Файл: KZ Патофизиология учебник.pdf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.11.2021

Просмотров: 5573

Скачиваний: 10

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

446

 

Тіндерге  нейтрофилдердің  уытты  әсерлері  фагоцитоз 

кезіндегі  еркін  радикалды  тотығу  үрдісінің  қарқынын 
көтеруімен  байланысты  болуы  ықтимал.  Фагоцитоз  кезінде 
нейтрофилдер 

оттегіні 

тым 

артық 

пайдаланудан 

тотықсызданған  никотинамиддинуклеотидфосфат  (НАДФ  •  Н)-
оксидазаның  белсенділігі  көтеріліп,  НАДФН-тан  оттегінің 
молекуласына электрондардың ауысуы болады да, белсенді бос 
радикал-супероксид-анионрадикалдар 

пайда 

болады. 

Нейтрофилдерде 

антиокси-данттық 

фермент 

супероксиддисмутаза 

(СОД) 

аз 

болады. 

Сол 

себептен 

нейтрофилдермен  пайдаланылған  барлық  оттегінің  90%-ы 
супероксиданионрадикалға 

айналады. 

Ал, 

пайдаланылған 

оттегінің 

моноциттерде 

тек 

30%-ы, 

альвеолалық 

макрофагтарда - 10%-дан азы  ғана көрсетілген белсенді бос 
радикалға 

айналады. 

Сондықтан 

нейтрофилдер 

супероксиданионрадикалды  және  сутегінің  асқын  тотықтарын 
көбейтіп,  тін  жасушалары  мембраналарының  бүліністеріне 
әкелуі ықтимал. 

Нейтрофилдік  лейкоцитоз  кезінде  олардың  саны  10-40  • 

10

9

/л-ге дейін, пайыздық мөлшері 80-95%-ға дейін көбейеді. 

Бұл  лейкоцитоз  тез  дамитын  жұқпалы  аурулар,  қабыну, 
әсіресе  ірінді  қабыну,  миокард  инфаркты,  қатерлі  өспелер, 
қан кетулер, уремия т. б. аурулар кездерінде байқалады. 

Нейтрофилдік 

лейкоцитоз 

ядролық 

жылжусыз, 

гипорегенерациялық,  регенерациялық,  гиперрегенерациялық 
және  дегенерациялық  ядролық  жылжулармен  сипатталатын 
лейкоцитоздар болып бөлінеді ( -кесте). 

Ядросында  жылжуы  жоқ  нейтрофилдік  лейкоцитоз  кезінде 

тек  кемелденген,  бөлшектелген  ядролы  нейтрофилдердің  саны 
көбейеді.  Бұндай  лейкоцитоз  тамақ  ішкеннен  кейін,  қол 
жұмысын  атқарғаннан  соң,  қансыраудан  кейін,  жеңіл  өтетін 
жұқпалы аурулар кездерінде кездеседі. 

Гипорегенерациялық 

ядролық 

солға 

жылжуы 

бар 

нейтрофилдік  лейкоцитоз  таяқша  ядролы  нейтрофилдердің 
пайыздық мөлшері (5%-дан жоғары) көтерілуімен сипатталады. 
Ол  кейбір  жұқпалы  аурулардың  жеңіл  өтуінде,  қабынулар 
(безгек,  шырышты  аппендицит,  лимфалық  түйіндер  мен  сірі 
қабықтардың туберкулезі, баспа) кездерінде байқалады. 

Регенерациялық  ядролық  солға  жылжуы  бар  нейтрофилдік 

лейкоцитоз 

кезінде 

шеткері 

қанда, 

таяқша 

ядролы 

жасушалардың 

көбеюімен 

бірге, 

метамиелоциттер 

(нейтрофилдердің  балғын  түрлері)  пайда  болады.  Бұндай 
лейкоцитоз  пневмония,  бөртпе  сүзек,  қызамық,  күл,  тілме 
(рожа), 

сепсистік 

аурулар 

кездерінде 

дамиды. 

Лейкоциттердің саны 12-25х10

9

/л-ге дейін көбеюі мүмкін. 

Гиперрегенерациялық 

ядролық 

солға 

жылжуы 

бар 


background image

 

447

 

нейтрофилдік  лейкоцитоз  шеткері  қанда,  таяқша  ядролы  және 
балғын  нейтрофилдермен  қатар,  миелоциттер  пайда  болуымен 
сипатталады. Лейкоциттердің жалпы саны кейде 20-30 х10

9

/л-

ге дейін көбеюі мүмкін, бірақ жиі оның 5-10х10

9

/л-ге дейін 

азаюы  да  байқалады.  Бұндай  ядролық  өзгерістердің  пайда 
болуы  тіршілікке  қауіпті  болып  есептеледі  және  ол  ауыр 
өтетін  жұқпалы  аурулар,  жантәсілім  тапсыру  кездерінде 
байқалады. 

Дегенерациялық  ядролық  оңға  жылжуы  бар  нейтрофилдік 

лейкоцитоз  кезінде, олардың жас түрлері (метамиелоциттер, 
таяқша 

ядролы 

нейтрофилдер) 

болмай, 

тек 

ядролары 

тығыздалып  өзгерген  және  көп  бөлшектелген  түрлері  пайда 
болады.  Бұндай  өзгерістер  жұқпалы  аурулардың  тым  қатты 
өткенінде,  ауыр  туберкулез  кездерінде  т.  б.  кездеседі. 
Сонымен  қатар,  бұндай  жағдай  лейкопения,  Аддисон-Бирмер 
анемиясы,  аплазиялық  анемия,  сәулелік  ауру  кездерінде 
байқалуы мүмкін. 

 
- кесте 

Лейкоциттік өрнектердің үлгілері

 

 

 

 Мц 

ММц 

  Т/Я 

Б/Я 

Эоз 

  Б 

  

Л 

  

М 

Қалыпты 

 0 

 

0-1 

 

2-5 

55-65 

 2-5 

 0-1 

25-35 

5-8 

нейтрофилдік 
лейкоцитоздар: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

● ядролық жыл- 
жусыз 

 0 

  0 

   5 

  

65 

  5 

 0 

 20 

 

● гипорегенера- 
циялық солға  
жылжу 

  

  0 

   

10 

  

75 

  2 

  0 

  10 

  3 

● регенерация- 
лық солға жылжу 
 

  0 

  

   

15 

   

60 

  3 

  1 

  13 

  3 

● гиперрегенера- 
циялық солға  
жылжу 

  

  

10 

  15 

  55 

  2 

  0 

  8 

  3 

● дегенерация- 
лық оңға жылжу 

 0 

  0 

  2 

 

90 

  0 

  0 

  5 

  3 

Эозинифилия 

  0 

  0 

  2 

  55 

  

15 

  0 

  20 

  2 

Базофилия 

  0 

   0 

  2  

  60 

  5 

  

10 

  19 

   5 

Лимфоцитоз 

  0 

   0 

  3 

  35 

  2 

  0 

  

55 

  2 

Моноцитоз 

  0 

   0 

  4 

  50 

  3 

  0 

  25 

  

18 

 
Белгілері:  Мц-миелоцит,  ММц-  метамиелоцит,  Т/Я-таяқша 

ядролы  нейтрофил,  Б/Я-бөлшектелген  ядролы  нейтрофил,  Эоз-
эозинофил, Б-базофил, Л-лимфоцит, М-моноцит. 

Эозинофилдік  лейкоцитоз  (эозинофилия). 

Эозинофилдік  

лейкоциттердің 

іштерінде, 

қышқыл 

бояумен 

(эозинмен) 

қызғылтым түске боялған, ірі түйіршіктер болады. 

Шеткері  қанда  эозинофилдердің  артық  көбеюі  әртүрлі 

қоздыргыштарға, әсіресе қарапайым жәндіктер мен құрттарға, 
дене  сезімталдығының  жоғарылауын  көрсетеді.  Оның  белгілі 
мөлшерде 

қорғаныстық 

маңызы 

бар. 

Эозинофилдердің 

түйіршіктері 

шығаратын 

кейбір 

заттар 

тінге 

енген 


background image

 

448

 

құрттардың 

ұрықтарын 

ыдыратады, 

олардың 

өсіп-өнуін 

тежейді. 

IgG,  комплементтің  С

3b

 

бөлшегі  тағы  басқалардың 

әсерлерінен  эозинофилдер  іштерінен  түйіршіктерін  сыртына 
шығарады. Мәселен, IgG эозинофилдерден катиондық нәруыздар 
мен  пероксидаза  ферментінің  шығарылуын  күшейтеді,  С

3b

 

комплементтің  белсенділігін  арттырады,  қанда  каллекреин-
кинин,  қан  ұю  жүйелерін  әсерлендіреді,  арилсульфатаза, 
гиста-миназа,  бета-глюкуронидаза  ферменттерін  босатады. 
IgG 

эозинофилдермен 

байланысып, 

простагландиндердің 

түзілуін арттырады. 

 Эозинофилдердің  кейбір  өнімдері  қанға  түсіп,  қан 

тамырларының  эндотелий  жасушаларын  бүліндіреді  және  қан 
ұюын  ұлғайтып,  қан  қатпалары  құрылуына  әкеледі.  Олардың 
кейбірлері  лаброциттерден  гепарин  мен  гистаминнің  босап 
шығуын  тежейді,  оның  артық  мөлшерін  байланыстырып  алады. 
Эозинофилдерден  босайтын  арильсульфатаза  лейкотриендерді, 
гистаминаза - гистаминді ыдыратады. 

Эозинофилдік  лейкоцитоз  (эозинофилия)  деп  олардың 

шеткері  қанда  5%-дан  астам  көбеюін  айтады  (  -кесте).  Ол 
организмге  құрттар  (эхинококкоз,  трихиноз,  аскаридоз  т. 
б.)  енгенде, тері аурулары (экзема, псориаз), аллергиялық 
аурулар 

(демікпе, 

есекжем, 

поллиноз), 

созылмалы 

миелолейкоз, лимфогрануломатоз кездерінде байқалады. 

Базофилдік  лейкоцитоз.   

Базофилдік  лейкоциттердің 

ішінде  сілтілік  бояумен  күлгін  түске  боялған  ірі 
түйіршіктері  болады.  Бұл  түйіршіктерінде  гистамин  көп 
болады.  Базофилдерде  гистидинді  гистаминге  айналдыратын 
гистидиндекарбоксилаза 

ферменті 

бар 

және 

оларда 

эозинофилдердің  хемотаксистік  факторы,  тромбоциттердің 
және  лейкоциттердің  белсенділігін  көтеретін  факторлар 
өңдіріледі.  Осыдан  аллергиялық  қабыну  кездерінде  иммундық 
глобулиндер  мен  антигендердің  кешендерінің  әсерлерінен 
базофилдердің 

белсенділігі 

көтерілуі 

эозинофилдердің 

қаннан  қабыну  ошағына  шығуын  арттырады,  тромбоциттердің 
белсенділігін  көтеріп,  қан  тамырлары  ішінде  қан  қатпалары 
құрылуына әкеледі. Лейкотриендердің белсенділігі көтерілуі 
нейтрофилдердің 

хемотаксисін 

туындатады, 

тамыр 

қабырғаларының  өткізгіштігін  жоғарылатады,  кеңірдекшелер 
мен  ішек-қарын  жолдарының  тегіс  салалы  еттерін  қатты 
жиырады. 

Базофилдердің 

сыртқы 

қабықтарында 

IgE, 

катехоламиндерді, 

простагландиндерді, 

гистаминді 

байланыстыратын рецепторлар орналасқан. 

Базофилдік  лейкоцитоз  (базофилия)  деп  шеткері  қанда 

олардың  санының  көбеюін  айтады.  Ол  миелолейкоз,  эритремия 


background image

 

449

 

т. б. аурулар кездерінде байқалады. 

 

Лимфоциттік  лейкоцитоз  (лимфоцитоз). 

Лимфоциттер  сүйек 

кемігінде  лимфопоэздың  аналық  жасушаларынан  дамиды.  Олар 
В-  және  Т-  жасушаларына  ажырайды.  В-жасушалары  плазмалық 
жасушаларға айналып иммундық глобулиндердің (IgG, М, А, Е, 
Д) немесе антиденелердің түзілуін қамтамасыз етеді. Осыдан 
иммунитеттің  гуморалдық  факторлары  дамиды.  Т-жасушалары, 
Тх-жөрдемші, 

Тс-тежегіш 

жөне 

Т 

жады 

жасушаларына 

ажыратылады.  Бұлар  иммунитеттің  жасушалық  факторларын 
қамтамасыз  етеді.  Иммундық  серпілістер  дамуы  үшін  денеге 
енген  антигендерді  макрофагтар  Т-  және  В-жасушаларға 
таныстырып, осы жасушалардың өзара біріккен әсерлері болуы 
қажет  (Толығырақ  аллергаяны  қараңыз).  Шеткері  қанда 
лимфоциттер  санының  45%-дан  астам  немесе  2,5-3  •10

9

/л-ден 

жоғары 

көтерілуін 

лимфоцитоз 

дейді. 

Физиологиялық 

лимфоцитоз  10  жасқа  дейінгі  балаларда,  тек  өсімдіктермен 
қоректенгеннен 

соң, 

қол 

жұмысын 

атқарғаннан 

кейін 

кездеседі. Патологиялық лимфоцитоз іш сүзегі, соқпа сүзек, 
паротит,  безгек,  көкжөтел,  паратиф  В,  сарып,  эндокриндік 
(микседема,  Базед  ауруы,  акромегалия  т.  б.)  аурулар 
кездерінде  байқалады.  Салыстырмалы  лимфоцитоз  Аддисон-
Бирмер  анемиясы,  агранулоцитоз,  сілейме  (шок),  коллапс 
кездерінде болады. 

Моноциттік  лейкоцитоз  (моноцитоз). 

Моноциттер  сүйек 

кемігінде  монобластардан  дамиды.  Олар  қан  айналымындағы 
жылжымалы  макрофагтарға  жатады.  Қан  тамырларының  сыртына 
шығып,  олар  тіндік  макрофагтарға  айналады.  Моноциттерді 
"айналымдағы  гепатоциттер"  деп  атайды.  Олар  көптеген 
биологиялық  белсенді  заттарды  өндіріп  шығарады  (қабынуды 
қараңыз). Бұл заттар үш үлкен топқа бөлінеді: 

●  жасуша  сыртындағы  үрдістерге  әсер  ететін  ферменттер 

(лизосомалық 

ферменттер, 

плазминогенді 

плазминге 

ауыстыратын ферменттер, коллагеназа, эластаза);  

●  меншік  тіндерді  қорғауға  қажетті  өнімдер  (лизоцим, 

комплемент 

нәруыздары, 

өспелерді 

жоятын 

фактор, 

интерферондар);  

●  сүйек  кемігінде  қан  жасушаларын  өндіруге  қажетті 

өнімдер  (жасушалардың  топталып  өсуін  сергітетін  (колония 
құрылуын  сергітетін)  фактор,  лимфоцитгердің  өсіп-өнуін 
арттыратын фактор. 

Макрофаггың 

лимфоциттерді 

сергітетін 

факторы 

лимфоциттердің 

ішінде 

ДНК 

түзілуін 

ұлғайтады, 

Т-

лимфоциттердің  жетілуін  қамтамасыз  етеді,  В-жасушаларының 
антиденелер 

өндіретін 

плазмалық 

жасушаларға 

ауысуын 

күшейтеді. Макрофагтар организмнің иммундық серпілістеріне 


background image

 

450

 

белсенді  қатысады.  Олардың  қабықтарында  IgG-ді  және 
комплементтің 

Сзb 

құамбөлшегін 

 

байланыстыратын 

рецепторлар болады. 

Шеткері 

қанда 

моноцитгердің 

саны 

8%-дан 

немесе 

0,6•10

9

/л-ден  астам  көбеюін  моноцитоз  дейді  (-кесте).  Ол 

шешекпен  ауырғанда,  қызылша,  қызамық,  мысқыл  (паротит), 
кейде  іш  сүзегінде,  лимфа  түйіндерінің  туберкулезінде, 
сепсистік эндокардит т. б. дерттер кездерінде байқалады. 

 

 

Лейкемия тәріздес серпілістер.

 

Шеткері  қанда  лейкоциттердің  (миелоидтық,  моноциттік 

немесе  лимфоциттік  жасушалардың)  жетілмеген,  жас  түрлері 
көптеп  болуымен  және  олардың  үлкен  деңгейге  көбеюін 
лейкемия  тәріздес  серпілістер  деп  айтады.  Бұл  кезде 
лейкоциттердің  жалпы  саны  50-80  •  10

9

/л-ге  дейін,  кейде 

400-500  •  10

9

  /л-ге  дейін  көбеюі  мүмкін.  Сондықтан  оларды 

лейкоздан 

ажырату 

қиындайды. 

Лейкемия 

тәріздес 

серпілістер,  белгілі  бір  аурулардың  әйгіленімі  (симптомы) 
ретінде,  ауыр  жұқпалы  аурулардың  немесе  химиялық  уытты 
заттармен  организімнің  уланулары  кездерінде  жиі  дамиды. 
Олар  бүкіл  денеге  тараған  ауыр  туберкулез,  пиелит, 
сепсистік  жағдайлар,  күл  ауруы,  бөліктік  пневмония, 
қатерлі  өспелердің  сүйек  кемігінде  метастазалары,  сынап 
қосындыларымен улану кездерінде байқалуы мүмкін. 

Лейкемия  тәріздес  серпілістер  кездерінде  лейкозға  тән 

қан 

өндіру 

ағзаларының 

жүйелі 

гиперплазиясы 

мен 

метаплазиясы болмайды. Олар лейкозға ешқашан ауыспайды. 

Лейкопениялар

 

 
Шеткері  қанда  лейкоциттердің  саны  4  •10

9

  /л-ден  төмен 

азаюын  лейкопения  дейді.  Пайда  болу  себептеріне  қарай 
олар: 

●  инфекциялық  (іш  сүзегі,  тұмау,  қызылша,  қызамық, 

туберкулез,  мерез,  созылмалы  сепсис,  сарып,  безгек  т.  б. 
аурулар кездеріндегі) лейкопениялар; 

●  уыттық  өндірістік  (бензол,  мұнай  өнімдері,  фторлық 

сутегі, күкірт ангидриді, үшнитротолуол, гидрохинон ж. б.) 
лейкопениялар; 

●  дәрі-дәрмектік  (амидопирин,  сульфамидтік  дәрілер, 

синтомицин,  сынаптық,  мышьяктық  дәрілер,  адриамицин,  6-
меркаптопурин, сарколизин, тиоТЭФ т. б. өспелерді емдейтін 
дәрілер) лейкопениялар; 

● радиациялық (иондағыш сәулелер) лейкопениялар; 
●  қан  аурулары  (созылмалы  анемиялар,  лейкоздар) 

кездеріндегі лейкопениялар;