ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 17063
Скачиваний: 34
Оның
айтуынша, Елбасының ойы да мақсаты да
айқын әрі түсінікті. Ел алдына қойылып
отырған міндеттер мен бағдарламалар
өте ауқымды. Экономиканың маңызды
секторларында, олардың ішінде әсіресе
энергетика саласында ауқымды істер
атқарылады.
«Біз өз жұмысымызда
алғашқы жетістікке қол жеткізіп те
үлгердік. Кентау трансформатор зауытының
базасында электрлік мегамашиналардың
жаңа буыны шығарыла бастағанын таяуда
Елбасына баяндадық. Қазақстан тарихында
тұңғыш рет «КТЗ» Акционерлік Қоғамы
электрлік кернеуі 110 Кв, қуаты 63 000
Ква, ал салмағы 110 тоннаға дейін баратын
электр машиналарын, яғни жаңа
трансформаторлар шығара бастады. Алғашқы
өнім тұтынушыларға жеткізіліп те
қойылды. Бұл жаңа трансформатор аумағы
үлкен елді-мекендерді электр қуатымен
қамтамасыз етеді», - деді ол.
«Бизнестің
қаржы ресурстарына қол жеткізу
мәселелеріне Елбасы жіті көңіл бөлуде.
«Нұрлы жол - болашақа бастар жол» атты
Жолдауы бұған айқын дәлел бола алады.
Біз Нұрлы жолды таңдай отырып, барлық
тауар өндірушілерді, жахандану жағдайында
өз істеріне үлкен жауапкершілікпен
қарауға шақырамыз», - деді С. Қожабеков
Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
72. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Республиканың индустриялық дамуы.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
1.
Орталықтандырылған басқару Территиориялық
басқару
2. Салалық халық шаруашылық
министрлік Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер
күйгеліктік туғызды, экономиканы
басқаруда ғылымға негізделмеген
ойластырмай жасалған субъективтік
шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер
көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен
байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда
халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында
реформа жасалды: партия орындары
өндірістік белгі бойынша қайта құрылды.
Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық
партия үйымдары болып бөлінді.
Сөйтіп,
жасалған реформалар басқару аппаратындағы
абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың
орындалуындағы іркілістерді туғызды.
1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық
жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық
жоспармен ауыстырылды. Жан басына
шаққанда өнім өндіруден дамыған
капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде
қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
Ауыл шаруашылығы
1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.
73. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Ұлы жүзің Ресейге қосылуы - Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. ЖетісудыңІлеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулие-атаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті.
Ұлы жүз қазақтары Қоқан және Хиуа шонжарларының қоластында, Ресейің Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстігіндегі жағдай оның басқа аудандарына қарағанда басқаша түрде қалыптасты. XVIII ғасырдың соңында Оңтүстік Қазақстанға орталықазиялық феодалдық мемлекеттер-Хиуа,Бұқара, әсіресе Қоқан хандықтары жиі шабуыл жасады.Қазақстанның оңтүстігін жаулап алудың себептері көп болды. Олар: қазынаны салықпен толтыру қажеттілігі; мал өнімдері, азық-түліктермен қамтамасыз ету; Орталық Азияны Ресеймен Қытаймен байланыстыратын керуен бақылау жасау; орталықазиялық хандықтардың саяси ықпалы мен беделін бекіту. Орталықазиялық хандықтардың Қазақстанның оңтүстігіне тікелей билік жасау кезеңі шамамен 1810 жылдан 1866 жылға дейін созылды. Олардың басқыншылық саясаты Англия тарапынан қолдау көріп отырды. 1812-20 жылдары Хиуа ханы Мұқаммед-Рахым қазақ ауылдарына бірқатар тонаушылық шабуылдар жасады. 1809 жылы Ташкент қаласы Қоқан билігінің қол астына өтті.1813-1814 жылдары қоқандықтар Түркістан қаласының іргесіндегі Қарнақты басып алды.Түркістанды басып алудың негізгі себебі-Омар ханның Қожа Ахмед Йасауи кесенесіне зиярат етіп қайтуы болды. Ол үшін ең алдымен Түркістанды басып алу керек болды. Ол Ташкенттен әскерімен шығарып, Түркістанды басып алу үшін Сайрамнан таңдаулы сарбаздардан тұратын 1000 адамдық қосын аттандырды. Қоқандықтардың шабуылы күтпеген жерден болғандықтан Түркістандықтарды қатты састырды. Түркістанның билеушілері жапатармағай қашты, қала толық басып алынып, аяусыз тоналды. Сайрамның, Түркістанның, Шымкенттің, Әулиеатаның жау қолында қалуы қоқандықтар мен бұқаралықтардың арақатынасын шиеленістіріп жіберді. Түркістанды тастап қашып шыққан Тоқай төре Бұқарадан пана тауып және көмек алды.Сол жерден ол әскер жинап, қоқандықтарға қарсы шығады.Бірақ қазақтардың Қоқандықтарға қарсы шыққан күресі сәтсіздікке ұшырап, Тоқай төре жау қолынан қаза табады. Қоқандықтарға қарсы тағы бір қарсылық Тентек төре бастаған қазақтардың көтерілісі болды. Бұл көтеріліс азаттық және қоқандықтарға қарсы сипатта болды. 12000 адамнан тұратын көтерілісшілер Сайрамның ескі бекінісіне шоғырланды. Көтерілісшілерді Түркістан, Шымкент, Әулиеата қаласының тұрғындары қолдады. Алайда Омар ханның әскерімен болған тең емес жағдайдағы шайқастың нәтижесінде көтерілісшілер жеңіліс тауып, екі қосынға бөлініп кетті. Көтерілісшілерге қарсы қоқандықтар зеңбірек пен мылтық қолданды. Қазақтардың күші әлсіреп, Тентектөре жауға берілуге мәжбүр болды. Қазақтардың Қоқан үкіметінің басқыншылығына қарсы жасаған азаттық күресінің жеңіліп қалу себебі: көтеріліс басшысының беделінің жетіспеуі мен көтерілістің бытыраңқылығы болды. Іс-әрекеттерінде ортақ шешімнің болмауы. Қазақстанның оңтүстігіне иелік етуге ұмтылып отырған Бұқар мемлекетінің көмегінің алдын кесіп тастады қарсыластың әскербасымдылығын көрсетті.Көтерілістің біртұтас мақсаты болмады, ал оның басшылары тек өзінің билігін қайтарып алуды ғана көздеді. Қазақстанның оңтүстігі орталықазиялық мемлекеттерінің әсерінен басқа аймақтарына қарағанда өзгеше сипатта болды. Мұнда Қоқан билігі күшті болғандықтан да орта ғасырлық феодалдық тәртіп үстемдік құрды. Қазақ билеушілерінің арасында ауызбіршілік болмады. Әрбір рулық топтың өз ханы болды және ол оқшауланған саясат жүргізді. Қазактардың қыстауларына бекініс жүйелерін құруы қоқандықтарға үлкен аумақты бақылауда ұстауға және ол жерлерден салық жинап отыруға мүмкүндік берді. Қазақтардың негізгі бөлігі зекет төледі. Қазақтар әскери міндеткерлігін орындау үшін Қоқан ханның әскери жорықтарына қатысып отырды. Қазақстанның оңтүстігі үшін жоғарғы әкімшілік тұлға Ташкент әкімі болып саналды. Қазақ билеушілері қазақ хандары мен сұлтандарын өзінің саяси мүдде Қазақстанның оңтүстігіне патша өкіметінің күшеюі. ХІХ ғасырдың ортасында Ресей Қырым соғысында (1854-1856 жж.) жеңіліп қалды. Өз ұтылысының қарымтасын қайтару үшін ол Шығыстағы сыртқы саясатын белсенді түрде жүргізе бастады. Ресейдің қарқынды дамыған өнеркәсібі саудасы үшін жаңа базарлар мен шикізат көздері қажет болды. Сондықтан да Ресейдің сыртқы саясатындағы Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия маңызы күрт өстіі. Петербург сарайының кабинеттерінде Қазақстанды тұтас бағындыру мен Орталық Азия елдерімен жан-жақты қатынас жасауды дамыту туралы мәселе көтерілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империсында өнеркәсіп пен сауда күшті қарқынмен дами түсті. Үндістан жағынан Англияның Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне мүдделі жоспары бар екендігін күмәнсіз дәлелдеп берді. Қытай Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағы жөнінде бейтарап саясат ұстануды одан әрі жалғастырды. Себеебі Қытайдың 1840 - 1842 және 1856-1860 жылдардағы апиын соғыстарынан мойнын бұруға шамасы келмеді. Сонымен қоса 1851-1860 жылдардағы тайпиндер көтерілісі, азамат соғысы, сондай-ақ Шығыс Түркістанда 1822-1859 жылдары қайта-қайта бұрқ ете түсумеен болған көтеріліс бұл елдің іргесін шайқалтқан болатын. Осы тұста Қытайдың Жетісу жағына қарай жылжу ниеті де бар еді. Ресей империясының негізгі мақсаты Қазақстанды түпкілікті жаулап алу және Орта Азия мемлекеттерін бағындыру мәселесінің бар екендігі заңды сияқты еді.
Ұлы жүздің Ресей қоластына өте бастауы
Жетісуды отарлауы. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың басында Ұлы жүзде хан билігінің біртұтастығы байқалмады. Осы тұста Сырдария өңірі қазақтары ықпалды хан Арғынғазыға үлкен үміт артқан еді. Оны патша үкіметі Петербургке бара жатқан кезінде ұстап алып, Калугаға жер аударып жіберген болатын. Патша үкіметі ондай беделді қазақ хандығының болуын қаламады. Ресейдің шығысқа қарай жылжуына оңтүстік Қазақстанның жерінде Қоқан өкіметі кедергі келтірді. Қоқанның одақтасы, Ресейдің шығыстағы басты қарсыласы – Англия болды. Қоқан өкіметі өзінің Пішкектегі, Меркедегі, Әулиеатадағы және Шымкенттегі аван-посттарын күшейту шараларын қарастыра бастады. Олар жазалаумен қорқытып шеттегі қазақтар мен қырғыздардың малдарын тартып алды, сауда керуендерінің жүруіне кедергі келтірді. Осы себептерден әбден үрейленіп қалған Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей қол астына өтуіне бастама болып саналды. Қазақтарға осы кезде Орта азия мемлекеттері мен Қоқан, Хиуа хандықтары жиі шабуылдар жасады. Аймақта біртұтас биліктің болмауы, ел басын біріктіретін, өз іштеріндегі алауыздықты тоқтататын, сонымен қоса сыртқы агрессияға төтеп беретін күш жоқ еді. Осылардың бәрі патша үкіметінің Қазақстанның Оңтүстік өлкесін отарлауға қолайлы жағдай туғызды. Дәл осы кезеңде қазақтардың бір бөлігі Ресеге қосылуға әзір тұрса, екіншіден патша үкіметі де белсенді түрде іс-қимылдар жасауға кірісті. Онымен қатар қоқандықтардың елдің берекесін алған шабуылдары 1818- жылы Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметінен өздерін Ресей қол астына алуын өтінді. Сөйтіп,1819 – жылы патша үкіметі Сүйік сұлтанның өтінішін қанағаттандырды - 55500 қазақ патша үкіметі қол астына өтті. 1824 – жылы Ұлы жүздің 14 сұлтаны – Абылай немерелері мен Әділ төренің балалары басқарған 165 мыңға тарта ер адам Ресей қол астына өтті. Дегенмен, Ресей ұкіметі өздерінің ішкі жағдайларына орай Ұлы жүзбен байланыс жасауды тоқтату қажет болды. Себебі, (І-Александрдің өлімі, Сенат алаңындағы декабристер көтерілісі), сонымен қатар сыртқы проблемалары (1826-1828 жылдардағы орыс-иран соғысы, 1828-1829 жылдардағы орыс-түрік соғысы, 1830-1831 жылдардағы поляк көтерілісі) империя құрамына Ұлы жүз қазақтарын қосып, алуды уақытша тоқтатты. Қазақ билеушілері өзінің саяси мүддесіне пайдаланды. Бұл тұтастай алғанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық саяси және халықаралық жағдайына әсер етті. Орталық Аиялық хандардың бағыныштылығында бола отырып Оңтүстік Қазақстан мен Жет ісу өлкесі, онда тұратын Ұлы жүз қазақтары Ресейдің шекаралық аудандарымен сауда және саяси байланысты ұстап тұрды. Осы аудандарға Ресейден келетін астық және өнеркәсіп тауарлары жылдам және ұлғая түсті. Бұл тайпалардың көшпелілері Ресейдің қосып алу қаупінен сескеніп Қоқан хандығының билігіне қарай ығысты. Орта және Ұлы жүздің қосылған аумағында Ақтау (1835 ж.), Алатау, Қапал (1846 ж.), Аягөз (1831 ж.), Лепсі бекіністері тұрғызылды. Бұл бекіністер Ресейдің Оңтүстік Қазақстанға қарай жылжуы үшін тірек пункттері қызметін атқарады, сонымен қоса басқа да бекіністер салынып, олар Ресейдің Іледен арғы өлкедегі тірек пункттеріне айналды.Ұлы жүз қазақтарын басқару жөніндегі нұсқауға сәйкес бұл өлке 1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымы қызметін белгіледі. Ол Ұлы жүздің жаулап алған аудандарын басқаруды жүзеге асырды. Қоқан хандығының тіррегі болған Қаскелең өзенінің сағасындағы бекінісін алу Ресей үшін маңызды болды.1851 жылы шілдеде Тайшүбек бекінісі алынды. Ресей империясының Қазақстанның оңтүстігіне қарай жылжуы.Қазақстанның негізгі аумағына бекініп алған Ресей империясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның Оңтүстігі мен Орталық Азияға көз тіге бастады. Ол өз алдына екі мақсат қойды: біріншіден орыс билігін мойындамайтын қазақтарды бағындыру; екіншіден, орыс әскерінің Орталық Азия хандықтар шекарасына жақындауын тездету. Үшіншіден патша үкіметінің Ұлы жүз жерінде бекіністі күшейтіп, одан соң Орта Азия мемлекеттерінің аймағына қарай әскери күштерін енгізуді көздеді. 1850 жылы Ресей Іле сыртындағы өлкеде бекініп қалуға тырысты. Қазақтар патша империясы әскеріне ілгері жылжытпау мақсатымен қатты қарсылық көрсетті. Ресей әскерінің Сырдарияның құйылысына келіуіне байланысты жергілікті қазақтар Қоқан және Хиуа әскерінің шабуылдарына жиі ұшырады. Ол кезде Сырдарияның төменгі ағысы Ақмешітке дейін Кіші жүздің бір бөлігі болып табылатындықтан Ресейдің аумағы саналады. Бірақ іс жүзінде бұл аумақ Хиуа өкіметінің билігінде еді. Бұл жерде Хиуа ханының шабармандары жергілікті халықты тонап, рубасыларын басып сатып алып жүрді. Осындай жағдайда Сырдария құйылысының тұрғындары Ресейдің Раиым,Қазалы 1848 ж. бекіністерін және басқа да форпостарын салу ісіне белсене ат салысты,сондай-ақ Арал теңізін зерттеу мен игеру жұмыстарына қара жұмысшы жол көрсетуші ретінде қатысты.Соған қарамастан,отарлаушылар өздерінің озбыр әрекеттерімен Арал маңы тұрғындарын өздеріне қарсы қойып алды.Жаңа форпостар орыс гарнизондарына Сырдарияның бойымен жоғары жылжып, Қоқанның ірі бекінісі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік туғызды. 20 күндік қоршаудан соң 1853 жылы 28 маусым күні орыс әскері Ақмешітті алады және Сырдарияның төменгі сағасында Сырдария желілері құрылды,ол ауданға Раиымнан бастап Ақмешітке дейін кірді. Сөйтіп, Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы екінші әскери-стратегиялық міндеті жүзеге асырылды. Патшалық үкімет Хиуа мен Қоқан хандықтарына дипломатиялық арна бойынша саяси қысымды күшейтудің мүмкіндігіне ие болды. ХІХ ғасырдың басында Ұлы жүзде хан билігінің біртұтастығы байқалмады. Осы тұста Сырдария өңірі қазақтары ықпалды хан Арғынғазыға үлкен үміт артқан еді. Оны патша үкіметі Петербургке бара жатқан кезінде ұстап алып, Калугаға жер аударып жіберген болатын. Патша үкіметі ондай беделді қазақ хандығының болуын қаламады.