ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 819
Скачиваний: 1
1. Қаржы жүйесі – бұл:
А) барлық деңгейдегі банк жиынтығы
Б) қаржы және несие институттарының жиынтығы
В) бір-бірімен байланысты барлық қаржылық құрылымдық элементтердің жиынтығы
Г) елдің валюталық қоры
Д) елдің алтын қоры
2. Мемлекеттің негізгі қаржылық органы болып табылады:
А) мемлекеттік банк
Б) мемлекеттік бюджет
В) салық жүйесі
Г) қор биржасы
Д) ұлттық және коммерциялық банктер
3. Мемлекеттің барлық ақша ресурстары мен оларды бөлуді көрсететін мемлекеттің қаржылық жоспары:
А) мемлекет қаржысы
Б) қаржы жүйесі
В) мемлекеттік республикалық бюджет
Г) несие жүйесі
Д) фискалды саясат
4. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы қандай салық?
А) кемімелі
Б) үдемелі және біркелкі емес
В) пропорционалды
Г) әділетсіз
Д) жанама
5. Тікелей салық – бұл:
А) тауар сатуға салынатын салық
Б) тауарды алып-сатуға салынатын салық
В) мүлікке салынатын салық
Г) табыстың барлық түріне салынатын салық
Д) қосылған құнға салық
6. Кемімелі салық мөлшерлемесі:
А) табыстың өсуімен байланысты ұлғаяды
Б) табыс өскенде өзгермейді
В) табыс өскенде қысқарады
Г) табыс төмендегенде өзгермейді
Д) табыс мөлшері азайғанда төмендейді
7. Пропорционалды салық мөлшерлемесі:
А) табыс өскенде өзгермейді
Б) табыс азайғанда өзгермейді
В) табыс қанша өзгерсе де өзгермейді
Г) табыс өзгерісіне сәйкес өзгермейді
Д) табыстың өзгеруіне пропорционалды өзгереді
8. Мемлекеттік бюджетте тапшылық болады, егер:
А) Мемлекеттік шығыстар қысқарса
Б) Мемлекеттік шығыстары кірістен жоғары болса
В) Салық қысқарса
Г) Салық көбейсе
Д) Мемлекеттік шығыстар өссе
9. Экономиканы тұрақтандыру үшін қолданылатын фискалды саясаттың құралы болып табылады:
А) Резерв нормаларын жоғарлату
Б) Ашық нарықтағы операциялар
В) Есептік мөлшерлемені өзгерту
Г) Мемлекеттік шығыстарды көбейту және азайту
Д) Құнды қағаздармен операция жасау
10. Нарықтық экономикадағы салық қандай қызмет атқарады?
А) Фискалды, әлеуметтік, реттеуші, ынталандырушы
Б) бақылаушы, қайта бөлуші, конфискациялық
В) экономикалық, автоматты, реттеуші
Г) Фискалды, әлеуметтік, экономикалық
Д) автоматты, реттеуші, бақылаушы
11. Жанама салыққа жатады:
А) Капиталдың өсуіне салық
Б) табыс салығы
В) Мұрагерлік және сыйлық салығы
Г) ҚҚС және акциздер
Д) Кеден тарифі
12. Мемлекеттік қарыздың айқын мәселелерінің бірі:
А) Ұлттық өнімнің бір бөлігі экспортталады
Б) Табыстағы теңсіздік қысқартылады
В) Қолдағы табыстың барлық деңгейінде жинақтың үлесі өседі
Г) Жинақ үлесі өзгермейді
Д) Мемлекет банкротқа ұшырауы мүмкін
13. ТҰӨ өзгеруінің үкіметтік шығыстар өзгеруіне қатынасы:
А) Инвестиция мультипликаторы
Б) Салық мультипликаторы
В) Банктік мультипликатор
Г) Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы
Д) Мемлекеттік табыс мультипликаторы
14. Мемлекеттік қарыз қандай экономикалық салдарға әкелуі мүмкін?
А) Ұлттық экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің қысқаруы
Б) Өмір деңгейінің төмендеуі
В) Ұлттық байлықтың қайта бөлінуі
Г) Ұлттық шығындардың артуы
Д) Өмір деңгейінің жоғарылауы
15. Егер үкімет жыл сайын бюджеттің тепе теңдігін сақтауға ұмтылса, ондай бюджет ...
А) Экономикалық цикл шеңберіндегі тербелісті басады
Б) Экономикалық цикл шеңберіндегі тербелісті күшейтеді
В) Өндіріс және жұмысбастылық көлеміне әсер етпейді
Г) Инфляцияның әлсіреуін реттейтін болады
Д) Жиынтық сұранысты реттейтін болады
18.Тақырып.Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері.
-
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Құқықтық нормативті актілер
Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И.415-443 беттер
Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы Қазақ университеті 2000ж
Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры арасындағы Астана қаласындағы Әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 19 мамыр N 383-I№Носова С.С. «Основы экономики» М., Изд-во Владос, 2003г.
Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.
Қаза
Камаев В.Д. «Экономическая теория» Изд-во Владос, 2003г.
Мамыров А.К. «Микроэкономика»
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң интеграцияланған валюталық рыногын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Заңы
Сабақтың мақсаты
-
Студенттердің экономикалық дамудың халықаралық аспектілері туралы білімін қалыптастыру.
-
Халықаралық экономикалық ұйымдарды қарастыру
-
Қазақстанның әлемдік интеграциялық рөлі мен орынын студенттерге түсіндіру.
Оқытудың міндеттері:
-
Халықаралық экономика және дүниежүзілік шаруашылықтың мәнін ашу.
-
Студенттердің әлемдік интеграциямен танысып, Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын белгілеу.
-
Тест тапсырмасымен жұмыс істей білу
Негізгі түсініктер: Әлемдік шаруашылық, шаруашылық құрылымдары, халықаралық сауда мен волюталық қатынастар
Жаңа түсініктер:Сыртқы экономикалық байланыстар, интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі.
Қарастыратын негізгі сұрақтары:
1. Әлемдік шаруашылық түсінігі және оның дамуы.
2. Шаруцашылық құрылымдарының интернационализациялауы халықаралық еңбек бөлінісі.
3. Халықаралық сауда мен волготалық қатынастар.
4. Сыртқы экономикалық байланыстардың мемлекеттік реттеуі.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Негізгі бөлім:
Семинар сабақта дөңгелек стөл ұйымдастыру. «Қазақстанның инновациялық дамуы және әлемдегі орны қандай болуы керек».
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Болашақ Қазақстанның ұлттық экономикасының моделін құрастыру.
Дөңгелек үстелдің міндетті түрде модераторы болады, кем дегенде екі баяндамашы дайындалады,кафедрадан қонаққа оқытушылар шақырылады.
Баяндамашыларға ұсынылатын тақырыптар:
-
2020 жылғы Тәуелсіз Қазақстан
-
Бәсекеге қабілеттілік - тәуелсіз елдің басты ұстанымы
-
Ел тәуелсіздігі – инновациялық экономиканың негізі
-
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасы және әлемдегі орны
-
Сапалы білім – ел тәуелсіздігінің кепілі
Баяндамашыларсөйлеп болған соң, дөңгелек үстелге қатысушыларға сөз беріледі. Олар негізгі тақырыпқа байланысты өз пікірлерін, ұсыныстарын білдіреді.
Қорытынды
Халықаралық экономика және дүниежүзілік шаруашылықтың мәні туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы бүкіл экономика курсында қандай тақырыптар өтсе, сол тақырыптарды негіздеуге қол жеткіземіз. Сонымен қатар Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуына қатысты нақты ұсыныстар жасау арқылы, Қазақстанның инновациялық дамуы және әлемдегі орны қандай болуы керектігі жөнінде студенттердің өзіндік пікірін қалыптастырамыз.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Протекционизм өкілдерінің пікірі бойынша сауда кедергілерін енгізудегі мақсат:
а) ұлттық экономика салаларындағы жұмысбастылықты азайту
б) ұлттық экономика салаларын қорғау
в) ішкі монополияларды қалыптастыру
г) елдің қорғаныс қабілетін әлсірету
д) әлемдік нарықтың бәсекеге қабілетін әлсірету
2. Абсолютті артықшылықтар қағидасын ең алғаш енгізген кім?
а) К. Маркс
б) Дж.М.Кейнс
в) Д. Рикардо
г) А. Смит
д) А. Маршалл
3. Халықаралық сауда өзара тиімді болады, егер:
а) бір ел бір тауардың өндірісінде, ал екінші ел басқа тауардың өндірісінде абсолютті артықшылыққа ие болса
б) елдер бірде бір тауар өндірісінде абсолютті артықшылыққа ие болмаса
в) елдер белгілі бір тауар өндірісінде салыстырмалы артықшылыққа ие болса
г) бір ел бір тауар өндірісінде салыстырмалы және абсолютті артықшылыққа ие болса
д) барлық елдер тауарлар өндірісінде салыстырмалы және абсолютті артықшылыққа ие болса
4. Валюталық түсімдер мен валюталық төлемдердің балансыы қалай аталады?
а) сауда балансы
б) төлем балансы
в) мемлекеттік бюджет
г) қызметтер балансы
д) аударымдар балансы
5. Егер бір елдің валютасы басқа кез келген валютаға еш кедергісіз айырбасталатын болса, онда ол:
а) сыртқы айырбасталуға қабілетті
б) ішкі айырбасталуға қабілетті
в) еркін айырбасталуға қабілетті
г) ішінара айырбасталуға қабілетті
д) айырбасталуға қабілетсіз
6. Капитал салынған объектілерді толық бақылауға, акциялардың бақылау пакетін иеленуге не мүмкіндік береді?
а) қарыз капиталын сыртқа шығару
б) кәсіпкерлік капиталды ішке енгізу
в) портфельді инвестиция түрінде капиталды сыртқа шығару
г) тікелей инвестиция түрінде кәсіпкерлік капиталды сыртқа шығару
д) қарыз капиталын ішке енгізу
7. Халықаралық монополияға жатқызуға болады:
а) трансұлттық компанияларды (ТҰК)
б) көп ұлтты компанияларды (КҰК)
в) халықаралық монополиялық одақтарды (ХМО)
г) ұлттық компанияларды
д) ТҰК, КҰК, ХМО
8. Сауда балансының оң қалдығы өседі, егер:
а) нақты пайыз мөлшерлемесі төмендесе
б) инфляция қарқыны өссе
в) экономикалық өсу қарқыны артса
г) экономикалық өсу қарқыны төмендесе
д) нақты пайыз мөлшерлемесі артса
9. Қазіргі жағдайда тауар саудасының өсу қарқыны төмен:
а) алтын саудасынан
б) капитал саудасынан
в) жұмыс күші қозғалысынан
г) жер саудасынан
д) қызметтер саудасынан
10. Халықаралық саудадан алынатын табыстың көзі не?
а) жеке елдердегі бағалардың айырмашылығы
б) шекаралас елдердегі бағаларды білмеу
в) арзанға сатып алу, қымбатқа сату
г) бағалардың төмендеуі
д) әр елдегі кеден тарифтерінің әртүрлілігі
11. Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық сауда арқылы табыс алуға мүмкіндік береді деген кім?
а) У.Петти
б) Д. Рикардо
в) К. Маркс
г) А.Смит
д) Дж.М.Кейнс
12. Ғаламдық әлеуметтік экономикалық мәселеге жатпайды:
а) экономикалық артта қалу
б) демографиялық мәселе
в) азық түлік мәселесі
г) экология мәселесі
д) қылмыстың өсуі
13. Валюта бағамын анықтауға қатысы жоқ фактор:
а) ақша бірлігінің сатып алу қабілеті
б) әлемдік нарықтағы бағалар динамикасы
в) инфляция қарқыны
г) төлем балансының жағдайы
д) әлемдік валюта нарығындағы валютаға деген сенімділік
14. Салыстырмалы артықшылықтар қағидасына негізделген халықаралық сауда мен мамандану:
а) елдің ішкі тұтынуының қысқаруы
б) елдің ішкі тұтынуының артуы
в) өндіріс тауарларының артуы, елдің тұтыну деңгейінің оның өндірістік мүмкіншіліктерінен жоғары болуы
г) жалпы тұтынудың артуы
д) жалпы тұтынудың қысқаруы
15. Егер импорт тауарларына кеден салығы салынбаса, онда (дұрыс емес жауапты табыңыз):
а) тауардың іштегі бағасы төмендейді
б) тауардың іштегі бағасы жоғарылайды
в) тауарды тұтыну артады
г) ел ішінде тауардың өндірісі қысқарады
д) мемлекеттік бюджет табысы кемиді
Страница 19 из 89