ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында жазылған эссе
Әрбір ұрпақтың саналы боп өсуі ата-ана мен ұстаздар қауымына тиісті екені даусыз.Сол ұрпақтың жақсы өмір сүруі үшін ,елдің тұтқасын ұстар мықты азамат болуы үшін біз балаларға жақсы жағдай жасауымыз керек.Қазіргі таңда егемендік алып өз алдымызға ел болғанымызға 32 жылға жуықтап келе жатыр.Осы аралықта балалар үшін салынған мектептер көп.Сол мектептердің қалай жабдықталғаны,балалардың білім алуына ыңғайлы ма деген сұрақ туындайды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жайлы не білеміз?Олардың айырмашылығы қандай,дегенде мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға,апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге бағытталған ерекше мектеп деп айтар едім.Қазіргі уақытта заман талабына сай келер,жабдықталған пәндік кабинеттері бар,компьютерлік сыныптар,зертханалар мен шеберханалар,оқушылардың ауыр сөмкелерін біршама жеңілдетуге мүмкіндігі және жеке шкафтардың болуы,ауызсу мәселесі шешілген,әр қабатта оқушылардың демалуына арналған тынығу алаңдарының болуы қуантарлық жайт.Біз алдымызда отырған шәкірттерге білім беруде осындай игі істердің болуы заманға сай тұлға қалыптасуына ашылған жол деп білеміз.Осындай заманауи тұрғыда білім алған оқушыдан әрине ,мықты тұлға шығары сөзсіз. Кезінде Абай атамыз : «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез,нұрын,сырын көруге,көкірегінде болсын көз»-дегендей ,шәкірттің ұстазы білімді болса,шәкірті талапты болса ,алынбайтын асу жоқ.Соған сәйкес жабдығы мол мектеп болса,ел іргесін мықтап ұстар азамат тәрбиеленеріне сөз жоқ.Мұғалім жаңа технологиялармен заманауи сабақ өтіп,барлық жағдай жасалған жайлы мектепте тәрбие мен білім алып суысындаса шәкірттеріміздің абыройы да,мерейі деп үстем болары сөзсіз. «Қазақтың тағдыры ,келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» - деген Мағжан Жұмабаевтың сөзі «Жайлы мектеп» жобасы үшін маңызы зор деп есептеймін.
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Алдашбай ахун ауылы
№111орта мектебі
Жақанова Майра Молдабекқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі