ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 817
Скачиваний: 1
Тақырып 6. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгісі.
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004. 299-308 бб. |
Эубэюров Я., Нербаев К, Ескалиев М., Жатканбаев Е., Байжумаев Е. Доскалиев С., Женцбеков Ж. Экономикалык теория негiздерi. Окулык, - Алматы: Санат, 2002.
|
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ґзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздаңы № 255-IV Заңы |
|
Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999 |
Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996 |
Тауарлар
импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау
шаралары туралы |
Мақсаты:
-
Студенттердің нарықтық қатынастар жайында білімдерін қалыптастыру
-
Қазақстан республикасының нарықтық қатынасына байланысты дисскусия арқылы коммуникативті білімдерін қалыптастыру
-
Қазіргі жағдайда нарықтық экономиканы тиімді қолдануды қалыптастыру
Оқудың міндеттері:
-
Студенттердің нарықтық шаруашылықтың элементтерін меңгеру
-
Студенттер нарықтық экономиканың модельдерін талдай алу керек
-
ҚР нарықтық экономикалық қатынастарының ерекшелігін меңгеру.
-
Карточкалық тапсырмалармен жұмыс істей білу
Негізгі түсініктер: Нарықтық экономика.
Жаңа түсініктер: Инфрақұрылым, биржа, монополия, бәсеке.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
1. Нарықтық экономика және оның қалыптасуы
2. Нарық мәні мен атқаратын қызметі. Нарықтық құрылым және инфрақұрылым.
3. Нарықтық қатынас жүйе ретінде, нарықтық қатынастар субьектісі.
4. Қазақстан республикасының нарықтық экономикасының дамуы.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Көрнекі құралдар:
- Карточкалар, мультимедиялық аппарат.
Семинар сабақ ойын түрде өткізу: «Х-О»
Осы ойын түрін жүргізу үшін 9 квадратқа топтарды бөлу керек, түсінікті болу үшін әр квадратты әртүрлі түстермен белгілеу керек. Студенттерді екі топқа, яғни Х және О бөлінеді. Төмендегі ережелер түсіндірілуі тиіс:
«Жеңіске жету үшін үш Х-і немесе О-і тігінен, көлденеңінен, диоганалынан қою керек. Бірақ оларды қою үшін өздеріне сай келетін түстердегі тапсырмаларды дұрыс орындаулары тиіс».
Қойылған тапсырмалар мен сұрақтарға дұрыс жауап бергеен жағдайда сол команданың түсі қойылады, яғни Х немесе О. Ал дұрыс емес орындаған жағдайда қарсыласының түсі қойылады.
Ойын алаңының мысалдық көрінісі:
|
1.
көк |
2.
қызыл |
3.
сары |
|
4.
жасыл |
5.
көгілдір |
6.
қоңыр |
|
7.
күлгін |
8.
қара |
9.
ақ |
Тапсырмалардың варианттары
-
Нарыққа анықтама беріңіз.
-
Ұсыныс заңын түсіндіріңіз.
-
Баға заңының қызыметіне сипаттама беріңіз
-
Нарықтық экономиканың субъектілерін атап оған сипаттама беріңіз.
-
«Экономикалық заңдардың объективті сипаттамасының әрекетін» қалай түсінесіз?
-
Нарыққа анықтама беріңіз.
-
Ұсыныс заңын түсіндіріңіз.
-
Сұраныс заңын түсіндіріңіз.
-
Еркін нарыққа сипаттама беріңіз.
-
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерін атаңыз.
Жоғарыда көрсетілген ойынның шарттарымен топтарды таныстыру қажет. Топтар танысқаннан кейін тапсырмаларды орындауға кіріседі. Тапсырмалар сұрақ немесе әртүрлі тапсырмалар, есептер ретінде беріледі.
Кестемен жұмыс:
Нарықтық қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз:
|
Нарықтың артықшылықтары |
Нарықтың кемшіліктері |
Мемлекеттің реттеуші қызметтері |
Ең оңтайлы жағдайлар |
|
|
|
|
|
Кейс стади:
Қалпына келмейтін табиғи ресурстар нарығы.
Табиғи ресурстар сарқылатын, сарқылмайтын және уақыт өте өз қалпына келетін ресурстар болып табылады.
Сарқылмайтын ресурстар – бұл ресурс табиғи және адамдардың күштерімен қайта өндіріліп, өз орнына келеді. (күн энергиясы, табиғаттағы судың айналымы, т.б.)
Уақыт өте қалпына келетін ресурстар – ол ормандар, жердің тыңаюы. Кесілген орманды қалпына келтіруге болады, бірақ үшінші ұрпақтың тұсында ғана.
Сарқылатын табиғи ресурстарға – оны толық пайдаланғаннан кейін қалпына келмейтін ресурстарды атайды. Мұнда барлық пайдалы казбалар жатады. Оның иелері ресурстарды тиімді пайдалану арқылы ғана реттеп отырады. Аталған табиғи ресурстарды кез-келген уақытта пайдалану тиімді. Оның иесі әрдайым қиын мәселемен кездесіп отырады? Нарыққа осы ресурстармен бүгін шығу керек пе, әлде алдағы уақытқа қалдырған дұрыс па?
Жаңартылмаған ресурстардың нарықтық тепе-теңдік бағасы капиталдан түсетін табыстың жылдық мөлшеріне пропорционалды түрде өсіп отырады. Сұраныстың кез келген өзгерісі ресурстардың бағасының өсу қарқынына емес, пайдалану интенсивтілігіне ғана әсер ете алады. Сондықтан консервация жаңартылмаған ресурстар нарығының ерекшелігі болып табылады. Ресурстардың бағасының көтерілуін күту олардың иелерін консервацияға бағыттайды. Сонымен қатар ресурстар консервациясы сатушыларға болашақта оларды жоғары экономикалық пайдалылықпен өткізуге мүмкіндік береді. Бағаның жоғарылауы күтілетіндіктен ресурс иесі ағымдық уақытта сату көлемін қысқартады. Бұл ағымдық бағаны көтереді және болашақтағы бағаның жоғарылауын тежейді.
Ресурстарды тиімді өткізуде өндірушілерді ынталандыратын факторлар бар. Жаңартылмаған ресурстарды тез қолдану ағымдық тұтынуды кеңейтуге және инвестиция үшін қаражат алуға мүмкіндік береді. Ресурстардың нақты қоры туралы сенімді ақпараттың жеткіліксіз болуы болашақта ресурстар бағасының және күтілетін табыстың төмендеу тәуекелін тудырады. Есептелген табыстың төмендеуі тұтынушылар үшін субстит тауарлардың пайда болуынан да туындауы мүмкін. Ғылыми-техникалық прогресс әсерінен ресурстардың баламалы жасанды түрлері дайындалды.
Қазіргі таңда түрлі шикізаттар қорына ие көптеген дамушы елдер өз байлықтарын тез және дәл қазіргі уақытта сатуға тырысады. Ресурстарды жалпылай сату арқылы ол емелекеттер өздірінің дәл сол уақыттағы шаруашылық мәселелерін шешеді. Осы уақытта жоғары дамыған елдер, АҚШ ең алдымен, тиімді рынок конъюнктурасын күтуде және өндірісті перспективті дамуды шикізатпен қамтамасыз етуде жаңартылмаған ресурстарды заңдастыруға (законсервировать) тырысады.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
Сарқылатын ресурстарды тезарада пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері?
-
Олардың консервациясын қолдаудағы аргументтер қандай? Аталған мәселе біздің қаламызда қалай шешілуде?
-
Қазақстанның шикізатты өндірілмеген түрінде экспорттауға ұмтылуы әлемдік нарықтағы баға көлеміне тәуелді етпейді ме?
-
Қазақстандық мұнайдың үлкен көлемде сатылуы әлемдік нарық бағасының көлеміне қандай әсерін тигізеді?
-
Сарқылатын ресурстардың иесі өздерінің болжамдарында қателессе немесе алдағы құндылықты дұрыс бағаламаса, қандай жағдай болады?
Дисскусия: Қазіргі таңда монополияның қоғамға тигізетін зияны туралы біржақты пікір жоқ. Жетілген бәсеке қоғамды толық қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар құрса, монополия ірі қаржылық, инновациялық жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіншіліктері жоғары, қоғам үшін бұл да маңызды. Нарықтық экономика жағдайында тиімділігі жоғарысын түсіндіріңіз және неге?
Қорытынды: Сабақтың барысында студенттердің нарықтық қатынастардың өзге экономикалық қатынастардан айырмашылықтарын және ҚР нарықтық экономикалық қатынастарының ерекшеліктері туралы білімдері қалыптасады. Жаңа терминдермен танысып, кейс стади негізінде ойларын жетілдіреді. Тесттік тапсырмалармен білімдері бекітіліп, келесі саабққа тапсырма беріледі. Соңында студенттердің балдары қойылады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тестік тапсырмалар:
1. Нарықтық экономиканың мәнін қалай түсіндіруге болады?
а) хаос пен анархия жүйесі
б) сұраныс пен ұсынысты теңестіретін қарапайым механизм
в) баға мен нарықтар жүйесі арқылы қызмет ететін координациялаудың күрделі механизмі
г) реттеу механизмі күрделі, көп құрылымды икемсіз жүйе
д) тұтынушылар, өндірушілер, өндіріс факторлары иелері шешімдерінің келісімге келу ортасы
2. Нарықтық экономикада өнім тұтынушылар арасында былай бөлінеді:
а) тұтынушылардан тәуелсіз обьективті себептерге байланысты
б) тұтынушылардың қалауы мен өнімді сатып алу қабілеттеріне байланысты
в) тұтынушылардың өнімді сатып алу ниетімен байланысты
г) тұтынушылардың өнімді сатып алу қабілеттеріне байланысты
д) тұтынушылардың табыс деңгейіне байланысты
3. Нарыққа тән емес қандай процесс?
а) сату- сатып алу актілерінің жүзеге асуы
б) сатушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынасы
в) сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі
г) тауарлармен айырбас жасаудың экономикалық нысаны
д) натуралды өнімдермен айырбас жасау
4. Нарықтың шаруашылықтың негізгі субьектілері кімдер?
а) өндіріс факторларының иелері
б) өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталистері
в) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері
г) кәсіподақтар, кәсіпкерлік бірлестіктер, мемлекеттік институттар
д) үй шаруашылығы, бизнес, үкімет.
5. Нарықтық механизмнің элементіне мыналардың қайсысы жатпайды?
а) жоспарлау
б) сұраныс
в) ұсыныс
г) бәсеке
д) баға
6. «Бәсекелік нарық» түсінігіне қай сипаттама сай емес?
а) көптеген сатушылар
б) көптеген сатып алушылар
в) тауарларға сұраныс білдіретін тұтынушылардың аздығы
г) осы нарыққа өндірушілердің салыстырмалы түрде жеңіл енуі
д) экономикалық биліктің өзгеруі
7. Қандай жағдай «жетілген бәсеке» нарығына қайшы?
а) барлық тұтынушылар мен сатушылар баға туралы толық мәлімет ала алады
б) стандартты тауар шығаратын көптеген фирмалар салаларда қызмет етеді
в) ағымдық бағамен тауарды сатып алатын көптеген тұтынушылар бар
г) нарыққа ену кезінде кедергілер жоқ
д) нарыққа ену кезінде кедергілер жоғары
8. Нарықтың пайда болу шарттары қандай?
а) дамыған қоғамдық еңбек бөлінісі
б) меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарық субьектілердің экономикалық оқшаулануы
в) ұлттық экономиканың әлемдік экономикалық кеңістікке ену қажеттігі
г) ішкі шаруашылықтық тұтынудың дамуы
д) дамыған қоғамдық еңбек бөлінісі, нарықтық субьектілердің экономикалық оқшаулануы
9. Экономикалық категория ретінде нарық- бұл...
а) тауар және ақша қозғалысымен байланысты қатынастар жиынтығы
б) базар
в) сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны
г) нарықтық алаң
д) биржалы сауданың нысаны
10. Еркін бәсекенің жүйелік белгісіне жатпайды:
а) қатысушылардың санының көптігі жәненарыққа кіру еркіндігі
б) ақылы ақпараттың толықтығы
в) монополды баға қою
г) барлық ресурстардың абсолютті қозғалысы
д) тауарлардың абсолютті біртектілігі
11. Қай мәселені нарық шеше алмайды?
а) ресурстарды тиімді бөлу
б) ғылыми-техникалық жетістіктерді меңгеру
в) экономикадағы тапшылықты жою
г) халықты әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету
д) сатушылар мен тұтынушылардың мүддесін біріктіру
12. Нарықтың дұрыс емес жіктемесін көрсетіңіз:
а) географиялық орналасуы бойынша: жергілікті, ұлттық, әлемдік
б) бәсекенің шектелу деңгейі бойынша: шикізаттық
в) экономикалық мазмұны бойынша: еңбек, капиталдар нарығы
г) салалар бойынша: автокөлік, компьютерлер нарығы
д) сауда жасау сипаты бойынша: бөлшек және көтерме
13. Монопсония нарығына сай жағдайды көрсетіңіз:
а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар
б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар
в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар
г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар
д) бір сатушы мен бір тұтынушы
14. Олигополия кезіндегі нарық жағдайын көрсетіңіз:
а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар
б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар
в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар
г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар
д) бір сатушы мен бір тұтынушы
15. Монополия кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:
а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар
б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар
в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар
г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар
д) бір сатушы мен бір тұтынушы
7.Тақырып. Сұраныс және ұсыныс
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 78-83бб. |
Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г. |
Тауарлар
импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау
шаралары туралы |
|
Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 93-99бб. |
Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г. |
Тұтынушылардың праволарын қорғау туралыҚазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы |
|
Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 80-86. |
Мамыров А.К. «Микроэкономика» Алматы, 2001 |
|
Сабақтың мақсаты
-
Студенттерге нарықтық экономиканың басты екі элементтері - сұраныс және ұсыныс туралы білім қалыптастыру.
-
Тақырып бойынша негізгі экономикалық түсініктердің мағыналарын талдау.
-
Икемділік туралы ақпарат беру және талдау.
-
Сұраныс пен ұсыныстың өзгерісі кезіндегі нарықтағы күтілетін жағдайды талдауға үйрету.
Оқытудың міндеттері:
-
Берілген жағдайлық есептерді шығару және талдау.
-
Дискуссия кезінде қойлатын мәселелік сұрақтарды талдай отырып, өз тараптарынан ұсыныс айту.
-
Бақылау сұрақтары бөлімінде берілген сұрақтарға жауап беру.
-
«Сұраныс және ұсыныс» тақырыбы бойынша берілген тест тапсырмаларын орындау.
Негізгі түсініктер: Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс қисығы, ұсыныс, ұсыныс заңы,
ұсыныс қисығы, сұраныс және ұсыныс
икемділігі, икемділік түрлері.
Жаңа түсініктер:Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс қисығы, ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсынысқисығы, сұраныс және ұсыныс икемділігі, икемділік түрлері.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
-
Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін бағалы емес факторлар.
-
Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін бағалы емес факторлар.
-
Икемділік түсінігі. Сұраныс және ұсыныс икемділігі.
-
Тұтынушылар мінез-құлқы еориясының негізі.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Негізгі бөлім:
Теория
Оқытушының кіріспе сөзі:Тақырып бойынша негізгі сұрақтарды талдау. Экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің маңыздылығы туралы түсіндіру.
Жағдайлық (ситуациялық) есептер:
-
Балалар сабынына сұраныс қисығы мына түрде берілген: Qd = 250-4Р, мұнда Qd –сұраныс көлемі
а) егер айына Qs =90 болса, тепе-теңдік баға қандай?
б) Егер балалар сабынының бір данасына баға 30 теңге болса, онда жетіспеушілік деңгейін анықтаңыз?
-
Халықтың қарастырып отырған тауарға деген сұраныс функциясы Qd=9-P, ұсыныс функциясы Qs=62P түрінде берілген.
Тепе теңдік баға мен теңдестік көлемі қалай анықталады.? График түрінде көрсетіңіз.
-
Нанға деген ұсыныс функциясы Qs = 200 3P, ал сұраныс функциясы горизонталь түзу және оның көлемі 320 тең. Онда тепе
теңдік баға қандай болады?
-
Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып, сұраныс және ұсыныс қисығын салыңыз, тепе-теңдік бағаны (Pe)
анықтаңыз. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан (Pe –ден) төмен болса, қандай жағдай орын алады?
|
Баға (теңге) |
Сұраныс көлемі |
Ұсыныс көлемі |
|
500 |
300 |
160 |
|
1000 |
250 |
180 |
|
1200 |
220 |
220 |
|
1400 |
200 |
250 |
Кейс - стади
2011 жылғы парламенттің алғашқы отырысында 2010 жылы еліміздің экономикасы саласындағы жұмыстар есебі тыңдылды.
Үкімет отырысында еліміздің ішкі рыногындағы азық-түлік бағасының негізсіз көтерілу мәселесі сөз болды. Әйтпесе, жаңа жыл қарсаңында 750 теңге болған сиыр етінің 5 күн мерекеден кейін 1400 теңгеден асып кетуін қалай түсіндіруге болады. Біз өткен жылдың астығынан алынған ұннан пісірілген дәстүрлі бөлке нанның бағасы 41-43 теңгеден аспауы жөнінде келіскенбіз. Алайда, қазіргі күннің өзінде кейбір өңірлерде нан бағасы 60 теңгеден асып кетті, деді агенттік басшысы.
Отырыста сөз алған Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикамызда 9,3 миллион тонна астық бар. Оның 2,6 миллион тоннасы – қабылданған меморандумдар шеңберінде белгіленген кесімді баға бойынша ғана босатылатын тұрақтандыру қорының астығы. Қолда бар осы астық көлемі еліміздің ішкі рыногындағы нан өнімдеріне деген сұранысты алдағы егін орағының жаңа астығына дейін толық қамтамасыз етуге жетеді.
Сондықтан нанның бағасының көтерілуі туралы мүлде сөз қозғауға болмайды. Ал астық сапасына келетін болсақ, республикамыздағы қазіргі барлық астық қорының 90 пайызы үшінші және жоғары класты бидай болып табылады. Сондықтан сауда ұйымдарының нан бағасының көтерілуін астық сапасымен байланыстыруы ешбір негізсіз.
Өсімдік майы мен жармаларға келетін болсақ, бұл азық-түлік түрлерінің қоры да жеткілікті. Министрдің айтуынша, қазір еліміздің көкөніс қоймаларында және ірі сауда орталықтарының қоймаларында 900 мың тонна картоп, 150 мың тонна сәбіз, 100 мың тонна пияз сақталып тұрған көрінеді. Көкөністің осы мөлшері еліміздің тұрғындарын алдағы күзгі жаңа өнім алғанға дейін толық қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдерін тұрақтандыру мақсатында бұл саланы қолдау үшін Үкімет тарапынан нақты шаралар қабылданды. Өткен жылғы құрғақшылықтың кері әсерлерін ескере отырып, мал азығы үшін және ірі қара малдың аналық басын сақтау үшін еліміздің 8 облысының ауылшаруашылық құрылымдарына жалпы көлемі 3,2 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінді. Құс шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттік жемазық қорынан 43 мың тонна арпа бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл шаралардың бәрі мал шаруашылығы саласының тұрақтылығын сақтауға негіз болады.
2011 жылы Үкіметтің барлық күш-жігері инфляциямен күреске жұмылдырылатын болды. 2011 жылы ең басты мәселе азық-түлік бағаларын тұрақтандыру, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бағасының қымбаттауына жол берілмейтіндігі туралы баяндаманы Үкімет басшысы жасады.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
Жоғарыда берілген мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларына деген сұраныс деңгейін сипаттаңыз.
-
Еліміздегі азық-түлік түрлерінің бағасы неліктен шарықтап барады, әлде халықтың табысы жоғарылады ма?
-
Мемлекет басшысы ретінде сіз қандай шаралар қолданар едіңіз?
-
Жоғарыда берілген мәлімет негізінде елімізде инфляция деңгейі 7,5% деген ақпаратпен келісер ме едіңіз? (жауаптарыңызды негіздеңіздер)
-
Нарықтық экономиканың заңы бойынша баға сұарныс пен ұсыныс өзара тепе-теңдігі арқылы реттеліп отыруы тіис. Осы жерде мемлекеттің баға белгілеуге араласуы қажет па? Әлде сұраныс пен ұсыныс заңдары негізсіз бе?
Қорытынды
Сұраныс пен ұсыныстың мәні, нарықтық тепе-теңдік туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Жағдайлық есептер арқылы сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің өзгерісі нәтижесінде орын алатын экономикалық жағдайларды талдауды үйретеміз. Нақты жағдайлық оқиғалар желісін талдау арқылы өзіндік пікірін қалыптастырамыз. «Сұраныс және ұсыныс» тақырыбын студентердің қаншалықты меңгергендігіне байланысты бағаланды.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Бақылау сұрақтары:
-
Сұраныс дегеніміз не?
-
Сұраныс заңы, сұраныс қисығы дегеніміз не?
-
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар туралы не білесіз?
-
Баға өзгерісі орын алған жағдайда сұраныс қисығының орны ауысады ма?
-
Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы дегеніміз не?
-
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар?
-
Икемділік дегеніміз не?
-
Икемділіктің қандай түрлері бар және олардың формуласы қандай?
-
Бағалық икемділік деген не?
-
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі туралы не білесіз?
-
Икемсіз дегенді қалай түсінесіз?
-
Абсолютті икемсіз деген не?
-
Егер мемлекет салық мөлшерін арттырса, онда нарықтық тепе-теңдік қалай өзгереді?
-
Халықтың табысы, тауарлар бағасы 25% - ға артты. Осы жағдайда сұраныс пен ұсыныстың өзгерісі қандай болмақ?
-
Халықтың табысы артты, бірақ кейбір тауарларға сұраныс кеміді. Бұндай тауарлар қалай аталады?
Тестік тапсырмалар:
1
.Бұл
математикалық өрнек қай заңды сипаттайды?:
а) сұраныс заңы
б) ұсыныс заңы
в) еңбек өнімділігінің кему заңы
г) өндіріс шығындарының арту заңы
д) шекті пайдалылықтың кему заңы

2. Графикте ненің қисығы өрнектелген?
а) сұраныс қисығы
б) ұсыныс қисығы
в) Филлипс қисығы
г) Лоренц қисығы
д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы
3
.
Графикте не өрнектелген?
а) сұраныс қисығы
б) ұсыныс қисығы
в) Филлипс қисығы
г) Лоренц қисығы
д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы
4. Абсцисса осіндегі А нүктесі нені көрсетеді?
а) сұраныс пен ұсыныс көлемінің теңсіздігін
б
)
өндіріс көлемінің тепе теңдігін
в) бағалардың тепе теңдігін
г) шекті табыстың мөлшерін
д) өндірістік мүмкіндіктер қисығын
5
.
Ординатада осіндегі А нүктесі нені
көрсетеді?
а) бағалардың тепе теңдігін
б) сұраныс пен ұсыныс көлемінің тепе теңдігін
в) өндіріс көлемінің тепе теңдігін
г) шекті табыстың мөлшерін
д) шекті өнімнің мөлшерін
6. Қандай факторлар сұранысқа әсер етеді?
а) тұтынушы талғамы, бензин бағасы
б) ресурс бағасы, тұтынушы талғамы
в) тұтынушы табысы, нан бағасы
г) тұтынушы талғамы, тұтынушы табысы
д) ресурс бағасы, тұтынушы табысы
7. Қандай факторлар ұсынысқа әсер етеді?
а) технологияның жақсаруы, тұтынушының кірісі
б) тұтынушы талғамы, ресурс бағасы
в) ресурс бағалары, тұтынушының кірісі
г) тұтынушы кірісі, тұтынушы талғамы
д) технологияның жақсаруы, ресурстар бағасы
8. Баға бойынша сұраныс қай кезде икемді болады?
а) Ed<1
б) Ed>1
в) Ed<1 және Ed>1
г) Ed=1
д) Ed=0
9. Баға бойынша ұсыныс қай кезде икемсіз?
а) Es>1
б) Es=1
в)Es<1
г) Es>1 және Es<1
д) Es=0
10. Егер тауарға сұраныс өсіп, ал ұсыныс өзгеріссіз қалса, онда:
а) тепе теңдік баға мен сату көлемі артады
б) тепе теңдік баға көтеріледі, ал сату көлемі азаяды
в) тепе теңдік баға мен сату көлемі азаяды
г) тепе теңдік баға төмендейді, ал сату көлемі өседі
д) өзгеріс болмайды
11. Сұраныстың қисық бойымен орын ауыстыруы немен байланысты?
а) сұраныстың артуымен
б) сұраныстың төмендеуімен
в) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуымен
г) бағаның өзгеруімен
д) тауарға сұраныстың өзгеруімен
12. Егер тауар бағасы 1 %-ға төмендегенде сұраныс 2%-ға артса, онда сұраныс:
а) икемсіз
б) икемді
в) бірлік икемді
г) абсолютті икемді
д) абсолютті икемсіз
13. Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы қандай болады?
а) тік сызық
б) көлденең сызық
в) қисық сызықты
г) теріс бағытталған тура сызық
д) оңбағытталған қисық сызықты
14. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті қалай анықталады?
а) бағаның пайыздық төмендеуінің сұраныс көлемінің пайыздық артуына қатынасы
б) жалпы түсімнің пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық артуына қатынасы
в) жалпы түсімнің пайыздық кемуінің бағаның пайыздық артуына қатынасы
г) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы
д) жалпы түсімнің пайыздық өзгеруі
15. Тұтынушылартабысы өскенде қандай тауарға сұраныс төмендейді?
а) бағалы тауарларға
б) сапасы төмен тауарларға
в) сұранысы бірлік икемді тауарларға
г) алғашқы қажетті тауарларға
д) сұранысы икемсіз тауарларға
8. Тақырып. Бәсеке және монополия
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 83-90бб. |
Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г. |
"Табиғи
монополиялар және реттелетін нарықтар
туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына ґзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы |
|
Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 100-108бб. |
Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г. |
Бәсекелестiк
туралы |
|
Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 99-104бб. |
Мамыров А.К. «Микроэкономика»Алматы,2001 |
|
Сабақтың мақсаты
-
Бәсеке және монополия туралы материалдарды меңгеру.
-
Бәсеке және монополия тақырыбы бойынша қарастырылатын негізгі түсініктердің мағынасын ашу.
-
Студенттерді экономиканы дамытудағы бәсеке мен монополияның маңыздылығын талдай отырып, бәсекені жәтілдіру бойынша өз ұысынстарын айтуға үйрету.
-
ҚР экономикасының бәсекелік жағдайын зерделеу.
-
ҚР-дағы монополияға қарсы саясат туралы ақпараттарды тадай отырып, оның маңыздылығын ашу.
Оқытудың міндеттері:
-
Студенттерді «Монополия тепе-теңдігі» тақырыбында қойлатын ойынға қатыстыра отырып, тақырып бойынша берілген негізгі сұрқтарды талдау.
-
«Біріктіру тиімділігін талдау» тақырыбындағы жағдайды талдауға қатыстыра отырып, түрлі экономикалық субъек ретінде қабылдайтын шешімдерін ұсыну.
-
Мәселелік сұрақтарды талдау.
-
Тақырып бойынша берілген тестік тапсырмаларды орындау.
-
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Негізгі түсініктер: Бәсеке, монополия, олигополия, монопсония, дуополия.
Жаңа түсініктер: бәсеке, бәсекеге қабілеттелік, монополиялық билік, жетілген бәсеке,
жетілмеген бәсеке, антимонополиялық саясат.
Қарастыратын негізгі сұрақтары:
-
Бәсеке мәні, оның экономикалық рөлі.
-
Жетілген бәсеке нарығының механизмі.
-
Жетілмеген бәсеке нарығының механизмі.
-
Антимонополиялық заңнамалар және экономиканы реттеу: негізгі қағидалар.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Негізгі бөлім:
Семинар сабақ ойын түрде өткізу: Іскерлік ойын «Монополия тепе-теңдігі»
Ойын ережесі
Бірнеше студент (2-3 адам) монополист – алыпсатардың рөлін ойнайды. Әр алыпсатар – монополист өзіндік ерекше тауарға ие.
-
Басқа студенттер сатып алушылар болып табылады. Әр студент тек бір ғана тауарға сұраныс білдіре алады.
-
Ойын негізінде «монополист» студенттердің арасында жүреді. Ең жоғары пайда алған монополист жеңеді. Ол үшін монополист сұранысты арттыру мақсатында өз тауарын жарнамалауы қажет.
-
Монополист рыноктағы нақты жағдайға қарап тауардың көтерме бағасын белгілейді. Осы баға монополисттің пайдасына әсер етеді. Егер баға өте жоғары болса монополист зиян шегуі мүмкін. Дегенмен, баға өте төмен де болмауы тиіс. Егер баға нөлге тең болса, онда монополист тауарды «ұрлап алған» деп есептейміз.
-
Монополист сатып алу бағасын жасырын түрде (сатып алушылардың жеке сұраныстарына әсер етпеуі керек) сатып алушыға хабарлайды (бұл «коммерциялық құпия» деп аталады).
-
Студенттер – сатып алушылар белгілі бір сатушыны қолдау («пулмен дауыс беру») мақсатында қатысады. Әр сатып алушы бір тауарды таңдайды және оған сұраныс жасайды.
-
Егер сатып алушы сұраныс заңына сай келмейтін сұраныс жасаса, онда бұл сатып алушы бар құқығынан айрылады және оның ойынға қатысу үшін жасаған өтініші қабылданбайды. Өз кезегінде бір сатушы осы сатып алушының қолдауынан айырылады.
-
Жеке сұраныс кестесін толтыру барысында аудиторияда әр тауардың бағасының өзгеру диапазоны туралы дискуссия болады. Дискуссия нәтижесінде әр тауардың күтілетін мүмкін бағаларының (4-5 мән) мәндер жинағы дайындалады. Бұған максималды және минималды мүмкін мәндер міндетті түрде кіреді.
-
Бағалар диапазоны туралы дискуссияға тауардың сатушысы қатыспайды, өйткені ол міндетті түрде бағаның көтерілуін және тепе-теңдік бағаның жоғарылауын қалайды.
-
Бұл ойында оқытушы ұйымдастырушылық қызметтер атқарады және қажетті есептеулерді тақтаға жазып отырады (есептеулерді студентке тапсыруға болады).
Ойынға дайындық
-
Әр тауар үшін мүмкін бағалар мәндерінің санын белгілеу (бізде ол 4-ке тең).
-
Жеке сұраныс жазу үшін «бланк» дайындау керек (кесте 6.2).
-
Кесте 6.2 - Жеке сұранысты анықтау үшін бланк
|
А.Ә.Т. |
|
|
|
тауар |
|
|
|
№ |
Баға |
Сұраныс |
|
1 |
|
|
|
2 |
|
|
|
3 |
|
|
|
4 |
|
|
Ескерту.
Сатуға ұсынылған тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзара сәйкес болуы керек. Мысалы, пирожки, балмұздақ, авторучка және т.б. Ойынға қатысушы студенттер салыстырмалы түрде өзара сәйкес ақша көлеміне (100-200 теңге) ие. Сатып алушы – студенттер жеке сұраныстарын білдірер кезде осы шектемені ескеруі керек. Кез келген өнімді сатып алу кезіндегі сатып алушының шығындары олардың қолда қаржысынан асып кетпеуі керек.
-
Алдымен сатушы – студенттер аудитория алдында өз тауарларына жарнама
жасаулары керек.
Кейс-стади «Біріктіру тімділігін талдау»
Vodafonе британдық компаниясы Mannesmann AG неміс концернін 190,68 млрд. долларға сатып алды (өзіне қосып алады) деп РосБизнесКонсалтинг агенствосы хабарлайды. Келісімшарт негізінде Mannesmann компаниясы біріккен компания акциясының 49,5% үлесіне ие болады. Ұзақ уақыт бойы бұл екі компания да Германия, Франция, Италья рыноктарында қалта телефон саласында жұмыс жасаған.
Европалық мамандардың бағалауы бойынша біріккен жаңа ең ірі компания әлемнің 15 елінің телекоммуникация рыногындағы 30 млн. тұтынушыға қызмет көрсететін болады.
Mannesmann-нің атқарушы директоры Клаус Эсер келісімшартқа байланысты өзінің орнын босатады. Жаңа компанияны Vodafonе – ның бурынгы директоры Крис Гент басқаратын болады.
BBC News хабарлағандай Vodafonе және французс конгломераты Vivendi мықты европалық Интернет-портал және еонтинентальаралық телефондық жүйе құруды жоспарлап отыр.
Vodafonе J-Phone төрт компанияны біріктірді. (08.08.2001).
Vodafonе Group компанияның президенті Кристофер Гент дүйсенбі күні компанияның бәсекегеқабілеттілігін арттыру мақсатында негізгі төрт акционерлерінің акциясын біріктіру және ол біріктіруді осы күзде жүзеге асыруы мүмкін екендігі туралы хабарлады.
Vodafonе Group компаниясының талдаушыларының (аналитиктерінің) болжамы бойынша жаңа компанияның келер жылғв табысы 6,5%-дан 5%-ға төмен болмақ. Өйткені күннен-күнге артып келе жатқан бәсеке деңгейі өнім бағасын көтеруга мүмкіндік бермейді.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
Vodafonе – нің бірігуі тиімді болды деп есептеуге болады ма?
-
Экономикалық тұрғыдан зерттегенде бірігудің кері әсерлері туралы не айтасыз?
-
Сіздің ойыңызша Vodafonе – ның бірігуі қоғам үшін қаншалықты тиімді болмақ?
-
Мемлекет ретінде сіз бұл компаниялардың бірігуін қолдар ма едіңіз?
Дисскусия
-
Қазақстан Республикасында ҚазақстанТемірЖолы, Қазақтелеком, Орталықтан жылыту жүйелері сияқты табиғи монополиялық кәсіпорындар бар. Жылыту орталығы тарифтерінің бағасын 80%-ға жоғарылатты. Осы жағдай мемлекеттің экономикасына, халықтың (соның ішінде сіздің отбасыңыздың) әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалай әсер етті? Бұл қалыпты жағдай ма? ҚР монополияға қарсы күрес туралы заңы жұмыс істеп жатыр ма?
-
Монополия бәсекені шектейді. Онда мемлекет не үшін табиғи монополияның
қалыптасуына, қызмет етуіне жол береді?
Қорытынды
Семинар сабағының сұрақтарын талқылау барысында студенттер бәсеке, монополия, жетілген бәсеке, жетілмеген бәсекежаңа түсініктер туралы материалдармен ақпараттандырылды.Ойынға қатыса отырып, тақырып бойынша өзіндік пікірлерін білдірді. Антимонополиялық заңдардың ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екені туралы өзіндік пікір қалыптастырады. ҚР экономикасындағы бәсекелік жағдай туралы ақпарат алмасты.Соңынан студенттер бағаланып, семинар сабағы аяқталады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Бақылау сұрақтары:
-
Нарықтың қандай белгілер бойынша жіктеледі?
-
Бәсеке: жақсы және жағымсыз жақтары
-
ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігі қандай (нақты статистикалық ақпараттар негізінде пікір талас )?
-
Салада бәсекенің жоқтығын қай белгіден көруге болады?
-
Олигопсония кезіндегі нарықтық жағдай қандай болады?
-
Монополия кезіндегі нарықтық жағдай қандай болады?
-
Олигополия кезіндегі нарық жағдайы қандай болады?
-
Не үшін монополия мен бәсеке түсінігі бір-біріне қарама-қайшы ұғым болып табылады?
Тесттік тапсырмалар:
1. Олигополия – бұл:
а) еркін бәсеке нарығы
б) монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистердің бірлестігі
в) бірнеше ірі фирмалар билік ететін және біртекті немесе дифференциялданған тауар өндіретін нарық
г) еркін бәсеке нарығы, монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистер бірлестігі
д) нарықта бір фирманың билік етуі
2. Жетілген және монополистік бәсеке нарықтарының ортақ белгісі қандай?
а) нарықта сатушылар мен тұтынушылардың көп болуы
б) біртекті тауарлар сатылады
в) дифференциялданған тауарлар сатылады
г) жоғары деңгейлі технологиялардың болуы
д) өз өніміне сұраныстың болуы
3. Қандай жағдай «жетілген бәсеке» нарығына қайшы?
а) барлық тұтынушылар мен сатушылар баға туралы толық мәлімет ала алады
б) стандартты тауар шығаратын көптеген фирмалар салаларда қызмет етеді
в) ағымдық бағамен тауарды сатып алатын көптеген тұтынушылар бар
г) нарыққа ену кезінде кедергілер жоқ
д) нарыққа ену кезінде кедергілер жоғары
4. Монопсония нарығына сай жағдайды көрсетіңіз:
а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар
б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар
в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар
г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар
д) бір сатушы мен бір тұтынушы
5. Олигополия кезіндегі нарық жағдайын көрсетіңіз:
а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар
б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар
в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар
г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар
д) бір сатушы мен бір тұтынушы
6. Монополия кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:
а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар
б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар
в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар
г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар
д) бір сатушы мен бір тұтынушы
7. Олигопсония кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:
а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар
б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар
в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар
г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар
д) бір сатушы мен бір тұтынушы
8. Қандай жағдай таза монополияға сай емес?
а) сатушы- жалғыз өндіруші, сала- бір фирманың синонимы
б) шығарылатын өнімнің алмастырушысы жоқ
в) нарыққа ену салыстырмалы түрде жеңіл
г) тауар бғасына, өндіріс көлеміне бақылау бар
д) нарыққа ену кедергілері жоғары
9. Бәсекелестік нарық механизміне тән емес:
а) шаруашылық субьектілерінің еркіндігі
б) баға қоюдың еркіндігі
в) нарықтағы қандай да бір субьектінің монополды жағдайы
г) тауар өндірушілердің бәсекесі
д) мемлекеттің экономикада минимальды қатысуы
10. Ауылдық жерде жалғыз бензоколанка болса, онда ол…
а) монопсония
б) монополия
в) олигополия
г) олигопсония
д) нарықтағы кез-келген жағдай
11. Әділетсіз бәсекеге жатпайды:
а) техникалық құпияны ұрлау
б) бөтен тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану
в) бәсекелік өнімнің сапасын жақсарту
г) басқа фирманың тауарды сыртқы безендіруін көшіріп алу
д) бәсекелес фирманың жұмысшыларын қаржымен қызықтыру
12. Бағалық емес бәсеке амалына жатпайды:
а) бәсекеге түсетін өнімнің сапасын арттыру
б) жарнама
в) жоғары баға қою
г) көрме ұйымдастыру
д) жәрмеңке өткізу
13. Салада бәсекенің жоқтығын қай белгіден көруге болады?
а) экономикадағы пайданың деңгейі қалыпты деңгейден төмен болса
б) саладағы фирманың өндірісті кеңейтуге қабілетсіз болуы
в) басқа кәсіпкерлерде осы салаға ену мүмкіндіктерінің болмауы
г) саладағы еңбек ақының экономикадағы орташа деңгейден төмен болуы
д) кез келген субъектілердің салаға еркін кіруі
14.Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңы қандай нормативтік актіде негізделген?
а) «табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы
б) антимонополиялық саясаттың бағдарламасы
в) кәсіпорын іс әрекетінің бағдарламасы
г) Шерман заңы
д) монополды билік
15. Саудада демпингке қарсы қандай заң қолданылады?
а) антимонополиялық заң
б) құн заңы
в) салық заңы
г) ұсыныс заңы
д) сұраныс заңы
-
Тақырып. Капитал (қорлар).
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 70-78 бб. |
Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г. |
Табыс
пен капиталға қосарланған салық
салуды болдырмау және салық төлеуден
жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан
Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi
арасындағы конвенцияны бекiту
туралы |
|
Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 105-112бб. |
Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г. |
Қазақстан
Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне ұжымдық инвестициялау және
жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiнiң
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы |
|
Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 75-80бб. |
Мамыров А.К. «Микроэкономика» Алматы, 2001 |
|
Сабақтың мақсаты
-
Капитал, негізгі капитал, айнымалы капитал, капитал айналысы, амортизация, амортизациялық жарна, капиталдың тозуы: физикалық және моральды тозу, инвестиция түсініктерінің мағыналарын талдау.
-
Капитал – экономика дамуының негізі екенін түсіндіру.
-
Экономикалық субъект ретінде өз капиталын қалыптастыруға, оны тиімді пайдалануға үйрету.
Оқытудың міндеттері:
-
Кейс – стади бөліміндегі жағдайлық тапсырмаларды талдау.
-
Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талдау.
-
Тест тапсырмасымен жұмыс жасау.
Негізгі түсініктер: Капитал, негізгі капитал, айнымалы капитал, капитал айналысы,амортизация, амортизациялық жарна, капиталдың тозуы.
Жаңа түсініктер:Капитал, негізгі капитал, айнымалы капитал, капитал айналысы,амортизация, амортизациялық жарна, капиталдың тозуы: физикалық және моральды тозу,
инвестиция.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Фирма – нарықтық экономиканың негізгі институты.
-
Кәсіпорынның (фирманың) ұйымдық - құқықтық формалары.
-
Фирманың капиталы және оның құрылымы.
-
Капитал айналымы. Негізгі және айнымалы капитал.
-
Инвестиция - өндірістік қорларды қаржыландыру көзі ретінде.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Кейс-стади
-
А мемлекетіне «Кока – кола» компаниясы завод ашты 1млн. долларға. Сол
завод 1-жылы 100 мың литр өнім алды. Нәтижесінде 300мың доллар пайда көрді. 2-жылы негізгі капиталға сол пайданы инвестициялады. Нәтижесінде екінші жылы 700 мың литр өнім алды. А мемлекетінде халық (тұрғандар) саны 900мың адам болса, 3-жылы алдыңғы екі жылда түскен табысты қайта салудың (инвестициялаудың) маңыздылығы бар ма, жоқ па? Жауабыңызды негіздеңіздер.
2. 2011 жылғы парламенттің алғашқы отырысында 2010 жылы еліміздің экономикасы саласындағы жұмыстар есебі тыңдылды.
Республикамыздағы қысқы жылу беру маусымында орын алып отырған кейбір келеңсіздіктер туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы қыста Өскемен, Қостанай, Ақтөбе және Көкшетау қалаларында жылу режімінің нормалары сақталмаған. Елімізді электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінде осы жылу беру маусымында 40-қа жуық технологиялық келеңсіздіктер орын алған. Мәселен, Теміртау қаласындағы энергиялық жүйенің істен шығуына байланысты қала тұрғындары 6 сағат бойы жарықсыз қалған. 4 қаңтарда Қарағанды облысының Приозер қаласының бу қазанында болған апаттың салдарынан қаладағы барлық 53 көп қабатты үйлердің жылу жүйесіндегі суды ағызып жіберуге тура келген. Қала тұрғындары бірнеше күн жылусыз қалған. Қазіргі күнге дейін осы 53 көп қабатты тұрғын үйдің 14-і жылу жүйесіне қосылмаған.
Жаңа жылдың 5 және 7 қаңтары күндерінде Семей қаласының №1 ЖЭО-да бірнеше апат орын алған. Осының салдарынан Семей қаласының жылу жүйесі толық істен шығудың аз-ақ алдында қалған. Әлі күнге дейін қаланың солтүстік жағалауындағы жылу жүйесінің кемшіліктері жойылмай отыр. Қаланың бұл бөлігіндегі тұрғын үйлерге берілетін жылу нормадан әлдеқайда төмендеп кеткен. Шұғыл қолға алынған шаралардың нәтижесінде қаладағы 5 бу қазаны іске қосылған. Алайда әлі күнге дейін Семейдің №5 бу қазанындағы жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Семей қаласындағы «ең жас» бу қазандары кемінде 70 жылдан бері пайдаланылып келеді. Сондықтан бұл қалада түбегейлі шаралар атқарылып, жаңа жылу орталығын салмайынша іс оңға баспайды. Семей қаласының жылу жүйесінде орын алған осы келеңсіздіктерге байланысты
Үкімет басшысы арнайы комиссия құрды, комиссия төрағасы етіп сізді тағайындады және жағдайды толық зерттеуді жүктеді.
Талдау үшін сұрақтар:
-
Жоғарыда берілген мәліметтер негізінде еліміздің аталған қалаларындағы жылу жүйелерінің капиталмен жабдықталуы туралы пікіріңіз қандай?
-
Аталған қалалардың жылу жүйелеріндегі кемшіліктердің орын алуындағы негізгі себептерді талдаңыз және сол кемшіліктерді жою үшін қандай ұсыныстар айтар едіңіз?
-
Жоғарыда аталған аймақтардың инвестициялық жағдайы туралы сіздің пікіріңіз.
3. 2010 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ активтері 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 13 пайызға артып, 221,3 млрд. теңгеден 250,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Осы мерзімде заңды тұлғалардың салымы 30%-ға артып, 115,1 млрд. теңгеден 150,1 млрд. теңгеге жетті. Клиненттерге берілген кредиттер 59,7%-ға артып, 96,5 млрд. теңгеден 154,1 млрд. теңгеге дейін өсті. 2010 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша банктің өз капиталы 37,8 млрд. теңгені құрады, жыл басынан бергі осы мерзімдегі таза табысы 806,6 млн. теңгеге жетті. 2010 жылдың 1 қарашасында Қазақстандағы рейтингі бойынша банк өз капиталы бойынша – 8 орын, таза табыс бойынша – 11 орын және активінің көлемі бойынша 11 орын алады.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
«Сбербанк» АҚ – ның президентісіз. Сіз банк президентті ретінде несие беруді
жалғастырар ма едіңіз?
-
Берілген ақпараттар негізінде банктің экономикалық жағдайына талдау жасаңыз.
-
Актив көлемі бойынша 11 орынды иелену, бұл жетістік пе?
Дисскусия
-
Адам – экономикалық субъект, яғни экономиканы дамытуға қабілетті мүмкіндіктер жиынының иесі. Сонда «Капитал – экономикадағы басты қозғаушы күш» деген пікірмен келісесіз бе? Адам мен капиталдың өзара байланысы қандай?
-
Инвестиция – бұл ірі қаржы салымы. Капитал - өндіріске қажетті құралжабдықтар жиыны. Демек, екеуі екі түрлі түсінік, алайда капитал мен инвестиция түсініктерін не үшін бір-бірімен байланыстыра қарастырады?
-
Адамның физикалық және ой еңбектері капиталға жатады ма? Неге?
Қорытынды
Семинар сабағының сұрақтарын талқылау барысында капитал туралы, оның экономикадағы маңызы, қызметтері туралы білімдерін жетілдіреді. Өндірістегі капитал түрлерін ажырата, негізгі капиталдың тозуынанықтаудыүйренеді. Студенттер өздерін капитал иесі рөліне қоя отырып, капиталды тиімді пайдалану туралы ұсыныстарын айтады. Сабақ соңында студенттер сабақ кезінде көрсеткен білімдеріне бағаланады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Бақылау сұрақтары:
-
Негізгі және айнымалы каиталды талдаңыздыр (нақты мысал негізінде).
-
Негізгі капиталдың тозу түрлерін анықтаңыз және себептерін түсіндіріңіз.
-
Амортизацияны есептеу әдістері.
-
Инвестиция дегеніміз не?
-
Капитал мен инвестиция түсініктерін не үшін бір-бірімен байланыстыра қарастырады?
Тесттік тапсырмалар:
1. Тұрақты капитал деген не? (К.Маркс)
а) физикалық қасиеті бойынша тұрақты
б) өндіріс үрдісінде оның құны өспейді
в) физикалық қозғалмайды
г) пайдалану үрдісінде түрін өзгертпейді
д) барлық аванстық капитал
2. Өзгермелі капитал деген не (К.Маркс)?
а) бір химиялық жағдайдан басқа жағдайға өтеді
б) физикалық қозғалады
в) пішіні, түрі өзгереді
г) қосымша құнды қалыптастыра отырып, пайдалану үрдісінде оның құны өседі
д) пайдалану үрдісінде оның құны кемиды
3. Тұрақты және өзгермелі капиталға бөлудің себебі (К.Маркс):
а) өндіріс процесіне қатысуы әр түрлі
б) ұдайы өндірістегі ерекшеліктері әртүрлі
в) қосымша құнды жасаудағы рөлдері әр түрлі
г) натуралдық нысандары әртүрлі
д) еш айырмашылығы жоқ
4. Қосымша құн қалай пайда болады (К.Маркс)?
а) тауарды өз құнынан жоғары бағада сату арқылы
б) тауар құнынан бағаның ауытқуы арқылы
в) жұмыс күші- тауарды тұтыну арқылы
г) жұмыс күшін өз құнынан төмен бағада сатып алу арқылы
д) өндіріс құралдарын пайдалану арқылы
5. Шекті өнім қалай анықталады?
а) өнімнің өсімшесінің ресурстың өсімшесіне қатынасы арқылы
б) барлық өнім көлемінің ресурстың өсімшесіне қатынасы арқылы
в) жалпы өнімнің өсімшесі арқылы
г) өнімнің өсімі болмаған жағдайда
д) жұмыста машина қолдану арқылы
6. Кез келген өндіріс факторының қосымша бірлігін арттыру арқылы алынған өндірістің өсішесі қалай аталады?
а) ақша түріндегі шекті өнім
б) қосымша тауар бірлігінен алынатын шекті табыс
в) өндіріс факторының шекті өнімі
г) өнімге сіңген еңбек мөлшері
д) натуралды түрдегі шекті өнім
7. Өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен өндіріс көлемі арасындағы өзара байланыс қалай аталады?
а) еңбектің өсуі
б) өзіндік құн
в) икемділік
г) сатылу көрсеткіші
д) өндірістік функция
8. Изокванта дегеніміз- .......
а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны
б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық
в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық
г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық
д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық
9. Изокоста дегеніміз-.....
а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны
б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық
в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық
г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық
д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық
10. Өндіріс факторларының өнімділігінің кему заңы:
а) уақыт өте жердің өнімділігі төмендейді
б) барлық ресурстар олардың өнімділігінің кемуіне қарай өндіріске тартылады
в) өзге факторлардың шығындарын тұрақты қалдырып, өзгермелі ресурстардың санын арттыру оның шекті өнімін төмендетеді
г) өзгермелі фактордың шекті өнімі көбейеді, ал жалпы өнім төмендейді
д) масштабтың оң әсері байқалады
11. Жалпы өнім бұл-.....
а) өзгермелі шығындар нөлге тең болғандағы өндірістің көлемі
б) өндірістің барлық факторларын қолданудан алынатын өндіріс көлемі
в) өндіріс факторларының тұрақты жағдайындағы өндірістің өсімі
г) қосымша өндіріс факторларын енгізгендегі өндірістің өсімі
д) тұрақты шығындары нөлге тең болғандағы өндіріс көлемі
12. Орташа өнім бұл-
а) тұрақты фактор бірлігін пайдаланудан алынады
б) өндірістің барлық факторларын пайдаланудан алынады
в) өндірістің өзгермелі фактор бірлігін пайдаланудан алынады
г) өндірістің тұрақты факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады
д) өндірістің өзгермелі факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады
13. Өндіріс факторының бағасы өскенде, фирма қысқа мерзімде не істеуі қажет?
а) осы фактор санын көп мөлшерде қолдану керек
б) осы фактор санын аз мөлшерде қолдану керек
в) осы фактор санын бұрынғы көлемде қолдану керек
г) өндіріс факторын қолдану оның бағасына қатысты емес
д) өндіріс факторының бағасы оны қолдануға әсер етпейді
14. Капиталдың қорлануы дегеніміз-
а) өндірісті кеңейту үшін қосымша құнның бір бөлігін қолдану
б) қосымша құнның бір бөлігін байлыққа айналдыру
в) қосымша құнның бір бөлігін банк шотында жинау
г) қоймадағы тауарлар
д) мерзімді депозит
15. Тұрақты капитал деген не?
а) физикалық қасиеті бойынша тұрақты
б) физикалық қозғалмайды
в) пайдалану кезінде оның құны өспейді
г) пайдалану үрдісінде түрін өзгертпейді
д) барлық аванстық капитал
10.Тақырып. Өндіріс шығындары.
-
Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
Құқықтық нормативті актілер
Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 110-118бб.
Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г.
Шаруа (фермер) қожалығы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214 29.12.2008 ж.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 60-64бб.
Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң электр энергетикасы жүйелерiнiң орнықты қосарлас жұмысын қамтамасыз ету үшiн ресурстар резервiн жасау және оларды тиiмдi пайдалану туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы N 106-IV ЗаңыӘубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 68-75бб.
Мамыров А.К. «Микроэкономика» Алматы,2001
Сабақтың мақсаты
-
«Өндіріс шығындары» тақырыбын түсіндіру және талдау.
-
Өндіріс шығындары, тұрақты және өзгермелі шығындар, орташа шығындар, жалпы шығындар, таза пайда, шекті шығындар, шекті пайда түсініктерінің мағыналарын түсіндіру.
-
Экономикада өндіріс шығындарын анықтаудың маңыздылығын түсіндіру.
-
Студенттерге экономикалық субъек ретінде өз шығындарын минималдаудың маңыздылығын түсіндіру және минималдау жолдарын ұсыну.
Оқытудың міндеттері:
-
«Фирманың экономикалық жағдайы» тақырыбындағы жағдайлық тапсырманы орындауға қатысу және талдау.
-
Мәселелік сұрақтарды талдау.
-
Тақырып бойынша берілген есептерді шығару.
-
Тақырып бойынша берілген тестік тапсырмаларды орындау.
Негізгі түсініктер: Өндіріс шығындары, тұрақты және өзгермелі шығындар, орташа
шығындар, жалпы шығындар, таза пайда, шекті шығындар, шекті пайда.
Жаңа түсініктер:Өндіріс шығындары, тұрақты және өзгермелі шығындар, орташа
шығындар, жалпы шығындар, таза пайда, шекті шығындар, шекті пайда.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
1. Өндіріс шығындары түсінігі. Экономикалық және бухгалтерлік шығындар.
-
Шығын түрлері.
-
Ұзақ және қысқа мерзім кезеңіндегі өндіріс шығындары және олардың өзара байланысы.
-
Шығындарды минималдау және шығындарды максималдау.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Жағдайлық (ситуациялық) есептер:
-
Орташа өзгермелі шығын AVC=2Q6 формуласымен берілген. Егер FC=20 болса, онда өнім көлемі 30 болғанда TC-ді анықтаңыз? Өнім көлемі 20 болғандағы өзгермелі шығынды анықтаңыз?
-
Айына 500 пар аяқ киім шығаратын фирманың тұрақты шығыны FC=300 мың.тенге/жыл. Жиынтық (TC) және орташа (AC) шығындарын анықтаңыз, 1 пар аяқ киім бағасы 2000 теңге екені белгілі.
-
Егер фирма бағасы 20 доллардан 10 бірлік өнім шығарса және орташа жалпы шығындар 5 доллар дейік, онда оның таза пайдасының мөлшері қанша болады?
-
Қысқа мерзімде фирма 100 өнім бірлігін өндіреді. Орташа айнымалы шығындар 2доллар, орташа тұрақты шығындар 1 доллар болғанда фирманың жалпы шығындары қанша болады?
-
Сіздің фирманың бухгалтері осы фирманың өндіріс шығындары бойынша есебін жоғалтып алды. Ол тек кейбір мәліметтерді есіне түсірді. Ал сіз қалған мәліметтерді орнына келтіре аласызба?
-
Q
FC
AVC
ATC
TC
2
10
100
4
20
200
6
30
240
8
40
270
Кейс-стади
«Фирманың экономикалық жағдайын талдау» «Султан» фирмасының қызметі мысалында
«Султан» кәсіпкерлік фирмасының бастығы Султанбаев А.Ж. азық-түлік нарығындағы фирмасының жағдайын талдау үшін (фирма қызметінің 2010 жылғы нәтижесі бойынша) Сізді эксперт ретінде шақырды. Султанбаев А.Ж. бұрын «3 желания» деп аталатын ірі компанияның азық-түлік тауарлар бөлімінің бастығы болып жұмыс жасаған және 10 000 доллар көлемінде айлық алып отырған және оны жұмысы да, жалақысы да қанағаттандыратын. Дегенмен өзін бизнес әлемінде сынамақ болған ол өз ісін ашуға шешім қабылдайды.
«Султан» фирмасының жағдайы жұмысы жақсы жүріп жатса да Султанбаев А.Ж. өз бизнесіне сенімсіздікпен қарайды. Бизнесінде өзін нақты не мазалайтындығын анықтай алмайды. Сондықтан ол өз фирмасының экономикалық жағдайын және даму болашағын бағалау үшін эксперт шақыртады. Султанбаев А.Ж. экспертке қызметі үшін 1000 доллар көлемінде ақы төлейді және оның жасайтын қорытындысы мен ұсынысын күтеді. Оны сонымен қатар импортталатын азық-түліктерге баж салығы 5-6%-ға артады деген ресми жаңалық жасалғандықтан азық-түлік нарығының жалпы жағдайы, өз фирмасының алдағы 2 жылдағы даму мүмкіндігі қызықтырады.
Ал сіздің ол «Султан» фирмасымен таныстығыңыз «Біз импортталатын жоғары сапалы азық-түлік тауарларды сатамыз. Мүмкін біздің бағаларымыз сіздерге жоғары болып көрінетін шығар, бірақ біздің тауарлардың сапасы өте жоғары. Сіздер үшін біз жылына 50 апта жұмыс жасаймыз! Сіздерді сейсенбі-сенбі күндері аралығында күтеміз!»
«Султан» фирмасының штаты көп емес. Фирмада екі менеджер (жалақылары 100 доллар аптасына), бір тасушы (грузчик) (жалақысы 50 доллар аптасына) жұмыс жасайды. Сату ғимаратын жалға алған және оның жалға алу бағасы – 10 000 доллар. Фирмада жұмыс жасау мерзімі 50 жылды құрайтын құны 17 500 долларлық автотасымал бар. Фирма сату жұмыстарымен айналысу мақсатында 2 300 долларға бір жылдық лицензия алады. Аймақты тазалау мен қорғау жұмыстарының құны жылына 700 долларды құрайды. Бір жылда өнім сатып алу үшін 60 500 доллар жұмсалған. 2006 жылы «Султан» фирмасы 119 000 долларға өнім өткізді.
Тауар айналымын жасау үшін А.Ж.Султанбаевқа 80 000 доллар қажет. Оның меншік капиталы жеткіліксіз болғандықтан банктен 20% жылдық пайыздық мөлшерлемемен 3 жылға 20 000 доллар несие алды.
Жылдық барлық мезгілінде қарастырылып отырған нарықта сұраныс жоғары болады. Сенбі, яғни демалыс күні тұтынушылар өте көп болатындықтан А.Ж.Султанбаевтың өзі сату орнынында тұруына тура келеді. Енді ол өз бизнесін кеңейту туралы ойланып жүр, бірақ эксперттің қорытындысынсыз ол өз ойын жүзеге асыруға шешім қабылдай алмайды.
Талқылау үшін сұрақтар:
-
Фирманың экономикалық жағдайын бағалаңыз. «Султан» фирмасының табыстылығы туралы не айтуға болады?
-
А.Ж.Султанбаев өз бизнесін жалғастырғаны, жапқаны немесе кеңейткені дұрыс па? Сіздің ойыңызша, оның сенімсіздігі неден пайда болды?
-
Жоғарыда берілген мәлімет бойынша фирма үшін қандай болжам жасауға болады?
-
Егер жақын арада қазақстандық салықтық заңнамада бизнеске салынатын салықты төмендету туралы шешім қабылданса, онда кәсіпкер басқаша шешім қабылдайды ма?
Дисскусия
-
«Х» Фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Осы кәсіпорынның негізгі бухгалтерлік шығындарынын атаңыз. Бұл жағдайда қандай айқынсыз шығындар орын алуы мүмкін?
-
Тұрақты шығындар айнымалы шығындардан қалай ерекшеленеді?
-
Шекті шығындарды анықтаудың фирма үшін маңыздылығы қандай?
-
Пайданы қандай жолдармен максималдауға болады?
-
Бағаны, шекті шығындарды, шекті табыстарды салыстыру нәтижесінде қандай қорытындылар жасауға болады?
Қорытынды
Семинар сабағына берілген сұрақтар талқыланды. Жағдайлық есептер шығару арқылы студенттер нақты есептеулер жүргізуге қалыптасады. Нақты фирма мысалында кәсіпкер ретінде өз қызметіндегі тәуекелдерді болжау, шешім қабылдау туралы өзара мәліметтер алмасады, ұсыныстар айтады. ҚР шағын кәсіпкерліктердің қызмет етуіндегі ерекшеліктер туралы азара пікір алмасады. Соңынан студенттер бағаланып, семинар сабағы аяқталады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Тұрақты шығындар – бұл...
а) кез келген өнім көлемінің минималды шығындары
б) айқын емес шығындар
в) фирма ешқандай өнім өндірмесе де болатын шығындар
г) саты алу кезіндегі баға бойынша ресурстарға кеткен шығындар
д) жер иелері мен жұмысшыларға төлем
2. Өндіріс көлемінің оптималды көлемін анықтауда ескерілмейтін шығындар:
а) орташа
б) айнымалы
в) шекті
г) бухгалтерлік
д) жалпы
3. Тұрақты және өзгермелі шығындар түсінігі:
а) ұзақ мерзімді кезеңде болады
б) қысқа мерзімде болады
в) монополистік нарықта болады
г) жетілген бәсеке нарығындаболады
д) жетілмеген бәсеке нарығында болады
4. «Экономикалық шығын» ұғымына жататындар:
а) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал иелеріне барлық төлемдер
б) жалпы
в) жұмысшыларға, кәсіпкерлерге төлем минус қалыпты пайда
г) жұмысшылардың, жер иелерінің, капитал иелерінің тек өндірістік ресурстары үшін ғана төлемдер
д) жалдамалы жұмысшылардың жалақысы мен кәсіпкерлердің тәуекелі үшін төлем
5. Өндіріс шығындарын төмендету:
а) пайдамен байланысты емес
б) пайданың пайда болу шарты
в) бугалтерлік пайданы қалыптастырады
г) пайданың азаюына әкеледі
д) экономикалық пайданы қалыптастырады
6. Жалпы шығындар – бұл...
а) экономикалық шығындар
б) тұрақты шығындар
в) өзгермелі шығындар
г) өзгермелі шығындар мен тұрақты шығындар
д) бухгалтерлік шығындар.
7. Орташа шығын:
а) өнім бірлігіне кеткен шығындар
б) өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындар
в) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар
г) өнім бірлігіне кеткен тұрақты шығындар
д) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы
8. Бухгалтерлік шығын – бұл...
а) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы
б) өнімді өндіру және сату шығындары
в) өнімнің өндірілуіне кеткен ақшалай шығындар
г) ресурстың құны оны сатып алу бағасына тең
д) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар
9. Жалпы табыс– бұл...
а) сатудан түскен түсім минус бухгалтерлік шығын
б) барлық өнімді сатудан түскен табыс
в) өндірілген жалпы өнімнің құны
г) сатудан түскен түсім минус экономикалық шығын
д) қосымша өнімді сатудан түскен табыс
10. Шекті табыс – бұл...
а) сатылған бір өнімге келетін жалпы табыс
б) бір өнімге келетін жалпы табыс
в) сатылатын өнім бірлігін өзгерту нәтижесінде алынатын қосымша табыс
г) өнім бірлігіне келетін орташа табыс
д) барлық өнім сатудан түсетін жалпы табыс
11. Өндіріс шығындары құннан қалай ажыратылады?
а) сандық
б) сапалық
в) сандық және сапалық
г) айырмашылығы жоқ
д) жалпы салыстыруға болмайды
12. Төменде көрсетілген шығындардың қайсысы тұрақты шығындарға жатады?
а) жұмысшылар жалақысы, амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер
б) басқарушы қызметкерлердің, күзетшілердің жалақысы, несие бойынша %, амортизациялық аударымдар
в) еңбек қауіпсіздігі, күзет, шикізат пен құрал – жабдық шығындары
г) шикізат, электроэнергия, рента, несие бойынша % шығындары
д) шикізат, отын, электроэнергия үшін төлемдер
13. Қысқа мерзімде фирманың айнымалы шығындарын туындататын факторлар:
а) банктік несие пайызының өсуі
б) жергілікті салықтың өсуі
в) шикізат бағасының өсуі
г) құрал жабдыққа арендалық төлемнің өсуі
д) амортизациялық аударымның өсуі
14. Өндіріс факторының бағасы өскенде, фирма қысқа мерзімді кезеңде не істеуі тиіс?
а) осы факторды көп қолдануы тиіс
б) осы факторды аз қолдануы тиіс
в) осы факторларды бұрынғы көлемде қолдануы тиіс
г) фактордың бағасы бұл факторды пайдалануға еш әсер етпейді
д) өнім бағасын төмендету қажет
15. Қалыпты пайда қай шығындармен байланысты?
а) ішкі
б) сыртқы
в) тұрақты
г) айнымалы
д) байланысы жоқ
Тақырып 11. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004. |
1 Никитин Р. Закон стоимости и механизм ценообразования. Экономические науки.М.: Прогресс, 2001. 2 Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999. 3. Ригер Р. Денежная политика в переходной период. Экономические науки. 2001. №5 4. Кузнецов Н. Либерализация денежного обращения: проблемы и подходы. Вопросы экономики 2006, №4 4-29 ст. |
Тұтынушылардың праволарын қорғау туралыҚазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы |
|
Макконелл К. «Экономикс» М., Республика, 2002 |
Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996 |
|
Мақсаты:
-Пайданың себебін анықтайтын факторлар туралы студенттердің білімін бекіту
- Студенттердің табыс табу жолдарына байланысты мәліметтермен коммуникативтілігін арттыру
- Қазіргі таңда табыс және пайда мәселесін дұрыс қолдану жолдарын қалыптастыру
- Кәсіпкерлік табыстарға және жалақыға байланысты ережелер бойынша құқықтық білімдерін қалыптастыру
Оқудың міндеттері:
-
Студенттердің өндіріс факторларынан түсетін табыс элементтерін меңгеруі
-
Студенттер берілген тапсырманы талдай алу керек
-
ҚР кәсіпкерлік қатынастарының ерекшелігін меңгеру.
-
Есептер ен тапсырмаларды өз беттерінше дұрыс шешімін табу.
Негізгі түсініктер: табыс, пайда.
Жаңа түсініктер: рента, пайда мөлшері
Қарастыратын негізгі сұрақтары
1. Өндіріс факторларының нарықтық бағасы өндіріс факторының шекті қосымша өнімі.
2. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде пайда мөлшері.
3. Жер рентасы мөлшерінің факторлық табысы.
4. Пайда кәсіпкерлік факторлық табысы ретінде. Пайда мөлшері.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Көрнекі құралдар:
- Карточкалар, кестелер, мультимедиялық аппарат.
Негізгі бөлім:
Семинар сабақ есептік тапсырмалар ретінде өткізу. Топты үш командаға бөліп, есептік тапсырмаларды және кейс-стадиді бірінші аяқтағаны жеңімпаз.
-
Төмендегі өндіріс факторлары нарығына тән ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз:
-
№
Еңбек нарығы
Капитал нарығы
Жер нарығы
Ақпараттар нарығы
1
2
3
-
Капитал өндіріс факторы ретінде қандай қажеттіліктерді қанағаттандырады?
-
Төмендегі жалақы нысандары мен түрлеріне сипаттама беріңіз:
-
Нақты
Номиналды
Келісімді
Мерзімді
-
Жылдар бойынша ҚР төмендегі және орташа жалақы деңгейін көрсетіңіз:
-
2006
2007
2008
2009
2010
-
Дифференциалды жер рентасының сипаттамаларын ашыңыз:
-
І-ші дифференциалдық рента
ІІ-ші дифференциалдық рента
-
Осы екі пункттегі талқылаулардың логикалық түсіндірмесін беріңіз:
-
Пайда, дәлірек айтқанда, пайдаға деген ұмтылыс жетілген бәсеке нарығында тепе-теңдік жағдайын бұзады;
-
Жетілген бәсеке нарығы – бұл экономиканың идеалды жағдайы;
Мәселелік жағдай:
-
Өндіріс факторларына нарықтық бағаның құрылуының негізін не құрайды?
-
Қандай себептерден өндіріс факторларына деген сұраныс қисығы жылжиды?
-
Оңға жоғары
-
Солға төмен
Неге осы қисық кез-келген жағдайда теріс бағытта болып келеді?
-
Егер де фирма алдына шығынды азайтып, пайданы көбейту керек деген міндетті қойса, проблеманың шешуі фирманың өндіріс факторларына сұранысын өзгерте ала ма? Неге? Ол қалай жүреді?
Дисскусия: «Жетілген бәсекелі нарықта пайданы жоғарлату жолдары» немесе «Қазіргі таңдағы мәселесі: ҚР табысқа байланысты қандай ережелерін білесіз және орташа жалақысы күнкөріске жете ме?» тақырыбында жүргізу.
Қорытынды: Есептік тапсырмалар, кестелерді толтыру негізінде студенттедің ой өрістері дамиды. Және де семинар сабақтарының сұақтарын талдау арқылы өндіріс факторларынан түсетін табыстарды, өмірлік жағдайларда түсетін пайда мәселелерін қарастырылып білімдері толықтырылады. Соңында сабақ қорытындыланып, студенттер бағаланады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Экономикалық пайда ненің айырашылығынан туындайды?
а) жалпы түсім мен өдірістің ішкі шығындары арасындағы айырма
б) жалпы түсім мен өдірістің сыртқы шығындары арасындағы айырма
в) жалпы түсім мен қалыпты пайда арасындағы айырма
г) жалпы түсім мен өдірістің барлық шығындары арасындағы айырма (ішкі шығынсыртқықалыпты пайда)
д) жалпы түсім мен балама шығындар арасындағы айырма
2. Қазіргі экономика ғылымындағы пайда ұғымының мәні:
а) барлық табыстардың жиынтығы: %, жалақы, рента, кәсіпкерлік пайда
б) тек капиталға %
в) қосымша құнның өзгерген түрі
г) новатордың табысы
д) кәсіпкер тәуекелі үшін қоғамның төлемі
3. Өндіріс факторлары нарығында бағаның құрылуы:
а) өндіріс факторларының бағалары тұрақты түрде төмендеп отырады
б) фирма мен сатып алушылардың нақты сұранысы бойынша өзгереді
в) өнім өндірісін арттыруға ықпал етеді
г) өзара алмастыратын және өзара толықтыратын өндіріс факторларының болуын байланысты емес
д) бағалары үнемі өсіп отырады
4. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, өндіріс факторларына сұраныстың икемді болуы:
а) өндірістің арзан факторларын ығыстырып шығарады
б) өндіріс шығындарын жоғарылатады
в) бағалары төмендеп, өндіріс шығындары азяды
г) бағалары өте жоғары болады
д) өндіріс шығындарын төмендетеді
5. Номиналды жалақының сатып алу қабілеті неден көрінеді?
а) жалақы қойылымынан
б) нақты жалақыдан
в) ақшалай жалақыдан
г) минималды жалақыдан
д) мерзімді жалақыдан
6. Мерзімді жалақыға қарсы жалақы түрі қандай?
а) аккордті
б) пайдадан алынатын пайыз
в) келісімді
г) сый ақы
д) дивиденд
7.Еңбекке сұраныс:
а) жалақы мөлшерімен тікелей байланысты
б) еңбекпен өндірілген өнімнің ұсынысымен тікелей байланысты
в) машина мен құрал – жабдықтарға сұраныспен анықталады
г) осы еңбекпен өндірілетін өнімге сұраныспен анықталады
д) еңбек сапасымен аынқталады
8. Жер рентасының пайда болуының алғы шарты не?
а) жерді жалға беру.
б) жердің құнарлылығы
в) жердің экономикалық құнарлылығы
г) жерге сұраныс
д) жердің ұсынысы
9. Жер бағасы қалай анықталады?
а) жер құнымен
б) жер рентасының көлемімен
в) қарыз пайызымен
г) пайыз және жер рентасының көлемімен
д) жоғарыда айтылғандардың жиынтығымен
10. Жердің табиғи сапасы қай рента түрімен байланысты?
а) абсолютті рента
б) дифференциялдық рента 1
в) дифференциялдық рента 2
г) дифференциялдық рента 1 және 2
д) жалдық төлем
11. Нарық экономикасында жалақы қойылымы қалай анықталады?
а) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы арқылы анықталады.
б) білікті жұмысшыларды жалдайтын фирмалар арасындағы бәсеке арқылы анықталады
в) білікті жұмысшылардың жұмыс орнын таңдау еркіндігімен анықталады
г) мемлекет пен кәсіподақтың реттеуі арқылы анықталады
д) кәсіпкерлердің ассоциациясы арқылы анықталады
12. Нақты жалақы –
а) жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүруге қажетті заттарының сомасы
б) жұмысшы күшін ұдайы өндіру үшін қажет тауарлар мен қызметтердің саны
в) номиналды жалақыға сатып алуға болатын тұтыну құндарының сомасы
г) жұмысшыға төленген ақшалай төлем
д) біліктілікті арттыру мен қайта дайындауға жұмсалынған ақша сомасы
13. Дифференциялды II рентаның пайда болуының шарты қандай?
а) жер телімдерінің құнарлылықтарының әртүрлілігі
б) жердің нарықтан әртүрлі қашықтықта орналасуы
в) жерге салынған қосымша капитал өнімділігінің әртүрлілігі
г) жер телімдерінің табиғи ерекшеліктері
д) өндіріс құралдарына жеке меншік
14. Қарыз капиталы мен өсімқорлық арасында қандай ортақ байланыс бар?
а) пайыз түрінде пайда алады
б) қарыз алушы – өндірістік емес тұтыну мақсатында әрекет ететін танымал ысырапшы
в) шағын тауар өндіруші
г) қарыз алушы – пайда алушы капиталист
д) олар қарыз алушы үшін де, қарыз беруші үшін де капитал
15. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші:
а) жан басына шаққандағы ЖҰӨ
б) жан басына шаққандағы ұлттық табыс
в) жан басына шаққандағы ұлттық байлық
г) таза ұлттық табыс
д) жалпы ішкі өнім