Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5600

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

331

 

дәрмектердің,  иондағыш  сәулелердің,  кортикостероидтық 
гормондардың 

әсерлерінен 

дамиды. 

Организмге 

әртүрлі 

ауырпалықтар  түскенде  көрсетілген  гормондардың  өндірілуі 
тым 

көбейіп 

кетеді. 

Сонымен 

бірге 

иммундық 

жүйе 

жасушаларының 

белсенділігі 

төмендеуі 

олардың 

сыртқы 

беттерімен  байланысатын  немесе  іштерінде  жиналып  қалатын 
заттардың 

әсерлерінен 

де 

байқалады. 

Бұл 

заттарға 

аутоантиденелерді,  цАМФ,  простагландиндерді  т.б.  қабыну 
дәнекерлерін, 

кейбір 

цитокиндерді, 

өспелерді 

жоятын 

факторды жатқызуға болады. 

Осылармен  қатар,  салдарлық  иммундық  тапшылықтардың 

дамуына    әсерленетін  немесе  жауап  қайтаратын  (эффектор) 
жасушалар мен тежегіш (супрессор) жасушалардың, CD4

 және 

CD8

+   

корецепторлары  бар  Т-лимфоциттердің,  Т

х 

1  мен  Т

х 

жасушаларының  арақатынастарының  өзгерістері  әкеледі.  CD4

/  CD8

  арақатынасы  иммундық  реттегіш  көрсеткіші  деп 

аталады. Бұл арақатынастың төмендеуі CD4

 корецепторы бар 

лимфоциттердің  азаюынан  немесе  CD8

корецепторы  бар 

жасушалардың  көбейіп  кетуінен  болады.  Бірінші  жағдай  CD4

Т-хелпер  (жәрдемші)  жасушаларының  азаюы  айырша  бездің 
қызметі  бұзылудан  байқалады.  CD8

  корецепторы  бар 

лимфоциттердің  көбеюі    супрессор  (тежегіш)  жасушалардың 
артып  кетуін  көрсетеді.  Т

х 

1  және  Т

х 

2  түрлеріндегі 

жәрдемші 

(хелпер) 

жасушалардың 

арақатынасы 

өзгеруі 

иммундақ 

қорғаныстың 

жасушалық 

немесе 

сұйықтық 

тетіктерінің  басымдылық  жақтарын  сипаттайды.  Салдарлық 
иммундық  тапшылық  дамуына  жиі  әкелетін  аурулардың  ішінде 
өкпенің 

созылмалы 

бейспецификалық 

дерттерін, 

кейбір 

эндокринопатияларды,  күйіктік  ауруын,  бүйрек  қызметінің 
созылмалы  жеткіліксіздігін  ерекше  атауға  болады.  Жұқпалы 
аурулардың  ішінде  вирустық  жұқпалардың  маңызы  өте  зор 
болады.  Өйткені  вирустар  Т-лимфоциттеріне  өте  үйір  болып 
келеді. Салдарлық иммундық тапшылық дамытатын арнайы вирус 
бар.  Оны  адамның  иммундық  тапшылықтық  вирусы  (АИВ-1) 
(ағылш. Human immunodeficiency virus –HIV-1) делінеді. Осы 
вирустың  әсерінен  адамда  жүре  пайда  болған  иммундық 
тапшылықтық синдром (ЖИТС) дамиды. 

Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (ЖИТС). 

ЖИТС-ын  ең  алғаш  1981  жылы  Әмерика  зерттеушілері 

жариялады. Әрбір 12-14 ай сайын бұл синдромның ел арасында 
тарауы екі еселеніп тұрады.  АИВ-тың адамнан адамға ауысуы 
жыныстық  қатынастар  арқылы,  бірнеше  нашақорлар  бір 
дәріпіспекпен  пайдаланғанда,  науқастарға  қан  құйғанда, 
ЖИТС–пен  ауыратын  әйелдерден  туған  балаларда    т.с.с. 
жағдайларда болады.  

Патогенезі. 

Адамның иммундық тапшылықтық вирусын (АИВ) 


background image

 

332

 

жұқтырғаннан кейінгі кезеңді 

АИВ-жұқпасы

 – деп атайды. АИВ  

сыртқы  беттерінде  CD4

+   

корецепторлары  бар  (  Т  хелпер 

жасушаларын, 

макрофагтарды, 

дендриттік 

жасушаларды) 

жасушаларды  бүліндіреді.  Өйткені    АИВ-1-дің  қабығындағы 
gp120 нәруызының CD4

молекуласына үйірлігі болады. Осыдан 

CD4

+   

молекуласы    gp120  нәруызымен  байланысуынан  жасушаның 

апоптозы  артады  және  көрсетілген  вирус  жасушаға  тікелей 
бүліндіргіш әсер етеді. АИВ жұқтырған адам денесінде вирус 
лимфоидтық  тіндерде,  ОЖЖ  –інде  микроглияда,  ішектердің 
эпителий жасушаларында жинақталады. 

АИВ-жұқпасы 

үш 

сатыда 

өтеді. 

Бірінші 

сатысын 

виремияның  бастапқы  сатысы

  дейді.  Бұл  кезде  вирус  қанға 

түседі.  Жұқтырғаннан  кейін  10-20  тәуліктен  соң    қанда 
вирустың  деңгейі  ең  жоғары  шыңына  көтеріледі  және  оған 
қарсы  антиденелер  пайда  болғанша  осы  деңгейде  сақталады. 
Екінші сатысын 

әйгіленімсіз сатысы 

деп атайды

Бұл кезде: 

●  АИВ  жұқтырған  адамдарда  10-15  жылға  дейін  ешқандай 

әйгіленім  байқалмауы  мүмкін.  Организмнің  қорғаныстық 
күштері вирустың өсіп-өнуін тежеп тұрады; 

●  жұқпаның  ары  қарай  дамуынан  сақтандырмайтын  және 

одан 

қорғай 

алмайтын 

әртүрлі 

бейспецификалық 

антиденелердің  түзілуімен  көрінетін  сұйықтық  серпілістер 
байқалады; 

●  иммунитеттің  жасушалық  тетіктері  арқылы  вирустың 

өсіп-өнуі  белгілі  мөлшерлерде  тежеледі  немесе  клиникалық 
көріністер айқындалмайды. Бұл кезде цитотоксиндік Т-жендет 
жасушаларының қызметтері артуының маңызды болуы ықтимал; 

АИВ-жұқпаның 

үшінші 

сатысын 

иммундық 

тежелу 

(иммуносупрессия)  сатысы

  дейді.    Бұл  кезде  қандағы  CD4

 

жасушаларының саны азаяды.  

Осыдан: 
●    АИВ  жұқтырған  CD4

Т-жасушаларының  өсіп-өнуіне 

қолайлы  жағдай  туындайды.  Оған  ұшық  жұқпалары  немесе  осы 
жасушалардың 

өсіп-өнуін 

арттыратын 

басқа 

антигендік 

түрткілер әкеледі; 

●  вирустың  өсіп-өнуінен  Т-жасушалары  бүлінеді.  Осыдан 

қандағы 

CD4

корецепторлары 

бар 

жасушалар 

азаяды. 

Жасушаның  геномымен  біріккен  вирустық  геном  ұзақ  мерзім 
өршіп кетпеуі мүмкін. Бірақ бұл кезде Т-жасушаларының саны 
ұдайы азая береді; 

●  АИВ  жұқтырған  жасушалардың  ішінде  бос  вирустық  ДНК 

жинақталуы  вирустың  қатты  өсіп-өнуіне  және  жасушаның 
тіршілігін жоғалтуға әкеледі; 

●  АИВ  сүйек  кемігіндегі,  айырша  бездегі  аналық 

жасушаларды  бүліндіреді.  Содан  CD4

корецепторлары  бар 

лимфоциттердің азайған орны толтырылмайды; 


background image

 

333

 

●  CD4

корецепторлары  бар  лимфоциттердің  саны  азаюы 

олардың 

Т

х 

түрлерінің 

белсенділігі 

төмендеуімен 

қабаттасады.  Т

х 

1  мен  Т

х 

2  түрлерінің  арақатынасы  бұзылуы 

ЖИТС 

дамуының 

алдында 

байқалады. 

Цитотоксиндік 

Т-

жасушаларының және табиғи жендет жасушалардың белсенділігі 
төмендейді.  Өйткені  Т-хелпер  жасушалары  жетіспейді.  В-
жасушаларының  қызметтері  де  Т

х 

2  жасушаларының  аздығынан 

әлсірейді; 

● Т

х 

жасушаларының аздығынан әртүрлі антигендерге қарсы 

арнайы антиденелердің түзілуі болмайды. В-жасушалары ұдайы 
бейспефикалық белсенділік жағдайында болады. 

АИВ  организмнің  иммундық  қадағалауына  қарсы  тұра 

алады.  Өйткені  АИВ  басқа  вирустарға  қарағанда  мутацияға 
жиі  ұшырайды.  Оның  кері  транскриптаза  ферменті  жиі 
қателіктер  жіберіп  қызмет  атқарады  және  бұл  кателіктерді 
түзету  қабілеті  болмайды.  АИВ  геномы  жасуша  геномымен 
бірігіп  кеткенде  вирустық  гендердің  өршуі  өте  аз 
мөлшерлерде  болады.  Осылардан  АИВ  организмнің  иммундық 
жүйесінің  әсерлеріне  ұшырамайды  да,  дер  кезінде  байқалып 
жойылмайды. 

АИВ-жұқпа 

мен 

ЖИТС 

–тің 

көріністері. 

Вирусты 

жұқтырғаннан  кейін  бірнеше  апта  немесе  айлардың  ішінде 
қанда  вирус  және  вирустық  антигендер  анықталады.  Оларға 
қарсы антиденелер 3-6 айдан соң пайда болады.  

2-4  апта  әйгіленімсіз  (инкубациялық)  кезеңнен  кейін 

50-90% вирус жұқтырған адамдарда бас ауыруы, қызба, теріде 
бөртпелер  пайда  болуы  және  лимфалық  түйіндердің  шошуы 
сияқты  көріністер  байқалады.  Олар  өз  беттерінше  бірнеше 
аптадан  кейін  жоғалып  кетеді.  Содан  аурудың  ешбір 
әйгіленімі болмайды, тек қанда вирус пен оның антигендері 
сақталады. 

Аурудың ерте сатысында, ешбір қосымша жұқпалар болмай-

ақ,  дене  қызуы  көтерілуі,  түнде  терлеу,  әлсіздік,  қайта-
қайта  іш  өтулер,  бездердің  шошуы  және  бас  ауыруы  болады. 
Солармен  бірге  Капоши  саркомасы,  тыныс  алу  жолдарының 
жұқпалары,  ауыз  кандидозы  мен  периодонт  ауруларымен  
көрінетін қосанжарласқан жұқпалар дамиды. 

Артынан  CD4

корецепторлары  бар  жасушалардың  азаюынан 

қалыпты  жағдайларда  дерт  туындатпайтын  бактериялардан 
жұқпалар  дамуына  қауіп  артады.  Бұл  кезде  пневмония, 
токсоплазмоз  жиі  мидың  бүліністерімен  қабаттасады.  CD4

 

лимфоциттердің  үдемелі  азаюынан  иммундық  жүйенің  толық 
бұзылыстары  болып,  жұқпалардың  дамуы  үдеп  кетеді.  Содан 
майда 

саңырауқұлақтардың 

әсерлерінен 

ауыз 

қуысының, 

өңештің 

т.б. 

ас 

қорыту 

жолдарының 

бүліністері, 

кеңірдекшелердің  және  өкпенің  қабынуы,  өкпе  туберкулезі, 


background image

 

334

 

цитомегаловирустық,  ұшықтық    жұқпалар  т.с.с.  дамиды. 
Науқас адам қатты азып, жүдеп кетеді. Жүйке жүйесінің және 
жан-дүниесінің бұзылыстары, балалардың дамуы мен бойы өсуі 
баяулауы  байқалады.  Адам  қосымша  жұқпалардың  әсерлерінен 
жан тапсырады. 

 

Аутоиммундық үрдістер. 

Аутоиммундық  үрдістер  –  деп  организмнің  өзінің  меншік 

тіндеріне  иммундық  жауап  қайтаратын  және  аутоантигендері 
бар  тін  жасушаларының  бүліністеріне  әкелетін  дерттік 
үрдістерді айтады. 

Қалыпты 

жағдайларда 

организмнің 

өзінің 

меншік 

тіндеріне  қарсы  иммундық  жауап  болмайды.  Былайша  айтқанда 
адамның өзінің тіндеріне иммундық шыдамдылық (толеранттық) 
болады.  Егер  Т-жасушаларының  қатысуымен  дамитын  иммундық 
тежелу болмаса, онда аутоиммундық бүліністер дамиды. 

Организмде  аутоантиденелердің  немесе  өз  тіндерімен 

әрекеттесетін  сезімталдағы  көтерілген  Т-лимфоциттердің 
болуы  әлі  өз  беттерінше  дерт  дамуына  әкелмейді.  Дені  сау 
адамдардың  қанында  аз  мөлшерде  аутоантиденелер  болады. 
Оларды:  табиғи  немесе  физиологиялық  антиденелер,  «куәгер» 
антиденелер және дерттік немесе озбыр антиденелер – деп үш 
топқа  бөледі.  Бұлардың  ішіндегі  ең  көбірегі  табиғи 
антиденелер. Олар аутоантигендермен әрекеттескенде адамның 
меншік 

тіндерінің 

бүліністеріне 

әкелмейді. 

«Куәгер» 

антиденелер  тіндердің  кездейсоқ  бүліністерінде  пайда 
болған  аутоантигендерге  иммундық  жады  ретінде  болады.  Ал, 
дерттік  антиденелер  аутоантигендермен  байланысуларынан 
меншік 

тіндердің 

бүліністері 

пайда 

болады. 

Табиғи 

антиденелердің 

мөлшері 

жас 

ұлғаюына 

байланысты  

көбейеді.Олар  организмде  тасымалдық  немесе  гомеостаздық 
қызметтер  атқарады.  Аутоиммундық  дерттер  дамуы  үшін  өз 
тіндеріне  бүліндіргіш  әсер  ететін  аутоантиденелердің  және 
цитотоксиндік Т-лимфоциттерінің белсенділігі артуы қажет.  

Аутоиммундық дерттер дамуына әкелетін жағдайларға: 
● созылмалы вирустық т.б. жұқпалар;  
●  тіндердің  антигендеріне  ұқсас  антигендері  бар 

жұқпалардың  қоздырғыштарының  организмге  енуі  (мәселен, 
стрептококктардың 

күрделі 

қанттарына 

қарсы 

түзілген 

антиденелер 

адам 

ағзасы 

тіндерінің 

жасушаларындағы 

гликопротеидтермен әрекетесе алады); 

●  иммундық  жүйенің  маңызды  құрылымдары  мен  реттеуші 

молекулаларының  туа  біткен  немесе    (қоршаған  ортаның 
әртүрлі  химиялық  заттармен  ластанулары,  дәрі-дәрмектерді 
қалай  болса  солай  бақылаусыз  қабылдау  т.с.с.  жағдайларда 
кездесетін) жүре пайда болған ақаулары; 


background image

 

335

 

● қарттық кезең – жатады. 
Аутоиммундық 

дерттердің 

қалыптасуы 

әдетте 

тұқым 

қуалаушылықпен 

байланысты 

болады. 

Бұл 

аурулар 

тін 

үйлесімділігінің  үлкен  кешенінің  белгілі  аллельдерімен 
байланысып  дамиды.  Аутоиммундық  дерттер  өз  беттерінше 
дамуына  әкелетін  белгілі  гендердің  мутациясы  бар  ақ 
тышқандардың  таза тектік буындары сұрыпталып шығарылған.  

Аутоиммундық 

бүліністердің 

патогенезі. 

Бүліністер 

дамуының  бастапқы  сатысында  меншік  тіндерге  иммундық 
шыдамдылықтың  бұзылуы  болады.  Иммундық  шыдамдылық  болу 
үшін  бұл  тіндерге  қарсы  Т-лимфоциттері  апоптозға  ұшырауы 
қажет  немесе  Т

х 

2  жасушалары  өндіретін  цитокиндердің 

тежегіш  әсерлерінен  анергия  дамуы  керек.  Бұлар  болмаған 
жағдайда  аутоиммундық  бүліністердің  дамуы  басталады. 
Аутоиммундық  дерттер  көпшілік  жағдайларда  апоптоздың 
жеткіліксіздігінен 

дамиды. 

Көптеген 

аутоиммундық 

аурулардың  дамуында  созылмалы  вирустық  т.б.  жұқпалардың 
маңызы үлкен. Олар апоптоз дамуын тежеп, маңызды реттегіш 
молекулалардың тым көбейіп кетуіне әкеледі. 

Аутоиммундық  үрдістер  дамуында  негізінен  иммунитеттің 

жасушалық  немесе  сұйықтық  тетіктері  қатысады.  Олар  Т

х 

немесе  Т

х 

2  түрлес  Т-хелпер  жасушаларының  негізгі 

міндеттерімен 

анықталады. 

Т

х 

1-тәуелді 

аутоиммундық 

үрдістер 

ең 

жиі 

кездеседі. 

Олар 

CD8

жендет 

жасушаларының 

немесе 

цитокиндер 

өндіретін 

CD4

 

жасушаларының  қайсысы  басым  әсерленуіне  байланысты  екі 
түрге  ажыратылады.  Бірінші  жағдайда  Т-жендет  жасушалары 
ағза  жасушаларына  уытты  (цитотоксиндік)  әсер  етеді. 
Мәселен, ұйқыбездің β-жасушаларына уытты әсерден инсулинге 
тәуелді  қантты  диабет  дамиды.  Екінші  жағдайда  дерттің 
дамуы  баяу  дамитын  жоғары  сезімталдық  (БДЖС)  жолымен 
болады. 

Бұл 

кезде 

тін 

жасушаларының 

бүліністері 

сезімталдығы 

көтерілген 

Т-хелпер 

жасушалары 

мен 

макрофагтардың қатысуымен болады. 

Жасушаға уытты әсер белгілі бір ішкі ағзада орналасқан 

бүліністерге  әкеледі.  Ал,  БДЖС  дамуы  организмнің  көптеген 
тіндерінің  қабынулық  бүліністерін  туындатады.  Мәселен, 
құздамаға ұқсас артриттер.  

Т

х 

2  -  тәуелді  аутоиммундық  үрдістер  біршама  сирек 

кездеседі.  Бұл  кезде  тіндердің  бүліністері  негізінен 
аутоантиденелердің  әсерлерінен  дамиды.  Жүйелі  қызыл  жегі, 
аутоиммундық 

гемолиздік 

анемия, 

ауыр 

миастения, 

идиопатиялық  тромбоцитопения  т.б.  цитопениялар  дамуында 
аутоантиденелердің 

маңызы 

зор. 

Бұл 

аутоантиденелер 

иммуноглобулиндердің Ig G тобына жатады. Олар аутоиммундық 
үрдіске  комплементті  немесе  макрофагтар  мен  табиғи  жендет