ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 207
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Мұнай газ институты
Мұнай газ кен орындарын игеру және пайдалану кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Шельфті кен орындарды меңгеру» пәні бойынша
050708-«Мұнай газ ісі» мамандығы үшін
Алматы 2006
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 050708- Мұнай газ ісі мамандығындағы студенттеріне арналған «Шельфті кен орындарды меңгеру» пәннің оқу-әдістемелік кешені.
Құрастырушы Ысқақ Ардақ Серғазықызы, МГКОИжП кафедрасының аға оқытушысы, Алматы: ҚазҰТУ, 2006,____б.
Аңдатпа. 050708-«Мұнай газ ісі» мамандығындағы студенттерге арналған «Шельфті кен орындарды меңгеру» пәннің оқу-әдістемелік кешені студенттерге осы курсты өз бетінше өңдеп, түсініге көмектесіді мақсат етеді.
ОӘК 050708-«Мұнай газ ісі» мамандығының жұмыс оқу жоспарына сәйкес, пәннің негізгі мазмұнын баяндап, студенттерге осы пәнді оқып білуге дұрыс жолымен орындалған.
ОӘК осы пәннің оқу бағғдарламасынан дәріс конспектісінен, әдістемелік материалдардан, студенттердің өзіндік жұмысы үшін оқу-тәжірибелік материалдардан, қажетті әдебиет тізімінен тұрады. Бақылау сұрақтары осы пән бойынша студенттердің өз білімін тексеруге арналған.
ОӘК студенттердің өзіндік жұмысын аудиториялық және аудиториядан тыс уақытта ұйымдастыруға, танымдық және творчествалық дағдарлығын белсендіруге көмегінтигізеді.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2006
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушы Ысқақ Ардақ Серғазықызы
Байланыс түрі 92-57-94
Кафедрада болатын уақыты 802 МҒ, МГКОИжП кафедрасы
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы «Шельфті кен орындарды меңгеру»
Кредит саны 3
Өткізу орны 801МҒ
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс | Семестр | Кредит тер | 1 аптадағы академиялық сағаттар | ||||||
Дәрістер | Лаб. сабақтар | Тәжіри белік сабақтар | СӨЖ* | СОӨЖ* | Барлығы, 1 аптадағы академ. сағаттар | Бақылау түрі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
3 | 6 | 3 | 2 | - | 1 | 3 | 3 | 9 | емтихан |
1.3 Пререквизиттер
Осы пәнді оқу үшін келесі пәндерді алдын-ала оқу қажет: физика, химия, математика, жалпы геология, мұнай газ ісінің негіздері, жер асты гидродинамикасы.
1.4 Постреквизиттер
Теңіз геологиясы, инженерлік құрылыс, теңізде бұрғылаудың техникасы мен технологиясы, теңіз Кен орнын игеру, ұңғы өнімн жинау және дайындау.
1.5 ПӘННІҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ
1.5.1 Пәннің мақсаты
ХХІ ғасырда Қазақстан республикасының мұнай газ саласының дамуының негізгі келешегі Каспий бассейінің шельфті кен орындарын меңгерумен байланысты.
Осы пәннің мақсаты- 050708 мамандығындағы студенттерді теңізде мұнай газ кен орныдарын пайдалану және игеру ерекшеліктерімен таныстыру. Теңізде ұңғыларды бұрғалау, игеру және пайдаланумен байланысты барлық технологиялық үрдістер туралы түсінік болу. Жобалаудан бастап монтажға дейін
гидротехникалық құрылымдардың барлық түрлерін білу. Теңіз Кен орынды пайдалануда әрекеттесетін негізгі және қосымша жабдықтардың құрылғыларын және техниканы меңгеріп білу.
1.5.2 Пәннің міндеті
Студент барлау және өндіруге қажетті гидротехникалық құрылымдарды қолдануды, теңізде ұңғыларды бұрғылау және пайдалану ерекшеліктерін, ұңғыларды пайдаланудың барлық түрлерінде технологиялық үрдістерді біліп, түсіну қажет. Теңіз кәсіпшілігінде көмірсутектерді жинау және тасымалдай және жинау жүйелерін, сонымен қатар кен орындарды пайдалануда қоршаған ортаны қорғау маңыздылығын түсіну керек.
2-кесте
1.6 Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
Бақылау түрі | Жұмыс түрі | Жұмыстың тақырыбы | Ұсынылатын әдебиетке сілтеме | Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес) | Тапсыру уақыты (апта) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Ағымдық бақылау | Тәжірибелік сабақ № 1 | Қысым құлау қисығының үрдісінде фонтандау есебі. | Нег.:6. [144-154] Қос.: 12. 71-80 ] | 3 | 2 |
| Тәжірибелік сабақ № 2 | Сұйықты алу мөлшерінің есебі. Мөлшерді шектеу критериялары. | Нег.:6. [144-154] Қос.: 12. [20-26 ] | 3 | 4 |
| Тәжірибелік сабақ № 3 | ОТЭС қабылдау жерінде қысымның тиімді, шектік мәндерін есептеу. | Нег.:6.[224-228] Қос.:12. [137-145] | 3 | 6 |
2. Аралық бақылау 1 | 1-ші тестілік бақылау | 1-3 сабақтар тақырыптарымен | | 10 | 8 |
| Тәжірибелік сабақ № 4 | Бұрандалы сораптың қабылдау жерінде мүмкін қысымды анықтау. | Қос.:12.[146-148 ] | 2 | 10 |
| Тәжірибелік сабақ № 5 | Газлифтілі қақпақтардың орналастыру есебі. | Нег.: 6. [164-181] Қос.: 12. [89-92] | 3 | 11 |
| Тәжірибелік сабақ № 6 | Қабаттың сұйықпен жару параметрлерін анықтау. | Нег.: 6. [92-96] Қос.: 12. [148-156] | 3 | 12 |
| Тәжірибелік сабақ № 7 | Гравитациялы түріндегі платформаның беріктігін есептеу. | Қос.: 11. [28-31] | 3 | 13 |
3. Аралық бақылау 2 | 2-ші тестілік бақылау | 4-7 сабақтар тақырыптарымен | | 10 | 14 |
4. Қорытынды бақылау | емтихан | | | 40 | 15 |
1.7 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Негізгі әдебиет
1. Сулейманов А.Б. и др. Эксплуатация морских нефтегазовых месторождений. М. Недра 1986 г.
2. В.Ф. Соколов и др. Морские инженерные сооружения. С.-Петербург «Судостроение»,2003 г.
3. Скрыпник С.Г. Техника для бурение нефтяных и газовых скважин на море. М. Недра, 1982г.
4. Гусейнов Т.И., Алекперов Р.Э. Охрана природы при освоений морских нефтегазовых месторождений М. Недра, 1989 г.
5. А.Б. Золотухин, О.Т. Гудместад, А.И. Ермаков и др. «Основы разработки шельфовых и нефтегазовых месторождений и строительство морских сооружений в Арктике» - М.: ГУБ Изд-во «Нефть и газ»,2000г.-770с.
6. И.Т.Мищенко , В.А. Сахаров и т.д. Сборник задач по технологии и технике добычи. М: Недра, 1984 г.
Қосымша әдебиет
7. Гусейнов Ч.С., Иванец В.К., Иванец Д.В. Обустройство морских нефтегазовых месторождений. – М.: ГУБ Изд-во «Нефть и газ»,2003г
8. Мицевич В.И. и др. Разведка и эксплуатация морских нефтегазовых месторождений.
9. З.Капустин Х.Я. Строительство морских трубопроводов М. Недра, 1982 г.
10. Кулиев Н.П. Основные вопросы строительство нефтяных скважин в море. Баку. Азернефть, 1958 г.
11. Никитин Б.А. и др. Расчет устойчивости морских нефтегазопромысловых инженерных сооружений гравитационного типа, РГУ им. И.М. Губкина, 2005 г.
12. Юрчук А.М., Истомин. Расчеты в добыче нефти. М.Недра,1979г.
1.8 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
3-кесте
Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
№ | Қорытынды бақылау түрі | Бақылау түрлері | Балы |
1. | Емтихан | Қорытынды бақылау | 40 |
Аралық бақылау | 20 | ||
Ағымдық бақылау | 40 |
4-кесте
Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі “Шельфті кен орындарды меңгеру” пәні бойынша
Апта | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Бақылау түр лері | Т1 ӨЖ1 | Т2 ӨЖ2 | Т3 ӨЖ3 | Т4 ӨЖ4 | Т5 ӨЖ5 | Т6 ӨЖ6 | Т7 ӨЖ7 АБ | Т8 ӨЖ8 | Т9 ӨЖ9 | Т10 ӨЖ10 | Т11 ӨЖ11 | Т12 ӨЖ12 | Т13 ӨЖ 13 АБ | Т14 ӨЖ14 | Т15 ӨЖ15 |
Балл | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 10 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 10 | 3 | 4 |
Бақылау түрлері: Т-тәжірибелік сабақтар Б – бақылау; КЖ – курстық жоба (жұмыс) ӨЖ - өздік жұмыс; Кл – коллоквиум АБ – аралық бақылау; Р – рефераттар және т.б. |
Студент жалпы ≥30 рейтинг балы есебімен қорытынды бақылауға жіберіледі. Қорытынды бақылауға ≥ 20 балл жинаған жағдайда ғана өткізілді деп есептелінеді. Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.
5-кесте
Студенттердің білімдерін бағалау
Баға | Әріптік эквивалент | Рейтингтік балл (пайызбен %) | Балмен |
Өте жақсы | А А- | 95-100 90-94 | 4 3,67 |
Жақсы | В+ В В- | 85-89 80-84 75-79 | 3,33 3,0 2,67 |
Қанағаттанарлық | С+ С С- D+ D | 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 | 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0 |
Қанағаттанарлықсыз | Ғ | 0-49 | 0 |
Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
1 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
1. Континентальды шельф туралы түсінік.
2. Қай жылы және қай жерде теңіз кен орнын меңгеру басталды?
3. Шельфтің ені қай шектерде болады?
4. Шельфті кен орындарда меігерудің ерекшеліктері неде
5. Теңіз ұңғының конструкциясын анықтайтын негізгі элементтерді атаңыз.
6. Теңіз кен орындарын итерудің тиімділігі неде?
7. Теңіз гидротехникалық құрылымдарға қандай факторлар әсер етеді?
8. Желдің күшін немен анықтайды?
9. Қазақстанның анықталған ірі мұнай газ кен орындарын атаңыз.
10. Ресейдің және әлемнің басқа елдерінде ірі мұнай газ кен орындарын атаңыз.
11. Шельфтің шетін шартты қай теріңдікте орналастыады?
12. Теңізде гидротехникалық құрылымдардың түрін атаңыз.
13. Жүзбелі бұрғылау құрылғылардың қандай түрлерін білесіз?
14. Қандай тереңдікте және не үшін ОКБҚ-ны қолданылады?
15. ОКБҚ-ның конструкциясы.
16. ОКБҚ-ны жаңа бұрғылау нүктесіне қалай көшірді?
17. Тіректі тізбектердің түрлерін атаңыз.
18. Жартылай батпаны бұрғылау қондырғының (ЖББҚ) тағайындалуы.
19. ЖББҚ-ны қандай тереңдікте қолданылады?
20. ЖББҚ-ның конструкция ерекшелігі неде?
2 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар
1. ЖББҚ-ның жетістіктері мен кемшіліктерін атаңыз.
2. Пантон деген не?
3. ЖББҚ-ны қалай классификациялайды?
4. ЖББҚ не аррқылы ұсталынады?
5. Бұрғылау кемелердің (БК) тағайындалуы және қолдануы.
6. Бұрғылау кемелердің конструкциясы.
7. Бұрғылау кемелердің түрлері
8. Жүзбелі бұрғылау құрылғыларың ұстау жүйелерінің түрлері.
9. Стационарлы платформалардың тіректі тізбек түрлері.
10. Якорлық ұстау жүйесі неден тұрады.
11. Динамикалық стабилизация жүйесі неден тұрады.
12. Теңіз бұрғылау қондырғылардың қай түрлерін жылжымалыға (жүзбелі) жатқызады.
13. Теңізде барлау жұмыстарын қалай жүргізеді?
14. Қандай құрылымдарды стационарлы деп санайды?
15.Теңізде ұңғыны бұрғылау құрлықта бұрғылаудан қандай айырмашылыңы бар?
16. ТСП-ны қалай топтастырады?
17. Гравитациялық платформалар неден тұрады?
18. Бұрғылау кемелері не арқылы үұсталынады?
19. Бұрғылау кемелердің жетістіктері неде?
20. Шельфте ұңғыларды пайдаланудың қандай тәсілдері бар?
Аралық аттесттация сұрақтары
-
Шельфті кен орындарды меңгеру ерекшеліктері. -
Теңіз ұңғыларының түрлері. -
Құрлықтың сулы жері қандай зоналардан тұрады? -
Әлем мұхитының континенталды шельфінің қандай аймақтары көмірсутектерге бай? -
Континенталды шельфте көмірсутектер ресурстарын меңгеру бойынша қазіргі уақытта қанша мемлекет жүзеге асыруда? -
«Шельфтің шеті (кромка) » деп нені түсінесіз? -
Теңіз ұңғыларын игеруде қиындататын факторлар. -
Теңіз бұрғылау қондырғылардың (ТБҚ) түрлері. -
Суасты саға қондырғының (ССҚ) конструкциясы. -
Бұрғылау құрылғылардың тағайындалуы. -
Теңізде қабат режимдері қандай? -
Теңіз ұңғылардың пайдалану маңызы. -
Теңіз ұңғылардың пайдаланудың түрлері. -
Таяз су негіздердің тағайындалуы. -
Гидрометеорологиялық шарттар. -
Теңіз ұңғыларды орналастыру талаптары. -
Құбырларды орналастыруға қажетті құралдар түрлері. -
Бірблокты ОСҚ-ның конструкциясының жетістігі. -
Екіблокты ССҚ-ны теңіздің қандай тереңдігінде қолданылады? -
Гравитациялық платформалардың жетістігі мен кемшілігі. -
Теңіз ұңғыларын бұрғылау талаптары . -
Суасты пайдаланудың кемшіліктері. -
Екіреттік және үшреттік өндіру әдістерінде ұңғыларды қалай орналастырады? -
Бұрғылау кемелерді қандай тереңдікте қолданады? -
Толқын элементтеріне не жатады? -
Ұңғыларды бұрандалы сораптармен пайдалану. -
Ұңғыларды батпалы ортадан тепкіш сораптармен пайдалану. -
Теңізде қандай өндіру құралдарын білоесіз? -
Мұнайдың тұтастығы қалай пайда болады? -
Табан сулардың конус болуы қалай болады? -
Тартылу тіректері ЖББҚ фундамент конструкциясы қандай болады? -
Ортадан тепкіш электр сорап қондырғысы неден тұрады? -
Газды конустар қалай пайда болады? -
Ұңғыны штангасыз пайдаланудың жұмысын не қиындатады? -
Стингер деген не үшін қажет ?
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін талап етуінен тұрады. Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсырылуын негіздеуі қажет.