде  тұнбаға  ауысып, 
цилиндрлер  құрылуына  әкеліп,  оларды  бітеп  қалады.  Осыдан 
несеп шығарылуы төмендейді. 


background image

 

189

 

Ми  жасушалары  ісініп  кетуінен,  бас  сүйек  ішінде  қысым 

көтеріледі.  Содан  қатты  бас  ауыруы,  жүрек  айну,  құсу, 
тырыспа-селкілдек  ұстамалары,    кома  дамып,  организмнің 
өліміне әкелетін құбылыстар пайда болады. 

Гиперосмостық  гипергидратация 

теңіз  суын  ішуге  мәжбүр 

болғанда, 

көп 

гипертониялық 

сұйықтар 

енгізгенде 

байқалады. 

Жасуша 

сыртында 

осмостық 

қысым 

көп 

болғандықтан  сүйық  жасуша  ішінен  сыртына  көптеп  шығып 
кетеді.  Содан  жасушаның  сусыздануы  болады  (гиперосмостық 
гипогидратацияны қараңыз). 

Судың  артық  мөлшері  қанда  ұсталып  тұрмай  тіндерге,  ең 

алдымен жасуша аралық кеңістіктерге ауысады. Осыдан ісіну 
дамиды. 

Ісіну, түрлері, даму жолдары

Ісіну  (грек.-оеdema)  —  қан  мен  тіндер  арасында  су 

алмасуының 

бұзылыстарынан 

тінаралық 

кеңістіктерде 

сұйықтың  артық  жиналып  қалуы.

  Сүйықтың  дене  қуыстарында 

жиналуын  шемен  (грек.-һуdгорs)  дейді.  Іш  қуысы  сулануын 
іш  шемені  (грек.-  аsсіtеs),  өкпеқап  қуысы  сулануын 
гидроторакс,  ми  қарыншалары  сулануын  —  гидроцефалус, 
жүрекқап  қуысы сулануын гидроперикардиум деп атайды. 

Ісіну  көптеген  аурулар  кездерінде  болатын  біртектес 

дерттік  үрдіс.  Қан  мен  тіндердің  арасында  су  алмасуы 
микроциркуляциялық 

арнада 

қылтамырлардың 

қабырғалары 

арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында: 

● қылтамырлар ішінде қан қысымы көтерілуінің; 
● қанда онкотикалық қысым төмендеуінің;  
● 

қылтамырлардың 

қабырғаларының 

өткізгіштігі 

жоғарылауының; 

● лимфа ағуы баяулауының; 
●  су  мен  электролиттер  алмасуының  жүйкелік  және 

гуморалдық реттелуі бұзылыстарының; 

●  тіндерде  және  тінаралық  кеңістіктерде  осмостық  және 

онкотикалық  қысымдардың  көтерілуінің  –  маңызы  өте  зор. 
Лимфа  ағуының  баяулауы  кезінде  жасуша  аралық  сұйықта 
онкотикалық  қысым  біршама  көтеріледі.  Ас  тұзын  артық 
пайдаланғанда  немесе  бүйрек  қызметі  бұзылғанда  жасуша 
аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мүмкін. 

Осы  келтірілгендерге  байланысты  ісінудің  бірнеше 

себепшарттарын 

(факторларын) 

ажыратады. 

Қылтамырлар 

ішінде 

қан 

қысымы 

көтерілуіне 

әкелетін 

факторды 

гемодинамикалық 

фактор,

 

қанда 

онкотикалық 

қысымды 

төмендететін  факторды 

онкотикалық  фактор,

  қылтамырлардың 

қабырғаларының 

өткізгіштігін 

жоғарылататын 

факторды 

қантамырлық  фактор, 

лимфа  ағуын  баяулататын  факторды 


background image

 

190

 

лимфогендік  фактор, 

су  мен  электролиттер  алмасуының 

реттелуі 

бұзылыстарына 

әкелетін 

факторды 

жүйкелік-

эндокриндік  фактор, 

тінаралық  кеңістіктерде  осмостық-

онкотикалық қысымдарды көтеретін факторды 

тіндік фактор 

– 

деп атайды.   

Қылтамырлардың ішінде қан қысымы көтерілуі

♣    көктамырлар  қан  қатпаларымен  бітеліп  немесе 

сыртынан қысылып қалғанда; 

♣ жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде оның қуыс 

көктамырлардан қанды сорып алу қабілеті төмендегенде; 

♣ 

көктамырлардың 

қақпақшаларының 

кемістігі 

кездерінде т.с.с. жағдайларда байқалады. 

Қанда онкотикалық қысымның төмендеуі

♣  бауыр  қызметінің  жеткіліксіздігі  кездерінде  қан 

нәруыздарының түзілуі бұзылыстарынан; 

♣  бүйрек  қызметі  бұзылыстарынан  қан  нәруыздарының 

несеппен көптеп сыртқа шығарылып кетуінен; 

♣ 

организмнің 

ұзақ 

ашығуы 

кездерінде 

қан 

нәруыздарының тым аз түзілуі нәтижелерінде байқалады. 

Қылтамырлардың

 

қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі: 

♣  қабыну  және  аллергия  кездерінде  биологиялық 

белсенді заттардың (гистамин, серотонин, простагландиндер 
т.б.) әсерлерінен; 

♣ уытты химиялық заттардың әсерлерінен; 
♣ 

қантамырларының 

жүйкеленуі 

бұзылыстарынан 

– 

дамиды. 

Лимфа ағуының баяулауы: 

♣ 

жүрек қызметінің әлсіздігі кезінде  

♣  лимфалық  тамырлар  құрттармен  бітеліп  қалғанда 

т.с.с. жағдайларда байқалады.  

Су  мен  элетролиттер  алмасуы  реттелуінің  бұзылыстары

 

ренин-ангиотензин-әлдостерон-антидиурездік  гормон  (АДГ) 
жүйесінің  белсенділігі  көтерілуден  болады.  Ол  бұл 
гормондардың  артық  өндіріліп  шығарылуынан  немесе  олардың 
организмде  ыдыратылуы  бұзылыстарынан  дамиды.  Бұндай 
жағдайлар 

жүрек, 

бүйрек, 

бауыр 

қызметтерінің 

жеткіліксіздіктері  кездерінде  кездеседі  және  екіншілік 
әлдостеронизм  дамуына  әкеледі.    Әлдостерон  бүйрек 
өзекшелеінде  бастапқы  несептен  натрий  иондарының  қанға 
кері  сіңірілуін  арттыратын  болса,  АДГ  онда  судың  кері 
сіңірілуін көбейтіп, денеде судың тұтылуын туындатады. 

Тінаралық 

кеңістіктерде 

осмостық 

– 

онкотикалық 

қысымның көтерілуі: 

♣ микроциркуляцияның бұзылыстарынан 
♣  екіншілік  әлдостеронизм  кезінде  натрий  иондарының