Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5596

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

391

 

ал кәрі тауықтарда баяу өсетін өспелерді туындатады. 

Өспе туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді: 
●  бірінші  сатысында  жасуша  ішіне  еніп,  онда  ДНҚ 

молекуласымен 

бірігіп 

кетеді 

де, 

жасушаның 

тектік 

ақпаратын өзгертеді; 

●  екінші  сатысында  өзгерген  тектік  ақпарат  бойынша 

онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады; 

●  үшінші  сатысында  онконәруыздар  жасушаның  шексіз 

бөлініп көбеюін арттырып, өспе жасушасына айналдырады. 

Өспе 

өсуіне 

әкелетін 

биологиялық 

факторларға, 

келтірілген 

вирустармен 

қатар, 

He-licobacter 

Pylori 

бактериясын жатқызуға болады. 

Осы  көрсетілгендермен  бірге  өспе  өсуіне  әкелетін 

көптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға: 

● зиянды әдеттер: 

♣ темекі шегу; 
♣ маскүнемдік; 
♣ насыбай ату; 
♣ 

бейберекет 

жыныстық 

қатынастарда 

болу 

(промискуитет); 

●  тиімсіз  қоректену  (тым  майлы  тамақ  ішу,  ысталған 

тамақты  артық  пайдалану,  тағамда  витаминдер,  қанықпаған 
май қышқылдары жетіспеуі т.т.); 

●  қоршаған  ортаның  химиялық  заттармен,  иондағыш 

сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады. 

Өспенің  пайда  болуы  немесе  болмауы  көпшілік  жағдайда 

организмнің, 

ең 

алдымен 

реттеуші 

жүйелерінің 

жағдайларымен,  оның  даралық  реактивтілігімен  өте  тагыз 
байланысты. 

Өспе 

дамуында 

жүйкелік-эндокриндік 

және 

иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.  

Жүйке жүйесінің өспе дамуындағы маңызы.

 

Тіпті  XIX  ғасырдың  өзінде.  дәрігерлер  өспе  пайда 

болуын  жүйке  жүйесінің  жағдайымен  байланыстырған.  Ал,  бұл 
сұрақ  алғашқы  эксперименттік  дәлелдеуді  И.  П.  Павловтың 
зертханасында 

алды. 

М. 

К. 

Петрова 

эксперименттік 

неврозбен 

ауыратын 

иттердің 

арасьшда 

жиі 

өспелер 

дамитынын  байқады.  Артынан  ол,  Л.  М.  Шабадпен  бірігіп, 
бұл  жануарларда  химиялық  канцерогендердің  әсерлерінен 
өспе дамуы жеңілдейтінін дәлелдеді. 

Соңғы  жылдардағы  зерттеулерге  қарағанда  созылмалы 

невроздық  жағдайлар,  көңіл-күйдің  тұнжырауы,  ұзақ  жан 
күйзелісгері өспе дамуына әкелетін демеуші ықпал болатыны 
күмән  шақырмайды.  Өспе  дамуында  организмнің  дене  бітім 
ерекшеліктері,  әсіресе  жоғары  жүйке  әрекеттерінің  түрлері 
маңызды орын алады. 

Өспе  дамуында  симпатикалық  және  парасимпатикалық 


background image

 

392

 

жүйкелердің маңызы үлкен. Дистрофиялық үрдіс ежелден обыр 
алды 

жағдай 

деп 

есептеледі. 

А. 

Д. 

Сперанскийдің 

зертханасында  жүйке  жүйесінің  әр  түрлі  құрылымдарына 
бүліндіргіш  әсер  еткенде  нейрогендік  дистрофия  дамитыны 
көрсетілді,  Содан  15-20%  жағдайларда  жиі  ауыз  қуысында 
папилломалар  дамиды.  Өспелердің  орналасу  орындары  ағзаның 
жүйкеленуі  бұзылыстарымен  анықталады.  Егер  көкбауырдың 
жүйкелерін  кесіп,  қоянның  тамырына  Браун-Пирс  карцино-
масының  жасушаларын  енгізсе,  онда  бұл  өспе  көкбауырда 
дамитыны 

көрсетілді. 

Осыған 

байланысты 

алдын 

ала 

бүйректің,  асқазанның  жүйкелерін  кескеннен  кейін  өспе 
жасушаларын  организмге  енгізгенде  сол  өспе  жүйкелері 
кесілген ағзаларда дамитыны байқалады. 

Шеткері 

жүйке 

құрылымдарының 

ішкі 

ағзаларда 

хирургиялық  өрекеттер  кездеріндегі  бүліністері  өспенің 
метастаза  таратуында  және  оның  қайталануында  маңызды  рөл 
атқарады. 

Осымен  бірге  өсіп  келе  жатқан  өспе  организмнің  жүйке 

жүйесінің 

жағдайына 

үлкен 

әсер 

етеді. 

Аурулардың 

психикасы  өзгереді,  қозу,  тежелу  үрдістерінің  арақатынасы 
бұзылады, созылмалы күйзеліс жағдайы дамиды. 

Эндокриндік жүйенің өспе дамуындағы маңызы.

 

Өспенің  дамуы  эндокриндік  жүйенің  жағдайымен  тығыз 

байланысты. 

Эндокриндік 

жүйенің 

онкогенезде 

қатысу 

дәрежесіне  байланысты  дисгормондық  және  эндокриндік  емес 
өспелер  болып  бөлінеді.  Дисгормондық  өспелердің  дамуында 
организмнің  гормондық  жағдайының  бұзылуы  маңызды  орын 
алады.  Бұл  өспелерге  гормондардың  артық  түзілуінен  пайда 
болатын нысана ағзаларда (жатыр, сүт безі, қуық асты безі) 
дамитын өспелер және эндокриндік жүйенің кері байланыстары 
бұзылуынан  бездердің  өздерінде  дамитын  өспелер  жатады. 
Өспелердің, соның ішінде сүт бездері мен жатырдың өспелері 
дамуында  организмде  эстрогендердің  артық  өндірілуі  немесе 
сырттан 

көп 

енгізілуі 

маңызды. 

Эстрогендердің 

канцерогендік  әсері  негізінде  олардың  нысана  ағзалар 
жасушаларының  өсіп-өнуін,  көбеюін  сергітетін  әдеттегі 
қабілеті  жатады.  Фолликулды  жетілдіретін  гормонда  (ФЖГ) 
сүт  бездерінде  өспе  дамуына  әкеледі.  Ол:  біріншіден, 
эстрогендер өндірілуін арттырады, екіншіден, сүт бездеріне 
тікелей  әсер  етеді.  Кексе  әйелдерде  климакс  дамуына 
байланысты  жыныс  гормондары  түзілуін  реттеуді  қамтамасыз 
ететін эндокриндік жүйе (гипоталамус - аденогипофиз) ұдайы 
жоғары  қызмет  атқарады.  Осының  нәтижесінде  гонадотропты 
гормондардың  артық  түзілуі  әйелдердің  жыныс  бездерінде 
жетілмеген  стероидтардың  көптеп  түзілуіне  әкеледі.  Олар 
гормондық  қасиетін  жоғалтады,  бірақ  жасушалардың  өсіп-


background image

 

393

 

өнуін арттыратын қабілетін сақтап қалады. 

Өспе  дамуына  жыныстық  бездерден  басқа  бездер  де  әсер 

етеді.  Қалқанша  бездердің  гормондары  организмде  өспе 
дамуын  бөгейді.  Бірақ  олар  сүт  бездерінің  обыры  мен 
хорионэпителиома 

дамуын 

арттыруы 

мүмкін. 

Гипотиреоз 

кезінде  өспе  жиі  дамиды.  Басқа  бездердің  өспе  дамуындағы 
орны  аз  зерттелген.  Бұл  сүрақ  бойынша  зерттеулердің 
нәтижелері  қарама-қайшы  болып  келеді.  Глюкокортикоидтық 
гормондар  химиялық  канцерогенезге  әлсіретуші  әсер  етеді, 
бірақ  дамып  келе  жатқан  өспелердің  метастаза  таратуын, 
оның өсу жылдамдығын күшейтеді. 

Иммундық жүйенің өспе дамуындағы маңызы.

 

Тұқым  қуалайтын  иммундық  жүйенің  жеткіліксіздігі  бар 

адамдарда  өспе  сау  адамдарға  қарағанда  10000  есе  жиі 
кездеседі.  Ағзалары  ауыстырылып  отырғызылған  адамдарға 
иммундық  тежегіштер  енгізілудің  нәтижесінде  оларда  өспе 
дамуы 80—100 есе жиі байқалады. 

Организмде  иммундық  шабуылдың  нәтижесінде  обыр  алды 

жағдайлардың обырға айналуы алдын ала ескертіледі. Жорамал 
бойынша  әрбір  адамда  кемінде  бір  жасуша  болса  да  өспе 
жасушасына айналып тұрады. Бірақ көпшілік жағдайларда олар 
организмнің  иммундық  шабуылына  ілініп,  жойылып  отырады. 
Ал,  иммундық  жүйенің  жеткіліксіздігінде  өспеге  айналған 
жасуша көбейіп, өспенің түйіні пайда болуына әкеледі. 

Өспе  ауруымен  ауыратын  организмде  өспе  жасушаларын 

жойып  отыратын  лимфоциттер  және  олармен  арнайы  байланыса 
алатын  антиденелер  болатыны  дәлелденді.  Былайша  айтқанда 
пайда  болған  өспеге  жауап  ретінде  организмде  иммунитеттің 
жасушалық және гуморалдық факторлары дамиды. 

Сонымен,  организмде  өспеге  жауап  ретінде  иммундық 

серпілістер  бар.  Бірақ,  соған  қарамай  өспе  дамиды  және 
организмнің  тіршілігін  тоқтатады.  Тіпті  жануарларды  алдын 
ала  өспе  жасушаларымен  иммундап,  содан  кейін  организмге 
сол  өспе  жасушаларын  ауыстырып  отырғызса,  ол  тым  тез 
дамиды.  Жоғарыда  келтірілген  деректерден  өспеге  қарсы 
иммунитет  бір  жағынан  одан  қорғанудың  негізгі  тетігі 
болады,  екінші  жағынан  ол,  керісінше,  өспенің  дамуын 
күшейтеді.  

Өспеге  қарсы  организмнің  төзімділігі  қалыптасуында 

жасушалық 

факторлар 

өте 

маңызды. 

Көптеген 

өспелер 

антиденелердің  немесе  антиденелер  мен  комплементтердің 
әсерлеріне өте төзімді, ал киллер (ағылш. killer - жендет) 
жасушаларының 

әсерінен 

тез 

ыдыратылып 

жіберіледі. 

Организмнің  өспеге  қарсы  қорғанысында  табиғи  киллерлер 
немесе NК-жасушалары, Т-жендет жасушалары және макрофагтар 
үлкен  қызмет  атқарады  (13-сурет).  Бүдан  басқа  антидене 


background image

 

394

 

тәуелді 

жасушалардың 

{К-жасуша) 

қатысуымен 

болатын 

цитотоксиндік әсер өспе жасушаларын ыдыратады (14-сурет).  

Организмде  өспе  өсуі  иммунитеттің  әлсіреуінен  болады. 

Өспе  туындататын  көптеген  химиялық,  физикалық  (иондағыш 
сәулелер)  ықпалдардың  әсерлеріңен  немесе  жастың  ұлғаюына 
байланысты иммундық жүйенің тежелуі (депрессиясы) болатыны 
белгілі.  Сонымен  бірге  өсіп  келе  жатқан  өспе  жасушалары 
иммундық  тежегіш  әсер  етеді  деген  пікір  бар.  Бұл  пікірді 
жақтаушылар,  өспе  жасушаларында  және  басқа  тіндерде 
иммундық тежегіш ретінде әсер ететін заттар өндіріледі деп 
болжайды. 

Бұл 

заттарға 

шағын 

молеку-лалық 

өнімдер 

(қанықпаған  май  қышқылдары,  олигопептидтер),  протеазалар, 
ұрықтық  антигендер  (α-фетопротеин,  трофобластық  глобулин) 
полиаминдер, 

Т- 

және 

В-лимфоциттердің 

супрессорлық 

факторлары, глюкокортикоидтар т. б. жатады. 

Өспеге 

организмнің 

иммундық 

жауабы 

әлсіреуінде 

супрессор  жасушаларға  маңызды  мән  беріледі.  Өспе  өсуі 
кезінде 

Т-және 

В-супрессор 

жасушаларының 

әсерлілігі 

күшейеді.  Олар  хелпер    жасушаларына  қарағанда  антигенге 
өте 

сезімтал 

болады. 

Сондықтан, 

антигеннің 

шамалы 

мөлшеріне  супрессорлардың  белсенділігі  артады,  жәрдемші 
(хелпер) жасушалардың белсенділігі төмендейді. 

Өспе дамуындағы тұқым қуалаушылықтың маңызы.

 

Өспе  пайда  болуында  организмнің  тұқым  қуалаушылық 

қасиеттерінің маңызы бар екені даусыз. Оның дамуында тұқым 
қуалаушылық  түрлерін  денежасушалық  және  гаметалық  деп 
ажыратады.  Денежасушалық  тұқым  қуалаушылықтың  түріне  дене 
жасушаларының  өздерінің  қасиеттерін  туынды  жасушаларға 
бере алуы жатады. Гаметалық  тұқым қуалаушылықтың түрі деп 
организм  белгілері  жиынтығының  кейінгі  ұрпаққа  жыныс 
жасушаларымен тасымалдануын ұғады. 

Өспенің  пайда  болуыннда  және  дамуында  денежасушалық 

тұқым  қуалаушылық  біршама  жақсы  зерттелген.  Бүгінгі  күні 
өспе 

өсуі 

дене 

құрылымы 

жасушаларының 

геномындағы 

өзгерістермен түсіндіріледі. 

Жыныстық  жасушалармен  ұрпаққа  өспе  өсу  жолдарының 

тасымалдануы  әлі  шешімін  толық  тапқан  жоқ.  Дегенмен, 
кейбір  келесі  деректер  өспелердің  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысу 
мүмкіншіліктерін  көрсетеді.  Мәселен,  жануарлардың  кейбір 
түрлерінің (ақ тышқандар т. б.) ішінде өспемен жиі немесе 
сирек  ауыратын  гендік  таза  тұқымдары  болатыны  белгілі. 
Кейбір  отбасыларында  қатерлі  өспелер  жиі  кездесетіні 
анықталған.  Бір  ұрықтан  дамыған  егіз  адамдарда,  екі 
ұрықтан  дамыған  егіздерге  қарағанда,  өспе  екі  есе 
жиілікпен  кездеседі.  Сонымен  бірге  хромосомалық  аурулары 
бар адамдарда өспе жиі дамитыны байқалған. Бұл келтірілген 


background image

 

395

 

деректер  өспенің  пайда  болуында  және  дамуында  тұқым 
қуалаушылықтың  белгілі  маңызы  бар  екендігін  көрсетеді. 
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша жыныстық жасушалар 
арқылы 

ұрпаққа 

өспе 

дамуына 

90-95% 

жағдайларда 

бейімділіктің 

гені 

беріледі. 

Тұқым 

қуалау 

бойынша 

канцерогендердің әсерлеріне өспе дамуымен жауап қайтаратын 
организм  реактивтілігінің  ерекшелігі  берілуі  мүмкін.  Бұл 
кездерде 

организмде 

ДНҚ 

молекуласының 

репарациялық 

ауытқулары, иммундық, жүйкелік және эндокриндік жүйелердің 
ерекшеліктері  өспе  дамуына  бейімдеуі  ықтимал.  Ал  5-10  % 
өспелердің  ұрпақтан  ұрпаққа  тікелей  тарауы,  бүгінгі  күні 
дәлелденген.  Мәселен,  ретинобластома  Rb-генінің  жоғалып 
кетуінен, тоғышектің полипозы Эй-Пи-Си генінің болмауынан, 
нейрофиброматоз 

NF-генінің 

делециясынан, 

пигменттік 

ксеродерма 

ДНҚ 

молекуласының 

репарациялық 

гендері 

болмауынан  дамиды.  Сондай-ақ,  ата-аналарынан  ұрпаққа  өспе 
дамуына  қарсы  жоғары  төзімділік  немесе  тұрақтылық  та 
берілуі мүмкін. 

Сыртқы 

орта 

ықпалдары 

мен 

организмнің 

даралық 

реактивтілігі  өспелердің  пайда  болуын  тездетуі  немесе 
баяулатуы мүмкін. 

Сонымен,  өспелердің  этиологиясы  себепкер  ықпалдармен, 

олардың 

макрорганизммен 

арақатынасымен 

және 

өзара 

әсерлерімен  байланысты.  Өспе  даму  үшін  көптеген  ықпалдар 
бірігіп  әсер  өтуі  мүмкін.  Өспе  дамуы  өзгеріп  тұратын 
динамикалық үрдіс болғандықтан, ол кездегі себеп-салдарлық 
арақатынастардың үдайы өзгеріп тұруы маңызды орын алады.  

Өспе өсу патогенезі. 

Өспе  өсу  патогенезі  осы  күнге  дейін  ең  бір  күрделі 

және әлі толық шешілмеген мәселе. Дегенмен, соңғы жылдары 
өспе  өсу  патогенезі  әжептәуір  зерттелді.  Әсіресе  қальшты 
жасушалардың  өспе  жасушасына  айналуының  бастапқы  және 
шешуші  сатылары  анықтала  түсгі.  Ол  жасушалардың  өсуін, 
көбеюін  және  жетілуін  қадағалайтын  гендердің  тұрақты 
өзгерістерінен 

болатыны 

күмән 

шақырмайды.Өспе 

өсу 

патогенезінде үш кезеңді ажыратуға болады: 

● сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, трансформация 

немесе бастама (инициация) кезеңі деп аталады; 

●  өспе  жасушаларының  әсерленіп,  қарқынды  өсіп-өніп, 

көбеюі  және  алғашқы  өспе  түйінінің  пайда  болуы,  промоция 
кезеңі делінеді; 

● өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгерістерін және 

қатерлі  қасиеттер  қабылдауын,  немесе  өспе  өсуінің  үдеуін  
(өршуін), прогрессия кезеңі дейді. 

Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы 

мына себептерден 

болуы мүмкін: