Файл: Цифрлы технологиялар жне мліметтер оры бойынша тест тапсырмалары 1 дегей (Білу жне тсіну).doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 197
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сұрақ №3
V1 | Алғашқы ақпараттық хабарламаға тастағы суреттерді жатқызуға болады. 100 мың жыл бұрын ауызша сөйлеудің пайда болуына байланысты адамзат ақпаратты, яғни әр адамның жадысында жекеше, өзі жинай бастады. 5-6 мың жыл бұрын жазудың пайда болуы байланысты адамзатта ұжымдық жадыға сақтау қалыптасты. Осы уақытта негізгі ақпараттық үдеріс: ақпаратты жинау, тарату, өңдеу, сақтау және қолданушыға жеткізу пайда болды. Әртүрлі материалдық тасымалдаушылардың пайда болуына байланысты ақпаратты пайдалану мүмкіндігі туды. Ақпарат алғашқыда тастарға, жануарлардың терісіне, пергаментке, папирусқа, ағаш тақтайшаларға, маталарға кейіннен қағазға жазыла бастады. 1. Алғашқы ақпараттық хабарлама: А) тастағы жазу В) тастағы сурет С) қағаздағы ақпарат Д) тасымалдаушылардағы жазба Е) жазылған хаттар 2. Алғашқы ақпарат сақтау құралдары А) ағаш тақтайшалар, қағаз, дисктер В) жануарлардың терісі, папирус, папка С) жануарлардың терісі, пергамент, папирус Д) пергамент, папирус, қағаз Е) папирус, қағаз, дисктер 3. Ақпаратты жинау, тарату, өңдеу, сақтау және қолданушыға жеткізу А) ақпараттық мәдениет В) ақпараттық сауаттылық С) ақпарат алмасу Д) ақпараттық үдеріс Е) ақпартты бағалау |
1 | 1-B, 2-C, 3-D |
0 | 1-B, 2-B, 3-А |
0 | 1-A, 2-C, 3-D |
0 | 1-A, 2-B, 3-С |
0 | 1-D, 2- C, 3-E |
Сұрақ №4
V1 | Алғашқы үш индустриялық революцияны сипаттау үшін пайдаланылған әртүрлі анықтамалар мен ғылыми дәйектемелерді назарға ала отырып, бүгін төртінші индустриялық революцияның басында тұрмыз деп санаймыз. Оның басты ақауы- “жаhанды жайлаған” ұтқыр интернет, ықшам (күн сайын арзандап келе жатқан) шаруашылық құрылғылары, жасанды интеллект пен оқытатын машиналар. Қазір ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету және белгілі бір жүйеге негізделген цифрлық технология жаңалық емес, дегенмен жылдар жылжып, үшінші индустриялық революциядан алшақтаған сайын, ол қоғам мен жаhандық экономиканың түрленуін (трансформациясын) тездетіп, барынша жетіліп, бір-бірімен кіріге түсуде. Сондықтан Массачусетс технологиялық институтының профессорлары Эрик Бринолфссон мен Эндрю Макафи бұл кезеңді “екінші машиналық ғасыр” деп тапқырлықпен атады және 2014 жылы басылып шыққан кітаптарына осы атауды қолданды. Сол кітапта олар: “Бүкіл әлем технологияның автоматтандыру мен “мүлтіксіз заттарды” толассыз тудыруы арқылы “барлық бояуымен” көз қарықтыратын, асқынған індеттей бұрқ ете түсетін жарылыстың шегінде тұр”,- деп тұжырымдайды. Германияда “Индустрия 4.0”- ті талқылау жүріп жатыр. Бұл термин 2011 жылы Ганновер жәрмеңкесінде пайда болған және ол бағаны қалыптастырудың жаhандық тізбесінің түбегейлі қайта құрылу үрдісін белгілеу мақсатынан туған. 1. Эрик Бринолфссон мен Эндрю Макафидің төртінші инновациялық революцияға берген атауы А) жыл жаңалығы В) машина ғасыры С) екінші машиналық ғасыр D) компьютер заманы E) смартфон ғасыры 2. Профессорлар Эрик Бринолфссон мен Эндрю Макафидің жұмыс істейтін оқу орыны А) Стэнфордс В) Массачусетс С) Кэмбридж D) Оксфорд E) Гарвард 3. Индустрия 4.0 термині пайда болған орын А) көше В) көрме С) жәрмеңке D) мектеп E) университет |
0 | 1-B, 2-C, 3-D |
0 | 1-B, 2-B, 3-А |
1 | 1-C, 2-B, 3-C |
0 | 1-A, 2-B, 3-С |
0 | 1-D, 2- C, 3-E |
Сұрақ №5
V1 | «Виртуалды шындық» жүйелерімен жұмыс жасау кезінде, білім беруде ақпаратты қабылдау кезінде сапалы өзгерістер болады. Бұл жағдайда қабылдау тек көру және есту арқылы ғана емес, сондай – ақ сезу және иіскеу арқылы да жүзеге асады. Принципиалды жаңа деңгейде білім берудегі көрнекіліктің дидактикалық принципиптерін жүзеге асыруда сілтеулер пайда болады. Білім беруде мультимедиа технологиясына пайдаланудың кеңістіктік ойлауын дамытуда, нақты шындыққа максимал жақындаған жағдайда мамандардың машықтануын ұйымдастыруда маңызы зор. «Виртуалды шындық» жүйесін медицинада хирургтарды күрделі операцияларды жүргізуге, ауруларды реабелитациялау мәселелерін шешуге үйрету үшін қолдануы таң қаларлық жүйе. «Виртуалды шындық» берген ақпаратты түсіну тек теориялық емес, практикалық болуы да мүмкін, дәлірек айтқанда: көрнекті – бейнелі немесе көрнекті - әрекетті. Практикалық ойлау тоериялық ойлаумен салыстарғанда тырысуды аз талап етеді, ереже бойынша, бейнелік ақпаратты түсіну символдық ақпаратты түсінуге қарағанда жеңіл. Виртуалды шындық технологиясын пайдаланып құрылған электрондық басылымдар мен ресурстар оқыту үдерісінде оқу материалын жақсы түсіну және меңгеруді қамтамасыз ете алады 1. Виртуалды шындықта берілген ақпарат А) көрнекті – бейнелі немесе көрнекті - әрекетті В) көрнекті – бейнелі емес, әрекетті С) көрнекті – бейнелі немесе көрнекті - әрекетсіз Д) бейнелі немесе көрнекті Е) көрнекті – бейнелі немесе көрнекті - әрекетті 2. Виртуалдық ақпарат технологиясын пайдаланып құрылған электрондық басылымдар мен ресурстар: А) оқыту үдерісінде оқу материалын жақсы түсіну және меңгеруді қамтамасыз етпейді В) оқыту үдерісінде оқу материалын жақсы түсіну және меңгеруді қамтамасыз етеді С) оқыту үдерісінде оқу материалын түсіну және меңгеруде қиындықтар тудырады Д) оқыту үдерісінде оқу материалын жақсы көру және естуді қамтамасыз етеді Е) оқыту үдерісінде оқу материалын жақсы тасымалдау және мұрағаттауды қамтамасыз етеді 3. «Виртуалды шындық» жүйелерімен жұмыс жасау кезінде болашақта болатын сапалы өзгерістер А) сезу және иіскеу В) көру және есту С) көру және иіскеу Д) есту және иіскеу Е) сезу және есту |
0 | 1-B, 2-C, 3-А |
0 | 1-B, 2-B, 3-C |
0 | 1-A, 2-C, 3-Д |
1 | 1-A, 2-B, 3-А |
0 | 1-D, 2- C, 3-Е |
Сұрақ №6
V1 | Компьютер құрылғылары 1. Суреттегі 5-ші құрылғы: А) енгізу В) шығару С) сақтау Д) тасымалдау Е) қабылдау 2. Принтер түрлері: А) лазерлік, түрлі түсті В) сия бүріккіш, матрицалық, лазерлік С) ақ-қара, сия бүріккіш Д) түрлі түсті, матрицалық Е) түрлі түсті, ақ-қара, матрицалық 3. Сканер ақпаратты ... құрылғысы A) енгізу В) шығару С) сақтау Д) тасымалдау Е) қабылдау |
1 | 1-В, 2-B, 3-A |
0 | 1-А, 2-В. 3-E |
0 | 1-С, 2-Д, 3-D |
0 | 1-Е, 2-Д, 3-C |
0 | 1-А, 2-Е, 3-B |
Сұрақ №7
V1 | Видеосигналдарға арналған порттар 1. Видеокарта графикалық бейнелерді ... арналған құрылғы: А) жазуға В сақтауға С) көрсетуге Д) жасыруға Е) қорғауға 2. Видеокарта орналасады: А) мониторда В) проекторда С) принтерде Д) жүйелік блокта Е) аналық тақшада 3. DVI: A) Digital Visual Internet В) Digital Vector Internet С) Digital Vector Interface Д) Digital Visual Interface Е) Digivideo Vector Internet |
0 | 1-В, 2-B, 3-A |
0 | 1-А, 2-В. 3-E |
1 | 1-С, 2-Д, 3-Д |
0 | 1-Е, 2-Д, 3-C |
0 | 1-А, 2-Е, 3-B |
Сұрақ №8
V1 | Мәліметтер қорын жасау, жобалау барысында кестелер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы, басқаша айтқанда стандарттық түрде болуы қажет. Бұл талаптар қалыпты форма деп, ал қалыпты түрге келтіру үдерісі – қалыптандыру (қалпына келтіру) деп аталады. Қалыпқа келтірілмеген кестелерді реляциялық алгебраның амалдары дұрыс өңдемейді. Мәліметтер қорының кестелері төрт қалыпты формаға сәйкес болуы керек. Алғашқы қалыпты форма артибуттардың барлық мәндері жиындар емес, қарапайым шамалар болуға тиіс болатынын ескереді. Мысалы, келесі түрдегі жазбаға 0023003 {607.1, 160.09} 10/03/2000 2001 1001 жол берілмейді, себебі ол алғашқы қалыпты формаға сәйкес келмейді. Екінші қалыпты форма. Егер де ешбір кілттік емес атрибуттар кілттің бөлігіне тәуелді болмаса, реляциялық кесте екінші қалыпты формада болады. Осылайша, екінші қалыпты форма бастапқы кілт құрамдас болған жағдайда, былайша айтқанда, бірнеше атрибуттардың жиыны болған жағдайда ғана бұзылуы мүмкін. 1. МҚ жобалау барысында кестелер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы,стандартты түрде болуы А) Қалпына келтіру В) Кілттік емес атрибут С) Қалыпты форма Д) Мақсаттық тізім Е) Кілттік атрибут 2. Мәліметтер қорының кестелері неше қалыпты формаға сәйкес болуы керек А) 1 В) 4 С) 7 Д) 2 Е) 5 3. Қалыпты форма қандай жағдайда ғана бұзылуы мүмкін А) Барлық мәндері жиын болмағанда В) Стандартты түрде болмаса С) Кілттің бөлігіне тәуелді болмағанда Д) Бірнеше атрибуттардың жиыны болған жағдайда Е) Барлық жауап дұрыс |
0 | 1-В, 2-С, 3-Д |
0 | 1-Д, 2-А, 3-А |
0 | 1-Е, 2-Д, 3-В |
1 | 1-С, 2-В, 3-Д |
0 | 1-A, 2-B, 3-Е |
Сұрақ № 9
V1 | Мәліметтер банкі (МБ) жалпы жағдайда келесі компоненттерден: мәліметтер қорынан (бірнеше қорынан), мәліметтер қорын басқару жүйесінен, мәліметтер сөздігінен, әкімшіден, есептеу жүйесі мен қызмет көрсетуші персоналдан тұрады. Аталған компоненттер мен солармен байланысты маңызды түсініктерді қысқаша түрде қарастырып кетейік. Мәліметтер қоры (МҚ) есептеу жүйесінің жадында сақталатын және объектілер мен қарастырылып отырған пәндік салада олардың өзара байланысының жағдайын бейнелейтін, арнайы түрде ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Қорда сақталатын мәліметтердің логикалық құрылымы мәліметтерді кейіптеудің моделі деп аталады. Мәліметтерді кейіптеудің негізгі модельдеріне (мәліметтер моделіне) келесілер жатады: иерархиялық, желілік, реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді және объектілі-бағытталған. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) дегеніміз — бұл МҚ-ны құруға, енгізуге және оны көптеген пайдаланушылардың бірлесе отырып пайдалануына арналған тілдік және программалық құралдардың кешені. Әдетте МҚБЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша ажыратылады. Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға негізделген МҚБЖ-лар реляциялық МҚБЖ-лар деп аталады. 1. Мәліметтерді кейіптеудің моделі А) Программалық құралдардың кешені В) Реляциялық мәліметтер қоры С) Мәліметтер қорын басқару жүйесі Д) Қорда сақталатын мәліметтердің логикалық құрылымы Е) Есептеу жүйесінің жадында сақталатын объектілер 2. Қолданбалы міндеттер үшін ақпаратты өңдеуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін программа А) МҚБЖ В) Қосымша С) Мақсаттық тізім Д) Мәліметтер қоры Е) Бұтақ 3. МҚ-ға қатысты талаптарды даярлау ісіне, оны жобалауға, құруға, тиімді түрде пайдалануға және ілесіп жүруге жауап беретін тұлға немесе тұлғалар тобы А) МҚБЖ В) Мәліметтер қорының әкімшісі (МҚӘ) С) Есептеу жүйесі Д) Мәліметтер банкі (МБ) Е) Есептеу жүйесін анықтаушы |
1 | 1-Д, 2-В, 3-В |
0 | 1-Д, 2-А, 3-А |
0 | 1-Е, 2-Д, 3-В |
0 | 1-С, 2-В, 3-Д |
0 | 1-A, 2-B, 3-Е |
Сұрақ №10
V1 | «Бұтақ» типіне енгізілген қарапайым типтердің әрқайсысы «жазба» атты жай немесе құрама тип болып табылады. Қарапайым «жазба» бір типтен тұрады, мысалы, сандық типтегі, ал құрама «жазба» типтердің белгілі бір жиынтығын, мысалы, бүтін, символдар жолы және көрсеткіштерді (сілтеме) біріктіреді. Түбірлік деп бағыныңқы типтері бар және өзі ішкі тип болмайтын тип аталады. Бағыныңқы тип (ішкі тип) өзі үшін ата тегі (ата-ана) рөлін атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты егіздер болып табылады. Тұтастай алғанда «бұтақ» типі «жазба» типтерінің иерархиялық тұрғыдан ұйымдастырылған жиынтығын сипаттайды. Иерархиялық МҚ құрамында «жазба» (жазбалар) типіндегі мәліметтер даналарын (экземплярын) қамтитын «бұтақ» типіндегі мәліметтер даналарының реттелген жиынтығы болып табылады. Көп жағдайда типтердің арасындағы туыстық қатынастарды жазбалардың арасындағы қатынастарға көшіреді. Жазбалар өрістері шындығында МҚ-ның негізгі мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. Иерархиялық МҚ-ғы барлық элементтерді қарап шығу әдетте жоғарыдан төмен қарай және солдан оңға қарай жүргізіледі. 1. «Бұтақ» типі қандай болып келеді А) Иерархиялық В) Тікелей С) Аралас Д) Құрамдас Е) Барлық жауап дұрыс 2. МҚ-ның негізгі мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды А) Бұтақ типі В) Жазба өрістері С) Түбірлік Д) МҚӘ Е) Есептеу жүйесі 3. Бағыныңқы типтері бар және өзі ішкі тип болмайтын тип А) Бұтақ типі В) Түбірлік С) Жазба өрісі Д) Мәліметтер банкі (МБ) Е) Логикалық құрылым |
1 | 1-Д, 2-В, 3-В |
0 | 1-Д, 2-А, 3-А |
0 | 1-Е, 2-Д, 3-В |
0 | 1-С, 2-В, 3-Д |
0 | 1-A, 2-B, 3-Е |