ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 20.11.2021

Просмотров: 214

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

XX ғасырдың 60-шы жылдарында ойлап табылған резервтік компьютерлік жүйелері CRS (Computer Reservation System) авиабилеттерді брондау процессін жылдамдатты. Қызмет көрсету уаөытынын азайғанына байланыста сервистік қызмет көрсету сапасы жақсырап, ұсынылатын қызмет түрлері мен көлемінің ұлғаюына себеп болды. Соған қоса, авиалайнерларды жүктеуді оңтайландырып, жаңа басқару тәсілдерін қолдануға әсерін тигізді. Қазіргі уақытта туризм саласындағы мекемелердің 98%-ы брондау системасын қолданады. Қазақстандық нарықта көбінесе Amadeus, Galileo Worldspan брондау жүйелерін пайдаланады.

Туризмде мәліметтік технологияларды қолданудың негізгі бағыттарының біріне мультимедиялық технологияларды, оның ішінде анықтамалар мен каталогтарды енгізу жатады. Қазіргі уақытта туристік анықтамалар мен каталогтар кітап түрінде, видеокассеталар, CD-ROM лазерлік дискілерде басылып, Интернет жүйесіне қойылған. Электронды каталогтар берілген маршруттар бойымен виртуалды саяхаттауға, осы маршруттарды активті режимде қарауға, маршрут трассасы бойынша орналасқан мемлекеттер мен объектілер туралы мәліметтерді алуға, қонақжай, кемпинг, мотельдер және басқа да объектілердің орналасу туралы мәліметтерді алуға, жеңілдіктер жүйесі, сонымен қатар туризм саласында заңдылықпен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл каталогтарда әдетте, туристік құжаттарды рәсімдеу ережелері, туристік заңдылықтар, төтенше жағдайларда туристің іс-әрекеті туралы және т.б. мәліметтер келтірілген. Клиент тур бағдарламасын жоспарлап, оның тиімді параметрлерін (бағасы, жеңілдіктер жүйесі, көлік жүйесі, мезгіл және т.б.) таңдай алады.

Мультимедиялық технологияларды қолдану потенциалды клиентке оның назарындағы кез-келген тур туралы мәліметтерді оперативті ұсынуға және осымен тез және қатесіз қолайлы турөнімді таңдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда туроператор қажет жағдайларда берілген турға өзгерістерді енгізуге немесе жаңа өзгеше турды қалыптастыруға, орындарды брондау және туристке оперативті режимде жасалған туристік қызметтік сатуға мүмкіндік береді.

Туристік бизнестің менеджмент облысында біршама өзгерістер орын алды. Турбизнестің дамуының заманауи деңгейі және осы облыста қатты бәсекелестік туристік агенстволарға коммуникациялық жүйелерге біршама маңыздылық береді. Осы жүйелердің функционалды мүмкіндігі турлар, қонақ үйлер, клиенттер, тапсырмалар күйі туралы мәліметтерді енгізуді, редакуциялау және сақтауды, құжаттардың әртүрлі түрлерінде – анкета, ваучер, туристер тізімі, турлар, қонақүйлер сипаттамалары мәліметтерді шығаруды, валюталар, жеңілдіктер курсын ескере отырып турлар құнын есептеуді, қаржылық есептемелерді қалыптастыруды, экспорт-импорт мәліметтерді басқа бағдарламалық өнімдерге (Word, Excel, бухгалтерлік бағдарламалар) өткізу және басқа мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет. Бұл жүйелер құжаттарды есептеу және қалыптастыру үрдістерін тездетеді, сонымен қатар клиенттерді жеткізу, орналастыру және т.б. қызметтерді құны бойынша тиімді таңдау арқылы оның бағасын да төмендетеді. Туристік кеңсесінң автоматтандырудың біріңғай мәліметтік жүйесін барлауға тапсырма біршама қымбат және де қазіргі уақытта олардың қажеттігі жоқ, себебі өзін ұсынған бірнеше бағдарламалық өнімдер бар.


Программалық өнiмдер нарығында туристтiк фирманың iшкi қызметiн автоматтандырылуға мүмкiндiк беретiн бiрнеше компьютерлiк жүйелер берілген. Әдеттегiдей, бұл жүйелер клиенттерге, әрiптестерге, қонақ үйлерге, көлiкке, елшiлiктер бойынша анықтама деректер қорларының жүргiзулерiн қамтамасыз етедi, сонымен бiрге турлардың жүргiзуi және төлемдердiң есепке алуы, тапсырыстардың қабылдауы және клиенттерi бар жұмысты, демалыс құжаттары және т. б. Құрастыруды қамтамасыз етеді. Түгелдей дерлiк программалық кешендер бухгалтерлiк есептемелерді және экспорт-импорт мәлiметтердi 1C сияқты арнайы бухгалтерлік бағдарламаларға қалыптастыруды қамтамасыз етедi.

Туристік фирмалардың автоматтандырумен бірге қонақ үйлер, мейрамханалар және туристік бизнестің басқа да орындарын әрекет етуін автоматтандырудың ұқсас бағдарламаларын шығару да жүргізіліп жатыр. Осы облыста коммуникациялық жүйелерді қолдану менеджментте біршама өзгерістерге әкеледі, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын жоғарлатады.