ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 17064
Скачиваний: 34
Верный қаласы негізінің салынуы
Оңтүстік Қазақстанға жасалмақ шабуыл Орынбор жағынан да, сондай-ақ Сібір желісі жағынан да дайындалды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысының аяғында Орта және Ұлы жүз аумағында Сібір желісі жағынан бастап Ақтау (1835ж.), Ұлытау (1835ж.), Қапал (1846ж), Сергиополь (Аягөз, 1831ж) және Ресейдің Іле аймағындағы тірек пункттеріне айналған басқа да бекіністер салынды. 1848 жылы Үлкен Орданың пристав лауазымы бекітілді, ол тікелей Батыс Сібір генерал губернаторына бағынды. Ол басып алған Ұлы жүздің жерін басқаруды жүзеге асырды. 1854 жылы Алматы шатқалындағы Верный бекінісінің 1859 жылы Қастек бекінісінің құрылысы аяқталды. Қоқандықтардың Қазақстанның оңтүстігіндегі Әулиеата, Шымкент және т.б бекіністерін Шу даласы арқылы өтіп басып алу үшін жасалған Ресей әскерінің әрекеті осы жерден басталды. 1856 жылы Семипалатинск облысының құрамында Алатау округы құрылды, алғаш орталығы Қапал бекініс, ал 1862 жылдан бастап Верный бекініс болды. Оңтүстік Қазақстанда Ресейдің басып алу мақсаты екі экспедициялары ұйымдастырылды, екіншіден, бекініс жерлері құрылды. Олар стратегиялық жағынан пайдалы жағдайларды иемденді. Осы шаралардың бәрі аймақтардағы жергілікті отарлаушылық әкімшілігі әскерінің күшімен батыл түрде жүргізілді. Көптеген ықплды қазақтың бас көтерерлері ұрыстарда қаза тапты немесе тұтқынға алынды. Ресейдің оңтүстік, оның ішінде Жетісу қазақтарына, әсер етудің кең тараған бір амалы рулардың ықпалды басшыларын отарлаушы өкімет жағына өткізіп алу болды. Ол үшін награда тапсыру, атақ беру, биік лауазымдарға тағайындау, құрмет көрсету және т.б амалдар қолданылды. Ресей әскерінің оңтүстіктен де, солтүстіктен де табысты түрде алға қарай жылжуы 1857-1858 жылдары Шымкент, Әулиеата аймағында жергілікті қазақтардың қоқандықтарға қарсы көтеріліске шығуына себепші болды. Бұл көтерілістерді қатаң түрде басып-жаншу да қазақтардың едәуір бөлігінің Ресей жағына өтуін жылдамдатты. Аймақтың тағдырын жергілікті тұрғындар емес, Қоқан мен Ресейдің арасындағы әскери шайқастар шешті. Қазақтардың үлесіне бұрынғыдан да күштірек отарлаушыға бағыну тиді. Сыртқы күштерінің бірге ішкі себептер де осындай жағдайға алып келді. Олардың қатарына Қоқан мен Ресейдің жақтастары мен қарсыластарының күресі, ішкі жанжалдар (руаралық қақтығыстар, барымта т.б) және көрші қырғыздармен қатынастың шиеленісіп кетуі жатады. 1860 жылы Қоқандықтарға қарсы Орыс әскерінің белсенді қимылы басталды. Бірінші Тоқымақ алынды, содан соң – Пішкек. 24 қазан күні Ұзынағаштың маңайында шайқас болды. Алатау округінің бастығы подполковник Колпаковскийдің Қоқандықтардың едәуір күшіне қатты соққы берді. Қысым жасап отырғанына қарамастан Жетісудің қазақ қырғыздарының едәуір бөлігі Қоқандықтарды қолдады. Мысалы, Дулат руынан шықан Андас би мен Сұраншы, Ботбай руыннан шықан белгілі адамдар Диханбай мен Әлжан өз қаражаттарына ерікті жасақтарды ұйымдастырып, оларды қаруландырып, қоқандықтар жағына шығып, орыс әскеріне қарсы соғысты. Сондай-ақ олар Қапал бекінісін басып алып, талқандауды жоспарлады. Оларға ру басылары Үмбетәлі мен Байсейіт бастаған қырғыздардың бір бөлігі қосылды. Орынбор және Сібір қосындары әрекетінің табысты қорытындысы - 1863 жылы көктемде Оңтүстік Қазақстанда «желілерді қосу»жоспарының іске асқандығы болды.Желі сызығы Созақ-Шолаққорған-Әулиеата арқылы Қаратаудың солтүстік бекткейі арқылы өтті.Әскери баспасөзде күшті қоқандық гарнизондар орналасқан Әулиеата, Түркістан және Шымкент қалаларын қосып алудың қажеттілігі туралы мәселелер жиі көтерілді. 1864 жылы алғашқы айларында қарсыласушы екі жақ та жедел түрде әскери шайқасқа әзірленді. Орынбор және Сібір желілері түйісті.Осы оқиғамен бірге 130 жылға созылған Қазақстанның Ресейге қосылыуының ұзақ та күрделі үрдісі аяқталды. Қазақстанды, Қоқан, Бұқара (1866 ж.) және Хиуа (1873 ж.) хандықтарын басып алуы арқылы Ресей 1867ж. Түркістан генерал-губернаторлығын ашу мүмкіндігне ие болды. Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің құрамына ХІХғ. 60 - жылдарында кіргендігін ресімдеу үшін онда басқарудың ресейлік әкімшілік жүйесін қолдану қажет болды.
74. тәуелсіз қазақстанның мәдени дамуы
Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті.
Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды.
Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
-
Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
-
этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;
-
менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
-
азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
-
мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;
-
тарихи-мәдени мұраны қорғау;
-
ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
-
мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;
-
мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;
-
мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады:
-
ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды;
-
нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;
-
меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.
Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды.
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Мәдени мұра
Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.[
2. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы.
Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде дағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу орындарының пайда болу процесі басталды.
1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік туды.
Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды.
Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып тұрады, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді.
1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек етуде.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің "Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.
Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.
1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.
1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.
Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында "Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. "Алпамыс батыр” жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.
М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.
2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.
Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.
1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.
Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.
Қазақстан
сыртқы саясатында басты
үш мәселеге
ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия,
Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу
Шығыс аймағы елдерімен халықаралық
байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық
байланысты күшейте отырып, алдыңғы
қатарлы өркениетті елдердің қатарына
қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы
саясатында ерекше назар аударатын
мәселе – ең жақын және ірі көрші
мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен,
шығыста – Қытай халық Республикасымен
ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992
жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей
арасында достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995
жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей
ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация
жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда
екі елдік бірлескен Декларациясына қол
қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі
ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті
құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен
бір-бірінің ішкі істеріне араласпау
ұстанымдарын сақтау.
1998
жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға
бағдарланған "Мәңгі достық пен
ынтымақтастық туралы” Декларация
жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын
шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық
өзара келіспеушіліктерді реттеуді
шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын
бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).