Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5598

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

386

 

өспесі  пайда  болатыны  байқалған.  Бұл  обырдың  себебі 
пештің  күйесі  (тас  көмір  жанғандағы  пайда  болатын 
өнімдер)  болады  деген  пікір  айтылды.  Осыдан  кейін  көп 
зерттеушілер  обыр  өспесін  жануарлардың  терісіне  тас  көмір 
қара  майын  жағу  арқылы  тәжірибеде  алуға  кірісті.  Тек, 
1918  жылы  жапон  зерттеушілері  Ямагива  мен  Ишикава  осы 
жолмен  қоянның  құлағында  тері  обырын  алды.  Осыдан  бастап 
химиялық канцерогенезді жүйелі түрде зерттеу басталды. 

Артынан әртүрлі химиялық заттардың әсерлерінен өспенің 

басқа  түрлері  де  дамитыны  белгілі  болды.  Мәселен, 
адамдардың  кәсібіне  қарай  (анилинді  бояу  өндірістерінде 
істейтін, 

автокөліктердің 

жолдарын 

қаптайтын 

жұмысшылардың араларында) өспе жиірек дамитыны анықталды. 

Өспе  дамуына  әкелетін  химиялық  заттар  канцерогендер 

(обыр туындататындар) деп аталады. 

Барлық  канцерогендер  экзогендік  және  эндогендік  болып 

бөлінеді. Экзогендік канцерогендерге көптеген (1000-астам) 
қосындылар жатады:  

● 

көп 

оралымды 

хошиісті 

көмірсутектер 

(диметилбензантрацен, фенантрен, 3, 4-бензпирен т. б.); 

● оралымды аминдер (нафтиламин, бензидин); 
● 

аминдік 

азоқосындылар 

(ортоаминоазотолуол, 

диметиламиноазобензол); 

●  бейорганикалық  химиялық  заттар  (хром,  қорғасын, 

никель, бериллий, мышьяк, кадмий т. б.). 

Кейбір  канцерогендер  енгізілген  жеріне  қарамай  тек 

белгілі  ағзалар  мен  тіндерде  өспе  дамуына  әкеледі. 
Мәселен,  ортоаминоазотолуол  және  диметиламинобензол  тек 
бауырда,  бензидин  немесе  β-нафтиламин  тек  қуықта  өспе 
дамуына  әкеледі.  Ал,  көп  оралымды  қөмірсутектер  жиі 
енгізілген  жерінде  кез  келген  тіндердің  өспесін  шақырады. 
Өспе  канцерогендік  зат  организмге  түскеннен  кейін  үзақ 
уақыттан  кейін  дамиды.  Обыр  алды  кезең  организм  өмірінің 
1:3-1:7 үзақтығына теңеледі. Ол адам үшін 12—18 жылға жуық 
болады. 

Барлық  канцерогендік  заттар  екі  үлкен  топқа  бөлінеді. 

Олардың  ең  үлкен  тобы 

проканцерогендер

  немесе  канцероген 

тудырғыштар  деп  аталады.  Бұлар  организмге  түскеннен  кейін 
әртүрлі  ферменттердің  әсерлерімен  өзгерістерге  ілігіп, 
өспе туындататын заттарға айналады: Канцерогендердің шағын 
тобы 

тікелей (шынайы) канцерогендер

 деп аталады және олар 

организмде  ешқандай  өзгерістерге  ұшырамай-ақ  өспе  дамуын 
туындатады. 

Бұларға 

урацилиприт, 

β-пропионлактон, 

диметилкарбамилхлорид жатады. 

Бүгінгі  күні  күшті  зерттеліп  жатқан  канцерогендердің 

бір  тобы  нитрозоқосындылар.  Организмге  тамақпен  және 


background image

 

387

 

дәрілермен  түсетін  нитраттар  мен  нитриттер  асқазанда  тұз 
қышқылының  әсерінен  нитрозаминдерге  ауысып,  жиі  өспе 
дамуына 

әкеледі. 

Содан 

диэтилнитрозамин 

бауыр 

мен 

өңештің, метилнитрозомочевина мидың өспесіне әкеледі. 

Кейбір  канцерогендік  заттар  тамақтануға  пайдаланылатын 

өсімдік 

табиғатты 

заттарда 

кездесулері 

мүмкін. 

Саңырауқұлақтар  Aspergillus  flavium,  қуатты  канцерогендік 
қасиеті  бар, 

афлатоксин

  түзеді.  Жаңбырлы  жылдары  жерде 

жатып 

өсетін 

жаңғақтар 

(арахис) 

осы 

саңырауқұлақ 

өндіретін 

афлаток-синмен 

зарарланады. 

Сонымен 

бірге 

жүгері,  күріш  дәндері  де  осы  аталған  майда  саңырауқұлақ 
өнімімен зарарлануы ықтимал. 

Канцерогендік  заттар  кейбір  тағамдарды  (шұжық,  қазы, 

балық  т.  с.  с.)  түтінмен  ыстаудан,  тағам  дайындауда 
майларды  бірнеше  рет  қайталап  қуырудан,  шайды  еселеп  шоқ 
үстінде 

ұзақ 

қайнатудан 

т.с.с. 

жағдайлардан 

пайда 

болулары мүмкін. 

Трансплаценталық канцерогенез.

 

Буаз 

егеуқүйрықтардың 

денесіне 

аз 

мөлшердегі 

канцерогендік  затты  енгізгенде,  олардың  өздері  ауырмай, 
олардан 

туған 

төлдерінің 

әртүрлі 

ағзаларында 

өспе 

дамитыны байқалған. 

Жүкті  әйелдер  диэтилстилбестерол  (жасампаздық  жолмен 

алынған  фолликулин)  қабылдаса,  олардан  туған  қыздардың 
қынабында  эпителий  жасушыларының  обыр  өспесі  пайда  болу 
мүмкіншілігі бар екені байқалды. 

 Осы  көрсетілгендерден  жүктілік  кезінде  әйелдердің 

организміне аз мөлшерлерде түскен өспе  туындатын химиялық 
затгар  (мәселен,  темекі  шегу  т.  с.  с.)  бала  жолдасы 
арқылы  ұрыққа  өтіп,  әсер  етуінен  әртүрлі  өспелердің  жас 
балаларда даму мүмкіншіліктері пайда болады. 

Канцерогендік  заттар  ДНК  молекуласымен  байланысып 

жасушалардың гендік ақпаратын өзгертеді. 

Эндогендік 

канцерогендік 

заттар. 

Көп 

оралымды 

көмірсутектерінің  химиялық  құрылымы  кейбір  стероидтық 
гормондардың  химиялық  құрылымына  өте  ұқсас  болып  келеді. 
Осыған  байланысты  белгілі  жағдайларда  организмнің  өзінде 
өспе туындататын қасиеті бар заттар ендірілуі мүмкін деген 
пікір  айтылды.  1925  жылы  адам  терісін  800—920°  С  қыздыру 
арқылы канцерогендік зат алынды. Бұл затты ақ тышқандарға 
енгізгенде өспе дамитыны дәлелденді. 1934 жылы адам өтінде 
болатын 

дезоксихол 

қышқылынан 

канцерогендік 

зат 

– 

метилхолантрен алынды. Бұл канцерогендердің өспе өсуіндегі 
маңызын Л.М. Шабад (1937 ж.) тәжірибеде дәлелдеді. 

Қазір 

жануарлар 

мен 

адам 

организмінде 

әртүрлі 

канцерогендік  заттар  пайда  болу  мүмкіндігі  белгілі. 


background image

 

388

 

Оларға: 

● стероидтық гормондар (эстероген, эстрадиол); 
● 

холестерин 

туындылары 

(холестадиендер, 

карцинолипиндер); 

●  амин  қышқылдарының  (триптофан,  тирозин)  ыдырау 

өнімдері; 

● бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары; 
● нитроксид (NO) және оның асқын тотығы (перокснитрит- 

ONOO

)  т.  б.  жатады.  Эндогендік  канцерогендік  заттар 

лейкозбен 

ауыратын 

сырқаттардың 

зәрінде 

табылған. 

Организмде  эндокриндік  бездермен  гормондар  өндірілуінің 
бұзылуы  өспелердің  кейбір  түрлерінің  дамуына  әкеледі.  Бұл 
өспелер  «дисгормондық  өспелер»  деп  аталады.  Эстрогендік 
гормондар  бір  жағынан  өспе  өсуіне  күшейткіш  (промоторлық) 
әсер  етсе,  екінші  жағынан  тін  жасушаларының  тектік 
құралдарын өзгертіп, гендерге уытты ықпал етеді. 

Эндогендік канцерогендердің ерекшеліктеріне: 
● организмнің өзінде өндірілуі; 
● өспе туындату әсері әлсіздеу болуы; 
● өспе дамуында жасырын кезеңнің ұзақ болуы – жатады. 

Өспе дамуындағы физикалық ыкпалдардың маңызы.

 

Бұларға  әртүрлі  иондағыш  сәулелердің  түрлері  және 

ультракүлгін  сәулелер  жатады.  Иондағыш  сәулелердің  барлық 
түрлері 

(рентген 

сәулелері, 

α-, 

β-, 

γ-сәулелері, 

нейтрондар  мен  протондар)  канцерогендік  әсер  ете  алады. 
1895 жылы рентген сәулелері ашылғаннан кейін 1909 жылы ең 
алғаш  радиацияның  өспе  туындату  мүмкіншіліктері  туралы 
пікір  айтылды.  Рентгенологтарда  тері  обыры  мен  сүйек 
саркомасы  дамуының  мүмкіншіліктері  байқалды.  Рентген 
сәулелерімен 

жануарларды 

(тышқан, 

ит 

т. 

б.) 

сәулелендіргенде  лейкоздар  және  әртүрлі  өспелер  дамиды. 
Адамдарда  рентген  сәулелерімен  жалпы  сәулелендірудің 
нәтижесінде 

өспе 

мен 

лейкоздардың 

дамуы 

жиілейді. 

Хиросима, Нагасаки қалаларында 1945 жылы АҚШ атом бомбасын 
жарғаннан кейін, Семей полигонында 1949 жылдан бастап атом 
бомбасрн  сынаулардан  соң  бұл  аймақтардың  тұрғындарының 
арасында  лейкоз  дерті  мен  өспелер  жиі  кездесетін 
болды.Ультракулгін 

сәулелердің 

канцерогендік 

әсері 

егеуқұйрықтар мен ақ тышқандарда дәлелденді. 

Әртүрлі  радийбелсенді  изотоптар  организмге  түскенде, 

олардың  түсу  жолдарына  және  жиналып  тұрақтануына  қарай, 
әртүрлі  ағзаларда  өспе  дамуын  шақырады.  Олар  ауыз  арқылы 
түскенде  ас  қорыту  ағзаларының  өспесін,  тері  астына 
енгізгенде  -  саркома,  тері  обырын,  тыныс  жолдары  арқылы 
түскенде  өкпе  өспелерін  шақыруы  мүмкін. 

90 

Sr  сүйекте 

жиналатын болғандықтан остеосаркома, 

131

J - қалқанша бездің 


background image

 

389

 

өспесін туындатады. 

Радийбелсенді сәулелер өспе дамуына: 
●  еркін  радикалды  тотығуды  арттырып,  пайда  болған  бос 

радикалдармен (О

, ОН 

• 

т.б.)  жасушалардың ДНҚ молекуласын 

бүліндіру және оның репарациясын бұзу; 

●  организмнің  иммунитетін  әлсіретіп,  өспе  туындататын 

вирустардың белсенділігін арттыру; 

● гендердің мутациясын туындату; 
●  хромосомаларды  ауытқуларын  туындату  –  жолдарымен 

әкеледі.  

Өспе дамуындағы биологиялық ықпалдардың маңызы.

 

1908-1911  жылдары  Раус  тауық  саркомасының  жасушасыз 

сүзіндісін  сау  тауықтарға  енгізу  арқылы  осы  өспенің 
дамитынын  көрсетті.  1933  ж.  Шоуп  қоянға  өспеден  алынған 
осындай  сүзіндіні  енгізіп,  онда  папиллома  өспесін  алды. 
1934  ж.  Биттнер  сүт  безі  обырымен  сырқаттанатын  ақ 
тышқандарда 

«сүт 

факторы» 

болатынын 

анықтады. 

Ақ 

тышқандардың  ішінде  бұл  обырмен  жиі  және  сирек  ауыратын 
таза  тектік  тұқымдары  болады.  Егер  сирек  ауыратын 
тышқандардың  төлдерін  туа  сала  жиі  ауыратын  тышқандардың 
сүтімен қоректендірсе, онда оларда сүт безі обырының пайда 
болуы  әжептәуір  жиілейді.  Жиі  ауыратын  тышқандардың  жаңа 
туған  төлдерін  сирек  ауыратын  тышқандардың  сүтімен 
қоректендірсе  сүт  безі  обырымен  олардың  ауыруы  сирейтіні 
көрсетілді.  Кейінірек  «сүт  факторының»  негізінде  вирус 
жататыны дәлелденді және оны Биттнер вирусы дейді. 

Қазіргі  күні  жануарлардың  кейбір  өспелері  вирустардың 

әсерлерінен 

дамитыны 

ешқандай 

күмән 

келтірмейді. 

Егеуқүйрықтар  мен  тышқандардың  лейкозы,  қоян,  ит,  сыйыр 
папилломалары, тауық саркомасы, бақаның бүйрек обыры т. б. 
өспелердің  этиологиясында  вирустардың  маңызы  дәлелденген. 
Жануарларда  өспе  туындататын  вирустардың  40-астам  түрлері 
белгілі.  Бұл  вирустар  РНҚ-нан  және  ДНҚ-нан  тұратын  болып 
бөлінеді. 

.РНҚ-нан  тұратын  өспе  туындататын  вирус  онкорнавирус 

(грек.  оnсоs  -  өспе,  ағылш.  RNA  -  РНҚ)  немесе 
ретровирустар (лат. геtго - кері бағытта) деп аталады. Бұл 
вирустарда  кері  транскриптаза  (ревертаза)  немесе  РНҚ-
тәуелді  ДНҚ  полимераза  деген  фермент  болады.  Осы 
ферменттің 

қатысуымен 

гендік 

ақпарат 

вирустың 

РНҚ 

молекуласынан жасушаның ДНҚ молекуласына жазылады.  

РНҚ-нан тұратын вирустардың әсерлерінен: 
● тауықтардағы Раус саркомасы; 
● тышқандар мен тауықтардың лейкозы; 
● тышқандарда сүт безінің обыры; 
●  адамда  Т-жасушалы  лейкоз  т.  б.  дамиды.  Ересек 


background image

 

390

 

адамдарда  Т-жасушалық  лимфолейкоз  вирустың  ықпалынан 
туындайды.  Бұл  вирусты  HTLV-1  (human  Т-leukemia  virus

 

адамның  Т-лейкозының  вирусы)  деп  атайды.  Т-жасушалық 
лимфолейкозбен  ауырған  адамдардың  қанында  осы  вирусқа 
қарсы 

антиденелердің 

болуы 

көрсетілген 

пікірдің 

дұрыстығын дәлелдейді. 

ДНҚ-нан 

тұратын 

өспе 

туындататын 

вирустар 

ДНҚ-

онковирустар деп аталады. Бұл вирустардың әсерлерінен: 

● қояндарда Шоуп папилломасы; 
● тышқандардың полиомасы; 
●  маймылдардың  көпіршікті  өспесі;  Бұл  үш  түрлі 

өспелердің 

вирустары 

Папова 

(папилома, 

полиома, 

вакуольдейтін вирустар деген атаусөздерден алынған термин) 
тобына жатқызылатын вирустар делінеді.   

● адамдарда папиллома, кандилома, Беркитт лимфомасы 
●  В-гепатитінің  вирусы,  әсіресе  афлотоксинмен  бірігіп, 

әсер еткенде бауыр карциномасы т.с.с. дамиды. 

Адамда  кездесетін  герпесвирустар  (герпес  -  ұшық)  ДНҚ-

онковирустарға  жатады.  Олардың  ішінде  Эпштейн-Барр  вирусы 
(ЭБВ)  сау  адамдардың  жұтқыншақ-көмейлерінің  шайындысында 
жиі кездеседі. 70-80% адамдардың қанында бұл вирусқа қарсы 
антиденелер  анықталады.  Адамның  В-лимфоциттерінің  сыртқы 
беттерінде 

Эпштейн-Барр 

вирусын 

байланыстыратын 

рецепторлар 

бар. 

Осы 

байланыстың 

нәтижесінде 

В-

лимфоциттерінің  жас  лимфобластық  түріне  айналуы  және 
инфекциялық  мононуклеоз  дамуы  мүмкін.  Орталық  Африка 
мемлекеттері  тұрғындарының  балаларында  Беркитт  лимфо-масы 
жиі  дамиды.  Бұл  өспеден  ЭБВ  бөлініп  алынады  және  ол 
организмнен  тыс  жағдайларда  сау  жасушаны  өспе  жасушасына 
айналдыратыны дәлелденген. 

Қарапайым  герпесвирустыи  2-түрі  жыныстық  қатынастармен 

беріледі  және  әйелдердің  жатыр  ернеуінде  обыр  дамуын 
туындатуы мүмкін. 

Герпесвирустардың  тағы  бір  түрі  цитомегаловирус  кең 

тараған  жұқпа.  Соған  қарамай  ол  қалыпты  жағдайда  ауру 
туындатпайды. Бірақ, организмде иммундық тапшылықты жағдай 
дамыса,  көптеген  ағзалардың  бүліністеріне  әкеліп,  Капоши 
саркомасы дамуына себеп болады. 

Вирустардың 

дерттілік 

күші 

бір 

жағынан 

олардың 

штаммасына,  мөлшеріне,  организмге  ену  жолына,  екінші 
жағынан  қабылдайтын  организмнің  (реципиенттің)  жасына, 
тектік, 

иммундық, 

гормондық 

т.с.с. 

жағдайларына 

байланысты 

болады. 

Мәселен, 

құстардың 

эритробластоз 

вирусын  көктамырға  енгізгенде  лейкоз  дамуына  әкелсе,  тері 
астына  енгізгенде  саркома  дамытады.  Раус  вирусы  тауық 
балапандарында  тез  өсетін,  метастаза  тарататын  саркома,