Файл: Тзету жмысы Балаларды танымды абілеттерін, зейінін, ауызша сйлеу тілін, есте сатауын, ойлауын, байланыстырып сйлеу тілін дамыту, дыбыстарды дрыс айтуын адаалау. Саба таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түзету жұмысы | Балалардың танымдық қабілеттерін, зейінін, ауызша сөйлеу тілін, есте сақтауын, ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау. | |||
Сабақ тақырыбы | Еңбек құралдары | |||
Сабақтың мақсаты | а)Білім – балаларды еңбек құралдары, атауы, атқаратын қызметі, пайдаланылуы туралы түсінік қалыптастыру; ә)Білік –еңбек құралдары туралы біліктіліктерін арттыру; б)Дағды – еңбек құралдарын ажыратып, тануға дағдыландыру | |||
Сөздік материалдар | Плакат, суреттер, интерактивті тақта, еңбек құралдарының макеттері, еңбек құралдары, ермексаз. | |||
1.Ұйымдастыру. 2. Негізгі бөлім Қорытынды | - Сәлемдесу. Фонетикалық жаттығу - Та______; - То______; - Ту______; - Ти______; - Те______; - Мынау не? - Тау; - Мынау не? - Тақта; - Мынау не? - Терезе; - Мынау не? - Тиін; - Талап терезені ашты. - Таңат тақтаны сүртті. - Жарайсыңдар, балалар! Фонетикалық жаттығу аяқталды. Жаңа сабақ - Балалар, біз бүгін үй шаруашылығына қажетті, жиі қолданылатын еңбек құралдарымен танысатын боламыз. - Шеге – бір затпен екінші бір затты бекітуге арналған қарапайым құрал. - Балға - соғу, шыңдау жұмыстарына арналған қол аспабы. Үй жағдайында шегені қағу үшін қолданады. Оның бір жағы балғаның басы, екіншісі сабы деп аталады. Атқаратын қызметіне қарай пішіні әр түрлі болып келеді. Балғаның басын көміртекті болаттан жасайды, кейде ағаштан да жасайды. - Балта - ағашпен жұмыс істегенде шабуға, жаруға қолданылатын өткір жүзді, металдан жасалған ағаш сапты шапқыш құрал. - Күрек – шаруашылықта қазу, тазалау, тасымалдау жұмыстарын жасауға арналған құрал. - Тырма – жерді қопсытуға, қоқыстан тазартуға қолданылатын құрал. - Ара – ағаш, металл және басқа да материалдарды кесуге арналған көп тісті құрал. Бұлар үй шаруашылығында жиі қолданылатын құралдар. Дегенмен де бұларды ересектердің, үлкен ағаларымыздың көмегінсіз ұстауға, пайдалануға болмайды. Себебі бұлар өте ауыр, өткір құралдар. Бір жерлеріңді зақымдап алуларың мүмкін. Сондықтан біз бүгінгі сабағымызда қолдан жасалған түрлерін ғана пайдалана аламыз. - Сергіту сәті - Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше сергіту жаттығуын жасайық. Барлығымыз орнымыздан тұрайық, маған қарап билеңдер! -Ермексазбен жұмыс - Балалар, демалып қалдық па? Ендеше ермексазбен жұмыс жасайық. Сендерге белгілі бір құралды беремін, ермексаздан соның мүсінін жасаңдар! (Аяқтамаған жағдайда үй тапсырмасы ретінде беріледі). - Бекіту - Балалар, бүгінгі тақырыпты бекіту үшін сендермен ойын ойнаймыз. Ойын «Не керек?» деп аталады. Ойынның шарты: тапсырма беріледі, оны орындау үшін қандай құрал қажет және оны қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Ол үшін бізге алдымен тазалық ережесін сақтау үшін алжапқыш киіп алайық. Тапсырмалар беріледі: - Жас шыбықты отырғызу – күрек, жерді қазады; - Шашылған жапырақтарды жинау – тырма, жинайды; - Отын жару – балта, ағашты шабады; - Босап кеткен шегені бекіту – балға, шегені қағады; - Тақтайды екіге бөлу – ара, арамен кеседі | |||
№ | Оқушының аты-жөні | Тақырыпты қабылдау дәрежесі | Балдық көрсеткіш | |
1 | | | | |
2 | | | | |
3 | | | | |
4 | | | | |
5 | | | | |
6 | | | |
Мектеп дефектологы: Асан Айсауле Анарбайқызы