Файл: Дрыс шбрыша сырттай сызылан шеберді радиусы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 98

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№1 Дұрыс үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы 4,3 см-ге тең. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасының ұзындығын тап.№2Дұрыс алтыбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 21,6 см-ге тең. Дұрыс алтыбұрыш қабырғасының ұзындығын тап.№3Шаршыға сырттай сызылған шеңбер радиусы 23,2 см. Осы шаршыға іштей сызылған шеңбер радиусының ұзындығын тап.№4Дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы іштей сызылған шеңбер радиусынан 2 есе артық. Дұрыс көпбұрыш қабырғаларының санын тап.5 Егер дұрыс бесбұрышқа сырттай сызылған шеңбер ұзындығы 32,34 см болса, онда дұрыс бесбұрышқа іштей сызылған шеңбердің ұзындығын тап. Жауабын микрокалькулятормен есептеп, жүздікке дейін дөңгелекте.6 Дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы 12,4 см-ге тең. Егер дұрыс көпбұрыштың ішкі бұрышының шамасы 60°-қа тең болса, онда оған сырттай сызылған шеңбер радиусының ұзындығын тап.№7Шеңберге сырттай дұрыс үшбұрыш пен шаршы сызылған. Егер дұрыс үшбұрыш қабырғасының ұзындығы 6,9 дм-ге тең болса, онда шаршы қабырғасының ұзындығын тап.8 Қабырғасы 11,4 см-ге тең дұрыс алтыбұрышқа іштей шеңбер сызылған. Осы шеңберге іштей сызылған теңқабырғалы үшбұрыштың периметрін тап.