Файл: Саба 14 Таырыбы аа днекер тіндері. Шеміршек жне сйек тіндері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 33

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


САБАҚ №14

Тақырыбы: Қаңқа дәнекер тіндері. Шеміршек және сүйек тіндері

Сабақтың соңында студент:

  1. Шеміршек және сүйек тіндерінің құрылысы мен жіктелуін, эмбриональді шығу тегін анықтай алатын болады.

  2. Шеміршек және сүйек тіндерінің жасушааралық заты мен әртүрлі жасушалардың микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылыс ерекшелігін түсініп, теориялық білім қалыптастырады

  3. Шеміршек және сүйек тіндері жасушаларының микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылымдық элементтерін практикалық дағдыда анықтай алады.

  4. Коммуникативті дағдылар мен топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

  5. Ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқыту және білім, біліктілік дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастапқы дағдыларын дамыту

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Гистология, эмбриология, цитология. 6-шы басылым. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина. Қазақ тіліне аударған Р.Ж. Есимова., К.Т. Нүрсейтова - М., ГЭОТАР-Медиа баспа тобы, 2014, 206-234 беттер.

  2. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы. Алматы. «Эффект» баспасы, 2012, 77-90 беттер.

Қосымша:

  1. Абильдинов Р.Б., Ергазина М.Ж., Юй Р.И. Толковый словарь основных гистологических терминов на казахском, русском и английском языках. Алматы, «ZAMANPRINT» баспасы, 2017, 122 б.

  2. Гистология, цитология және эмбриология. Атлас. Алматы, 2015. (Авторлары Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова Ж.О.) Алматы : Эффект, - 416 б.

Электронды ресурстар:

  1. Мяделец О.Д. Гистология, цитология и эмбриология человека часть -1. цитология, эмбриология и общая гистология. Витебск, 2014- 439 б. https://core.ac.uk/download/pdf/53873514.pdf



Тақырып бойынша видео материалдар қарау:

  • YouTube: Диафиз трубчатой кости. Сазонов С.В. - зав. кафедрой УГМУ, д.м.н., профессор https://www.youtube.com/watch?v=HdsqhuaYX8o

  • YouTube: Развитие кости на месте хряща. Сазонов С.В. - зав. кафедрой УГМУ, д.м.н., профессор https://www.youtube.com/watch?v=py1I2LW1kzE


Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Қаңқа дәнекер тіндерінің даму көздері мен жіктелуі.

  2. Шеміршек тінінің құрылыс ерекшеліктері.

  3. Шеміршек тінінің жасушалық элементтері.

  4. Шеміршек тінінің жасушааралық затының морфофункциональдық ерекшеліктері.

  5. Сүйек тіндерінің құрылыс ерекшеліктері.

  6. Сүйек тінінің жасушалық элементтері.

  7. Сүйек тінінің жасушааралық затының морфофункциональдық ерекшеліктері.


Сабақты өткізу түрі: бастапқы білім деңгейін анықтау үшін (ауызша және жазбаша жауап алу),тест тапсырмаларын орындау, (№2-8) практикалық дағдыларды тапсыру.

Бақылау: бағалау жиынтық түрінде, ауызша жауап беру, тест тапсырмаларын орындау, практикалық дағдыларды тапсыру арқылы (бағалау парағымен) бағаланады.

БОӨЖ тапсырмалары: сабақтың тақырыбы бойынша ситуациялық есептер шешу кесте толтыру, сапалы хатттама толтырып, суретін салып, анықтап, гистологиялық құрылымдарына сипаттама беру.

БОӨЖ бақылауы: бағалау формативті.

БӨЖ тапсырмалары: тақырып бойынша эссе жазу:

  1. Буындық шеміршектің құрылыс ерекшелігі.

  2. Тура остеогистогенез.

  3. Тура емес остеогистогенез.

  4. Түтікті сүйектердің өсу ерекшеліктері.

БӨЖ бақылауы: бағалау жиынтық түрінде. Білім алушы 16 аптада тапсырып, 17 аптада аралық бақылау кезінде (бағалау парағымен) бағаланады.