ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 17065
Скачиваний: 34
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстан-АҚШ байланыстары.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде "Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).
Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.
Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.
КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.
1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.
1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.
Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.
2001 жылғы 29 тамызда Алматыда "ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.
Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, "Адам және биосфера”, "Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.
ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.
ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанның даму болашағы.
Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.
1993
жылғы 9 қазанда "Қазақстанның
болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде”
еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде
Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның
қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас
төңірегінде нақты пікір айтты:
1.
Идеология – адамдардың қоғамдастығын
саяси және экономикалық міндеттерді
топтастыру тәсілі.
2. Идеология -
әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру
механизмі.
3. Идеология–мемлекеттің
және оның тұғырнамасын қолдайтын
партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың,
адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде
ықпал ету тәсілі.
4. Өмір алға озып
отырған кезде әр түрлі идеологиялық
ағымдар болады.
Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.
1996 жылы " Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.
Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.
2003 жылы " Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
-
Қазақстандағы есірткі қолданатындар
– 40.505.
- Оның ішінде әйелдер – 4.420.
- Оның ішінде кәмелетке толмағаны –
1927.
Осы
қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:
-
Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық
жүйесіне кіру.
- Нашақорлық және
есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005
жылдарға арналған стратегиясын жүзеге
асыру.
- Есірткіге қарсы күрестің
кең көлемді ұлттық жүйесін құру.
Әлемдік
деңгейдегі " Ғасыр
дертіне”
қарсы күрестің Қазақстанда
жүзеге асырылуға тиісті шаралары:
-
Нашақорлықтың алдын алу және есірткі
бизнесінің жолын кесу.
- Аумақтары
арқылы есірткі тасымалданатын елдердің
бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында
аймақтық, саяси құрылымдардың
әрекеттестігін кеңейту.
- Каспий
мәселесі қарастырылды.
Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.
"Қазақ"
атауы және қазақ жүздерінің пайда
болуы
«қазақ»
сөзінің шығу тегін б. з. д. VII - IV ғасырларда
өмір сүрген сақ тайпаларының атымен,
«сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз»,
«қасақ» деген тайпа аттарымен
байланыстырады.
Академик Н. Я. мар
мен чех ғалымы Б. Грозный. Бұл пікірді
академик Ә. Х. Марғұлан, тарихшы Ш.
Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов, т. б.
қолдайды.
(«қазақ» атауының төркіні
«қасақ»» «көсек» сөздері дейді)
Академик
Ә. Х. Марғұлан
(Хазарлар арасында
қазар - ұғ, берішлік деген екі ірі тайпаның
болғанын айтады).
А. Н. Бернштам
(«қазақ»
сөзі кас - пи мен сақ тайпасының бірігуінен
тайда болған деп тұжырымдайды).
Зерттеуші
А. Әбдірахманов
(«қазақ» сөзінің
төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің
қосылуынан жазылған: оғ - көне түркі
тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді.
Қазоғ (оқ)- қаз тайпалары деген ұғымды
білдіреді).
Б. з. д. ІІ ғасырда қытай
тарихшысы Бань Гуд
(«Хан» кітабында
ортаазиялық халықтардың ішінде «се»
немесе «сай» атты халықтың болғандығын
жазған)
Шығыстанушы ғалым В. В.
Григорьев
(Қытай транскрипциясы
бойынша «се» мен «сай» сөздерінің сақтар
екендігін дәлелдеген)
Қытай
деректерінде
(Бұл тайпалардың
Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария
мен Сырдария бойында өмір сүргенін
көрсетеді).
Б. з. ІІ ғасыры Жуңғоның
тарихи дерегінде
(Каспий және Арал
теңіздерінің аймағында өмір сүрген
«хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы
жазылған)
А. А. Семенов
(Арба
немесе үймені қыпшақтар пайдаланған,
кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен
«қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді.
Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын
дәлел етеді).
XVI ғасырда өмір сүрген
ибн Рузбихан
(«Бұхар қонағы» атты
шежіресінде қазақтар арба үстінде адам
таңғалатын қазақ үйлерін тіккен,
сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ
атауының шығу төркініне жат емес)
Академик
В. В. Радлов
(«Қазақ» сөзінің мағынасы
тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады)
А.
А. Самойлович, Ш. Құдайбердиев
(«қазақ»
сөзінің мағынасы өз алдына ел болып,
еркін жүрген халық деп жазады).
Ш. Ш.
Уалиханов
(«қазақ» өте қадірлі сөз,
күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді
дейді).
Т. Жанұзақов
(«қазақ»
сөзінің бірінші бөлігі -«қаз», «қас»-
Орал, Алтай, Кавказ, т. б. түркі тілдер
тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі»
деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген).
Н.
Мыңжанұлы
(Атақты «Алтын тас»
кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі
жазуларында кездесетін «қазғану»,
«қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар»
деген етістіктер «қажырлы қайрат
жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке
ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол
жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді).
М.
Х. Дулати
(Жәнібек пен Керей өздерінің
еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел
болуға талпынған кезде қазақ деген ат
танылған дейді).
Жоспардағы үшінші
мәселені қарастырғанда, жүз деген сөздің
мағынасы ғасырлар бойы қалыптасқан
тарихи әлеуметтік - экономикалық
категория екенін жете түсіндіру. Жүз
туралы біршама пікірлер бар. Оларды
кесте арқылы көрсету.
«Жүз»
сөзі
Арабтың бір нәрсенің «басты
бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы»
деген ұғымды білдіреді.
Сөзінің
сандық жүзбен салыстырып зерттеуін
ұйғарады.
Адамның жүзімен байланыстырып,
«бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен
салыстырады.
С. А. Аманжолов: «Жүздер
Х - ХІІ ғасырларды пайда болды»,-
дейді.
Этнолог ғалым Н. А. Аристов:
«Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы
кезінде пайда болды»,- дейді.
Қазақ
жүздерінің пайда болуын аңыз негізінде
сызба арқылы түсіндіруге болады.
Аңыздағы
үш аймақ Шыңғыстың үш баласының Жошы,
Шағатай және Үгедей ұлыстарының - жері
екенін айту. Сабақты қорытындылай келе,
XV ғасырдың 50 - жылдары Керей мен Жәнібектің
Қазақ хандығын құруы қазақ халқының
қалыптасуында негізгі рөл атқарғанын,
Қазақстанда халық болып қалыптасудың
өзі екі мың жылға жуық мерзімді алғанын
айту.
Қотанбайдың үш баласы:
•
Үлкені - Үйсін
• Ортаншысы - Болат
•
Кішісі - Алшын
Бұл үшеуі Сырдарияның
бойын үшке бөліседі. / хрестоматиядан
/
Жүздер жаз жайлауы, қыс қыстауы
тарихи - географиялық жер жағдайына
байланысты бөлінген. Жүздердің Отан
қорғау жолындағы мемлекеттік функциялары
туралы айтып, үшінші жоспарды қорытындылау.