ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Теңсіздіктер жүйелерін шешу | ||||||
Cабақтың түрі | Бекіту сабағы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика және терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар сызықтық және квадраттық теңсіздіктерді шеше алады. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шеше алады. Біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық теңсіздіктер жүйесін шеше алады. Екі квадраттық теңсіздіктен құралған теңсіздіктер жүйесін/жиынтығын шеше алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-10 мин |
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.
Мұғалім оқушылармен екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешу алгоритмін қайталайды. Бұл қайталауды «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы жүзеге асырады. Оқушылар бір-біріне таратылған келесі сұрақтарды қояды: - Теңсіздіктер жиынтығы дегеніміз не? - Теңсіздіктер жиынтығы қалай шешіледі? - Жиынтықтың соңғы шешімі қалай табылады? | Презентация Слайд 1-3 Презентация Слайд 4 | |||||
Сабақтың ортасы 10-30 мин 30-38 мин | 3. Теңсіздіктер жүйелері мен жиынтықтарына есеп шығару. Мұғалім оқушыларды кіші топтарға біріктіреді, оқушылар топтарда тапсырманы орындауларын талқылайды. №1-тапсырмада оқушылар берілген график бойынша теңсіздікті шешеді, яғни оның таңба тұрақтылық аралықтарын табады. Графикті оқу дағдысы өте маңызды дағдылардың бірі болғандықтан, олар теңсіздіктің шешімін визуалды түрде елестетуге көмектеседі. Бұл тапсырма құрылымдалған, сонымен қатар, оқушылар үшін жаңа болғандықтан, мұғалім топтарға өз беттерімен уақыт бергеннен кейін, оларға бағыт-бағдар көмек көрсете алады. Қажеттілігінше бүкіл сынып талдауын өткізуге болады. №1 тапсырманың дескрипторы. Оқушы:
№2-тапсырмада өрнектің анықталу облысын табу керек. Мұнда оқушылардың естеріңе квадрат түбір астындағы өрнектің мағынасы болу үшін қандай болу керектігі түсіріледі. №2 тапсырманың Дескрипторы. Оқушы:
4. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұпта қос теңсіздіктерді шешуге тапсырмалар орындайды. Оқушылар квадрат теңсіздіктерді шешу дағдыларын жетілдіріп, табылған сан аралықтарын қиылыстырады. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, дескрипторлар бойынша өзара бағалау жүзеге асады. №3 тапсырманың Дескрипторы. Оқушы:
| Қосымша 1 Презентация Слайд 5-6 Презентация Слайд 7 Презентация Слайд 8 | |||||
Сабақтың соңы
| 5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: • Бүгін мен білдім … • Маған қызықты болды … • Маған қиын болды … • Мен ... тапсырмаларын орындадым. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген. | Презентация Слайд 9 Стикерлер Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз. | Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. | Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. |