Файл: Студентті Пндік оУдістемелік кешені.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 212

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әртүрлі теңіз құрылымдарды құбырлы жүйелері бойынша осы құрылымдарды және әртүрлі қондырғыларды дұрыс пайдалану үшін қажетті оншақты жұмыс орталарын тасымалдайды.

Құбырларды дайындауға қажетті материалдар ретінде жұмыс ортаның тасымалдау түріне және бұзылу белсендігіне байланысты күкіртті және тоттанбайтын болат, шойын, мыс, олардың қоспалары, алюминий, титан, әйнекпластик және полиэтилен қолданады. Құбырлардан басқа құбыр жүйесіне әртүрлі құбыр элементтер, кеме арматурасы, жетектер, механизмдер, аппараттар, цистерналар, резервуарлар, автоматика құрылғылары және басқа жабдықтар жатады.



Сурет 47- Құбыр орналастырғыш баржа

Азаматты құрылыста құбыр жүйелерді айдалатын жұмыс ортаның түріне байланысты классификациялайды (топтастырады) және осыған байланысты суқұбырлар, мұнай құбырлар, газқұбырлар, аммиакқұбырлар болып бөлінеді.

Жерден өнімді алғаннан кейін ол теңізден жағаға тасымалдануы керек. Өндіретін жабдықты монтаждаумен қатар құбыр орналастырғыш баржалар және бригадалар платформадан арнайы орынға дейін мұнаймен газды тасымалдау үшін құбырларды орнатумен айналысады ( сурет 47).

Осы баржалардың ұзындығы 150 метрге дейін жетіп, ал ол орналастыратын құбырлар диаметрі 1525 мм-ге дейін жетеді. Негізінен құбырлар ұзындығы 12 метрлі болып, оларды орнату үшін олар бетонмен қапталады. Құбырлар бір-біріне жинау бойымен пісіріледі. Осы желінің бойында пісіретін рындар қатары орналасып, онда жоғары тиімді пісіру машиналарында пісіргіштер жұмыс істейді.

Әрбір келесі құбырды пісіретін аймаққа орналастыру кезінде ол теңіз түбіне баржа кормасы арқылы содан кейін бірнеше жүз миль қашықтықта орналасатын терминалға өтетін құбырдың бөлігі болып келеді. Пісіретін аймақтан құбыр рентгеноскопия аймағына келеді, мұнда әрбір жаңадан пісірілген жері дефекттерге тексеріледі. Егер джефекттер байкалмаса, онда пісірілген жер коррозияға қарсы жапқышпен қапталады.

Құбырдың ұзындығы өскен сайын баржа бірнеше километрге алдыға жылжиды. Баржа орын ауыстырған сайын пісірілген, рентгеноскопиядан өткен, оқшауланған құбырдың жаңа бөлігі арнайы «стингер» деп аталатын еңіс алаңы бойымен төмен суға түсіріледі. Стингер құбырды бірнеше арақашықтықта су астында устап, оны бір белгілі бұрышпен теңіз түбіне бағыттайды.


Құбыр орналастырғыш баржаның қозғалуымен ол өзінің соңына осы заттарды сүйреп, теңіз түбінде траншеяны қазады. Құбыр осы траншеяға түсіп, оның үсті теңіз толқуынан құммен себіліп, әртүрлі заттардан қорғалады. Құбырларды орнату үрдісінде су жүзгіштері стингер мен құбырды үнемі тексереді. Олар теңіз түбіндегі бөгеттерді, құбырдың дұрыс орналасуын және стингердің орнын бақылап отырады. Платформаға құбырды орналастырғаннан кейін су жүзгіштер оны тұраққа жалғап, одан кейін теңіз түбінен палубаға көтерілетін құбыр бөлігіне жалғайды.

Құбырды пайдалануға дейін ол пресстеліп, тығыздыққа тексерілуі тиіс. Сол сияқты палубадағы барлық жабдықтар, құбыр, жетек, қақпақтар және өшіргіштер, шикі мұнайды жерден алатын сораптар, жағаға мұнайды ығысрытатын жүйелер адам және қоршаған ортаға зиянын келтірмей, дұрыс жұмысын жүргізу үшін бірнеше рет бақыланып, тексерілуі керек.

Кейін терең суларда құбырларды орнату үшін жаңа технология қолдана бастады. Оның маңызы- теңіз түбіне құбырды батыру үрдісінде құбырда болатын кернеулерді реттеу үшін бағыттайтын құрылғы –стингердің орнына арнайы понтондар қолданады. Ны қолдану құбырдың майысуын азайтып, қатаң гидрометеорологиялық жағдайларда қауіпсіз оларды түсіріп орнату мүмкіндгін береді.

Құбырлы әртүрлі орындарға орналасуы мүмкін. Олар теңіз жинау станцияларына апарып, онда мұнай мен газ ары қарай бөлініп, содан кейін кері қарай құбырға бағытталып, жағаға апарылып қосымша өңдеуге жіберіледі. Кейбір құбырлар үлкен мұнай базалары бар жағада тоқтап, мұнда көмірсутектер ары қарай мұнай өңдейтін зауыттарға тарату үшін сақталады. Көмірсутектер мұнай өңдеу зауытына жер асты құбырлар бойымен тікелей тасымалданады, немесе теңіз терминалдарынан танкерлерге салынып, басқа жерлерге жеткізіледі.

Терминалдан бірнеше танкерлер жүктелініп, немесе жүктерін босатуға болады. Көппричалды терминалдар ауа-райы нашар жерлерде жасырын зоналарда орналасады.

Якорлеу жүйесі бойынша танкер ірі диаметрлі шарнирлі қосылуы бар штангамен жалғанады. Ағымдар мен толқындардың әсерінен болатын кеменің орын ауыстыруына қарамай осы жалғанудың еркін орын ауыстыруы мұнайды жүктеуге мүмкіндік береді. Танкерлерден неменсе жағадағы мұнай базаларынан шикі мұнай немесе табиғи газ жағадағы зауытқа жеткізіліп, онда олар мұнай, газ және химиялық кәсіпшілік өнімдеріне өңделеді. Осы зауыттарда көмірсутектер біз күнделікті қолданатын көптеген өнімдердің ингредиенттері болып келеді. Олар бензин және мотор майы, синтетикалық маталар және желімдер (пласстмассалар), асфальт, әрбір үйге қажетті жанармай болып шығарылады.


Нег.: 1. [263-269], 5. [469-473]

Бақылау сұрақтары:

  1. Құбырларды ең алғашқы рет қалай орналастырады?

  2. Жағадағы монтажды-пісіру алаңында не орындалады?

  3. Құбырларды орналастыру үшін нені қолданады?

  4. Стингер деген не және не үшін қажет?

  5. Құбырлардағы дайындау талаптары қандай?

  6. Құбырдағы кернеулерді реттеу үшін қандай жаңа технологиялар ойластырылды?


2.3 Тәжірибелік сабақтар жоспары

Тапсырма № 1. Қысым құлау қисығының үрдісінде фонтандау есебі.

Әдістемелік ұсыныстар. Қажетті және пайдалы қуаты белгілі болғанда, СКқ-да мұнайдың қозғалу режимін , Рейнольдс санын және фонтандаудың түп қысымын анықтау керек.

Нег.: 6. [144-154]

Қос.: 12. 71-80 ]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ұңғының фонтандауын қандай факторлар анықтайды?

  2. Сұйық көтерілуінің ҚҚҚформуласын анықтаңыз.

  3. СКҚ сұйықтың қозғалы режимі қалай анықталады?

Тапсырма № 2. Сұйықты алу мөлшерінің есебі. Мөлшерді шектеу критериялары.

Әдістемелік ұсыныстар. Компрессорлы көтергіштің параметрлерін және меншікті газ шығымын, айдалатын газ мөлшерінің меншікті шығымын, жалпы газ шығымын анықтау керек.

Нег.: 6. [144-154]

Қос.: 12. [20-26 ]

Бақылау сұрақтары:

  1. Сұйықтың алу мөлшері деп нені айтады?

  2. Негізгі алу мөлшерінің шектеу критерияларын анықтаңыз.

  3. Тиімді режимда меншікті шығымды қалай анықтайды?

Тапсырма № 3. ОТЭС қабылдау жерінде қысымның тиімді, шектік мәндерін есептеу.

Әдістемелік ұсыныстар. Қабатты және газдан айрылған мұнай үшін тұтқырлық, қысым, температура мәндерін сораптың қабылдау жерінде белгілі мүмкін және шекті қысымдарда анықтау керек.

Нег.: 6. [224-228]

Қос.: 12. [137-145]

Бақылау сұрақтары:

1. Сораптың беруіне қандай факторлар әсер етеді?

2. Тиімді қысымды қалай бағалайды?

3. Мүмкін қымы қалай бағаланады ?

4. Тиімді режимде меншікті шығымды қалай анықтайды?

Тапсырма № 4. Бұрандалы сораптың қабылдау жерінде мүмкін қысымды анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар. Берілген қысымның мәндерінде сәйкес газ факторының мәнің анықтау қажет. График бойынша бұрандалы сораптың қабылдау жерінде қысымды анықтау керек.


Қос.: 12. [146-148 ]

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұрандалы сорапты түсіру тереңдігі қалай анықталады?

  2. Бұрандалы сораппен қандай мұнайларды алады?

  3. Бұрандалы сораптың теориялық беруін қалай анықтайды?

Тапсырма № 5. Газлифтілі қақпақтардың орналастыру есебі.

Әдістемелік ұсыныстар. Статиқалық деңгейді , қысымның таралу қисығын тұрғызу керек және графикалық әдіспен жұмыс қақпағын орнатуды анықтау керек.

Нег.: 6. [164-181]

Қос.: 12. [89-92]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жіберу қысымына анықтама берініз.

  2. Жіберу қысымын төмендету үшінқандай әдістер қолданады?

  3. Газды қақпақтарды орнату принципі неге негізделеді?

Тапсырма № 6. Қабаттың сұйықпен жару параметрлерін анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар. Тау қысымын, жару қысымын, жаруға қажетті сұйық көлемін, пайда болған жарықтың ұзындығы мне енін анықтау қажет.

Нег.: 6. [92-96]

Қос.: 12. [148-156]

Бақылау сұрақтары:

1.ҚСЖ-ды не үшін жүргізеді?

2.КСЖ-ны қандай жағдайларда жүргізеді?

3.Осы әдістің тиімділігі неме негізделеді?

Тапсырма № 7. Гравитациялы түріндегі платформаның беріктігін есептеу.

Әдістемелік ұсыныстар. Гравитациялық платформаның беріктігін жазық ығыстыру сұлбасы бойынша және құрылымның тұрақтылыгын аралас сұлба бойынша анықтау қажет.

Қос.: 11. [28-31]

Бақылау сұрақтары:

1.Платформаның табаны деген не?

2.Сенімділік коэффициенті деген не?

3.Есептеу кезінде андай шарттар қарастырылады?
2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)



Тапсырма

Өткізу

түрі

Әдістемелік ұсыныс

Ұсынылған

әдебиет

1

Әлемді акватория-ларда анықталған теңіз кен орындары.

Реферат

Теңіз үрдістері жүргізілу үстіндегі шельфтерді атап өту

Нег.1.[3-7], 2. [6-17]

Қос.6.[15-17], [18-23]

2

Теңіз кен орында-рын игеру ерекшеліктері

Дискуссия

Теңіз кен орындарын меңгеру ерек-шеліктері атау

Нег.: 1. [7 - 11], 4. [161 - 164].

Қос.: 7 [15-17].

3

Теңіз кен орындарын меңгеру кезеңдері

Дискуссия

Теңіз жұмыстарын жүргізудің ретін анықтау

Нег.:1. [14 -18], 5. [280 - 282].

Қос.: 7 [18 - 23].

4

Қоршаған ортаның теңіз жұмыстарына әсері

Реферат

Теңіз жағдайларында гидрометео-факторларды анықтаңыз

Нег.: 1. [14 -18], 5. [280 - 282].

Қос.: 7 [18 - 23].

5

Іздеу-барлау жұмыстары

Дискуссия

Кен орындарында қандай іздеу және барлау жұмыстары орындала-тын анықтаңыз

Нег.: 1. [14 -18],5. [280 - 282].

Қос.: 7 [18- 23].

6

Жүзбелі бұрғылау құрылғылардың (ЖБҚ) класстары және түрлері

Реферат

ЖБҚ-ны қолдану шарттарын анық-таңыз

Нег.:3.[30 -36], 2. [55-63].

Қос.:6 [922-934].

7

Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғылары

Дискуссия

Қондырғының тағайындалуын және тіректерінің конструкциясын анықтаңыз

Нег.:3. [30 - 36], 2. [55-63].

Қос.:6[922-934].

8

Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын ұстау жүйесі

Реферат

Якорлық және динамикалық стабилизация жүйелерін қарастырыңыз

Нег: 2 [207 - 209]

Қос: 6 [987 - 993].

9

Тік ауытқу компенсаторы

Реферат

Осы құрылғының конструкциясын қарастырыңыз

Нег.:3. [ 58-60], 2. [422-434]

Қос.:7. [964-970], [985-987 ]

10

Теңіз стационарлы платформалардың түрлері

Кейс құрастыру

Барлық түрдері бойынша ТСП-ның конструкциясын қарастырыңыз

Нег.: 2.[78-87], 5. [ 443-446]

Қос.:7. [964-970 ], [985-987 ]

11

Таязсулы негіздер

Дискуссия

Таязсулы акваторияларды меңгеруге арналған негіздерді атаңыз

Нег: 1[248-252]

Қос: 7[81-87]

12

Қабаттардың жұмыс режимдері

Кейс құрастыру

Режимдердің барлық түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтарын анықтаңыз

Нег.: 5[146-161]


13

Ұңғыларды пайдалану тәсілдері

Дискуссия

Теңіз ұңғыларынан өнімді өндіру тәсілдерін анықтыңыз

Нег. 1.[93-151], 5.[185-208]


14

Өндірудің жаңа әдістері

Реферат

Арынды сораптың жұмыс істеу принципімен танысыңыз

Нег.: 5[146-161]

15

Құбырлары құру

Реферат

Құбырларды жерге орнату тәсілдерін меңгеріңіз

Нег.:1.[263-269],5.[469-473]




8-кесте

2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)




Тапсырма

Әдістемелік нұсқаулар

Әдебиеттер

1

Теңіз кен орындарын игеру ерекшеліктері

«Теңіз тереңдігінің теңіз жұмыстарының құнына әсері» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег.: 1. [7 - 11], 4. [161-164].

Қос.:7[15-17].

2



Гидрометеофакторлар

Солтүстік Каспийдің жел және толқын режимдері тақырыбына реферат жазыңыз

Нег.:1. [14 -18],5. [280-282].

Қос.: 7 [18- 23].


3


Континенталды шельфті меңгеру

«Әлемнің әртүрлі акваторияларында теңіз кен орындарын меңгеру» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег.:1. [14 -18], 5. [280 - 282].

Қос.:7 [18 - 23].


4


Тереңсулы және таязсулы акваториялар

«Таязсулы акваторияда теңіз кен орындарын меңгеру», «Тереңсулы акваторияда теңіз кен орындарын меңгеру» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег.1.[3-7], 2. [6-17]

Қос.6.[15-17], [18-23]

5



Жартылай батпалы бұрғылау қондырғысы


ЖББҚ-ны пайдалану ерекшеліктерін анықтаңыз


Нег.:2. [63-69], 3. [55-63].

Қос.: 6 [935-945].


6


Бұрғылау кемелері


БК-ның ЖБҚ-ның басқа түрлерінен пайдалану ерекшеліктерін анықтаңыз

Нег.:2. [74-77], 3. [64-67].

Қос.:6 [947-951].

7

Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын ұстау жүйелері

«Динамикалық стабилизация жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег:2 [207- 209]

Қос:6[987 - 993].

8

Теңіз стационарлы платформалар классификациясы

Қатты және серпімді платформалар құрылымын атаңыз

Нег.: 2.[78-87], 5. [ 443-446]

Қос.:7. [964-970], [985-987 ]


9


Серпімді мұнаралар

Серпімді мұналардың конструктивті элементтерін анықтау

Нег: 2[78-87], 5[443-446]

Қос: 6[964-970], [985-987]

10

Таязсулы негіздер

«Таязсулы негіздерді қолдану» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег:1[248-252]

Қос: 7[81-87]

11

Теңіз ұңғыларын пайдалану ерекшеліктері

«Суасты пайдалануда жаңа техника» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег.1.[93-151],5.[185-208]


12

Игеруді қиындататын факторлар

Су және газ конустарының пайда болудың негізгі жағдайлары

Нег.: 1. [7 - 11], 4. [161 - 164].

Қос.: 7 [15 - 17].


13


Теңіз ұңғылар түрлері

Көптармақты жайылған көлденең теңіз ұңғыларды қарастырыңыз

Нег.: 1. [7 - 11], 4. [161 - 164].

Қос.: 7 [15 - 17].


14


Теңіз құбырларын құру

«Еркін түсіру әдісімен теңіз құбырларын құру» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег.:1.

[263-269],5.[469-473]


15


Теңіз құбырлары

«Теңіз құбырлар конструк-циясы» тақырыбына реферат жазыңыз

Нег.:

1.[263-269],5.[469-473]