Файл: Дамуына ОСан лесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

АКАДЕМИК Д.А. ҚОНАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ

ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Қазақтың кеңес заманындағы біртуар ұлдарының бірі, ұзақ жылдар бойы кеңестік қазақ елінің тізгінін ұстаған, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.

Ұлы адамның ұлы тойында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай толағай тұлғалар болған. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сондай біртуар болмыс иесі» - деп өз бағасын берген енді.

Д.А.Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған. 1948 ж. кандидаттық, ал 1968 ж. докторлық диссертация қорғады. 1952 жылдан - Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі.

100-ден аса ғылыми еңбектің авторы: «Қоңырат кен орнының мыс кенін игеру» (1949), «Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының карьерінде тау-кен жұмыстарының технологиясын жетілдіру» (1966), т.б. зерттеу еңбектері арнаулы мамандар үшін әлі өз маңызын, кәсіби құндылығын жойған жоқ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

ҚазКСР Ғылым академиясының президенті бола жүріп, ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын өндірістің негізгі салаларын кадрлармен қамтамасыз етуге бағыттады.

Қыйын-қыстау уақытта өз халқының адал перзенті, мәртебелі азамат Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев республикамыздың ғалым-инженерлерінің тұрақты қалыптасуына ерекше көңіл аударды.
Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриальды мемлекет ретінде қалыптасуында Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Қонаевтың қайраткерлік мезгілінде Өскемендегі қорғасын-цинк және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған таукен-металлургия комбинаттары кұрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, метталлургия институттары ашылды.

Дінмұхамед Қонаев ғылым академиясын басқарған кезде де, одан кейін ел тізгінін ұстаған кезінде де елімізде ғылымның дамуына айрықша мән берді. Кеңестік қазақ ғылымының өрістеген тұсы осы кез болды.
Республикамыздың өсіп өркендеуіне жасаған игі істерінің ішінде әсіресе ғылым академиясының дамуына сіңірген еңбегі өте зор. Өз уақытында Қаз ССР ҒА Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынға дейін көтерілді.


Бұл кісі ғы­лымға, мәдениетке ерекше көңіл бөлді. Қонаевтың уақытында ғалымдарды, жазушыларды, әншілерді қатты дә­ріптеді. Қазақстанның Ғылым акаде­миясының Кеңес өкіметі кезіндегі мәртебесі теңдессіз еді. Ғылым академиясы құрылған 10-15 жылдың ішінде бізден бір топ адам Лениндік сый­лықтың лауреаты болды. «Сәтпаевтың геоло­гиялық картасы» дегенде кім-кімнің де аузының суы ағатын. Ол заманда Ле­ниндік сыйлықтың лауреаты Нобель сыйлығынан артық болмаса, кем емес еді.