Файл: Грамматикалы тапсырмалар Берілген сздерді септедер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Грамматикалық тапсырмалар:

1. Берілген сөздерді септеңдер.

Мінез, еңбек

2.Отбасы мүшелерін атап жаз.

3. Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем  құраңдар.

Көркем , халық

 

1.Берілген сөздерді сөз құрамына талда.

(сыйлау,қамқорлық,кішіпейлдік,отбасылық)

2.Отбасы туралы 5,6 мақал – мәтел  жаз.

3.Мақал-мәтелді аяқтаңдар.

1.Әдепті бала-арлы бала, ... (бала-жапырақ)

2.Жақсыдан үйрен, ...    (ақыл басқа бітеді)

3.Ұлдың ұяты әкеге, ...  (ұшқанда соны іледі)

4.Балапан ұяда не көрсе,...  (қыздың ұяты шешеге)

5.Қына тасқа бітеді, ...        (жаманнан жирен)

6.Ата-бәйтерек, ...                           (әдепсіз бала-сорлы бала)
Грамматикалық тапсырмалар:

1.Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар

Үй................................................................................

Ана .............................................................................

Ата-ана........................................................................

Дос...............................................................................

Туыс..............................................................................

2.Отан туралы 5- мақал-мәтел дәптеріңе жаз.

3. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.

(бейне,ой,бас,би).

Тапсырмалар:

1-тапсырма:Жұмбақты шеш, көшіріп жаз

Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар өзінде.

 

Ауызша жұмыс:
1-тапсырма:Мақалды түсініп оқы, мағынасын түсіндір:


Тіл - қаруы сөз,

Сөз - қаруы ой

2-тапсырма:Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

 

1. Мен (о Родине) көп мақал-мәтел білемін. 2. Ыбырай Алтынсарин (для детей) мектептер ашты. 3. Астана қаласы (с каждым днем) өркендеп келеді. 4. Дина мен Гүлнұр (по телефону) сөйлесті.

 
Тапсырмалар:

1-тапсырма: Көп нүктенің орнына жалғаулық шылауларды қойып жазыңдар.

Мен асханадан ... шай ішсем, ... шырын ішемін.

Мұғалімдер ..., сыныптастарым ... асханадан тамақтанады.

Маған ботқа ... палау беріңіз.

 

2-тапсырма:Шығармашылық жұмыс:

 Өз мектептеріңдегі асхананы суреттеңдер.

 

3-тапсырма: Көп нүктенің орнына септік жалғауларын қою.
Салқын тағамдар....капуста немесе сәбіз салатын жеймін. Ал түсте асхана.... тамақтанамын. Біз... асханамыз таза, жарық және кең. Мен таңертеңгі асымды үй.... ішемін.



Тапсырмалар:

 1- тапсырма:Диалогты төменде берілген сөз тіркестерімен толықтырып сөйлесу. 
Сен ертеңгілік жаттығумен күнделікті шұғылданасың ба? 
- ...................................................................................... 
- Спорт туралы бағдарламаны қашан көресің? 
- .................................................................................................. 
- Спорт үйірмелеріне қашан барасың? 
- .................................................................................................. 
- Туристік базаға қай кезде барып тұрасың? 
- ................................................................................................... 
- Жақсы демал, денсаулығың мықты болсын! 
Керекті сөз тіркестері: әр таңда, апта бойы, бос уақытымда, жолдастарымен келіскен күні. 


2- тапсырма:Өз достарын туралы әңгімелеңдер.

Жадыра –оқушы. Ол жақсы оқиды. Жадыра оқулықтарын таза ұстайды. Оны мұғалімдер мақтайды. Жадыра- мектептегі үлгілі оқушы.

3- тапсырма:Берілген сөздерді қосымшалардың түріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар.

Сұрама, өнеріне, жаратылған, сіңірген, алғысым, ризашылық, мұрагеріміз, уақытша, жақсылыққа, өнерпаз, көйлекшен, байланыс, танымал, жолдастық, тәрбиеленуші, көркемдік, шығыстың, жан-жақтымын,тапқыр, бақытты, көргішпін.

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1. Берілген сөздердің антонимін жазыңдар:мықты, аяқтады, тұңғыш.

2. Берілген сөздердің синонимін табыңдар:дүние жүзі, өмірге келу.

3. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар:жазған
Тапсырмалар:

1. Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.

         Үлгі: Балалар қатар-қатар тұрды.

         Қатар-қатар, жөн-жөніне, бет-бетімен, ауызба-ауыз, түп-түгел, қайта-қайта, күннен-күнге, екеу-екеуден, жап-жасыл, жарқ-жұрқ.

2.Төмендегі сөздерді кестеге топтастырыңыздар.

 

Қос сөздер

Біріккен сөздер

Кіріккен сөздер

Тіркескен сөздер

 

 

 

 

 

         Тау-тау, қара торы, жүзбе-жүз, Ақтөбе,ата-ана, Екібастұз, түйеқұс, Павлодар қаласы, жолбарыс, бала-шаға, саңырауқұлақ, кемпірқосақ, биыл, қызыл алма, сорт алаңы, жан-жануар, сөз таптары, үш жүз, бүгін, тарс-тұрс.



 

3. Сөздерден өздік етіс жасаңдар да, оларды қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.

         Үлгі: сүрт-ін

         Сүрт, жасыр, сайла, сал, жу, көр, мақта, тазала, гүлде, жасыр, сұра.

4. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қатыстырып, диалог құрастырыңыздар. 





Грамматикалық тапсырма:

1.  Сөздерді септеңіздер.

Өмір , журналист

2.  Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Жұмысшы , мамандық.

3.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.     

 1)Қамшыдан қайқалақтаған Әбзидің арық қабырғасы ыржың-ыржың етіп, екі қолымен арқасын уқалай "ағатайлаған" дауысы тым ащы шықты.

2)Кіруін ұрланып кірсек те, көңілді көкке көтеріп, қылп еткен сыбдырға жаңғырығып тұрған нуға кіргесін, айғайламасқа дәтіміз шыдасын ба!

4.Сөз тіркестерден салалас құрмалас сөйлем жазыңыздар.

Болашақ маманым, жақсы оқу, университетке түсу.

5.«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе жазыңыздар.