ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 194
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұз қышқылының жетіспеуінен өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тастар түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың қоректің сапасына байланысты. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуіліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуіліктік мөлшері: алюминий, бром, темір, марганец, мыс, молибден, никель, рубидий, фтор, мырыш.
Қоректік зат, оны пайдалану барлық тірі организмге тән қасиет. Қоректену нәтижесінде ағзада көптеген биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б.жағдайлары болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты өмір сүру үшін ең қажеттісі – қоректік заттың мөлшері,сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады. Қоректік заттың құрамындағы әр түрлі бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктер, майлар, көмірсулар, минералды заттар, макро және микроэлементтер, дәрумендер) саны белгілі ретпен бір –біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған.
Дәріс №11
S-элементтер және олардың қосылыстары
Дәрістің мақсаты: берілген дәріс тақырыбын толық қарастырып зерттеу.
-
S – элементтер.
S – элементтерге периодтық жүйеде ІА және ІІА топтары элементтері жатады. Сыртқы қабатының электрондық конфигурациясы сәйкесінше ns және ns. Сутек химиялық қатынаста тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады. Сілтілік және сілтілік жер металдары күшті тотықсыздандырғыш болып келеді. Сутектің маңызды қосылыстары сутек және сутек пероксиді болып табылады. Жануар және адам ағзаларында сілтілік металдар кальций және магний тек қана ион түрінде ғана болады. Бұл иондар гидролизге ұшырамайды, іс жүзінде комплексті қосылыстар түзбейді. Натрий және калийдің тұздарының көбісі суда жақсы ериді. Тірі ағза шарттарында тек қана натрий зәр қышқылымен аз еритін тұздар – ураттар түзеді. Кальций мен магний көптеген ерімейтін қосылыстар: оксалаттар, карбонаттар, фторидтер, фосфаттар түзеді. Кальций тұздары магний тұздарына қарағанда аз ериді.
Тіршілік қызметінің барлық процестері су ертіндісіне жүретін айналымдармен тығыз байланысты. Су орта болып қана қоймайды, сонымен қатар ол химиялық процестерге активті қатысады. Тірі ағзалардың сусыз өмір сүруі мүмкін емес. Натрий, калий, магний және кальций хлормен бірге ағзаның электролиттік фонын құрайды; кейбір ферменттердің активаторлары болып табылады; кальций сүйек ұлпасының бейорганикалық заттарының құрамына кіреді, қанның ұю процесіне қатысады, бұлшық еттің жиырылуында маңызды роль атқарады. Медецина мен ветеринарияда s– элементтер кеңінен қолданылады: Н2О2
– сутек пероксиді, жасушаларда олардың тіршілік қызметі кезінде түзіледі, оның артық мөлшері каталаза ферментімен айырылады. Бактерицидтік әсері бар, 3% ертіндісі дезинфекциялық зат ретінде шаю және жуу үшін қолданылады. NaCl – натрий хлориді ағза көп сұйықтығынан айырылғанда және дәрілерді сұйылту үшін физиологиялық (0,9%) ертінді ретінде пайдаланылады. KCl – калий хлориді скелет бұлшық еттерінің жиырылуын арттыру, жүрек қызметін жақсарту үшін қолданылады. NaBr6 KBr – тыныштандыратын зат ретінде; натрий және калий иодтері қалқанша без ауруларын емдеуге қолданылады. Калий перманганаты және тетребораты (бура) антисептиктер ретінде пайдаланылады.
[3(*2Ca] – кальцийдің апатиті-гидроксиді сүйек ұлпасының басты минералбды компоненті болып табылады. Өт және зәр жолдарында тастың байлануы, қан тамырларында склеротиттік өзгерістердің болуы кальцийдің нашар еритін қосылыстарының түзілуімен байланысты. Кальций иондары кальция өзінің өлшемдері бойынша жақын стронций иондарымен алмасып кетуі мүмкін. Әсіресе стронцийдің радиоактивті изотопы – стронций-90 өте қауіпті. Сүйекке түсіп, ол сүйек ұлпасын сәулелендіреді және канцерогенді активтілік көрсетеді. Магний оксиді – қышқылдық жоғары болғанда; кальций гидроксиді (сөндірілген ізбес) – санитарлық практикада қазылған шұңқырларды дезинфекциялау үшін; магний сульфаты Mg*7O –ішті айдайтын зат ретінде қолданылады; кальций сульфаты 2Ca*O - гипс, сынықты емдеу кезінде қолданылады; барий сульфаты рентгеноскопияда; кальций карбонаты – тіс пасталарын және ұнтақтарын дайындауда; кальций хлориді – тыныштандыратын және суық тигенге қарсы зат ретінде қолданылады.
S – элементтер периодтық жүйенің ІА және ІІА топтарын құрып, сілтілік және сілтілік жер металдар деп аталады.
Биологиялық ролі бойынша олар биогенді элементтер болып табылады.
Органикалық заттардың жасушасы периодтық жүйедегі 6 элементтен тұрады – C, H, O, N, P, S – аминқышқылдарда оларды органогендер не макробиогенді деп атайды.
7 элемент – Fe, Co, Mn, Na, K, Ca, Mg – биогенді деп аталады.
Органикалық қосылыстарға аз мөлшерде Cu, Zn, Mo, Ni, V, Cl, Br, J, Li, Be, B, Si, F қажет, оларды микробиогенді деп атайды. 99% ұлпа құрамында 4 элемент бар – H, C, O, N.
Әр элемент органикалық қосылыста тірі ағзада өз ролін атқарады.
Биогендік элементтердің өсімдік және жануар ағзаның тіршілігінде маңызды орын алады – олар фотосинтез процесіне қатысады (, ), клеткадағы қанттардың және крахмалдардың құрам деңгейін ұстап тұрады (), қан тамырларының қысым тұрақтылығын () және жүрек жұмысын интенсивтілігін (), саңырауқұлақ және батериалбді ауруларға қарсы тұру қабілетін () реттеуге қатысады.
Бұл элементтерінің жетіспеушілігі өсімдіктердің және малдардың ауруына әкеледі.
ІА топ элементтерінің атомдарының сыртқы энергитекалық деңгейінде 1 s– электроннан болады:
ІІА топ элементтердің атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 s– электроннан болады:
s– элемент атомдары бос күйінде, Н және Не газдарынан басқалаы, күшті тотықсыздандырғыштар болады. Оларда валенттілік электрондар тек s– электрондары ьолады. s– элементтердің атомдары тек электрондарының доноры болады және оң тотығу дәрежесіне ие:
ІА топ элементтері үшін +1
ІІА топ элементтері үшін +2
Дәріс №12
Р-элементтері және оның қосылыстары
Дәрістің мақсаты: берілген дәріс тақырыбын толық қарастырып зерттеу.
-
Р – элементтер.
Р – элементтерге ІІІА – VІІІА топ элементтері жатады. Олардың ішінде металдар да болады. р – элементтерде сыртқы энергитекалық деңгейінің
р – деңгейшелері электрондармен толады. Сыртқы электрондық қабатының формуласы, мұнда m мәні 1 –ден 6–ға дейін, яғни р–деңгейлерінде 1– ден 6 дейін электрондар орналаса алады.
ІІІА-
IVA-
VA-
VIA-
VIIA-
Периодтық жүйеде 30 p – элементтер бар. Олар өздеріне сыртқы электрондық деңгейі бар топтарды құрайды.
Көптеген p – элементтерге оң тотығу дәрежесі ғана емес, сонымен қатар теріс тотығу дәрежесі де тән (гидридтер, сульфидтер, нитридтер, оксидтер, силицидтер фосфидтер, галогенидтер). Жұп топ элементтері көбінесе жұп тотығу дәрежесін, ал тақ топ элементтеріне – тақ тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары (максимал) тотығу дәрежесі элементтің орналасқан тобының нөміріне сәйкес келеді. Период бойынша солдан оңға қарай атомдардың радиусы кішірейеді, тотықтырғыштық қасиет артады, тотықсыздандырғыштық қасиет кемиді. Топтарда ретік нөмері өскен сайын тотықсызданғыштық қасиет артады.
p – элементтердің көбісі нағыз бейметалдар болады және организмдердің тіршілігіне маңызды роль атқарып, жоғарыда айтқандай, Р, С, N, O және т.б.органогенді элементтер болып табылады.
Азот ақуыздардың құрлымын құрайды. Азотсыз ақуыздар болуы мүмкін емес, ал ақуызсыз өмір болуы мүмкін емес.
Фосфор фосфат – анионы түрінде нуклеин қышқылдардың құрамына кіреді. Ал нуклеин қышқылдарында бүкіл тұқымқуалаушылық қасиеттері жазылған.
Күкірт өсімдік және жанурлар белоктарының құрамына кіреді, ал ет, балық, жұмыртқа шіру нәтижесінде түзілетін күкіртсутек белоктық қосылыстардың ыдырауы нәтижесінде бөлінеді.
Оттектің биологиялық ролі бәріне белгілі, оттекпен барлық организмдердің тыныс алу, фотосинтез, тотығу – тотықсыздану процестері байланысты.
ІІІА топ элементтері. Осы топ элементтері ішінде медициналық – биологиялық маңызы зор бор, алюминий және таллий. Бордың өсімдіктер үшін қажеттілігі бұрыннан белгілі. Ол көмірсулардың алмасуына, нуклеин қышқылдарының синтезіне әсер етеді. Адамдарда және жануарларда сүйектерде, тіс эмалінде болады және паратгормонның белсенділігін реттей отырып, кальций, магний мен фосфор алмасуына әсер етеді, Тамақпен бірге бордың көп мөлшері түсе, бороздалар пайда болуы мүмкін. Медицинада және ветеринарияда антисептік ретінде бор қышқылы және натрий тетрабораты (бура) сыртқы қолданылады.
Алюминий – нағыз амфотерлік металл, оның оксидтері және гидроксидтері амфотерлік қасиет көрсетеді. Қосылыстардағы алюминийдің тотығу дәрежесі тұрақты (+3). Органикалық және де бейорганикалық лигандалармен тұрақты комплексті қосылыстар түзеді: [Al , [Al. Ағзаларда және ұлпаларда алюминий артық болса, алюминоз ауруы пайда болады. Алюминий ағза үшін нейротоксикалық әсері бар (энцефалопатия, Алцгеймер ауруы). Дәрі – дәрмек ретінде: Al - гастрит және жара ауруында жараны тез бітейтін зат ретінде; O – ашудас, қан тоқтататын зат ретінде қолданылады.
Талий – уытты элемент. Оның қосылыстары жеміргіштерді жою үшін пайдалынады. Медицинада таллий пластрі (таллий ацетаты бар) дәрілік депилляция (шаштарды құрту үшін) ретінде қолданылады.
Негізгі қоректік заттар | Тәуліктің мөлшері | Негізгі қоректік заттар | Тәуліктің мөлшері |
Белоктар Майлар | 85 г 102 г | Көмірсулар | 380-400 г |
Минералды заттар | |||
Кальций Марганец Молибден Магний Темір Мыс | 800мг 5-10мг 0,5мг 400мг 14мг 2 мг | Кобальт Фосфор Хром Фторидтер Йодтар | 0,1-0,2мг 1200мг 2-2,5мг 0,5-1,0мг 0,0-0,2 мг |
Витаминдер | |||
В1 (тиамин) В2 (рибофлавин) В6 (пиридоксин) В9 (фолацин) В12 (цианкобаламин) | 1,7мг 2,0 мг 2,0 мг 200 мг 3 мкг | С (аскорбин қышқылы) А(ретинол) Е(такоферол) Д(кальцийферол) РР(ниацин) | 70мг 1000мкг 10мг 2,5мг 19 мг |
Ағзаға қажетті негізгі қоректік заттар
Дәріс №13
d-элементтері. d-элементтеріне жалпы сипаттама
Дәрістің мақсаты: берілген дәріс тақырыбын толық қарастырып зерттеу.
-
d – элементтер.
d – элементтер периодтық жүйенің барлық қосымша топшаларында орналасқан. d элементтерді металдарға жатқызады, өйткені олар жоғары электр және жылуөткізгіштік көрсетеді және металдық жылтыры болады. Металдық байланысы өте берік болады. Сыртқы электрондық құрылыстары мынадай структураға сәйкес келеді.
(n-1) da nsb a = 1-10
b = 1-2
Атом құрылысы тұрғысынан алғандағы, бұл элементтерге тән сипат, ол ондағы элементтердің ядро заряды артқан сайын сыртындағы s және p деңгейшелер емес, ішкі екінші d деңгейіне тола бастайды. Демек, олардың сыртқы деңгейшесі өзгеріссіз қалады, яғни онда 1 немесе 2 электрон болса, онда олар өзгеріссіз. Олай болса, d элементтердің валентті электрондары сыртқы және сыртынан есептегенде ішкі екінші деңгейше болады екен. Мысалы Sc – скандий 4s13d 1, итрий 5s2∙4d1.Оларға тән мұндай жалпы атом құрылымына орай, кейбір бірдей химиялық қасиеттер де болады. d қатарындағы барлық элементтер металдар және олар өзінің жоғарғы беріктілігімен, жылу және электр өткізгіштігімен сипатталынады. Олар өзара және басқа металдармен құйма түзеді. d элемент қосымша топшаларда орналасқан. Қосымша топшалар негізгі топшаларға қарағанда қысқарақ, себебі олардың бірінші элементі IV периодтан басталады. d элементтер ІV, V, VІ периодтарда s пен p элементтерінің арасына кіретін 3 декададан тұрады. d элементтерге жатады:
IV периодта Sc – Ti, V, Cr, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn;
V периодта Y – Zr, Nb, Mo, Tc, Ru, Rr, Pd, Ag, Cd;
Vi периодта La, Hb, Ta, W, Re, Os, Ir, Pt, Au, Hg.
Спектр нәтижесінде алынған мәліметтер 32 d элементтік тоғызының сыртқы ns қаптарында бір электроннан (24 Cr, 29 Cu, 41 Nb, 42 Mo, 44 Ru, 45 Rh, 47 Ag, 78 Pt, 79 Au) ал оныншы Pb-да тіпті электрон болмайтынын көрсетті. Мұндай «құлап түсу» арқылы түзілген электрондық конфигурация тұрақты болып, бұл құбылыстың нәтижесінде энергия бөлінеді. Бірінші қосымша топшаның элементтері реакцияласқанда реакцияға бұлардың сыртқы S-электрондары және ішкі (n-1) d электрондарының бір бөлімі қатынасады. Сондықтан бұл элементтердің валенттігі өзгермелі болады. Сыртқы электрондық қабаттарында екі немесе бір S электрон болғандықтан, олар металдық қасиеттер көрсетеді. Сондықтан олардың ең төменгі тотығу дәрежелері қозған күйде екіге тең: ns2→ns’np’. Сырттан ішке қарай екінші толтырылмаған d-деңгейшесі қосымша топшалардың металдарына көптеген валенттік жағдайда болуларына мүмкіндік береді. Сондықтан, олардың қосылыстарының қышқылдық-негіздік, амфотерлік, тотығу – тотықсыздану қасиеттері де, осы тотығу дәрежелеріне тәуелді болады. Ең төменгі тотығу дәрежесінде металдардың оксидтері, гидроксидтері негіздік қасиет көрсетеді. Мысалы, FeO және Fe(OH)2 ең жоғарғы тотығу дәрежесінде қышқылдық қасиет көрсетеді. Мысалы, Mn2O7, HMnO4 орташа тотығу дәрежесінде амфотерлік қасиет көрсетеді. Мысалы, MnO2∙Mn(OH)4.Сыртқы s және d деңгейшелерінде бос орбитальдардың сандары көп болғандықтан, d элементтер комплексті қосылыстар түзуге өте бейімді. Қосымша топтағы металдарды Менделеев кестесінің бірінші тобынан бастап сегізінші тобына қарай, бұрынғы негізгі топтардағы элементтерді оқыған бағытқа қарама-қарсы бағытта өтеміз. Мыс топшасы. Бірінші қосымша топқа мыс, күміс және алтын жатады. Бұл элементтер үлкен периодтардың тақ қатарына орналасқан. Мыс топшасындағы үш