ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 818
Скачиваний: 1
12.Тақырыптың аты – Ұлттық экономика жүйе ретінде
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ.,Сагындыков Ғ.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.,Комягин Б.И.«Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 А-Полиграфия 156-171 беттер |
Агапова Т.А. Макроэкономика –М:МГУ 2004 |
Тауарлар
импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау
шаралары туралы |
|
Фишер С, Дорнбуш Р. Макроэкономика. М.: Издательство. МГУ, 1997. |
Микро-макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С-П., 1994. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994. С. |
Тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау
және импорттау кезiнде қосылған құн
салығын алудың принциптерi туралы
келiсiмдi бекiту туралы |
Сабақтың мақсаты
-
Қазақстан экономикасындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің пайдалануын түсіндіру
-
Ұлттық экономиканың құрылымы және ҚР ұлттық байлығы туралы студенттердің білімін бекіту.
-
Жалпы ұлттық өнім,жалпы ішкі өнім айырмашалықтарын түсіндіру
Оқытудың міндеттері:
-
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын негізге ала отырып макроэкономикалық талдау қағидаларын зерделеу дағдыларын қалыптастыру.
-
Макроэкономикалық талдаулар жүргізу дағдыларын қалыптастыру және макродеңгейде шешім қабылдау.
-
Мемлекеттің макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы нормативтік-құқықтық актілері және негізгі заңдары бойынша білімдерін қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: Жалпы ұлттық өнім,жалпы ішкі өнім
Жаңа түсініктер:Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Жалпы ұлттық өнім.
-
Атаулы және нақты айнымалылар.
-
ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері.
-
Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері.
-
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Негізгі бөлім:
Кейс-стади.
Қазақстанның экономикасы 2009 жылғы 1,2 пайыздық өсімнен кейін жүйелі әрі тұрақты түрде қалпына келе бастады. ІЖӨ-нің ІІІ тоқсандағы бәсеңдегеніне қарамастан, 2010 жыл экономиканы еңсеретін қуатты жыл болды. Бүгінгі таңда ІЖӨ-нің тұрақты ұлғаю көрсеткіші біздің болжамымыз бойынша ағымдағы жылы 6 пайызды құрап отыр, бұл – І-ІІІ тоқсандардан 7,5 пайызға төмен деген сөз. Ал мұндай көрсеткіштер 2009 жылдың IV тоқсанындағы жоғарғы база негізінде құралып отыр. 2011 жылы Қазақстанның экономикасы 5,3 пайызға өседі деп күтілуде. 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болғанымен (өсім есептелетін база деңгейі әсер етеді), бұл Орталық-Шығыс Еуропа аймағындағы өсу қарқыны жағынан аса жоғары көрсеткіш болып табылады. Мұнайдың орташа бағалары 2011 жылы 1 баррель үшін 85 долларға дейін, 2012 жылы 90 долларға дейін, сонымен қатар металдардың да бағасы ықтимал өсетін болса, UniCredit Research-тің болжамдары бойынша Қазақстанның экономикасынан көп үміт күтуге толық мүмкіндік бар.
Мұнай бағасы корпорациялар мен Үкіметтің қаржылық жағдайын нығайтуға әсер етпек, соның арқасында ішкі сұраныстың өсуі жалпы өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Сондай-ақ, талдаушылардың жүргізген басқа да зерттеулеріне сүйенсек, 2011-2012 жылдары инвестицияның ауыз толтырып айтатындай өсімі республиканың инфрақұрылымында анық көрініс табады деп күтілуде. Есепте инфрақұрылым мен электр стансаларының құрылысына 1745 млрд.теңге, ал ауыл шаруашылық саласына 586 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсалмақшы делінген. Инвестициялар, олардың жоғары мультипликациялық әсері басқа салалардағы қазыналық қатаңдықтың келеңсіз әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Ал валюта нарығындағы жағдайға үңілсек, талдаушылардың пікірі бойынша, 2011 жылдың наурыз айынан кейін басқарылатын құбылмалы бағамды қайтаруға байланысты, 2011 жылы Ұлттық Банк номиналдарды нығайту деңгейін 5 пайыздық көрсеткіште ұстап тұрады деп болжануда.
Талдау үшін сұрақтар:
-
Жалпы ішкі өнімді өсіруге қандай нақты іс-әрекеттер толық кепілдік бере алады
-
Сіздің ойыңызша мұнай өндірудегі табыстардан түскен пайда қаншалықты тиімді пайдаланылады?
-
Сіз мемлекетке қандай ішкі және сыртқы өнімді пайдаланған дұрыс деп ойлайсыз?
-
Қазақстан үшін қандай өнімді экспортқа шығарған тиімді?
Дисскусия:
Мысал №1. Айталық фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургер 1,50 долл. деп алу керек пе? Бірнеше мысал келтіріңіздер
Мысалы №2. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет себебі үшін, ЖҰӨ нің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелген құн өлшемін ЖҰӨ ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады.Сідің ойыңыз ЖІӨ неден құралады?
Қорытынды: Осы тақырыпты қорыта келгенде, көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ- де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды.Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.Семинар сабағында берілген негізгі сұрақтар талқыланыпды,өз пікірлерін айтып жеткізді.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - бұл ....
а) елдің ішінде немесе шетелде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны
б) елдегі халықтың барлық жеке табыстары
в) ел экономикасының барлық сфераларында өндірілген жиынтық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны
г) елде өндірілген тауарлардың жалпы сомасы
д) елде өндірілген тауарлардың құны
2. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші:
а) жан басына шаққандағы ЖҰӨ
б) жан басына шаққандағы ұлттық табыс
в) жан басына шаққандағы ұлттық байлық
г) таза ұлттық табыс
д) жалпы ішкі өнім
3. Жалақы мөлшері ескеріледі:
а) шығыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде
б) таза экспортты есептегенде
в) қосымша құн әдісі бойынша есептегенде
г) табыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде
д) мемлекеттік кәсіпорындардың субсидиясын есептегенде
4. Салық төлегеннен кейінгі табыс– бұл:
а) жеке қолдағы табыс
б) жергілікті билік органдары үміт ете алатын табыстың бір бөлігі
в) жұмсалмайтын табыс
г) халықтың жинағы
д) нақты табыс
5. Егер адамдар өздерінің табысының бір бөлігін банкте сақтаса, онда олар:
а) қор жинайды, бірақ инвеситцияламайды
б) ивестициялайды, бірақ қор жинамайды.
в) қор жинамайды, сонымен қатар инвеситицияламайды
г) қор жинайды және инвестициялайды
д) қордың бір бөлігін инвестициялайды
6. Жиынтық сұраныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?
а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы
б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы
в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы
г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы
д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы
7. Жиынтық ұсыныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?
а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы
б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы
в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы
г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы
д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы
8. ЖҰӨ дефляторы қандай қатынастар білдіреді?:
а) нақты ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы
б) номиналды ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы
в) номиналды ЖІӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы
г) номиналды ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы
д) нақты ЖҰӨ-ң нақты ЖІӨ -ге қатынасы
9. Макроэкономикадағы жиынтық сұраныс– бұл:
а) мемлекеттік шығыстар мен кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы
б) үй шаруашылығының сұранысы мен таза экспорт
в) макроэкономикадағы барлық экономикалық субъектілердің сұранысы
г) үй шаруашылығы мен кәсіпорынның инвистициялық сұраныстары
д) мемлекеттік шығыстар
10. Тұтыну – бұл..
а) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған табысының бір бөлігі
б) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған табысының бір бөлігі
в) банк шотындағы табыстың қалдығы
г) ағымдық шығыстарға арналған фирма табысының бір бөлігі
д) банк шотында жинақталған фирма табысының қалдығы
11. Жинақ – бұл ..
а) үй шаруашылығының жинақталған мүлкі мен халықтың жинақтары
б) барлық нарықтық субъектілердің нақты кассалық қалдықтары
в) құнды қағаздарға салынған табыстың бір бөлігі
г) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынбаған табыстарының бір бөлігі
д) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынған табыстарының бір бөлігі
12. Номиналды ЖІӨ қандай бағамен есептеледі?
а) экспорттық бағамен
б) нарықтық ағымдық бағамен
в) базалық өзгеріссіз бағамен
г) алдығы кезеңдердегі бағамен
д) әлемдік бағамен
13. ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылығы неде?
а) белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі
б) ұлттық белгісіне байланыссыз кәсіпорындармен өндіріледі
в) олардың орналасуына байланыссыз кез келген кәсіпорындармен өндіріледі
г) елдің ішінде де, сыртында да елдің барлық тауар өндірушілерімен өндіріледі
д) ұлттық белгісіне қарамастан белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі
14. ЖІӨ- мен салыстырғанда ЖҰӨ - ді өндіруге қандай кәсіпорындар қатысады?
а) ұлттық белгісіне қарамастан барлығы
б) тек ұлттық кәсіпорындар
в) елдің іші мен сыртында орналасқан ұлттық кәсіпорындар
г) тек шетелдік кәсіпорындар
д) тек біріккен кәсіпорындар
15. Макроэкономикалық процестердегі екі жақты есеп дегеніміз:
а) бухгалтерлік есепте қолданылады
б) өнімді өндіру мен тұтынуды бір уақытта есепке алу
в) соңғы, аралық өнім
г) аралық өнімдердің құнын ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамына қосу
д) ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамындағы ұқсас шығындардың есебі
13.Тақырып. Экономикалық өсу, экономикалық цикл.
-
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 120-128бб.
Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г.
Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 140-145бб.
Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.
Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 130-136.
Мамыров А.К. «Государство и бизнес»
Сабақтың мақсаты
-
Студенттерге экономикалық цикл, экономикалық өсу туралы білім негізін қалыптастыру.
-
Тақырып бойынша негізгі түсініктерді ашып көрсету.
-
Экономикалық циклдың негізгі кезеңдерінің (фазаларының) ерекшеліктерін айқындау және нақты экономикалық жағдай бойынша талдауға үйрету.
Оқытудың міндеттері:
-
Студенттерді «Экономикалық цикл» тақырыбында ұйымдастырылатын ойынға қатыстыру.
-
Тақырып бойынша қарастырылатын негізгі жаңа түсініктерді (экономикалық өсу, экономикалық даму, экономикалық цикл кезеңдері: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу) талдау.
-
Студенттермен бірге жағдайлық тапсырмаларды шешу және талдау.
-
Тест тапсырмасымен жұмыс істей білу
Негізгі түсініктер: Экономикалық өсу, экономикалық даму, экономикалық цикл
кезеңдері, экономикалық өсу факторлары.
Жаңа түсініктер:Экономикалық өсу, экономикалық даму, экономикалық цикл
кезеңдері: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Экономиканың циклдық дамуы экономикалық динамика формасы ретінде
-
Экономикалық цикл және оның кезеңдері
-
Дағдарыс: мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
-
Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері және факторлары.
-
ҚР экономикалық өсу жағдайлары және факторлары.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Негізгі бөлім:
Карточкалармен жұмыс
«Экономикалық өсу, экономикалық цикл» тақырыбын карточкалық сұрақтарды тарату арқылы талдау. Топтағы 20 студентке 10 сұрақ дайындалады, яғни әр екі студентке бір карточка беріледі. Әр карточкаға номер белгіленеді. Карточка номерінің реті бойынша студенттер сұрақтарға нақты мысал келтіре отырып жауап береді. Карточкада берілетін сұрақтар:
-
Экономикалық өсу дегеніміз не?
-
Экономикалық өсу қалай анықталады?
-
Экономикалық циклдың қандай фазаларын білесіз?
-
Дағдарыс дегеніміз не?
-
Тоқырау деген не?
-
Тірілу (жандану) деген не?
-
Өрлеу деген не?
-
Экономикалық өсудің қандай типтерін (түрлерін) білесіз?
-
Интенсивті өсуді сипаттаңыз
-
Экстенсивті өсуді сипаттаңыз
Кейс-стади
1. Қазіргі таңда нарықтық экономиканың циклдық дамуы шеңберінде біріншіден
іскерлік белсенділікті күшейтуге ықпал жасау мен экономикалық өсуді жалпы
ынталандыру, екіншіден, дағдарыс жағдайынан тездетіп шығу сияқты негізгі мәселелік
жағдай болып отыр. 20-ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысынан бастап
әлемдегі дамыған елдерде ұзақ мерзім ішінде ЖІӨ-нің өсуі байқалып отыр. АҚШ-та
бұндай жағдайдың орын алғанына 10 жылдан асты, Ресейде 1999 жылдан басталды,
Қытайда да дәл сондай жағдай. Ал кейбір елдерде (мысалы Жапонияда) орын алған
өте үлкен серпілістер «экономикалық керемет» деген атауға ие болды және ондай
кезеңдер біраз уақыт бұрын болды. Бұның барлығы әлемдік экономикалық циклдың
жаңа модернизациясы басталғандығын білдіреді.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
Соңғы онжылдықта дамыған елдердің экономикалық өрлеуі қандай негізгі факторлармен байланысты?
-
«Постиндустриалды қоғам» түсінігінің орнына келген «жаңа экономиканың» қалыптасуы әлемдік экономикалық динамикаға қалай әсер етеді?
-
Елдің ұлттық экономикасының іскерлік белсенділігін арттыру негізі туралы не білесіз және қандай ұсыныстарыңыз бар?
-
Қазіргі заманғы нарықтық экономиканың циклдық даму кезеңдерін Н.Д.Кондратьевтың «ұзақ толқындар» теориясының көмегімен түсіндіруге болады ма?
2. ҚР-да 2010 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы есептеулер дайын болды. 2010 жылы еліміздің экономикасы саласындағы жұмыс біршама жақсыатқарылды. Алғашқы болжамды мәліметтер бойынша, елімізде ішкі жалпы өнімкөлемі 7 пайызға өсті.
Алдын ала алынған деректер көрсетіп отырғанындай, өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 10 пайызға артқан. Құрылыс саласының өсімі 101 пайызы, сауда 112 пайыз болды. Көлік саласы бойынша өсім 7,4 пайызға, байланыс 5 пайызға өсті. Еліміздегі инфляция деңгейі белгіленген дәлізден ауытқымай, 7,8 пайыз көлемінде қалған.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің басшысы Серік Нокиннің айтуынша, еліміздің кейбір өңірлерінде коммуналдық қызмет үшін төлем қарыздары өсіп кеткен. Бұл ретте Астана қаласы 1850,6 миллион теңге, Алматы қаласы 1798 миллион теңге коммуналдық қарыз көлемімен алда келеді. Облыстар бойынша коммуналдық қызметтерге қарыз бойынша Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысы алда көрінеді. Мәселен, Ақмола облысы тұрғындарының коммуналдық қызмет түрлеріне қарызы 721,3 миллион теңге көлемінде болып отыр.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
Елдің экономикалық өсуі туралы не айтасыз?
-
Барлық салалар бойынша экономикалық өсу оң мәнге ие, онда неге коммуналдық қызмет үшін төлемқарыздар өсіп кеткен?
Дисскусия
-
Экономикалық өсу көрсеткіштері халықтың әлеуметтік деңгейін сипаттай алады ма?Тоқырау мен дағдарыс фазаларының өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
-
Қазіргі таңдағы ҚР экономикасының даму жағдайына экономикалық циклдың қай фазасы сәйкес келеді? (Жауабыңызды нақты ақпараттамен негіздеңіз)
-
Экономикада экономикалық өсу және экономикалық даму түсініктері бар. Олардың мағыналарын ашып көрсете аласыз ба? Бұл екеуі бір ұғым ба?
Қорытынды
Семинар сабағының сұрақтарын талқылау, берілген карточкалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында экономикалық циклдың фазалары, олардың ерекшеліктері, экономикалық өсу және экономикалық өсу типтері туралы білімдерімен алмасады. Жағдайлық мәселелерді талқылау арқылы өзіндік пікірлерін қалыптастырады. Сабақ соңында әр студентт көрсеткен білімі мен белсенділігі бойынша бағаланады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Бірнеше жылдар ішінде экономикалық белсенділіктің өсуі мен құлдырауы қайталанса, онда бұл:
а) экономикалық цикл
б) маусымдық экономикалық тербеліс
в) ЖҰӨ көлемінің азаюы
г) дағдарыс
д) ифляция
2. Өндірістің, жұмысбастылықтың және баға деңгейінің төмендеуі ұзақ уақытқа созылған кезең қалай аталады?
а)құлдырау
б) тоқырау
в) экономикалық цикл
г) өрлеу
д) жандану
3.Өнеркәсіп циклының мәнін қандай сатылар көрсетеді?
А)дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу
Б)экспансия, тежеу
В)рецессия мен өрлеу
Г)жоғарғы шегі, түбі, жандану
Д)құлдырау, өрлеу және олардың ең жоғарғы шыңы
4.Нарықтық экономика жағдайында дағдарыс ең бірінші неден көрінеді?
А)несиенің көбеюінен
Б)несие пайызының төмендеуінен
В)тауарды артық өндіруден, несиенің қысқаруынан, несие пайызының жоғарылауынан
Г)тауар шығарылымының жоғарылауынан
Д)тауарға деген сұраныстың төмендеуінен
5.Экономикалық дағдарыс қандай маңызды қызмет атқарады?
А)экономиканың тиімділігін арттырады
Б)өндіріс технологиясын жетілдіреді
В)халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін жоғарылатады
Г)экономикада тепе-теңдікті қалыптастырады
Д)пайдалылығы төмен өндірісті жояды
6. Шекті шығын дегеніміз:
а) қосымша өнім бірлігіне жұмсалады
б) аймақтың жол құрылысына жұмсалады
в) көтерме базарды ұстауға жұмсалады
г) ғимаратқа қосымша электр жарығын орнатуға жұмсалады
д) жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін жұмсалады.
7. Экономикалық шығын ұғымын қалай түсінуге болады?
а) құрамында айқын және айқын емес шығындар, сонымен қатар қалыпты пайда бар
б) құрамында айқын шығындар бар, ал айқын емес шығындар кірмейді
в) құрамында айқын емес шығындар бар, ал айқын шығындар кірмейді
г) құрамына айқын да, айқын емес шығындар да кірмейді
д) айқын шығындар айқын емес шығындардан қалыпты пайда мөлшеріне жоғары
8. Ұзақ мерзімді кезеңде:
а) барлық шығындар өзгермелі
б) барлық шығындар тұрақты болып табылады
в) өзгермелі шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі
г) тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда тез өседі
д) барлық шығындар айқын емес болып табылады
9. Жалпы шығынды құрайтын қай формула?
а)VC
Q
б) DТС
DQ
в) FC
Q
г) FC VC
д) AVC AFC.
10. Шекті шығындардың формуласы қандай?
а) VC
Q
б) DTC
DQ
в) FC
Q
г) FCVC
д) AVCAFC
11. Орташа тұрақты шығындардың формуласы қайсы?
а) VC
Q
б) DTC
DQ
в) FC
Q
г) FCVC
д) AVCAFC
12. Орташа айнымалы шығындардың формуласы қайсы?
а) VC
Q
б) DTC
DQ
в) FC
Q
г) FCVC
д) AVCAFC
13. Экономикалық пайда ненің айырашылығынан туындайды?
а) жалпы түсім мен өдірістің ішкі шығындары арасындағы айырма
б) жалпы түсім мен өдірістің сыртқы шығындары арасындағы айырма
в) жалпы түсім мен қалыпты пайда арасындағы айырма
г)жалпы түсім мен өдірістің барлық шығындары арасындағы айырма (ішкі шығынсыртқықалыпты пайда)
д) жалпы түсім мен балама шығындар арасындағы айырма
14. Қазіргі экономика ғылымындағы пайда ұғымының мәні:
а) барлық табыстардың жиынтығы: %, жалақы, рента, кәсіпкерлік пайда
б) тек капиталға %
в) қосымша құнның өзгерген түрі
г) новатордың табысы
д) кәсіпкер тәуекелі үшін қоғамның төлемі
15. Өндіріс факторлары нарығында бағаның құрылуы:
а) өндіріс факторларының бағалары тұрақты түрде төмендеп отырады
б) фирма мен сатып алушылардың нақты сұранысы бойынша өзгереді
в) өнім өндірісін арттыруға ықпал етеді
г) өзара алмастыратын және өзара толықтыратын өндіріс факторларының болуын байланысты емес
д) бағалары үнемі өсіп отырады
14.Тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық және инфляция
-
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Құқықтық нормативті актілер
Шеденов Ө.Қ.,Сагындыков Ғ.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.,Комягин Б.И.«Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 А-Полиграфия 88-101 беттер
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030: барлық қазақстандықтардыңөсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы: Білім 1997.
Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 5 сәуiр N 362-I
"Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралыМикро- макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С-П., 1994. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: изд-во МГУ, 1994. С.
Туманова Е.А. Макроэкономика. Элементы продвинутого подхода.- Москва, 2004.
Макконелл К.,Брю С. Экономикс. Т 1. –М., 2003
Сабақтың мақсаты
-
Жұмыссыздық және инфляция тақырыбын экономикадағы маңыздылығы, онымен күресу жолдары,шешу жолдары, ҚР-дағы «Жол картасы» туралы ақпараттандыру.
-
Жұмыспен қамту және жұмыссыздық,жұмыссыздықтың мәні мен типтері туралы білімдерін қалыптастыру;
-
Инфляция және оның түрлері. Инфляцияның себептері. Инфляцияның салдары. Сұраныс және ұсыныс инфляциясы. Филлипс қисығы және стагфляция. Инфляцияға қарсы саясат туралы білімдерін қалыптастыру;
Оқытудың міндеттері:
-
Инфляция мен жұмыссыздық салдарын ҚР экономикалық өсудің даму тұрақтылығының бағдарламасын және анти дағдарыс саясатын студенттерге түсіндіру.
-
Экономикалық циклдың мазмұны және жалпы түрлері. Жұмыссыздық мәні және түрлері. Жұмыссыздық пен күресу жолдары
-
Инфляцияның мәні мен себептері. Антиинфляциялық саясат сұрақтарымен жұмыс істей білу
Негізгі түсініктер: еңбек нарығы,жұмыссыз,жұмыссыздық,инфляция
Жаңа түсініктер: Жұмыссыздықтың түрлері,инфляцияның даму қарқынына байланысты түрлері
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі.
-
Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.
-
Сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясы.
-
Күткен және күтпеген инфляция.
-
Бейімді және ұтымды күтулер.
-
Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру .
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Негізгі бөлім:
Кейс-стади
Автомиль құрауыштарының жаһандық рыногын құру
Рынок — бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар немесе қызметтер айырбастау механизмі. Өткен кезеңдерде рынок сатушылар мен сатып алушылар жиналатын орын ретінде түсіндірілген болатын. Бұндай сауда ұйымдары күнделікті өмірде және барлық аймақтарда дерлік кездеседі. Дегенмен, қазіргі рынок өзіндік ерекшеліктерге ие. Нақтырақ тоқталар болсақ, қазіргі рынокта сатушылар мен сатып алушылар бір орындарында отырмайды, айырбастау процесін пошталық тапсырыстар, телефондар, факстар және т.б. арқылы жүргізеді. Интернет пен Бүкіләлемдік ғаламтордың (паутина) дамуына байланысты сатушылар мен сатып алушылар арасындағы кедергілер тіптен жойылуда.
Әлемдегі ірі автомобиль өндірушілердің арасындағы серіктестіктерді осы қарқынның нақты мысалы ретінде қарастыруға болады. Бұл қарқын жекелеген автоөндірушілердің өзіндік web-сайттарын ашудан басталды.
Мысалы, Ford компаниясы өзінің Auto-Xchange деп аталатын сайтын құруға өте белсенді түрде кірісті. Осы сайт арқылы компания тапсырыс беру, тапсырыс алу, сонымен қатар жеткізушілерге қандай құрауышты (компонент) қандай бағамен ұсына алатындықтары туралы ақпараттар тарату сияқты қызметтерін жүзеге асырды. Компания бұл сайтты өзінің тізбекті жеткізілімдерін (цепочная поставка) басқару орны ретінде қарастырды.
Алайда, көп ұзамай басқа да автомобиль компанияларының өздерінің сайттарын ашайын деп жатқандықтары белгілі болды. Осы уақытта ірі автомобиль бөлшектерімен жабдықтаушы компаниялар әр компанияның жеке-жеке web-сайт ашуы тіимсіз екендігін түсінедіОсыған байланысты ірі жабдықтаушы компаниялардың бірі Ford пен
General Motors –қа ұсыныс жасады: неге күтерін біріктіріп екі компания үшін тиімді бір сайт ашпасқа?
Ford и GM басшылары осы ойдың пайдалы екендігін бірден түсінді және DaimlerChrysler – ты осы жобаға қосылуға көндірді. Негізінде барлық автомобиль өндірушілерін, жабдықтаушыларды, дилерлерді, яғни осы салада жұмыс жасайтындардың барлығын қызықтыратын бір web-сайт құру жоспарланды. Бұл альянсқа
француялық Renault , жапондық Nissan, Oracle (бағдарламалық қамсыздандыруды өз жауапкершілігіне алған) және Commerce One (қаржыландыру) бірден қосылды. 2001ж. соңында альянсқа француздық концерн PSA Peugeot Citroen кірді. Бұдан басқа, Ford пен GM
мүмкіндік болған кезде өздерінің шет елдердегі компаниялары мен стратегиялық серіктестерін де осы альянсқа тартуға уәде берді. Осы жоба жүзеге аса бастаған кезде серіктестер оны жеке кәсіпорын ретінде рәсімдеу қажет екенін түсінді.
2002ж. Covisint деген атпен ашылған жаңа құрылымСаутфилдеде, Мичиган штатында, Амстердамда және Токиода өз кеңселерін ашты. Жаңадан жасалған бұл жобаның қызмет етуі автомобиль өндірушілер үшін өте пайдалы болды. Мысалы,
Covisint құрылғанға дейін GM бір бөлшектің немесе құрауыштың тапсырысына
$100 қаржы жұмсады. Қазіргі таңда бұндай тапсырыс беру
$10 аз тұрады екен. Өндірушілер үшін осыншалықты табысты болған жоба жабдықтаушылар (жеткізушілер) үшін де өте тиімді болды.
Кейс талқылау үшін сұрақтар:
1. Жоғарыда берілген материалдың ішінен стратегиялық жедел (операционный) менеджменттің элементтерін табыңыз.
2. Тізбекті түрде жеткізу көзқарасы тұрғысынан қарағанда өндірістік бағыттағы тауарлар рыногының механизмі нені білдіреді?
3. Экономиканың басқа қай салаларында айырбастаудың осындай формасын қолдануға болады?
4. Қызмет көрсету саласында осы форманы қолдануға болады ма? Егер жоқ болса, онда неге? Егер ия болса, онда қызметтік және өндірістік электрондық рыноктар арасындағы қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар болуы мүмкін?
Дебат
Дебат тақырыбы «Қазақстанды жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күрес жағдайы»
Дебат ережесі
Топ екіге бөлінедіПікір-талас екі команданың арасында: үкімет және оппозиция.
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Жұмысыздық-кез-келген мемлекеттің басты проблемасы
-
Еңбек рыногы
-
Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу жағдайы
-
Жол картасы
Ситуациялық жағдай:
-
Бір адам бір қап ақшамен келеді, ұрылар қаптың ішіндегі ақшаны жерге төгіп, қапты алып кетеді,бұл қандай инфляцияның түрі?
-
Өзбекстанда бір машина сатып алу үшін,екінші машина болуы керек, неге ? инфляцияның түрін атаңыз
ҚорытындыЖұмыссыздық және инфляция тақырыбын қазіргі кездегі жағдаймен байланыстыра отырып оның маңыздылығын, онымен күресу, шешу жолдарын толық ашу.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздық,жұмыссыздықтың мәні мен типтері туралы білімдерін қалыптастыру; Келтірілген дебат,кейс-стади, дискуссия сұрақтарын талдап қорытынды жасауі.Негізгі қарастырылатын сұрақтар түгел талқыланып,семинардан студенттерге көп ақпарат берілді.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. «Толық жұмысбастылық» деген ұғым нені білдіреді?
а) жұмысқа жарамды халықтың жаппай жұмыспен қамтылуы
б) жұмыссыздықтың жоқтығы
в) «еріншектермен» күрес ұғымымен байланысты
г) «табиғи жұмыссыздықтың» 3-5% болуы
д) зейнеткерлердің жұмыспен қамтылуы
2. Жұмыссыздар қатарына жатпайды:
а) тауар мен қызмет өндірісінде жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшінің бөлігі
б) алдыңғы 4 апта бойы жұмыс табуға талпыныс жасағандар
в) еңбек биржасында тіркелгендер
г) әртүрлі жағдайлармен жұмыстан шыққанда, оның ішінде өз еркімен кеткендер
д) мүлдем жұмыспен қамтылмағандар және жұмыс іздемегендер
3. Елдегі жұмыссыздықты қандай көрсеткіштер бейнелейді?
а) жұмыссыз жастар деңгейі
б) экономика құрылымындағы өзгеріс
в) жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы
г) жұмысбастылардың саны
д) жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы
4. Бос қызмет орны жөніндегі толық емес ақпарат қандай жұмыссыздықпен байланысты?
а)фрикциондық
б)құрылымдық
в)институционалдық
г)циклдық
д) ерікті
5. Жұмыссыздықтың жақсы жағы неден көрінеді?
а) біліктілікті жоғалту
б) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы
в)экономикалық потенциалды толығымен пайдаланбау
г)ұлттың психикасының бұзылуы
д)отбасының, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі
6. Жұмыссыдықтың жағымсыз жағы неден көрінеді?
а) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы
б) жұмыс күшінің қоры өндірістің ұлғаюының алғы шарты болып табылады
в) халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі
г) жалақыны көбейту жөніндегі кәсіподақ талаптары қалыптасады
д) кәсіпкерлікке деген ынтаны жоғарылатады
7. Салалар мен аймақтардың біркелкі жетілмеуінен пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?
а)фрикциондық
б)құрылымдық
в)институционалдық
г)циклдық
д)ерікті
8. Дағдарыс пен тоқырау кезеңдерінде өндірістің құлдырауынан пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?
а)фрикциондық
б)құрылымдық
в)институционалдық
г)циклдық
д)ерікті
9. Толық жұмысбастылық дегеніміз не?
а) экономикадағы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болған жағдайдағы жұмысбастылық
б) жұмыссыздықтың деңгейі 0-ге тең болатын жағдай
в) циклдық жұмыссыздықтың ғана болуы
г) еңбекке деген сұраныс және ұсыныстың сәйкестігі
д) жұмыс күші мен жұмыс орындары санының сәйкестігі
10. Жұмыспен қамтылмаған жұмысшы күшінің үлесі:
а) циклдық жұмыссыздық
б) жұмыссыздық деңгейі
в) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
г) жасырын жұмыссыздық
д) фрикциондық жұмыссыздық
11. Табиғи жұмыссыздық деңгейін құрайды:
а) циклдық жұмыссыздық
б) жасырын жұмыссыздық
в) фрикциондық жұмыссыздық
г) құрылымдық жұмыссыздық
д) фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың жиынтығы
12. «ҚР-сының жұмысбастылық туралы» Заңына сәйкес жұмыссыздарға жатады:
а) экономикалық жағынан белсенді халық
б) өз еркімен еңбек ететін халық
в) еңбекке қабілетті жастағы жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істеуге ниеті бар адамдар
г) өз бетімен жұмыс іздеушілер
д) тұрмыс жағдайы нашар, еңбек биржасында тіркелген еңбекке қабілетті азаматтар
13. Инфляция неден көрінеді?
а) алтынның нарықтық бағасының өсуінен
б) тауар бағасының өсуінен
в) ұлттық валюта бағамының төмендеуінен
г) халықтың сұраныстың төмендеуінен
д) алтынның нарықтық бағасының, тауар бағасының өсуінен
14. Ұсыныс инфляциясы неден пайда болады?
а) жиынтық сұраныстың өсуінен
б)өндіріс шығындарының өсуінен
в)жиынтық ұсыныстың өсуінен
г)жиынтық сұраныстың төмендеуінен
д)өндіріс шығындарының төмендеуінен
15.Сұраныс инфляциясы не себепті пайда болады?
а) жиынтық сұраныстың өсуінен
б)өндіріс шығындарының өсуінен
в)жиынтық ұсыныстың өсуінен
г)жиынтық сұраныстың төмендеуінен
д)өндіріс шығындарының төмендеуінен
15.Тақырып. Мемлекеттік реттеу: мәні , мақсаты, құралдары.
-
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Құқықтық нормативті актілер
Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И.338-348 беттер
“Мировая экономика: введение во внешнеэкономическую деятельность” под ред. Шукалина, Н.С. Цыпиной. М.,2001г.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 474 Заңы 08.03.2010 ж.История экономических учений под ред. Шмарловой Г.А. Минск, 2000г.
“Микроэкономика теория. Российская практика” под. ред. Грязновой А.Г., Юданова А.Ю. М.,2003г.
Майбург Е.М. “Введение в историю экономической мысли”. М.,2001г
“Экономическая теория” под ред. акад. В.И.Видянина, А.И., Добрынина, П.Журавлевой, Л.С. Тарасевича М.:ИНФРА-М, 2000г.
Мемлекеттік бағдарламалар
Сабақтың мақсаты
-
Студенттерге экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен құралдары туралы білімдерін қалыптастыру.
-
ҚР экономиканы мемлекеттік реттелу ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері:
-
Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талқылау арқылы мемлекеттік реттеудің мәнін ашу.
-
Қазақстанның экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшелігін меңгеру.
-
Материалды студент оқу кезінде меңгеруі керек
-
Сөз алған курстасына сұрақ құрастыра білу және сұрақ қоя білу
-
Оқытушының және студенттің сұрағына жауап
-
Тест тапсырмасымен жұмыс істей білу
Негізгі түсініктер:мемлекет, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығындар.
Жаңа түсініктер:интенсивті,экстенсивті және аралас ұдайы өндіріс
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Экономикана мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.
-
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі моделдері.
-
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
Оқытудың әдістері: Семинар сабақтарын талқылап орындау және сабақ үстінде топтпрмен жұмыс істеу. Американдық парламенттік формат бойынша дебат өткізу.(ойын түрінде)
Кейс-стади.
АҚШ-тың LANDS` End компаниясы Тайваньға 200000 дана кастюмге тапсырыс берген болатын. Висконсон штатында орналасқан жоғарыда аталған компания басшылығы 2000 жылдың ақпан айының тауарларды жарнамалау каталогына еңгізуді жоспарлаған болатын. Бірақ тауарды жеткізуге байланысты қиындықтар туындауына байланысты LANDS` End компаниясына тауарды каталог бетінен алып тастауға алып келді. Ол тауар каталогқа басылып кеткен болатын. Тауардың келмей қалуының себебі Тайваньдық экспартердың қажетті квотамен қамтамасыз етіп үлгермеуі болып табылады. Бұл мысал халықаралық сауданы реттеудегі заңнаманың жағымсыз жағы болып табылады. Бұл жағдайға байланысты LANDS` End компаниясының директоры : «Тігін өнімдеріне жасалған квота біз үшін өте қиын болды.» -деп ойын жеткізді.
Бүгінгі күні де квота жүйесі импорт жасауға 1000-даған қиындықтар туғызып отыр. Импортқа деген мұндай квота жүйесі тауарлардың бағасының өсуіне әкеліп соқтырады. Соның салдарынан американдық тұтынушылар жыл сайын 10-даған млрд. доллар жоғалтып отыр.
Талқылау үшін сұрақтар:
- квота жүйесі қандай мақсатпен бекітілген деп ойлайсыздар?
- жоғарыда келтірілген кейс-стадиға қатысты пікір білдіріңіз.
- квота болса АҚШ экономикасы үшін тиімді ме, әлде тиімсіз бе? Өз ойыңызды нақты аргументтермен негіздеп беріңіз.
- Қазақстан экономикасына квота жүйесі қалай әсер етіп отыр?
Дебат
Дебаттың тақырыбы «экономикаға мемлекеттің араласқаны дұрыс па?» Адам Смит пен Джон Кейнстің пікірлері бойынша. Дебатқа екі команда қатысады. Әр командада екі студент болады. Үкімет тобы және оппозиция тобы.Бірінші үкімет тобының лидері премье- министр сөйлейді .Регламент бойынша оның уақыты төрт минут. Ұстанатын позициялары Адам Смиттің идеясы экономика еркін болуы керек, ал мемлекет болса сырттан қарап, қорғаушы қызмет атқаруы керек. Бұл спикердің кейсі келесідей құрылуы керек.
Біріншіден, дифиниция келтіруі керек(тақырыптың кілтті сөздеріне анықтама беруі керек). Екіншіден, статус кво(яғни қазіргі қалыптасқан жағдайға шолу жасау, стат. мәліметтер келтіру керек).
Үшіншіден, философия(Яғни Кейнстердін негізін ұстап тұратын бір қанатты сөз, ұран болуы керек)
Төртіншіден, өз позицияларын растайтын нақты аргументтер келтіруі керек. Кем дегенде үш аргумент болуы керек. Келесі сөз оппозиция лидеріне беріледі, ұстанатын позициялары Джон Кейнстің идеясы экономиканы мемлекет реттеу керек. Ол үкімет тобының келтірген дифинициясына келіспесе өзі дұрысын келтіреді, өз статус куосын келтіреді,сонымен қатар философияларын айтады. Бұл студенттің негізгі міндеті, қарсы команданың аргументтерін жоққа шығару болып табылады. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Кейін үкімет тобының мүшесіне сөз беріледі. Ол қосымша аргументтер келтіруі мүмкін. Премьер министірдің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың аргументтерін жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Келесі сөз оппозиция мүшесіне беріледі. Ол қосымша аргументтер келтіруі мүмкін. Оппозиция лидерінің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың аргументтерін жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебаттың негізгі бөлімі аяқталады. Сөз парламентариға беріледі (аудиторияда отырған студенттер бір митуттан пікірлерін айтуына болады). Сосын сараптама бөліміне көшеміз. Алғашқы қорытынды сөз оппозиция лидеріне беріледі. Оған мұнда жаңа аргументтер келтіруге тыйым салынады. Тек екі жақтың аргументтерін салыстырып өзінің ойынша кім жеңгенін айтып өтеді. Регламент бойынша уақыты төрт минут. Соңғы ойынды қорытындылайтын премье- министр. Ол да өзінше сараптама жасауы керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебат аяқталады. Оқытушы өзінің қорытынды сөзін айтып, дауысқа салып жеңген топты анықтайды.
Қорытынды
Сабақты өту барысында жаңа түсініктермен танысады. Американдық парламенттік фармат бойынша пікір-сайыс өткізіп, өз пікірлерін аргументтеуді үйренеді. Кейс-стади қарастырып, ол бойынша сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде Қазақстанның экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері туралы білімін қалыптастырады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы:
-
ғылыми-техникалық прогресс;
-
жұмыс күшінің санының өсуі;
-
капиталдың өсуі;
-
табиғи ресурстардың өсуі;
-
қолданылатын факторлардың санының өсуі.
2. Экономикалық өсудің жаңа сапасы ұғымына қатысы жоқ:
-
табиғи ресурстардың сарқылуы;
-
бос уақыттың өсуі;
-
әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
-
адам капиталына инвестицияның өсуі;
-
еңбекке қабілетсіз адамдарды әлеметтік қорғау.
3. Қазіргі экономикалық цикл …… байланысты:
-
жиынтық сұраныс динамикасына елеулі әсер ететін факторлар-мен;
-
ұсыныс динамикасына елеулі әсер ететін фактормен;
-
тек сыртқы факторлармен;
-
тек ішкі факторлармен;
-
кездейсоқ саяси факторлармен.
4. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің маңызды фактор-лары:
-
технологиялық өзгерістер;
-
жұмыс уақытының өсуі;
-
қолданылатын капитал көлемінің өсуі;
-
жұмыс күшінің біліктілігінің өсуі;
-
өндіріске қосымша шикізат ресурстарын тарту.
5. Интенсивті экономикалық өсу жүзеге асырылады:
-
жетілген өндіріс факторлары мен технологияны, яғни ҒТП-ті пай-далану арқылы;
-
қосымша өндіріс факторларын пайдалану арқылы;
-
халықаралық сауданы дамыту арқылы;
-
ұлттық валютаны еркін айырбасталатын валюта мәртебесіне жеткізу арқылы;
-
циклдық экономикалық ауытқуларды жою
6. Елдің өндірістік әлеуетін ұлғайту үшін:
-
таза инвестициялар амортизация мөлшерінен артық болуы керек;
-
ЖҰӨ ТҰӨ-нен амортизация мөлшеріне артық болуы керек;
-
ҰТ үй шаруашылығы мен мемлекеттің тұтыну шығыстарынан артық болуы керек;
-
ТҰӨ ҰТ-тан артық болуы керек;
-
ҰТ үй шаруашылығының қолдағы табысынан артық болуы керек.
7. Төменде көрсетілгендердің қайсысы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің басым индикаторы болып табылады?
-
ішкі тұтынудағы импорт үлесі;
-
инвистицияның ЖІӨ қатысты % көлемі;
-
күнкөрістің ең төменгі деңгейінен де төмен табысты халық үлесі;
-
жұмыссыздық деңгейі;
-
ЖІӨ ішкі қарыздың пайыздық көлемі.
8. Халықаралық сауданың дамуына кедергі бола алмайды:
-
еркін сауда салмағы;
-
тарифтер;
-
тарифтік емес шектеулер;
-
квоталар;
-
бюрократиялық.
9. Шетел капиталын тартудың қаржылық емес әдісіне не жатады?
-
тікелей салық жеңілдіктерін белгілеу;
-
субсидия;
-
жедел амортизация;
-
қолайлы инвестициялық климатпен заңды түрде қамтамасыз ету;
-
құрал-жабдықтар импортын кеден төлемдерінен босату.
10. ХВҚ негізгі міндетіне жатпайды:
-
валюталық сферада халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу;
-
ХВҚ мүше-елдерінің экономикалық қызметін жоспарлау;
-
3.ХВҚ мүше-елдеріне несие беру;
-
кеңес беру жөнінде көмек көрсету;
-
валютаның конвертациялануына көмектесу.
11. Халықаралық сауда өзара тиімді болады, егер:
-
елдердің белгілі бір тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылығы болса;
-
елдердің белгілі бір тауарды өндіруде ешқандай артықшылығы болмаса;
-
елдердің белгілі бір тауарды өндіруде абсолютті артықшылығы болмаса;
-
елдер протекционизм саясатын жүргізсе;
-
елдер еркін сауда саясатын жүргізсе.
12. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?
а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым
б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым
в) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым
г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым
д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым
13. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?
а) Адам Смит
б) Антуан де Монкретьен
в) Аристотель
г) Карл Маркс
д) Альфред Маршалл
14. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?
а) Жан Батист Сэй
б) Артур фон Хайек
в) Альфред Маршалл
г) Джон Мейнард Кейнс
д) Пол Самуэльсон
15. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?
а) марксизм
б) меркантилизм
в) кейнстік ілім
г) классикалық политэкономия
д) монетаризм
16.Тақырып. Ақша несие жүйесі
-
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Құқықтық нормативті актілер
Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. 352-362 беттер
Амбаруумов А.А., Стерлинов Ф.Ф. Экономическая теория в вопросах и ответах. Киров, 2004.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы Төрағасының республикада төлем және несие тәртiбiн нығайту мәселесi туралы"
Смирнов А.Д. Рыночная экономика. М., Соминтэк, 2002.
Камаев В.Д., Семенов, Сорокин и др. «Учебник по основам экономической теории». Кладас. М., 2004г
Сабақтың мақсаты
-
Студенттерге ҚР ақша жүйесін түсіндіру, ақша саясатының мәні мен функциясы туралы білімдерін қалыптастыру.
-
ҚР мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіру және заңнамаларға байланысты құқықтық білімін қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері:
-
Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талқылау арқылы ақша несие жүйесінің мәнін ашу.
-
Қазақстанның ақша бірлігінің тарихын меңгеру, банктердің жұмысымен танысу.
-
Семинар сабағында ойындарға белсене қатысу
Негізгі түсініктер: Ақша жүйесінің түсінігі және типтері.
Жаңа түсініктер: Ақша ұсынысы. Ақшаға сұраныс. Несие
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Несиенің мәні және формалары.
-
Қазіргі кездегі несие жүйесінің құрылымы.
-
Несие жүйесінің қызметтері.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Сабақ үстінде топтармен жұмыс істегенде Жигсу(Зикзак) әдісін қолданамыз. Топты кіші 3 адамдық топарға бөліп, жоғарыда қарастыратын үш сұрақты алдарына тарқатамыз. Олар оқығанынан қорытынды шығырған соң, Бірінші сұрақ алғандарды үлкенірек бірінші топ, екінші сұрақ алғандарды үлкенірек екінші топ, үшінші сұрақ алғандарды үшінші топ жасаймыз. Олар түсінгендерін өз-ара талқылайды. Кейін араларынан бір спикер шығып сабақты түсіндіріп, айтып береді.
Теория Келесі түсініктерге оқытушының анықтама беруі:
Банк активі — банк мүліктері және банкке міндеттемелер.
Банк пассиві — банк міндеттемелері (салымдар, банк акциялары).
Банк баланыс — банктің активтерінің және пассивтерінің жиынтығы.
Банк резервы — қолма-қол ақша түріндегі банк мүлкі.
Кейс-стади
Көптеген елдермен салыстырғанда, соның ішінде Азия мемлекеттерімен Сингапурды салыстырсақ, бұл мемлекетте кедейлік мүлдем жоқ деп айтуға болады. Тұрғындарының көбісі орта классқа жатса, қалған бөлігі жоғарғы әлеуметтік топқа жатқызылады. Мемлекеттің қаржы нарығы үкіметтің араласуынан зардап шекпейді. Соған қарамай үкімет қоғамға басқа әдістермен әсер етеді. Мысалы: бұқаралық ақпарат құралдары және компанияларды жаңа деңгейге көтеру арқылы халықтың іс-әрекетіне үлгі болады. Сингапурдың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнімі елді ең дамыған әлемдегі 1-ші қатардағы елдердің қатарына қосады екен. Сингапурлық компаниялардың менеджерлері, осы елде жұмыс жасайтын АҚШ-тың, Еуропаның менедерлерімен тең дәрежеде жалақы алады. Ел үкіметі әрқашан арал тұрғындарын өжз материалдық жағдайларын жақсартуға және мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануы үшін бәсекелестік рухын беріп отырады. Бәсекелестік рух материалдық құндылықтардың жинақталуына және көрші елдерден қалмауға септігін тигізіп отыр. Сингапур халқы ақшаларын құртуға дайын, тек ақшалары бекер кетпеу керек.Олар қалжындап: ≪kiasu≫ дейді-«Бұл ақшадан жоғары саналатын адамның қалауы». Мысалы: 80 мың сингапурлық раждествода ұлттық құс паркіне жиналады, кіру тегін болғаны үшін ғана. Шведтік дастархан жайылғанда еш қысылмастан көп тағам жеп қояды және самолеттен бір затты алып кету мүмкіндігін жібермейді. Мемлекеттің кейбір тұрғындары үшін ≪kiasu≫ стилімен өмір сүру мықтының аман қалуы(выживания сильнейшего) заңдылығының бір көрінісі болып табылады. Бірақта бұндай философияның бағасы ұандай екен? Бұған қарап біз сингапурлықтардың сөз еркіндігінен бас тартып, бір партиялық жүйеге өте салуы мүмкін, әйтеуір өз табысы, жұмыссыздықтың төмен деңгейін сақталып, қылмыз аз болса болғаны.
Талқылау үшін сұрақтар:
1. Сингапур тұрғындарының байлық жинап, ақша табуға қалай қарайтынын біліңдер?
2. Бұл мемлекеттегі негізгі мәдени нормалармен таныс болындар.
3. Сингапурдың экномикалық даму үлгісімен Қазақстанның дамуын салыстырыңдар.
Қорытынды
Бұл сабақтың нәтижесәнде студенттер ҚР ақша жүйесін түсініп, ақша саясатының мәні мен функциясы туралы білім жинақтайды. Жигсу дидактикалық әдісі бойынша өз білімдерін өздері шыңдайды. Кейс-стади қарастырып, ол бойынша сұрақтарға жауап береді. Сөйтіп ақша несие саясаты туралы түсінік қалыптастыруға қол жеткізді.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке алатын ұзақ мерзімді ақшалы несие:
а) ипотекалық несие
б) тұтынушылық несие
в) коммерциялық несие
г) банктік несие
д) мемлекеттік несие
2. Мемлекет қандай мақсатпен ақша реформасын жүргізеді?
а) халықтың әл-ауқатын жақсарту
б) ақша бірлігінің сатып алу қабілеттігін ұлғайту
в) айналымдағы ақша көлемін қысқарту
г) ақша басып шығаруға кететін мемлекеттік шығындарды қысқарту
д) басқа мақсат
3. Банктің белсенді операцияларына жатады:
а) салымдарды тарту
б) несиелерді басқа банктер арқылы алу
в) түрлі облигацияларды эмиссиялау
г) несие беру
д) алтын валюталы қорды сақтау
4. Талап етуге дейінгі есеп шот ашу мен қарыз беруді қандай банк атқарады?
а) орталық банк
б) коммерциялық банк
в) ипотекалық банк
г) ұлттық банк
д) жинақ банкі
5. Қор биржасы – бұл:
а) тауарлар көтерме бағамен сатылатын және сатылып алынатын нарық
б) несие бойынша келісім шарттар жасалатын нарық
в) жұмыс күшін жалдау нарығы
г) бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын нарық
д) ғылыми-техникалық зерттемелер нарығы
6. Құнды қағаздар нарығының қызметін кім инвестициялайды?
а) азаматтар
б) ұйымдар
в) брокерлер және дилерлер
г) мемлекет
д) коммерциялық банктер
7. Несие берудің шарттары қандай?
а) мерзімсіздік, қайтарымдылық, ақылылық
б) өтеусіздік, ақылылық, мерзімділік
в) өтеусіздік, қайтарымдылық, мерзімділік
г) мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық
д) өтеусіздік, қайтарымдылық, мерзімсіздік
8. Ақша-несие саясаты жүргізіледі:
а) елдің үкіметімен
б) елдің барлық қаржы несие мекемелерімен
в) елдегі орталық банкпен
г) қаржы министрлігімен
д) тек коммерциялық банктермен
9. Банк пайдасы – бұл:
а) несие мен депозиттің пайыздық мөлшерлемелерінің арасындағы айырмашылық
б) банктің барлық шығыстары мен табыстары арасындағы айырмашылық
в) банктік несие бойынша пайыздар
г) банктік депозит бойынша пайыздар
д) капитал бойынша пайыз
10. Пайыз мөлшерлемесі төмендегенде:
а) ақша массасына деген сұраныс азаяды
б) ақша массасына деге сұраныс жоғарылайды
в) өтімділігі жоғарықұралдар алғысы келетіндер саны азаяды
г) ақша массасына деген сұраныс өзгермейді
д) пайыздық мөлшерлеме ақша массасына ешқандай әсер етпейді
11. Несие берудің негізгі қағидасы:
а) мерзімділігі
б) қайтарымдылығы
в) материалдық жағынан қамтамасыз етілуі
г) ақылылығы
д) мақсатқа арналуы
12. Төлем мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату қай несиемен байланысты?
а) коммерциялық несие
б) банктік несие
в) мемлекеттік несие
г) лизинг
д) факторинг
13. Материалдық құралдарды жалға беру және біртіндеп құнын төлеуге негізделген несиенің ақшасыз түрі қандай?
а) коммерциялық несие
б) мемлекеттік несие
в) лизинг-несие
г) факторинг
д) ипотекалық несие
14. Несиенің қажеттігі немен байланысты?
а) өндіріс құралдарына жеке меншік формасымен
б) ұдайы өндіріс процесінде ауыспалы айналым заңдылығымен
в) өндірістік ресурстарды бөлудің өзіндік ерекшелігімен
г) авансталған капитал мөлшерімен
д) салалық ерекшеліктермен
15. Нарықтық экономика жағдайындағы банктік несиенің маңызды мақсаты:
а) тұтынуды дамыту
б) айырбасты ұлғайту
в) несие пайызын алу
г) капиталдың сақтау
д) кәсіпкерге қайырымдылық көмек беру
17.Тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясаты
-
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Құқықтық нормативті актілер
Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И.374-410 беттер
Әубәкіров Я Экономикалық теория және нарықтық қатынастарды қалыптастыр. Ақиқат
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және дамыту банкi арасындағы займ (Қаржы секторын құрылымдық қайта құруға арналған займ) туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 25-I
Р.Доржбуш, С.Фишер Микроэкономика. Оқулық алматы ҚазМБА 1987ж
Экономикалық теортя бойынша оқу құралы. Алматы 2000ж
Радыгин А.К. «Теория приватизации в переходной экономике». Вопросы экономики, 2005, №2
Сабақтың мақсаты
-
Студенттердің мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясаты туралы білімдерін қалыптастыру.
-
ҚР салық пен фискалды саясатын қарастыру
-
Мемлекеттік шығындар мен жиынтық сұраныс туралы білімдерін қалыптастыру .
Оқытудың міндеттері:
-
Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясатының мәнін ашу
-
Сөз алған курстасына сұрақ құрастыра білу және сұрақ қоя білу
-
Мемлекеттік шығындар мен жиынтық сұранысты студенттердің меңгеруі
Негізгі түсініктер: Қаржы жүйесі, салық, мемлекеттік бюджет
Жаңа түсініктер:Бюджет тапшылығы, лаффер қисығы, ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Қажы жүйесінің мәні мен құрылымы.
-
Мемлекеттік бюджет: ұғымы жәнеқұрылымы.
-
Салықтар. Салық салудың қағидалары мен формалары.
-
Слық мультипликаторы. Лаффер қисығы.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Кейс-стади
1997 жылдың 3-ші қаңтарында Нью-йорктің Goldman Sachs & Со.атты банк үйі алдағы алты айда батаға(Тайландтың ұлттық валютасы) қатысты девальвацияның болу қаупі бар екенін жариялады. Goldman Sachs-тың бұндай шешімге келуінің негізгі себебі Тайланд үкіметінің бюджет дефицитіне ұрынып, сонымен қатар батаның девальвациялануынан қорқып шетел инвесторлары өздерінің салған қысқа мерзімді инвестицияларын алып кетуі болып табылды. Goldman Sachs специалистары сонымен қатар доллар курсының көтерілуіне байланысты Тайландтан экспортталатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп кетуінен қауіптенді. Қалыптасқан жағдайға қарамай тайландтың орталық банкі валюта нарығында өздерін сенімді ұстады. Қысқа мерзімді капиталдың кетіп қалмауы үшін, банк проценттік ставкасын көтерді. Бұнымен инвесторларды қызықтырамыз деді. Егер бұл жеткіліксіз болса бат курсын нығайту үшін валюталық резервтен $38,7 млрд бөлуді қарастырды. Өкінішке қарай Goldman Sachs-ң болжамы рас болып шықты. Батаның курсын тұрақтандыру үшін валюталық резервтен 10млрд. Доллар құртылды. Сонымен қатар Тайландтан экспортталатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілі төмендеп кетті. 1997 жылдың тамызында банк батаның долларға байланысынан бас тартты, ол батаның бірден 20 % құлдырауына алып келді. Көп ұзамай Тайландта болған мәселе көрші елдерді де қамти бастады. 1997 жылдың қыркүйек айының басында Инданезияның рупиі долларға қатысты 21%, Малазияның ренгиті 14 %, Филипиннің песосы 13%-ға төмендеді. Бұл жағдай «Эпидемия батулизма» деп аталды, содан ол шығысқа қарай беттеп Корей еліне де тиді. Валюталық кризистің соққысына тіпті шетелдік қор нарықтары да ұшырады. Әлемдік дағдарыстың қаупі туғанда, Халықаралық валюталық қор мен «Төрттік» елдері тез Тайландқа, Малазияға, Филипинға, Индонезияға, Оңтүстік Корей еліне көмек көрсету туралы қаржылық жоспар дайындады. Бұл елдердің экономикасын тұрақтандыру үшін 100 млрд. Доллар бөлінді. Дер кезінде жасалған бұл әрекет өз жемісін берді.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
Кейсқа байланысты қаржылық дағдарыс туралы не айтасыңдар?
-
Валюта нарығында ұлттық валюта курсын ұстап тұру үшін, орталық банк өзінің валюталық резервін қолдана алады?
-
Девальвация дегеніміз не және Қазақстанда соңғы рет қашан болды.
Оқытушының кіріспе сөзі:Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау шараларына қарамастан, оның ойдағыдай дамуына кедергі келтіретін мәселелер жылдар бойы өзгерген жоқ. Қазақстан рыногында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі келтіретін мәселелердің ішінде бірінші орында салық саясаты, екінші- экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші- несие саясаты, өткізу, шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі, соңғы орында- мемлекеттік органдармен ара қатынас мәселесі тұр.
Дебат
Дебат тақырыбы «Шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер қарастыру жолдары»
Дебатқа екі команда қатысады. Әр командада екі студент болады. Үкімет тобы және оппозиция тобы.Бірінші үкімет тобының лидері премьер- министр сөйлейді .Регламент бойынша оның уақыты төрт минут. Ұстанатын позициялары шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер қарастыру керек. Бұл спикердің кейсі келесідей құрылуы керек.
Біріншіден, дифиниция келтіруі керек(тақырыптың кілтті сөздеріне анықтама беруі керек). Екіншіден, Стсатус куо(яғни қазіргі қалыптасқан жағдайға шолу жасау, стат. мәліметтер келтіру керек)
Үшіншіден, философия(Яғни кейстерін негізін ұстап тұратын бір қанатты сөз, ұран болуы керек)
Төртіншіден, қазіргі уақытта орын алып отырған негізгі проблеманы анықтап көрсетуі керек. Ол проблеманың себебтерін тауып көрсетуі қажет.
Бесіншіден,осы проблеманы шешу жолдарын ұсыну керек. Келесі сөз оппозиция лидеріне беріледі, ұстанатын позициялары шағын және орта бизнеске өздігінше ұсыныстар қарастыруы керек. Ол үкімет тобының келтірген дифинициясына келіспесе өзі дұрысын келтіреді, өз статус куосын келтіреді,сонымен қатар философияларын айтады. Бұл студенттің негізгі міндеті, қарсы команданың шешу жолдарын жоққа шығару болып табылады. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Кейін үкімет тобының мүшесіне сөз беріледі. Ол қосымша шешу жолдарын келтіруі мүмкін. Премьер министірдің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың шешу жолдарын жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Келесі сөз оппозиция мүшесіне беріледі. Ол қосымша шешу жолдарын келтіруі мүмкін. Оппозиция лидерінің ойы аяқталмай қалған болса, жалғастырып аяқтайды. Қарсы команданың шешу жолдарын жоққа шығару керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебаттың негізгі бөлімі аяқталады. Сөз парламентариға беріледі (аудиторияда отырған студенттер бір митуттан пікірлерін айтуына болады). Сосын сараптама бөліміне көшеміз. Алғашқы қорытынды сөз оппозиция лидеріне беріледі. Оған мұнда жаңа шешу жолдарын келтіруге тыйым салынады. Тек екі жақтың шешу жолдарын салыстырып өзінің ойынша кім жеңгенін айтып өтеді. Регламент бойынша уақыты төрт минут. Соңғы ойынды қорытындылайтын премьер- министр. Ол да өзінше сараптама жасауы керек. Регламент бойынша бес минут уақыт беріледі. Осымен дебат аяқталады. Оқытушы өзінің қорытынды сөзін айтып, дауысқа салып жеңген топты анықтайды.
Қорытынды
Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясаты туралы студентерге жан-жақты білім берілді. Американдық парламенттік фармат бойынша пікір-сайыс өткізіп, өз пікірлерін аргументтеуді үйренеді. Кейс-стади қарастырып, ол бойынша сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде студент Қазақстанның қаржы жүйесі және қаржы саясаты туралы білімге қол жеткізеді.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар: