Файл: Реферат таырыбы Мстафа Кемаль АтатрікТрік мемлекеттіні негізін алаушы Орындаан Ердан Кгедай С. Аманжолов атындаы Шу жоары колледжіні.docx
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 76
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.1 Түркияның тәуелсіз мемлекет болуы.
1923 жылғы 2 қазанда Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі тәуелсіз Түркия республикасының құрылғанын жариялап, оның астанасы Анкара қаласы болып бекітілді. Сол жылғы 10 қазанда Ғази Мұстафа Кемаль Түрік Республикасының президенті болып тағайындалды. Осылайша өмірге еуропалық сипаттағы демократияға негізделген жаңа тұрпатты Түркия Республикасы келіп, оның құрылғандығы 1923 жылғы 29 қазанда ресми түрде жарияланды. Бір жыл өткен соң Түрік Республикасының Конституциясы қабылданды. Ғази Мұстафа Кемаль Түркия республикасының президенті қызметіне 1927, 1931 және 1935 жылдары қайта сайланды. Ең бастысы, 1924 жылы Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі қабылдаған Конституция бойынша елдің барлық азаматтары түріктер деп жарияланды. Ғази Мұстафа Кемал өзінің парламенттік тобын Халықтық – республикалық партияға (ХРП) айналдыратынын мәлімдеп, жаңа құрылған партия парламенттің жаңа құрамының сайлауында жеңіске жетіп, оның төрағасы болып Ғази Мұстафа Кемаль сайланды. Ол Халықтық – республикалық партияға жариялы оппозицияны өз серіктестерінің қатарынан құруға екі рет талпыныс жасағанымен, бұл әрекеттері сәтсіз аяқталды. Алайда, қуанарлығы, кемалшылар Осман империясы кезіндегі мемлекет ұйымдастырудың негізгі қағидаттарынан бас тартып, дара билік феноменін сақтап қалды, кейін оны тіпті күшейтті. Осылайша Түркия мемлекеті тәуелсіз мемлетке айналды.
Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың (Түркияда оларды «Ататүрік революциялары» деп атайды) негізі болған принциптердің жиынтығы «ататүрікшілдік», немесе «кемализм» деп аталады. Бұл — жалаң теория емес, Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің практикалық тұрғыдағы тұғырнамасы, идеологиялық арқауы.
Олар мыналар:
1. республикашылдық (мемлекеттің және ұлттың тұрақты түрде республикалық құрылым жолымен басқарылуы);
2. халықшылдық (мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық тарапынан басқарылып отыруы);
3. ұлтшылдық (ұлтжандылық, түрік ұлтының мүдделері мен мерейінің басты мақсат болып табылуы);
4. мемлекетшілдік (барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени шаралар Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын қамтамасыз етуі керек);
5. лаицизм (діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі);
6. революцияшылдық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару үстінде болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау).
Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Түркия республикасының конституциясына енгізілді. 1960, 1982 жылға конституцияларға енгізілген өзгерістер де бұл принциптерге нұқсан келтірген жоқ.
Осы принциптердің негізінде Түркияда Ататүріктің басшылығымен мынадай реформалар жүзеге асырылды:
саясат саласында — сұлтандық жойылып, Түркия республика болып жарияланды. Түркияның жаңа парламенті – Ұлы Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырылды, халифат таратылды, жаңа конституция қабылданды.
құқық саласында — шариғат соттары таратылды, азаматтық кодекс және жаза туралы заңдар қабылданды, әйелдерге еркектермен тең құқықтар берілді, көп әйел алуға тыйым салынды;
білім беру саласында — латын жазуына негізделген жаңа түрік әліпбиі қабылданды, жаңа типті университеттер құрылды, білім берудің тұтас жүйесі қалыптастырылды;
лаицизмге бағыт алу жолында — дін мемлекеттен ажыратылды, дәруіштердің ғибадатханалары (текелер) таратылды. Әрине, дінге тыйым салынған жоқ;
батысшылдық бағытында — сағат мерзімі мен күнтізбе өзгертілді (1926 жылдан бастап Түркияда еуропалық жыл санау жүйесі жүргізіліп келеді), ұзындық пен салмақ өлшемдері жаңартылды, фес орнына шляпа кию, басқа да еуропалық киім үлгілері енгізілді, фамилиялар туралы заң қабылданды және тағы басқалар;
тарих ғылыми саласында — түрік тарихын шынайы тұрғыда жазу ісі қолға алынды, бұл үшін Ататүріктің өзі «Түрік тарихының басты бағыттары» атты бағдарламалық мәні бар арнайы еңбек жазды. Осы саладағы жаңа тұрпатты, жаңа идеологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын «Түрік тарих қоғамы» құрылды (1931 жыл) және ол күні бүгінге дейін жемісті түрде жұмыс жүргізіп келеді;
тіл білімі саласында — түрік тілін араб-парсы элементтерінен мейлінше тазартып, бүкіл халық еркін түсінетін және қолданатын деңгейге көтеру басты мақсат етілді; Ататүріктің басшылығымен және тікелей араласуымен ұйымдастырылған «Түрік тіл қоғамы» (1932 жыл) өзінің тарихында бұл бағытта орасан көп жұмыс атқарды (көптеген сөздіктөр жарияланды, ондаған мың араб-парсы сөздері түрік түбірлес жаңа сөздермен ауыстырылды, соңғы жылдары Еуропа тілдерінен енген сөздерге де түрікше баламалар табу ісі табысты жүріп жатыр), араб жазуының орнына латын жазуы енгізілді (1928 жылы);
экономикада — басқа елдердің капиталына арқа сүйеп, Осман империясы сияқты сол елдерге тәуелді, кіріптар болып қалмас үшін ұлттық капиталды ұлғайтуға, ұлттық экономиканы күшейтуге ден қойылды, «экономикалық тәуелсіздік — дербестіктің басты шарты» деп танылды;
сыртқы саясатта — түрік ұлты мен Түркия республикасы мемлекетінің әлем шеңберінде құрметтелуі мақсатында шет елдермен әрі ұлттық, әрі адамгершілік негіздегі бейбіт қарым-қатынастар жасау кезделінетін болды…
2.2 Ататүрік түрік жастарға өсиеті:
«Ей, түрік жастары! Бірінші міндетің — түрік тәуелсіздігін, Түркия республикасын мәңгі сақтау және қорғау!
Тірлігіңнің және болашағыңның жалғыз негізі — осы. Бұл негіз — сенің ең қымбат байлығың. Болашақта да сені осы байлығыңнан мақұрым еткісі келетін ішкі, сыртқы жауларың болады. Күндердің күнінде тәуелсіздік пен республиканы қорғауға мәжбүр болсаң, міндетіңді орындау үшін өзің тап келген жағдайдың мүмкіндіктері мен шарттарынан сескенбеуің керек! Ол мүмкіндіктер мен шарттар өте қолайсыз болуы ықтимал. Тәуелсіздік пен республикаңа қастандық жасағысы келген жаулар бүкіл әлемде теңдесі жоқ жеңіске қол жеткізуі мүмкін…
Зорлықпен және айламен ғазиз Отаныңның барлық қамалдары басып алынған, бүкіл теңіз порттарына жау жайғасқан, армиясы түгел таратылған және елдің әрбір бұрышы шын мәнінде де жаулап алынған болуы мүмкін. Осының бәрінен де қауіптісі — елдің ішіндегі билікке ие болып отырғандар жаңылысуы, қателесуі, тіпті опасыздыққа баруы мүмкін. Тіпті осы билік басындағылар өздерінің жеке мүдделерін басқыншылардың саяси мақсаттарымен біріктіруі мүмкін. Халық кедейшілік пен жоқшылық астында қалып, бүліншілікке, әлсіздікке ұшырауы мүмкін.
Ей, түрік болашағының перзенті!
Осындай ахуал мен шарттар астындағы сенің міндетің де түрік тәуелсіздігі мен республикасын құтқару болып табылады.
Саған қажет күш-қуат — тамырларыңдағы асыл қанда!»
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұстафа Кемальдың идеялары мен қағидаттары, оның реформалары бүгінгі Түркияның саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірін өзгертті. Кемалшылық қағидаттары түрік қоғамын жедел жаңғыртуда басты бағыт-бағдар болды. Бүгінгі Түркия өткен ғасырдың басында күлден көтерілген Феникс құстай болып тұрған ахуалдан атымен бөлек ел. Осыдан біраз уақыт қана бұрын құрлықтағы ең артта қалған елдің қарқынды экономикалық дамуы құрметпен қаратпай қоймайды. Ұлттық психологиядағы өзгерістер қайран қалдырарлықтай. Мәдениет пен спорттағы, сауда мен құрылыстағы, халықаралық саясат пен қызмет көрсету саласындағы жетістіктер тәнті еткізеді. Бүгінгі Түркия толық құқықпен экономикалық жағынан дамыған елдердің қатарына қосылуда, Еуропа достастығына одан әрі кіріге түсуге дайындалуда және кеудешіл үмітпен болашаққа көз тастауда.
Осының бәрінің бастаушысы бір адам – Мұстафа Кемаль Ататүрік. Барша түріктердің Атасы.
Қорытындылай келе сөзімді Мұстафа Кемаль Ататүріктің осы сөзімен аяқтаймын "Ұйықтап жатқан халық не құрып бітеді, не құл болып оянады!"
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
https://e-history.kz/kz/news/show/338863 -
https://surak.baribar.kz/517716/ -
https://www.myunivercity.ru/%D0%98%D1%81%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/%D0%9C%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%84%D0%B0_%D0%9A%D0%BC%D0%BB_%D0%90%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%BA/295067_2788649_%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B01.html -
Kinross, Atatürk: The Rebirth of a =, 60 -
↑ Мынаған өту:a b Australian Government The dawn of the legend: Mustafa Kemal. Avustralian Government (2007). Тексерілді, 23 наурыз 2007. -
↑ Мынаған өту:a b c Gallipoli: Heat and thirst, BBC News (3 қараша, 1998). Тексерілді 26 тамыздың 2007. -
↑ Мұстaфa К. A. сөздерi http://www.tsk.tr/12_anitkabir/atasoz.htm