Файл: Реферат таырыбы Мстафа Кемаль АтатрікТрік мемлекеттіні негізін алаушы Орындаан Ердан Кгедай С. Аманжолов атындаы Шу жоары колледжіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 75

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

«САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС

ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» ҚЕАҚ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Мұстафа Кемаль Ататүрік-Түрік мемлекеттінің негізін қалаушы »

Орындаған: Ердан Көгедай «С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің»ОП9ә тобының 1 курс студенті.

Тексерген:Серікова Зарина Серікқызы,гуманитарлық ғылымдар магистрі, «С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің» тарих пәні оқытушысы.

Өскемен қ. 2023ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің өмірбаяны мен отбасы жайында мәліметтер

1.1. «Мұстафа Кемаль паша» лауазымын алуы.

2. Түрік мемлекетінде Мұстафа Кемалдың тарих сахнасына шығуы.

2.1. Түркияның тәуелсіз мемлекет болуы.

2.2. Ататүрік түрік жастарға өсиеті:

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Көптеген белгілі Ататүрік Мұстафа Кемаль аты аңыз. Оның саяси жетістіктері мен даңқты әрі ол Түрік Республикасының негізін қалаушы және бірінші президенті болды. саясаты жұмыстарымен ел басқаруындағы қиындытар, билік пен ұлтшылдықтың көрінісі. Ал біз ол кісінің жасағанын жасауға тырысамыз. Мұстафа Кемаль Ататүріктің өмір салтын, және ониң жетістіктері туралы білу.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қасиетті қазақ жерінен, оның ата-бабасы оғыздардың қара шаңырағынан енші алып Кіші Азияға, яғни Анадолы түбегіне Х-ХІ және ХІХ ғасырда қоныстанған түріктер – ұлы халық. Қазір дүние жүзінде 60 миллионға жуық түріктер бар. Соның ішінде Қазақстанда тұратын түріктер ғана 78694 адам. Негізінен, қазақпен қаны да, жаны да, діні де, ділі де бір түрік бауырларымыздың Отаны Түркия – жер көлемі жағынан Еуропадағы ең үлкен мемлекет. Ал тәуелсіз Түркия Республикасының негізін қалаушы, оның тұңғыш президенті Ғази Мұстафа Кемаль Ататүрік – бүкіл түрік әлемінің ұлы қайраткері, теңдесі жоқ тарихи тұлға ретінде Түркия мемлекетіне қандай адам болып қалаптасуы жайында танысу.

Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды:

- Мұстафа Кемальдың Түрік мемлекетін қалай құрғанын зерттеу;

- Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің елі үшін қандай пайдасын тигізгенін зерттеу;

- Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің кезеңінде жүргізілген ішкі саясаттың жағымды жақтары мен жағымсыз жақтарын анықтау;


- Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің билік басындағы кезеңде, мемлекетаралық мәселелерді шешудегі жолдарын анықтау;

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.Зерттеу жұмысы негізінен ІХ-Х және ХІХ ғасыр аралықтағындағы Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің биліктегі жолын қамтиды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің өмірбаяны мен биліктегі жолының барысы қарастырылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы.Зерттеу жұмысы кіріспеден,екі тараудан,қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктің өмірбаяны мен отбасы жайында мәліметтер

Түркі тілдес халықтар, Түркия елі, Ататүрік туралы әңгіме қозғағаныңда ең әуелі ойыңа «түрік» атауының қандай мағынаны білдіретіні, түрік тілінің әлемге белгілі классификациясы оралады. Алтайдан Анадолыға, Қиыр Шығыстан Дон өзеніне дейінгі аралықты мекендеген қазіргі түрік халықтарының этногео-саяси және мәдени болмысын тұтастай зерттеп жүрген ғалымдардың пайымдауынша, «түрік» сөзіне түрлі кезеңдерде әрқилы түсінік беріліп келген. Алайда олардың екеуі ғана ғылыми негізге ие. Біз енді оны талдап, түсіндіретін болсақ, әлгі екі болжамның біріншісіне сәйкес «түрік» (ең ежелгі айтылу үлгісі – «түрүк») сөзі – «туатын, туындайтын, көбейетін» деген мағынаны білдіреді. Екінші болжам бойынша, бұл сөздің мағынасы: «күшті, құдіретті, кемал». Дәл осы мағынада «түрік» сөзі алғаш рет саяси атау ретінде Көктүрік мемлекеті тарапынан пайдаланылды. Және жағырапиялық атау ретінде бұл сөз Түркһіа (Туркия) үлгісінде Орта Азияны білдіретін термин ұғымында алғаш рет византиялықтардың атауымен ІХ-Х ғасырлардағы Азияның батысынан Орталық Еуропаға дейін созылған аймақты білдірді. Ол аймақ – Шығыс Түркия – Хазария, Батыс Туркия – Венгрия жері болатын. Еуропалықтар оған қоса қазіргі Анадолыны да ХІІ ғасырдан бастап «Туркия» деп атады.

Қазіргі таңда дүние жүзіндегі екі жүз миллиондай адам түрік тектес тілде сөйлейді. Негізінен, түрік диалектілерін үш топқа бөлуге болады. олар – оғыз тобы, қарлұқ тобы, қыпшақ тобы. Мұның ішінде оғыз тобы – Османлы диалектісі, Әзери диалектісі, Түрікмен диалектісі, Ғағауыз диалектісі тәрізді тармақтарға жіктеледі. Қарлұқ тобы болса, олар - өзбек және ұйғыр диалектілері. Қыпшақ тобын – қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, қарашай – малқар, құмық, ноғай, қарақалпақ диалектілері құрайды. Жасыратыны жоқ, осы үш топтың ішінде аралық говорлар да бар. Мінеки, Кемаль Ататүріктің шыққан тегі, тілі осындай мән-мағына, рухани құндылықтарға бай.



Түркия елінде Ғази Мұстафа Кемаль Ататүріктен бұрын, ертедегі тарихында түрік елі үшін ерекше еңбегі сіңген басқа да ірі мемлекет қайраткерлері болған. Олардың ішінде Селжүк, Тоғрылбек, Алып – Арыстан тәрізді ірі қолбасшы, саясаткерлер түріктердің дербес ел ретінде қалыптасуында үлкен қайраткерлік танытты. Әсіресе, Алып-Арыстанның әскери-соғыс істері мен мемлекетті басқарудағы саяси және әлеуметтік жетістіктері зор болды. Ол өз мемлекетіне Кауказ, Сирия, Кіші Азия халықтарын, тіпті Мауренахр мен Хорезм халқын да тәуелді етіп алды, Византия императоры оған тәуелділігінің белгісі ретінде жыл сайын 360 мың динар төлеп тұрды. Осындай көрнекті түрік әскербасылары мен мемлекет басшыларына тән қайраткерлік І-Баязид, ІІ-Мұрат, ІІ-Мехмед (ІІ-Мұраттың баласы) сұлтандардың бойында да жарқырап көрініп, Ғази Мұстафа Кемаль Ататүрікке барып жалғасты.

Жерінің көлемі 780,6 мың шаршы шақырымды құрайтын Түркия мемлекетінің, Кемал Ататүріктің ата тегі – түріктердің тарихтағы өмір жолы таңғажайып даңққа толы. Х ғасырда өздерінің ата қонысы – Тұраннан кеткен оғыз тайпалары алғашқыда Хорасанға (қазіргі Иранның солтүстік шығысы, Мерв және қазіргі Түркіменстанның оңтүстігіндегі оазистерді қамтыған аймақ) келіп қоныстанғанымен, ХІІІ ғасырдың 20-жылдары мон-ғол шапқыншылығынан ығысып, Анадолыға қарай көшеді. Бұл кезде осы жерде олардан бұрын жеткен тағы бір түрік тайпасы-селжүктер Византияның біраз жерін тартып алып, өз алдына жеке мемлекет құрып отырған болатын. Тарихта Кония (қаланың аты) сұлтанаты деп аталған сол мемлекет ХІ-ХІҮ ғасырларда өмір сүрген іргелі мемлекет еді. Негізінен, бұл мемлекет Алладдин Кейқуаттың (1219-1236 ж.ж. билік құрды) тұсында ерекше гүлдеді. Алайда ол 1243 жылы моңғолдардың екпініне шыдамай, оған бағынышты елге айналды да, кейін шағын биліктерге (княздықтарға) ыдырап кетті. Бұған дейін Кония сұлтаны Хорасаннан келген оғыз тайпаларына жер бөліп берген-ді. Осы оғыз тайпасының көсемі Ертоғрылдың баласы Осман (Оспан) керемет дарынды қайраткер болды. Ол 1299 жылы өзін селжүк мемлекетінің мұрагерімін деп жариялап, ыдырап кеткен биліктерді қайтадан бір орталыққа жинап, Осман империясының негізін қалады. Оның халқы өздерінің шыққан тегі түркі екенін ұмытпай, ұлтын «Осман түркілері» деп атады. Кейінгі мемлекет атауы да сол ескі, ежелгі қалпымен Түркия деп аталып, тарихтан ойып тұрып орын алды. Осман империясы 1389 жылы Анадолы аумағынан шығып, шапқыншылық жорық жасап, Косово даласында серб әскерін қирата жеңіп, өзіне бағындырды. Сонан соң түріктер болгар патшалығын, Македонияны бағындырып, 1396 жылы Еуропа елдері рыцарларының өзіне қарсы біріккен күшін тас-талқан етіп жеңіп, сол жылдары Кония сұлтанатының ыдырап кеткен биліктерінің бәрін Осман империясына қосып алды. Осман империясының барынша күшейіп, жерін екі есеге жуық үлкейткен уақыты ХҮІ ғасырдың басынан аяғына дейінгі мерзім болды. Бұл кездерде елді Селим І (1512-1520), оның ұлы Сүлеймен І (1520-1566) биледі. Осы тұста
Осман империясы Армения, Күрдстан, Солтүстік Мессопатамия, Сирия, Палестина, Мысыр, Хиджаз, Алжирдің көп жерін басып алып, Жерорта теңізі бассейнінде жеке дара билік құрып, әлемдегі ең қуатты державаға айналды. Оның Еуропа, Азия, Африка құрлықтарына жайылған сол кездегі жер көлемі 8 миллион шаршы шақырымға жетті. Алып империяның жауларының да аз болмайтыны ақиқат. Оған жан-жақтан шабуыл жасаушылар да, Батыс елдерінде Осман империясын қарызбен қақалтып, банктер жүйесімен буып, өздеріне тәуелді етіп алуға тырысушылық та күшейіп, құдайдан: «Аспаныңның апаты мен жердегі түріктердің сақта!» деген жалбарыну мән-маңызын жойды. Осман империясы Германия мен Австро-Венгрия жағында бірінші Жиһан соғысына араласып, соғыста Антанта Одағының елдері жеңіске жеткеннен кейін, Антанта мүшелері Версаль шарты бойынша Германияны бас көтертпей тұқыртып тастады да, Севр шарты бойынша Анадолы жері Англия, Франция, Италия, Греция елдерінің бөлінісіне түсті. Сөйтіп, Түркияға ХІІІ ғасырда Осман би билігінде болған алақандай ғана жер қалды... Осы тұста Түрік елінде Мұстафа Кемаль бастаған Халық Революциялық Партиясы (ХРП) бас көтерді.

1881 жылғы 19 мамырда Селаник қаласында (Салоник) дүниеге келіп, 1938 жылғы 10 қарашада Стамбұлда қайтыс болған Ғази Мұстафа Ататүріктің бүкіл саналы ғұмыры өз Отанының тәуелсіздігі мен тұтастығы, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуы жолындағы күреске арналды. Ол Селаникте әскери лицей мен әскери мектепті (1902), Стамбұлда Бас штабтың академиясын (1905) бітірді, 1908 жылы Жас түріктер төңкерісіне қатысты.

1.1 «Мұстафа Кемаль паша» лауазымын алуы.

Тарихтан жақсы таныс, он тоғызыншы ғасырдың аяғында реформаторлардың жаңа буыны – Жас түріктер бой көтеріп, олар ағылшын-француз ықпалынан босауды мақсат тұтқандықтан сыртқы саяси бағытты өзгертті де елді Германияны жақтап, бірінші дүниежүзілік соғысқа килігуге ұрындырады. Ол Еуропа мен Осман империясының мыңжарым жылға созылған текетіресінің аяқталуына әкелді. Соғыста Түркияның жеңілуі Осман империясы аумағының тез арада бөлініп алынуына, Антантаның әскери флотының Босфор мен Дарданелл бұғаздарына кіруіне, ағылшын-дар мен француздардың Мосул мен Искандерун маңайын басып алуына, италиялықтардың Оңтүстік-Батыс Анадолыны бақылауда ұстауына, Антанта флотының көмегімен грек қарулы күштерінің 1919 жылдың мамырында Измир маңына келіп түсуіне, Батыс Анадолыдағы гректерді қолдаймыз деген сылтаумен ашықтан-ашық соғыс интервенциясына кірісіп кетуіне жол ашты. Бұл түрік халқының ашу-ызасын туғызды. 1919 жылғы мамырда Эгей теңізіне жақын жердегі таулы өңірде партизан соғысы бұрқ ете түсті. Халықтық қарсылықты бастаушылардың көбісі Жас түрік-тердің жаңғыртушылық көзқарасын қолдайтын, білімді де отаншыл әскери кадрлар еді. Осынау тарихи күресті таяуда ғана аяқталған соғыстың батыры, «Ыстамбұлдың құтқарушысы» атағына ие болған Мұстафа Кемаль басқарды. Ол 1911-1912 жылдары Италия мен Түркия арасында болған соғысқа, 1912-1913 жылдары Балқан соғысына қатысып, өзінің әскери шеберлігін танытқан-ды. Ал енді бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Дарданелл, Кавказ, Сирия – Палестина майдандарындағы қолбасшылық қызметі үшін түменбасы (генерал) және «Мұстафа Кемаль паша» лауазымын алған болатын. Әскер мен халықтың көмегіне арқа сүйеген Мұстафа Кемаль уақытша үкімет құрып, интервенттерге қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. Мудрос келісімшартынан (1918 ж. 3 қазан) кейін Түркияға батыс елдері тарапынан қатты қауіп төнгендіктен, Түрік мемлекетінің бірлігі мен тәуелсіздігін сақтап қалу Мұстафа Кемаль басқарған күрестің басты мақсаты болды. Оның басшылығымен «Ұлт бірлігі және азаттығы» партиясы басқыншыларға қарсы күресті одан әрі жандандырып, 1919 жылғы 22 маусымда халыққа «Отан тұтастығы және ұлт азаттығы қауіпте!» деген үндеу тастады. Сұлтан сол кезде Мұстафа Кемаль жасақтарына қарсы «ғазауат» соғысын жариялап, елде азамат соғысы басталды.


1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен Сұлтан үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол қойылғаны мәлім. Бұл Түркияның бөлінуі мен кіріптарлыққа түсуінің ресми түрде құжатталуы еді. Содан іс жүзінде Сұлтан үкіметіне Анкара мен Қара теңіз жағалауы арасындағы ғана жер қалдырылды. Соның салдарынан Түркияның басым бөлігі Антанта елдерінің бақылауы мен ықпалына түсіп, түрік елінің біртұтастығы мен тәуелсіздігіне қатты қауіп төнді.

2. Түрік мемлекетінде Мұстафа Кемалдың тарих сахнасына шығуы.

1920 жылғы наурыз айында Түркия мемлекетінің өмірінде үлкен тарихи оқиға болды. Ол Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) құрылуы еді. Сол жылғы сәуір айында оның төрағасы болып Мұстафа Кемал сайланды. Мәжіліс Түркия өз алдына жеке тәуелсіз республика болуға тиіс деген шешім қабылдады. Мұстафа Кемал Ұлы Ұлттық Мәжілістің қарауына «саяси, экономикалық, әкімшілік және әскери мәселелерді қамтитын басқаруды жүзеге асыру бағдарламасын» ұсынып, алғаш рет «Түрік мемлекеті» деген ұғым енгізілді. Осылайша Осман империясынан мүлдем бөлек, жаңа геосаяси субъекті дүниеге келіп, ол заңды тұрғыда бекітілді. Бүкіл Түркия халқы Мұстафа Кемальдың саясатын толық мақұлдап, оған жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл Мұстафа Кемальдың Түркия елінің басшысы, ірі мемлекет қайраткері ретінде тарих сахнасына шығуы болатын.

Мұстафа Кемальдың басшылығымен Түркияны толық азат ету күресі басталып, 1922 жылдың 26 тамызында түрік әскерлері барлық майданда шабуылға шығып, оған ол басшылық жасады. Түріктерге қарсы шыққан әскерлердің негізін грек армиясы құрағанды. Екі әскердің шайқасында осы грек армиясының тас-талқаны шығып жеңілді де, олардың оқ пен оттан аман қалғандары бастарын сауғалап, түрік жерінен біржолата тайып тұрды. Осылайша 1919-1922 жылдардағы грек-түрік соғысы түріктердің ұлы жеңісімен аяқталды. Бас қолбасшы ретінде Сакария қаласы үшін гректермен болған 22 тәулікке созылған ұрыста жеңіске жеткені үшін 1921 жылғы қыркүйек айында Мұстафа Кемалға маршал дәрежесі мен «Ғази» (Gasi – жеңімпаз) атағы берілді. Негізінен, 1920-1922 жылдар аралығында Ғази Мұстафа Кемаль және оның жақтастары шығыстағы, оңтүстік пен батыстағы жау әскерлерін талқандаумен бірге Ресеймен, Ұлыбританиямен, Франциямен жә-не Италиямен де бейбіт келісімге келген болатын. Ал Түрік еліндегі соңғы сұлтан Мехмед ҮІ болса, 1922 жылдың қараша айында британ әскери кемесіне мініп алып, елден қашып кетті.