ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 1257

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5 сағатта жүйрік пойыз қанша жол жүреді? (270,160,278, 66 км)

35.Екі пойыз бір станциядан қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. Олардың біреуі 170 км жүрді, екіншісі 60 км-ге кем. Осы уақытта пойыздардың біреуі екіншісінен қанша қашықтықта болды? (110,280, 170,230 км)
153

36. ! Бір аэродромнан қарама-қарсы бағытта скм/сағ және акм/сағ жылдамдықпен екі ұшақ ұшып шықты. Nсағаттан кейін олардың аралары қандай болады?

37. ! Екі бала мектептен шығып, қарама-қарсы бағытта үйлеріне кетті. Бірінші бала һм/мин жылдамдықпен аминут жүрді. Еғер екінші бала осындай қашықтықты хминутта жүріп өтсе, онда ол қандай жылдамдықпен жүргені?

38. ! Екі велосипедші қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші велосипедші бкм/сағ жылдамдықпен псағат жүрді, а
л екіншісі скм/сағ жылдамдықпен ол да псағат жүрді. Екіншісіне қарағанда, бірінші велосипедші қаншаға артық жүрді? Екі сағаттан кейін олардың арақашықтығы қанша болды?

39. © Екі дос - Айдар мен Молдаш жүгіруден жарысты. Мектептен бастап олар әртүрлі бағытта жүгіруге кетті. 450 метр шеңберді айналып, олар қайтадан мектепке қайтуы керекте. Жолдың бірінші жартысында Айдардың жүгіру жылдамдығы досының жылдамдығынан кем болды. Кенеттен бұталардың арасынан күшік шығып, Айдардын артынан шәуілдеп қуа жөнелді. Айдар мәреге бірінші болып жүгіріп келді! Егер уақыт 1 мин 30 с болса, оның жылдамдығы қандай болды?

40. © Ұлу мен тасбақа қызыл жалаушадан әртүрлі бағытта жорғалады. Егер ұлудың жылдамдығы 3 есе аз және ол 1 мет

рді 30 минутта жорғаласа, тасбақаның жылдамдығы қандай?

41. Американдық вапитй бұғысы мен барибал аюы бір орманнан қарама-қарсы бағытта шықты. Вапитидің жылдамдығы 55 км/сағ, ал барибалдікі -22 км/сағ. 3 сағаттан кейін екеуінің арақашықтығы қандай болады?

42. Ең кішкентай колибри құсы мен оңтүстікамерикалық арасы тәтті балшырынын қарама-қарсы бағытта іздей ұшып кетті. 16 км қашықтықты 4 сағатта өтіп, әр гүлге қонып, шыққан орнына қайта оралды. Колибридің жылдамдығы ара жылдамдығына қарағанда, 3 есе артық екені белгілі болса, олардың екеуі бөлек-бөлек қанша ұшты?

43. Тау бүркіті мен Қазақстандағы ең сирек кездесетін, Тянь-ПІаньнің таулы өзендерінің бастауында мекендейтін орақтұмсық қарама-қарсы бағытта
ұшып, 600 км өтті. Орақтұмсықтың жылдамдығы 50 км/сағ, ал тау бүркітінікі - 3 есе артық. Сонда әр құс қанша қашықгыққа ұшты?

154



Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептер

Объектілердің бір бағытта қозгалу кезінде олардың жақындаужылдамдығыжылдамдықтарыныңайырмасынатең:

Vжақ.= V2 V1

1. Саяхатшылар демалатын жерге дейін 5 км/сағ жылдамдықпен 6 сағат жүрді. Демалғаннан кейін олар тағы 4 сағат жүрді. Егер барлық жол 46 км-ге тең болса, демалғаннан кейін олардың жылдамдығы қандай болды?

2. Екі ауылдың арасындағы жолды бала 150 м/мин минутта жүгіріп өтеді. Қанша уақытта ол осы жылдамдықпен жай жүріп өтеді?
жылдамдықпен 10 жолды 75 м/мин

3. Ауылдан ауданға дейінгі аралық 50 км, ап ауданнан қалаға дейін 300 км. Ауылдан қалаға дейін 70 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта келуге болады?

4. Ауылдан ауданға дейін 60 км, ал ауданнан қалаға дейін 150 км. Ауылдан қалаға дейін 70 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта келуге болады?

5. Бірінші күні жауынгерлер 8 сағатта 32 км жүрді. Екінші күні олар сол жылдамдықпен жолда12 сағат болды. Екі күнде жауынгерлер қанша жол жүрді?

6. Автоколік 50 км/сағ жылдамдықпен 350 км жүрді және тағы 90 км/сағ жылдамдықпен 360 км жүріп өтті. Барлық жолға ол қанша уақыт кетірді?

7. Үйден дүкенге дейін қыз бала 400 м екі қысқа көшеден және тағы 300 м өтті. Егер дукенге дейінгі аралық 1 300 метр болса, оған әлі қанша жүру қалды?

8. Велосипедші 4 сағатта 48 км, ал жаяу жолаушы 6 сағатта 24 км жүрді. Жаяу жолаушыдан велосипедшінің жылдамдығы неше есе артық?

9. Теплоход 40 км/сағ жылдамдықпен 280 км жүрді. Сол уақытта автобус 350 км жүрді. Автобустың жылдамдығы қандай?

155