Файл: Дидактикалы ойын арылы мектепке дейінгі балаларды ой рісін дамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дидактикалық ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың ой өрісін дамыту

Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың қөзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын – негізінен, балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді.

Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ, балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншлік сезіміне тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.

Дидактика термині гректің «дидактос», яғни уйлестіретін деген сөзден шыққан. Дидактикалық ойын оның аты айтып тұрғандай баланың ақыл ойын дамытып,таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.

Дидактикалық ойын дегеніміз—балалардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқу қызыметінің қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу қызымет барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуатты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.

Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.

Балалардың тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту-бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі балабакшада басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуын дадидактикалық ойынның алатыны өте ерекше. Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын-оқу, еңбек, іс-әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі. Балабақша бүлдіршіндерінің негізгі әркеті - ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу-әрекетін оқуға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барасында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыралады. Дидактикалық ойындар - арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Дидактикалық ойынның мақсаты - бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын және түсінік беру, оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Дидактикалық ойынның міндеті - балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар - балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.


Дидактикалық ойындар ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:

- танымдық, яғни балаларды тану, іздену әрекетін дамыту;

- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарам-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды құру мына негізге сүйенеді:

  • Балабақша бүлдіршіндерінің іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.

  • Дидактикалық ойынның шартымен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі

  • Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.

  • Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі.

  • Заттық дидактикалық

  • Сөздік дидактикалық

Дидактикалық ойынның маңызы: Дидактикалық ойын балалбақша бүлдіршіндерінің қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі. Әрбір дидактикалық ойын балабақша бүлдіршіндерін ойнай білуге баулып, сөдік қорын молайтады, ақыл - ой қызметін қалыптастырады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу және ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  • Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  • Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.

  • Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар, дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі – сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы. Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай, белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталауға бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы сауат ашу сабағында дидактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді.



Балаларға тапсырмаларды ойын түрінде беруге болады, бұл дидактикалық ойындардың ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдық және тәрбиелік мазмұны болады. Ұсынылып отырған құралда балалардың сабақтарға қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар: санамақтар, жаңылтпаштар, сергіту сәтттері, тақпақтар, көкөністер, жемістер, жабайы аңдар, үй жануарлары, төрт түлік мал, құстар, үй құстары, киімдер, ыдыс - аяқ, ұлттық ыдыстар, ұлттық киімдер, т. б. Сөйлеуді дамыту сабағында көкөністер мен жемістер тақырыбы бойынша «Себетте не бар?» дидактикалық ойынын қолданған жөн. Бұл ойынның шарты себетке көкөністерді салып, себетте не бар? дегенде, балалар себеттегі көкөністер мен жемістерді атайды. Бұл дидактикалық балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытады. Өз сабағымда ойыншықтар, үй жануарлары, төрт түлік мал тақырыптарын өткенде «Не жоқ?» дидактикалық ойынды қолданамын. Мектеп жасына дейінгі балалар сөреде қай ойыншық жоқ екенін байқап, жауап береді. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастырады.

Отбасы тақырыбы бойынша «Үйде кім бар?» дидактикалық ойынын ұйымдастырамын. Бұл ойынның шарты: тақтаға үйдің суреті ілінеді, балалардан үйде кім жоқ? деп сұрағанда, отбасы мүшелерін атайды.

Жануарлар, төрт түлік мал, үй жануарлары тақырыптарын түсіндірген кезде, «Бұл қандай аң?» дидактикалық ойынын пайдаландым. Өйткені, бұл қандай аң? деген сұрақ қойғанда, балалардың ауызекі тілде сөйлеу дағдылары, сөз қорлары дамиды. Балалардың қызығушылықтары арта түседі.

Дидактикалық ойын түрлері өте көп. Оларды әр сабаққа тиімді пайдаланған жөн. Мысалы: «Дұрыс ата», «Қорада не тұрады?», «Бұл қандай аң?», «Азық - түлік дүкенінде не бар?», «Тез жауап бер», «Не бар?», «Қуыршақты киіндіру», «Тез киін» т. б. «Ойлан, тап» оқыта үйрету дидактикалық ойыны. Кім? деп сұрақ қойғанда, балалар ана, әке, іні, аға, қарындас, әже, ата деп жауап беруі тиіс. Қайда? Дегенде үстелде, орындықта, диванда деп жауап беруі тиіс. Мақсаты: балалар дұрыс тыңдай отырып, дұрыс жауап беруі тиіс. «Қайталай ғой» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: бір бала бір көкөніс атауын айтса, екінші бала сол көкөністі қайталап, әрі қарай басқа көкөністі атайды.

Қорытындылай келе дидактикалық ойындар - балабақша бүлдіршіндерін өз бетінше жұмыс істей білуді дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнында, танымдық іс-әрекет сипатына ойын құрылымына сәйкес жүктемелер бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б).


Дидактикалық ойындар – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны, сөздік қорларын көздейтін іс - әрекет. Сабақтар да екі - үш дидактикалық ойын қолдануға болады. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тіліне деген қызығушылықтарын арттырады, сөздік қорларын байыту. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған өте тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар өте тиімді.

Еңбек тәрбиесі қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан - жақты өсіп дамуы үшін бірден - бір қажетті нәрсе – еңбек екендігін айқын аңғарамыз. А. С. Макаренко «Балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа «мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы – үй, сосын балабақша. Бұл ретте ата - ананың, балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады. Бала кез келген сәтте үйдегі адамдарға, алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан, олар өздерінің бала алдындағы іс - әрекет, қимылдарына ерекше мән беруі керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады. «Өзім киемін», «өзім істеймін» сияқты дамылсыз әрекеттеріне мүмкіндік беріп, қолдап отырған дұрыс. Өйткені, дәл осының өзі еңбек нышанының алғашқы бастамасы.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Отбасы және балабақша» 2002ж.

  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері 1991ж.

  3. Бала тәрбиесі 2006ж.

  4. Казахские детские игры кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата Жалын 1987ж.

  5. «Балдырған» журналы 2012ж.

  6. «Бала мен балабақша» журналы 2007ж.

Усманова Венера Абдуллаевна

«Анажан ана» балабақшасы тәрбиешісі,

Түркістан облысы. Сауран ауданы. Ескі Иқан ауылы