ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 1252

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
аз әкелді. Құрылысқа қанша тонна құм әкелді?

20. Қаланың саябақ аумағына 745 ағаш отырғызылды, ал қала сыртына одан 250 ағаш артық егілді. Қала сыртына қанша ағаш егілді?

21. **Бірінші жүйекке оқушылар 40 көшет, ал екіншіге 30 көшет отырғызды. Қай жүйекке оқушылар көп көшет отырғызды және қаншаға көп? (10,70,20, 80 көшетке)

22. **Айман 30 пішінді еске сақтаса, Сәуле 10 пішінді есіне сақтады. Сәуле Айманға карағанда канша пішін кем есіне сақтады? (20, 40, 10, 50 пішін) 23. **Бассейнде таңертең 16 топ, ал кешке 10 топ шұғылданады. Кешкіге карағанда танертең канша топ артық шұғылданады? (26, 6, 10, 16 топқа)

24. **Түске дейін бапалар 30 көшет, ал түстен кейін 10 көшет кем суарды. Балалар түстен кейін қанша көшет суарды? (20,40, 10, 30 көшет)

25. **Аспанға 10 ұшақ көтерілді және аэродромд
а 17 ұшақ қалды. Аспанға көтерілген ұшақтарға қарағанда, аэродромда қанша ұшаққа көп қалды? (27,7,10,17 ұшаққа)

Жанаматүрдегіжайесептер

26. Сыныпта ақ түсті гүлдерге арналған 5 кұмыра бар, бұл қоңыр түстілерге қарағанда 3 құмыраға кем. Сыныпта қанша қоңыр түсті құмыра бар?

27. Бір қорапта 18 қарындаш бар, бұл екіншісіндегіден 6 қарындашқа кем. Бірінші қорапта қанша қарындаш бар?

28. Үлкен тобатайда 6 литр сүт бар, бұл кішкентай тобатайдағы сүтке қарағанда 3 литрге көп. Кіщкентай тобатайда қанша литр сүт бар?
32


29. Бір батон нан 500 г тартады, ол екіншіге қарағанда 200 г-ға ауырлау. Екінші батонның салмағы қандай?

30. Бір қойын дәптер 60 теңге, яғни басқасына қарағанда 20 теңгеге арзан тұрады.

Басқа қойын дәптері қанша тұрады?

31. Үй иесі 7 кг қияр тұздады, бұл қызанаққа қарағанда 2 кг кем. Үй иесі қанша кг қызанақ тұздады?

32. Таня 12 торкөз дәптер сатып алды, бұл кеңжол дәптерге қарағанда 5 дәптерге көп. Таня қанша кеңжол дәптер сатып алды?

33. сқарда 53 белгі бар, бұл Болаттағыдан 13 белгіге көп. Болаттта қанша белгі бар?

34. Қораптардың бірінде 12 кг кәмпит бар, бұл екіншісіне қарағанда 6 кг артық. Екінші қорапта қанша кәмпит бар?

35. Қораптардың бірінде 18 кг кәмпит бар, бұл екіншісінен 8 кг кем. Екінші қорапта қанша кәмпит бар?

36. Үй тауығы жылына 300 жұмыртқа табады, бұл дала тауығына қарағанда 270 жұмыіртқаға артық. Дала тауығы қанша жұмыртқа табады?

37. © Мәрияш бір минутта 10 рет, ал Данияр одан 1 рет кем е
зу тартты. Данияр қанша рет езу тартты?

38. © Сарышымшық күніне 100 км ұшып өтеді, ал Мәрияш болса, түсінде одан 200 км-ге артық ұшады. Мәрияш түсінде қанша километр ұшып өтеді?

39. © Үстелдің үстінде 6 таза шай кесесі түрды, ал таза емесі одан 1 -ге аз болды. Баян бір күнде қанша кесе шай ішті?


33


Құрамаесептер

40. Сауытта 5 қызыл алма бар еді, ал жасыл алма одан 2-ге артық болды. Сауытта барлығы қанша алма болды?


41.Гүлбағында 7 түймедақ және одан 2-ге артық гүлкекіре өсті. Гүлбағында барлығы қанша гүл өсті?


42. Автотұрақта «Нан» деген жазуы бар 3 жүк көлігі және одан 5-уі көп жеңіл көлік тұрды. Автотұрақта барлығы қанша көлік тұрды?
34


43. Аслан бірінші күні 5 ақ саңырауқұлақ жинаса, екінші күні шалғынды түбіртекті саңырауқұлақтың одан 4-ін көп жинады. Аслан екі күнде барлығы қанша саңырауқұлақ тапты?


44. Сәнияда 10 жабыстырма, ал Сәуледе оған қарағанда 5 жабыстырмаға аз болды. Қыздарда қанша жабыстырма болды?

45. Сары кесіндінің үзындығы 4 см, ал қызылдікі од