Файл: останай гуманитарлы колледжі мекемесі Учреждение Костанайский гуманитарный колледж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі Учреждение «Костанайский гуманитарный колледж» (білім беру ұйымының атауы) | |
Оқу сабағының жоспары /План учебного занятия
(теориялық немесе өндірістік оқыту)/ (теоретического или производственного обучения)
Сабақтың тақырыбы (тема занятия)
«Ойын экологиялық білім беру әдісі ретінде»
Модуль / пән атауы/Наименование модуля /дисциплины: Оқу практикасы
Педагог /Педагог: Кенжесариева Фариза Ариповна дайындады/подгоговила
" _______" мамыр 2023 жыл/года
1. Жалпы мәліметтер/Общие сведения
Курс,тобы/Курс, группы: 1 МдТ-34
Сабақтың түрі/Тип занятия: тәжірибелік оқыту
2. Мақсаты,міндеттері/Цели, задачи:
Болашақ педагог мамандарға кәсіби біліммен қаруландыру. Ойын арқылы оқытудың маңызын түсіндіру. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру. Кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі/Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия:
Критериалда бағалау жүйесі (бала қандай да бір іс-әрекеттерді ойлап табуына, ол өз бетінше не істей алатыныа түсінеді және қолданады), балалардың әлеуметтік дайындығын, көшбасшылығын, төзімділігін, өзін-өзі оқытуы деңгейін бағалауға және олардың дамуын түзету бойынша жұмысты жоспарлауға, бағдарлауға мүмкіндік береді. Бағдарлама Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша бағдарлама ретінде әзірленді және педагогтар үшін де, ата-аналар үшін де ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру құралы болып табылады.
4. Қажетті ресурстар/ Необходимые ресурсы
Интерактивті тақта, дидактикалық материал жасауға құралдар, ноут бук, интернет.
5. Сабақтың барысы/Ход занятия
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет.Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтап және ойынды өткізу үшін алдын – ала дайындалып, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс
Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады.Мінез – құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.
Дидактикалық ойында білім беру мен оқыту бір- бірімен тығыз байланыста болады.
Ойын- баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп – оңай көрінуі мүмкін.Бала ойын ойнағанда, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілу мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.Сәбилер тобында ойының жеңіл түрлері беріледі.Мысалы: Ойнап отырған кубиктерді түстеріне қарай орналастыр. «Кубикті маған әкелші» немесе «Үстелдің үстіне апарып қой» мұнда балаларды кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Ойын өткізгенде, ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды үйрету керек. Тек ұйымдастырып қана қоймай, ойынға бірге қатысып және белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етіп, бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.
«Паравоз» №1
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.
Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның
артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу - гу, гу - гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз үдеттік.
«Ұшты - ұшты» №2
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты қарға ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты арба ұшты
(қол көтермейді)
«Ақ қоян» №3
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші -
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
«Күн тәртібінің негізгі бөлімдері, әр режим процесін жоспарлау ерекшеліктері. Күннің 1 жартысында тәрбиеші қызметінің бейнежазбасының үзіндісін талдау.
Тапсырма. Дидактикалық материал жасау. «Табиғатта аялайық!»
“Үлкендер еңбегін құрметтеу” (Табиғатты аялайық! Оқиға желісі бойынша кейіпкерлер ойлап табу (4-5 кісі) топтарға бөліну, ойнау, тақырыпты ашу).