ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 1287

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Аралас типтегі құрама есептер

1. Дүкенде 6 данадан 4 буда фломастер және тағы 16 бөлек фломастер бар. Дүкенде барлығы қанша фломастер бар?

2. Шелекте - 7 литр сүт. Сүттің жетіден бірін ботқа дайындауға алды. Шелекте қанша сүт қалды?

3. 35 оқушының жетіден бір бөлігі концертке қатысты. Қанша оқушы концертке қатыспады?

4. Қарындаш 12 теңге тұрады, бұл Айдостың әмиянындағы бар ақшаның бестен бір бөлігін құрайды. Егер ол қарындаш сатып алса, онда қанша ақша қалады?

5. Әке таңертең 3 шелек су әкелді, ал кешке 2 шелектен бақшаны суаруға бірнеше рет әкелді. Барлығы ол 15 литр су әкелді. Әке 2 шелекпен қанша рет су әкелді?

125

6. Салушы қорапқа 100 қасы
қтан бір топ салды. Әрбір қорапқа 6 қасықтан салды. Бірнеше қорап салынған кезде, әлі 16 қасық қалды. Салушы қанша қорап салды?

7. 6 бірдей орындық пен бағасы 5 мың тұратын креслоның құны 65 мың. Бір орындық қанша тұрады?

8. Тігіншіде 15 метр жиектеме болды. Бірнеше метрді ол бірдей екі жейдені әшекейлеуге жүмсады. Осыдан кейін онда 9 метр жиектеме қалды. Әрбір жейдені әшекейлеуге қанша жиектеме кетті?

9. Еңбек сабағына 84 теңгеге 12 бет жасыл қағаз және сондай бағаға 10 қызыл қағаз сатып алды. Қыыл қағазға қанша төледі?

10. Оқушылар сапарда алдымен 6 километрден 3 өткел жасады, ал сосын тағы 5 км жүрді. Егер барлық жол 25 км кұраса, оларға әлі қанша километр жүру қалды?

11. Қыз 27 теңгеден 4

дәптерше және 65 теңгеге кеңжол дәптер сатып алды. Кассаға ол 200 теңге берді. Оған қанша қайырым беру керек?

12. Бала кітап оқып жатты. 3 күннің әр күнінде 30 беттен оқыды, ал сосын тағы 40 бет оқып шықты. Егер кітапта 200 бет болса, оған оқуға қанша бет қалды?

13. Хайуанаттар бағының қызметкері 4 кішкентай маймылға 3 бананнан, ал үлкен маймылға 8 банан берді. Себетте болғаны барлығы 40 банан. Қанша банан қалды?

14. Дүкенге әрбіреуінде 50 килограмнан 6 қап картоп әкелді. Егер пакетке 3 кг картоптан салса, бұл картоптарды бөлшектеп өлшеу үшін қанша қағаз пакет қажет болады?

15. Егер әрбір кішкентай жәшікке қызанақтарды 6 килограмнан салса, онда 5 жәшік қажет болады. Егер оларды үлкен жәшікке 10 кг-нан салса, қызанақгарға қанш
а жәшік қажет болады?

16. Бала әрбіреуінде 12 маркадан 3 пакет марка сатып алды. Маркалардың барлығын ол әрбір бетке 9 маркадан келетіндей альбомға жабыстырды. Ол қанша бетті алды?


126

17. Мата бөлігінен әрбір жамылғыға 3 метр матадан жұмсай отырып, 10 жамылғы тігуге болады. Егер кеудешеге 2 метр мата кетсе, ойл мата бөлігінен қанша кеудеше тігуге болады?

18. Хайуанаттар бағында 48 маймыл бар. Үлкен 3 тордың әрбіреуінде 7 маймылдан, ал бірнеше кіпшентай тордың әрбіреуінде 3 маймылдан отыр. Маймылдары бар кішкентай тор қанша?

19. Топ 43 км жүріп өтті. Бірінші үш сағатта ол сағатына 5 км жылдамдықпен жүрді. Қалған жолды топ 7 сағатта жүріп өтті. Қалған жолды топ қандай жылдамдықпен жүрді?

20. Даниярдың
топтамасында 750 марка бар. Үлкен 3 альбомда 150 маркадан, ал бірнеше кішкентайда 50 маркадан. Даниярда маркалары бар кішкентай альбом қанша?

21. Оқушылар кітапханадан 95 кітап алды. Бірнеше кішкентай оқушы 2 кітаптан алды, ал жоғарғы сыныптың 15 оқушысы 3 кітаптан алды. Сонда қанша оқушы 2 кітаптан алды?

22. Шаңғышы 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп, жолда 3 сағат болды. Осындай арақашықтықты жүріп өту үшін, 6 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан жаяу жүргіншіге қанша уақыт қажет болады?

23. Үш тәулікте бамбук ағашы 90 см өсті. Егер бамбук осындай жылдамдықпен өссе, алты тәулікте қанша өседі?

24. Метрода 4 сағатта бір бағытта 160 пойыз өтті. Әрбір сағатта бірдей көлемде пойыз өтсе, қанша уақытта осы жолмен екінші бағытт