ВУЗ: Казахская академия транспорта и коммуникаций им. М. Тынышпаева
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 4164
Скачиваний: 8
Оқтаулы кездегі гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезінде гранататқыш бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдері. Тазалау және майлау.
V Тарау
Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері (5 сағат)
1-тақырып: «Мергендік винтовкадан ату тәсілдері» (1 сағат)
Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін орын таңдау. Жергілікті жерде жылжу тәсілдері. Жатып және тұрып ату үшін орынға орналасу. Винтовканы оқтау тәртібі.
2-тақырып: «Атыс жүргізу» (1 сағат)
Атыс жүргізу: көздеуішті қою, винтовканың дүмін қалыпқа келтіру, көздеу тәсілдері, ұрыстық қайырмадағы шүріппені ағыту.
3-тақырып: «Атысты тоқтату» (1 сағат)
Атысты уақытша және толық тоқтату. Қаруды тексеру және оғын алу тәртібі. Жатып ату жағдайынан тұру кезіндегі атқыштың әрекеті.
4-тақырып: «Тасадан тірей ату тәсілдері» (1 сағат)
Ату үшін таса мен тіреудің қолданылуы. Таса артынан атыс жүргізу тәсілдері. Әуе нысаналарын ату тәсілдері.
5-тақырып: «Гранататқыштан ату тәсілдері» (1 сағат)
Ату үшін орын таңдау. Гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атысқа ыңғайлану. Атысты тоқтату.
VI Тарау
Саптық дайындық (2 сағат)
1-тақырып: «Машиналар жанындағы және машинадағы жауынгерлердің іс-әрекеті» (2 сағат)
Машиналар жанына сап құру. Машинаға отыру, орналасу және түсу. Машиналар арасындағы ара қашықтық және қозғалыс жылдамдығы. Қозғалыстағы бұрылыстар. Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілер.
VII Тарау
Әскери топография (12 сағат)
1-тақырып: «Топографиялық карта жайлы түсінік. Картамен жұмыс жасау» (1 сағат)
Топографиялық карта жайлы түсінік. Карталар масштабы. Карталардың масштабтары бойынша қолданылуы. Карта масштабының шамасы.
2-тақырып: «Карта бойынша қашықтықты өлшеу» (1 сағат)
Карта бойынша қашықтықты өлшеу тәсілдері. Карта бойынша қашықтықты өлшеудің дәлме-дәлдігі. Жергілікті жер сипатына байланысты бағыт ұзындығын түзету коэффициенті.
3-тақырып: «Географиялық координаттар жүйесі» (1 сағат)
Географиялық координаттар туралы түсінік. 1:10 000 – 1: 100 000 масштабындағы топографиялық карталар бетінің жақтауын ресімдеу. Картадағы географиялық координат нүктелерін анықтау. Географиялық координат бойынша картаға нүкте салу тәртібі.
4-тақырып: «Жазық тік бұрышты координаттар жүйесі» (1 сағат)
Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі туралы түсінік. Тік бұрышты координаталық тор. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету. Карта бойынша координат нүктесін анықтау. Картаға нүктені түсіру.
5-тақырып: «Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау» (2 сағат)
Ақиқат және магнитті азимут, дирекциондық бұрыш. Карта бойынша дирекциондық бұрышты өлшеу тәсілдері. Дирекциондық бұрышты магниттік азимутқа қайта есептеу формуласы және керісінше.
6-тақырып: «Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу» (2 сағат)
Топографиялық шартты белгілер және олардың түрлері. Балтық биіктік жүйесі. Карта бойынша абсолюттік биіктікті анықтау және картадағы сипатты жазылулар. Картадағы көлбеу сызықтар.
7-тақырып: «Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану»
(2 сағат)
Картаны бағдарлау. Жергілікті жерде картаны бағдарлау тәсілдері. Өзінің тұру нүктесін түрлі тәсілдер арқылы анықтау. Картаны жергілікті жермен салыстыру, картада заттың бейнесін және жергілікті жердегі затты табу.
8-тақырып: «Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс» (2 сағат)
Жергілікті жерде карта көмегі арқылы жол бойымен, жолдан тыс, жабық жерлерде және түнде қозғалыс жасау.
VIII Тарау
«Азаматтық қорғаныс» (22 сағат)
1-тақырып: «Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы» (1 сағат)
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен мақсаты.
2-тақырып: «Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы» (5 сағат)
Ядролық қару. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары.
3-тақырып: «Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы» (1 сағат)
Ядролық оқ-дәрілер жарылысының зақымдау әсерінің құрамдастырылған сипаты. Зақымданудың координаттық заңы. Зақымдау объектілерін топтастыру.
4-тақырып: «Химиялық қару» (2 сағат)
Ұрыстық улы химиялық заттары. Улағыш заттардың жіктелуі. Химиялық қаруды қолдану қағидалары.
5-тақырып: «Биологиялық қару» (1 сағат)
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы. Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. Адамның жұқпалы ауруларының сипаттамасы.
6-тақырып: «Жаппай жою қаруынан халықты және әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» (6 сағат)
Жеке құрамды қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралар.
Жеке қорғану құралдары. Зақымданған жерде әрекет жасау кезінде жеке қорғану құралдарын пайдалану.
Бөлімшелердегі жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету.
Зақымдану аймағынан өту. Зақымдану аймағындағы қирау, су басу және өрт аудандарындағы әскерлердің әрекеті. Қорғайтың ғимараттарда халықты паналату, жұмысшыларды, қызметкеллерді тарату және халықтың эвакуациясы.
7-тақырып: «Радиациялық және химиялық барлау аспаптары» (3 сағат)
Радиациялық барлау аспаптарының жұмыс қағидалары мен құрылысы(ИД-1, ДП-22В, ДП-5В, ВПХР мөлшерін өлшеу кешені), тактикалық-техникалық деректері, қолданылуы. Жеке құрамның сәулелену мөлшерін есепке алу. Бөлімшенің ұрысқа қабілеттілігін бағалау.
8-тақырып: «Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және басқада жедел қалпына келтіру жұмыстары» (1 сағат)
Ядролық зақымдау ошақтарында жүргізілетін құтқару жұмыстары.
9-тақырып: «Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау» (1 сағат)
Зақымдану ошақтарындағы объектілерге барлау жүргізу және ұйымдастыру.
10-тақырып: «Радиациялық және химиялық бақылау посты құрамындағы барлаушының іс-әрекеті» (0,5 сағат)
Радиациялық және химиялық бақылау посты үшін орын таңдау. Барлаушының барлау жүргізуі, оның міндеттері мен тапсырмалары.
11-тақырып: «Зақымдалу ошағындағы объектіге барлау жүргізу кезінде барлау буыны құрамдағы барлаушының іс-әрекеті» (0,5 сағат)
Барлау буынының міндеттері. Бағыт және зақымданған учаскелерді табу кезіндегі барлаушылардың іс-әрекеті.
IX Тарау
Медициналық білім негіздері (30 сағат
12 - тақырып: «Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен биологиялық жұғу ошақтарының сипаттамасы. (12 сағат)
Карантин және обсервациялық бақылау туралы түсінік. Ауру тудырғыш микробтар. Жұқпалы ауруды қоздырғыштар. Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Жұқпалы ауруларды жою және шектеу бойынша жасалатын іс-шаралар.
13 - тақырып: «Науқастарды күтудің жалпы практикалық дағдысы» (6 сағат)
Көп қызметті (функционалды) төсек құрылғысы және науқастың орналасуы.
Науқасты санитарлық өңдеу. Науқасты бөлімге апару. Дене қызуы және оны өлшеу. Қан айналымына әсер ету шаралары. Жүрек, қан тамырлары жүйесінің қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күту.
Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері. Бинтті таңғыштардың негізгі тәсілдері.
14 - тақырып: «Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою» (6 сағат)
Басқа, кеудеге, ішке, бұт арасына, аяқ пен қолға таңғыш қою тәсілдері мен тәртібі.
15 - тақырып: «Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» (6 сағат)
Үсудің алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық көмек көрсету.
Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету.
Электр жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және осы кездегі қауіпсіздік шаралары. Суға кеткен кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Жүрек жұмысы мен тыныс алуды қалпына келтіру тәсілдері.
Улы өсімдіктер және саңырауқұлақтармен уланған кезде, улы жыландар мен жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10 сынып оқушысы:
Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде
біледі:
-
Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздері және бейбіт уақытта, қауіп төнген, әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің міндетін;
-
Қарулы Күштердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның Қазақстан Республикасының даму кезеңдерінде шешетін міндеттерін;
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін;
-
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлерін.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары
біледі:
-
жедел әскери қызметтегі әскери қызметшілерді жатын үй-жайларында орналастыру және үй-жайларды ұстауға қойылатын талаптарды;
-
әскери бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауды;
-
әскери бөлімнің күнделікті өмірінде өткізілетін іс-шаралар мен күн тәртібін белгілеуді;
-
әскери қызметшілерді сауықтыру мен олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қарастыратын іс-шараларды.
Тактикалық дайындық
біледі:
-
мотоатқыштар взводының, ротасының ұйымдастырылуы мен олардың қару-жарағын;
-
ұрыс түрлерін және оның сипаттамасын;
-
атыс жүйесі, ұрыстағы маневр, ұрыстағы өзара іс-қимыл, бөлімшелер мен атысты басқаруды;
-
мотоатқыштар взводының жорық, ұрысқа кіру және ұрыстық тәртібі;
-
қорғаныс негіздерін;
-
қазіргі замандағы ұрыстардағы барлаудың рөлі, взводтың барлау жүргізу тәсілдері, жалпы әскери бөлімшелердің шағын аймақтағы соғыс қимылын;
-
взводтың бір орында және сақтық күзетте орналасуы;
-
взводтың шеруі мен жорық күзетінің негіздері;
-
миналардың арналуын, әрекет қағидасын және олардың құрылғысын;
-
жарылмайтын инженерлік бөгеттердің бөлінуі, түрлері және мина-жарылғыш бөгеттерден өтуді.
Атыс дайындығы
біледі:
-
мергендік винтовканың арналуы мен ұрыстық қасиетін, негізгі бөліктері мен механизмдерін;
-
мергендік винтовканың толымсыз бөлшектеу тәртібін және толымсыз бөлшектеуден кейін мергендік винтовканы жинастыру тәртібін;
-
драгунов мергендік винтовкасымен атыс кезінде болатын кідірістер және оларды жою тәсілдерін;
-
гранататқыштың ұрыстық қасиетін, қолданылуын;
-
гранататқышты толымсыз бөлшектеу тәртібін және гранататқыштың толымсыз бөлшектеуден кейін жинастыру тәртібін;
-
ату кезіндегі кідірістер мен оларды жою тәсілдерін.
жасай алады:
-
мергендік винтовканы толымсыз бөлшектеуді және жинастыруды;
-
ДМВ ату кезінде болатын кідірісті жоя білуді;
-
Гранататқыштан ату кезінде болатын кідірістерді жоя білуді.
Мергендік винтовка (МВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері
біледі:
-
мергендік винтовкадан ату тәсілдерін орындау, атысқа ыңғайлану, атыс жүргізу, атысты тоқтату кезінде берілетін командаларды;
-
винтовканы оқтау және оғын алу тәртібін;
-
гранататқыштан ату кезіндегі қауіпсіздік шараларын;
жасай алады:
-
жер бауырлай жылжу, жатып ату, тізерлеп ату, отырып ату, тұрып ату кезінде винтовканы ұстауды;
-
винтовканы оқтау мен оғын алуды;
-
тасадан тірей ату, оқпанадан атыс жүргізу, әуедегі нысаналарды ату тәсілдері кезінде винтовканы дұрыс ұстай білу мен орналаса алуды.
Саптық дайындық
біледі:
-
машиналар жанындағы және машинадағы жауынгердің іс-әрекетін;
-
сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушалармен, шаммен.
орындай алады:
-
машиналар жанындағы және машинадағы іс-әрекет кезіндегі командаларды орындауды;
-
белгілердің көмегімен сапты және машиналарды басқаруды.
Әскери топография
біледі:
-
топографиялық картаның қолданылуын, карталарын, бағытын және олардың шамасын;
-
географиялық координаттар мен жазық тікбұрышты координаттарды анықтау үшін топографиялық карта бетінің ішкі жақтауын ресімдеуді;
-
азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтауды:
-
жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс ерекшелігін.
жасай алады:
-
карта бойынша қашықтықты өлшеуді;
-
карта бойынша географиялық және жазық тік бұрышты координаттарды анықтауды;
-
карта бойынша дирекционды бұрыштарды анықтауды;
-
бір орында картаны бағдарлау және өзінің тұрған нүктесін анықтауды;
-
картадан жер бедері, елді мекендер, гидрография, жол торабы, өндірістік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-мәдени объектілер және өсімдіктер жамылғысының бейнеленуін оқуды.
Азаматтық қорғаныс (АҚ)
біледі:
-
азаматтық қорғанысының міндетімен мақсаты;
-
ядролық қару ерекшелігін және оны қолдану кезінде жеке құрамға тигізетін әсерін;
-
химиялық қару ерекшелігін және оны қолдану қағидаларын;
-
биологиялық қару ерекшелігін, түрлері және биологиялық құралдардың негізгі қасиеттерін;
-
жеке қорғану құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібін;
-
радиоактивтік, химиялық және биологиялық зақымдану аймағынан өтудің негізгі тәсілдерін;
-
апат аудандары мен зақымданған ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тәртібін.
Медициналық білім негіздері
біледі:
-
жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;
-
биологиялық зақымдау ошақтарындағы карантин мен обсервация туралы;
-
қан айналымына қышалар пайдалану арқылы әсер ету шараларын;
-
бинтті таңғыштар қоюдың негізгі тәсілдерін;
-
қысқыш және бекіткіш таңғыштар салу ережесін;
-
бастың, кеуденің және іштің тесіп өткен жаралану кезінде таңғыштар қою ерекшеліктерін;
-
өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдерін («ауыздан-ауызға», «ауыздан-мұрынға» Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша).
жасай алады:
-
науқастарды күтуды;
-
артериалық қан қысымын өлшеуді;
-
жүрекке тікелей емес массаж жасауды және өкпеге жасанды желдету жасауды;
-
ашық және жабық сынықтар кезінде шендеушітер салумен алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
-
бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйектері, қол-аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді (таңып тастауға арналған құралдар мен табельдерді пайдалану арқылы) басқа, кеудеге, бұтаралық, қол-аяқ сүйектеріне таңғыш қоюды;
-
әр түрлі бақытсыз жағдайларда: үсу, күн және ыстық өту, электржарақаты, суға кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуді.