ВУЗ: Казахская академия транспорта и коммуникаций им. М. Тынышпаева

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2019

Просмотров: 4167

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Үйренушiлердiң практикалық дағдылары мен біліктілiктерін қалыптастыру мақсатында нормативтер мен жаттығуларды орындауын тексеру үшiн бақылау жұмыстарына 4 сағат көлемiнде уақыт қарастырылған.

Бақылау сабағының материалдары №2 кестеде алғашқы әскери дайындық бойынша нормативтер және жаттығулар тiзбесімен ұсынылған.

Оқу пәні мазмұнының вариативтік бөлігі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қосымша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.

Мектептің мүмкіндігін және білім алушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, мұғалімдер таңдау сабақтарын құрастырады. Мысалы, «Қауіпсіздік әр күні», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігінің негізі», «Білім және салауатты өмір салты» және т.б.




ІІ. оқу пәнінің базалық мазмұны



Оқытудың базалық мазмұнның тарауларына сағат санын көрсете отырып сипаттама беру



10 сынып

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы



Кіріспе

Жастардың алғашқы әскери дайындығының мақсаты, мазмұны және міндеттері. Қазақстан Республикасының Заңдары: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы». Алғашқы әскери дайындық оқулығы мен бағдарламасының міндеттері, мазмұны.

Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.



Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы. Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері мен даму перспективалары. Қазақстан әскери саясатының жалпы принциптері және Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Қарулы Күштердің қоғамдағы және мемлекеттегі орны. Әскери қолданбалы спорт түрлері - жастарды әскери қызметке даярлаудын негізі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, олардың тағайындалуы және құрамы.

Әскери қызмет – сарбаздарда патриотизм мен интернационализм қасиеттерін тәрбиелейтін мектеп.

Қазақстан Республикасының мемлекетік нышандары. Әскери бөлімінің жауынгерлік туы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің әскери анты.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы Әскери Жарғылары.



Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары: Тәртіптік Жарғының мәні мен маңызы, әскери тәртіпті сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысының мәні мен маңызы, әскери қызметшілердің мінез-құлқы мен әскери әдептілігі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы. Тәуліктік кезекшінің міндеттері. Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызмет үшін объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау. Сақшының міндеттері.

Тактикалық дайындық

Әскери өнер тактикасының дамуы және бөлімшелердің әскери әрекеттер жүргізу тактикасы. Жаңа қарудың дамуы және жалпы әскери ұрыс жүргізу тактикасы.

Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс мақсаты, сипаты мен міндеттері.

Ұрыс жүргізу принциптері мен қарсыласқа зақым келтіру құралдары.

Мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру. Мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыстағы мүмкіндіктері мен жауынгерлік міндеті. Қорғаныстағы бөлімше. Шабуылдағы бөлімше. Мотоатқыш бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реті. Сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеті. Бақылаушы-сарбаз. Қорғаныстағы сарбаз. Шабуылдағы сарбаз.



Атыс дайындығы

Атыс негіздері. Автоматтың (пулеметтің) тағайындалуы мен ұрыстық қасиеті.


Автоматтың (пулеметтің) жұмысы және жалпы құрылғысы мен бөліктері туралы түсінік.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері және механизмдерінің жұмысы.

Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.

РГД-5, Ф-1, РГО, РГН гранаттарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеті.

Гранаттар, оқ-дәрілер және қару-жарақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.



Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру.

Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру.

Атыс қаруынан атыс жүргізу және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтау.



Саптық дайындық

Сап және элементтер. Алдын-ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!».

Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар. Қозғалыста және орнында тұрып әскери сәлемдесу.

Бөлімше сабы. Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа қайта сап құру және керісінше. Бөлімшенің жазылма және жорықтық сапқа тұруы.

Қарумен саптық тұрыс. Пәрмендерді орындау: «Бауды босат (тарт)!», «Автоматты-кеудеге!», «Қаруды-арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!».

Қарумен қозғалыста бұрылу, саптан шығу және оған қайтып келу.



Әскери топография

Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. Өзінің тұрған нүктесін анықтау. Жергілікті жерді оқып үйрену, қозғалыс маршрутын таңдау және маршрутта бағдарларды анықтау. Азимут бойынша қозғалу. Жергілікті жерде компастың көмегімен қозғалу және маршрутта кедергілерді айналып өту.



Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғанысының медициналық міндеттері. Оқу орындарында құрылған азаматтық қорғаныстың қалыптасуы және олардың мақсаты. Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің ұйымдастырылу және міндеттері. Санитарлық дружиналар мен санитарлық постылардың бейбіт және соғыс уақытында өткізетін іс шаралары. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина (пост) жұмысы. Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік. Азаматтық қорғаныс жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсету түрлері. Негізгі дүлей апаттың сипаттамасы және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.



Медициналық білім негіздері

Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама. Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік ауруы туралы түсінік. Шок. Шоктың пайда болу себептері. Жарақаттық шоктың белгілері және ауырлық дәрежесі.

Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем. Жгут салу үшін пайдаланатын материалдар. Жгут салудың әдістері. Венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері. Таңғыштың түрлері. Бинтті таңғыштың негізгі типтері. Бекіткіш таңғыш.


Басқа, кеудеге, ішке, шапқа (бұт арасына), аяқ пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен ережелері.

Бас сүйегі мен мидың, кеуде клеткасы мен іштің жаралануы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.

Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Сынық түрлері мен олардың асқынулары. Жарақаттық уыттану туралы түсінік және олардың белгілері.

Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы және олардың белгілері. Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері. Жақтау салудың негізгі ережелері. Бас сүйегі, бұғана, қабырға сүйектері, омыртқа сүйектері, жамбас сүйегі, аяқ және қол сүйектері сынған кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің тәсілдері.

Жарақаттық уыттану, соғып алу, буынның шығуы және сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем.

Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

Өкпеге жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері.



Оқу материалын тақырыптық жоспарлау үлгісі



Кіріспе сабақ

Тақырыбы: Жастардың алғашқы әскери дайындығының мазмұны, мақсаты мен міндеттері (1 сағ)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы.

Алғашқы әскери дайындық сабақтарындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары.



І Тарау



Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде

(7 сағат)



1-тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» (1 сағ)

Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және әскери саясаттың жалпы принциптері. Қарулы Күштердің даму кезеңдері және олардың негізгі міндеттері.

2 - тақырып «Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы»(1 сағат)

Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу. Егемен Қазақстанның даму перспективалары.

3 – тақырып «Отанды қорғау – мемлекеттің маңызды қызметі» (1 сағат)

Әскери қызметшілерге әскери анттың талаптары.

Әскери ант қабылдау. Әскери қолданбалы спорт түрі - әскердегі қызметке жастарды дайындаудың негізі. Отан қорғау – бүкіл халықтық іс.

4 - тақырып «Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны» (1 сағат)

Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі Заңы.

Армияның қоғамдағы және мемлекеттегі орны.

5 - тақырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімінің жауынгерлік туы» (1 сағат)


Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Әнұраны – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы.

6 - тақырып «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызмет – патриотизм мен интернационализм мектебі» (1 сағат)

Әскери қызмет – жауынгерлерді патриоттық және интернационалистік қасиеттерге тәрбиелеудің факторы. Азаматтық борыш пен интернационализмге адалдық - әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі жауынгерлік дайындықты арттырудың шешуші шарттары.

7 – тақырып «Қазақстанның қазіргі армиясы» (1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, оның құрамы мен тағайындалуы. Жоғары әскери оқу орындары, олардың әскери мамандарды даярлаудағы рөлі.



ІІ Тарау

Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жарғылары (10 сағат)



1 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары - әскери қызметшілер мінез-құлқының құқықтық негізі»

(1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғысы туралы түсінік. Әскери ұжым өмірі мен қызметіндегі жарғылардың мәні.

2 - тақырып «Тәртіп және әскери құқық» (1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы - әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері туралы.

3 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет жарғысы» (1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы. Әскери атақтар және оны айыру белгілері. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез-құлқы.

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер.

4 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы»(1 сағат)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі.

5 - тақырып «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы» (1 сағат)

Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің және оған бағыныштылардың міндеттері. Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орынның жабдықталуы.

6 - тақырып: «Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру» (1 сағат)

Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы.

7 - тақырып «Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау» (1 сағат)

Пост және оның жабдықталуы. Постыдағы сақшы қаруының жағдайы.

8 - тақырып «Сақшының міндеттері» (3 сағат)

Сақшының міндеттері. Қарауылда қаруды оқтау және оғын алу тәртібі. Пост қабылдау және тапсыру, постыда немесе оған жақын жерде өрт шығу кезіндегі сақшының іс-әрекеті. Сақшының қару қолдану тәртібі. Постыға немесе ол күзететін объектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-әрекеті.