ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Дүниежүзі тарихы | | |||||||
Мерзімі: | | |||||||
Сынып: 6 Сабақ 32 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны: | |||||||
Қорытынды сабақ (қайталау). Бөлімдер: Қайта өркендеу, Реформация, Ғылыми революция Сабақтың тақырыбы: Реформацияның Еуропа елдеріне таралуы | ||||||||
Оқу мақсаттары | 6.2.2.3 Ежелгі мәдениетпен қарым-қатынас орната отырып, Қайта өркендеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу өнері, мүсін өнері) сипаттау; 6.2.1.2 Тарихи үдерістер барысындағы «Ізгілік», «Реформация», «Протестантизм», «Кальвинизм», «Лютерандық» «Контрреформация», «Иезуит ордені» тұжырымдамасын түсіндіру; 6.2.4.2 жаратылыстану ғылымдарының кейінгі дамуындағы орта ғасырдың соңына қарай әлемнің құрылымы туралы ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын түсіну. | |||||||
Сабақ мақсаттары | Реформация және басқа терминдерді, әртүрлі елдердегі реформацияның ерекшеліктерін, Еуропалық елдер үшін реформация әсерін білу. Ежелгі мәдениетпен қарым-қатынас орната отырып, Қайта өркендеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу өнері, мүсін өнері) сипаттау; Птолемей мен Коперник бойынша әлем құрылғысын салыстыру. | |||||||
Пәндік лексика және терминология | Реформалау, протестанттық, католик, гуманизм, Римдік-католиктік шіркеу, ғылым, ғалым, Ғылыми революция, астрономия, астрология Қайта өркендеу, Европа келешек, шынайылық, шындыққа жанасатын, нимб, путти. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар бейнелеу өнерінің стилі мен жанрын ажырата алады және сипаттайды, өз таңдауын негіздеуі мүмкін. Реформалау мен реформалау салдары ұғымдарын мысал келтіре отырып, түсіндіреді. Әртүрлі ұлттар мен елдердің Ғылыми революцияларын мысалдар келтіре отырып сипаттайды. | |||||||
Диалог/жазылым барысында қолданылатын пайдалы сөз тіркестерінің сериясы | Біз XVI ғасырды Реформация дәуіріндегі бетбұрыс уақыты деп санаймыз, себебі… Біз бұл екі фактор бір-бірімен тығыз байланысты деп ойлаймыз, себебі... Біз өз пікірімізді өзгерттік, себебі… «Ғылым» термині ... білдіреді деп ойлаймыз Біз өз ойымызды ... деп бекітеміз. Суретші суретті ... арқасында жасады Бұл сурет Қайта өркендеу дәуіріне дейін салынған деп ойлаймыз, себебі… Екі суреттің ұқсастығы мен айырмашылығы … | |||||||
Алдыңғы білім | Қорытынды сабақ (қайталау). Бөлімдер: Қайта өркендеу, Реформация, Ғылыми революция | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Басы | Сыныппен амандасу!!! Жағымды атмосфера қалыптастыру, ынталандыру. Сабақтың құрылымымен таныстыру (ойын формасындағы сабақ). Ойын формасындағы сабақ өтілген үш бөлімді қайталауға өте ыңғайлы болып табылады. Иксель бағдарламасының негізінде үш топқа бөліну. Иксель бағдарламасына оқушы туралы мәліметті енгізіп, F9 пернесін басып тұру қажет. Бір оқушыға СТОП деп айтуды өтініңіз. Бұл жағдайда сәйкес үш топ және топ көшбасшысы немесе лидер анықталады. | Топқа бөлінгеннен кейін топ міндеттері мен ойын ережелерімен таныстырыңыз. Топтар өз қалаулары бойынша командаларға атау беруіне болады. Ереже.
Тәртіп.
| Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. | ||||
Ортасы | Бөлім: Қайта өркендеу №1 Тапсырма (Тапсырманы орындау үшін әр топқа суреттерді түрлі-түсті қағазда шығарыңыз) Ескерту! Суреттерді қайта өркендеу дәуіріне дейінгі және кейінгі деп бөліңіз. 1 мин. Сурет нүктелерін дұрыс бөлуді көрсетіңіз және ұпайларды командаларға жазыңыз. №2 Тапсырма Сұрақ:
Мысалдар мен аргументтер келтіріңіз. 1 мин. Бағалау критерийі: Келітірлген әрбір мысал мен аргументке 1 ұпайдан беріңіз. | Бөлім: Реформация №1 Тапсырма Тапсырманы түсіндіріп болғаннан кейін терминдерсіз тек анықтамаларды топтарға таратып беріңіз. Терминдерді анықтамалармен сәйкестендіріңіз. — Батыс және Орталық Еуропада XVI - XVII ғасырдың басында кең тараған діни және қоғамдық-саяси, Киелі кітапқа сәйкес католиктік христиандықты реформалауға бағытталған қозғалыс. — тәуелсіз шіркеулер жинағын көрсететін христиандықтың басты бағыттары, православие және католицизмнің үш жасағының бірі. — Католицизм және Рим Папасына қарсы бағытталған бұл тұлғаны дайындау негізінде туындаған протестанттық дін. — Католиктерге Рим Папасының атынан шіркеу үшін құн төлеуден босатылғаны үшін берілген диплом. — дінбұзарлыққа қарсы күресу үшін әзірленген Римдік-католиктік шіркеуі мекемелерінің бірқатар жалпы атауы. 1 мин. Дұрыс жауабын көрсетіңіз. Өзара бағалау мақсатында әр команда өз жауаптарын сағат тілімен жылжытып отырады. Бөлім: Реформация №2 Тапсырма
Бөлім: Ғылыми революция №1 Тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз. Мысалдар мен аргументтер келтіріңіз.
Әрбір командаға жауаптарын қорғап шығуға бір минуттан беріңіз. 2 мин. | Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. | ||||
Соңы | Ұпайларды санап, жеңімпаздарды анықтап, барлық қатысушыларды мадақтап, тәттілер ұсыныңыз. | Кері байланыс. Қарсыластар әрбір топқа 3 бағалау пікірлерін білдіреді. | Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. |
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып:6 Сабақ 33 | Қатысқандардың сына: | Қатыспағандардың саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ғылыми білімдердің дамуы теориясы қаншалықты бірегей болды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілуі тиісті оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме жасау) | 6.2.4.2 жаратылыстану ғылымдарының ары қарай дамуы үшін кейінгі орта ғасырдағы әлемнің жаратылысы туралы ғылыми ашылулардың мәнін түсіну 6.2.4.1 Қоршаған орта жайында білудің адам өміріндегі маңызы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Табыс критерийі | Егер оқушы: Қайта өркендеу дәуіріне тән 3-5-тен кем емес мәдениетті белгілесе; Көне заман мәдениеті мен Қайта өркендеу дәуірі мәдениеті арасындағы 2-ден кем емес өзара байланысты көрсетсе; Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуірінің сурет өнерін салыстыру кезінде өнердегі 3-тен кем өзгерісті белгілесе мақсатқа қол жеткізеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді?» қарастыру кезінде жұппен немесе бүкіл сынып болып өз пікірлерін айта алады Пәнге тән лексика және терминология: Қайта өркендеу, Византия, Шығыс Рим империясы, Ортағасырлық Еуропа, Ренессанстың өркендеуі кезіндегі Еуропа, перспектива, реализм, шынайылыққа жақын, нимб (нұр сәуле), путти, гравюра (нақыш), утопия. Диалог және жазу үшін пайдалы сөз орамдары: Бұл сурет мені мыналарды сезуге ............ итермелейді. Суретші мені осы заттарды ....... арқылы сезуге мәжбүрледі. Суретші ........... арқасында осы суретті шынайы етті. Мен бұл сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылды деп есептеймін, себебі ........ Екі сурет арасындағы ұқсастық пен айырмашылық мынадай ....... Суретшілер көрермендерді мыналарды сезуге мәжбүрлеуге тырысты. 200 жыл ішіндегі өнерде орын алған өзгерістер ............ Бұл сурет өзге суретпен байланысты, себебі .......... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Кемелдікке талпыну | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өнер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Интерактивтік тақтаны пайдалану - иллюстрация | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдын ала білімдері | Көне дәуір және орта ғасыр өнері. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы | Ширату.
|
Мұғалім бүгін қандай сұрақ қарастырылатынын сұрай отыра сабақтың тақырыбын қалыптастырады. Содан кейін оқытудың, сабақтың мақсаттары мен табыс критерийін айқындайды. | Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы | Ұғыну. Әбу Райхан Бируни 973 жылы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Ол 150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған. Бируни еңбектерін араб тілінде жазды. Оның «Үндістан», «Масғүд каноны» т. б. еңбектері біркатар шетел тілдеріне аударылған. Бұл кітапта үнділердің астрономиялық және математикалық білімдері талданған, сонымен қатар сол кездегі Үндістанның табиғаты, халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі суреттелген. Бируни география саласында қыруар еңбек жазып қалдырды. Ол географиялық карта жасады. Бирунидің географиясы геологиямен, минералогиямен тығыз байланыста баяндалды. Әл-Хорезми (795-857) Aлгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі еңбегі «Китаб ал-жабр ва мукабаа» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны «алгоритм атасы» деп атаған. Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған. Әбу Әли ибн Сина (980-1037).Oл - Фарабидің шәкірті болған. Аристотельдің еңбектерін өзі оқып түсінуге ұмтылған. Ол - «Дәрігерлік ғылым каноны» атты 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедияның, «Білім кітабы» деп аталатын философиялық энциклопедияның, араб және парсы тілдерінде жазылған терең ойлы өлеңдердің авторы. 1000 жылы Бұхара қаласынан Үргенішке келіп, Бирунимен кездесіп, ғылыми кітаптарының көбін осы қалада жазады. Ибн Сина өсімдіктердің өсу процесін бақылап, олардың емдік қасиеттерін анықтаған. Бала ауруларын зерттеп, оларды өзі шөптен жасаған дәрі-дәрмектермен емдеп отырған | Түркі халықтарының эпостары Оғызнама Китаб Дәдәм Коркуд Манас Қозы Көрпеш Алпамыс Сәулет өнері. ІХ-Х ғасырларда салынған сәулет өнері ескерткіштерінің біздің заманымызға дейін сақталып калғандары өте аз. Оның себебі, IX ғасырдағы ескерткіштердің көбі жай балшықтан құйылған. Ал күйдірілген кірпіштен салынған саманилер дәуірінің ескерткіштері жақсы сақталған. Соның бірі Бұхара қаласындағы Исмаил Самани кесенесі. Варахша және Афрасиаб қалаларындағы сәулет ескерткіштері де жақсы сақталған. X ғасырдағы Орта Азия сәулет өнері негізінен мешіттер мен мұнаралардан тұрады. Соның бірі Бұхара каласындағы Калян мешітінің жанындағы мұнара 1127 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Арслан ханның әмірімен салынған. Хорезм қаласында ХІ-ХІІІ ғасырларда салынған бірқатар сәулет ескерткіштері сақталған. Олар: Боранқала, Наибқала, Қабатқала, сонымен қатар Үргеніш қаласындағы Фахруддин Рази кесенесі, Бұхара маңындагы Раб-и-Мелик керуен сарайы Текеш хорезмшах жерленген кесене. Бейнелеу өнері де өркендеді, XV-XVII ғасырларда Самарқан, Бұхара қалаларында кітап миниатюрасы дамыды. Осы кезендегі Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап миниатюрасы және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі көрнекті орын алды. XIV ғасырдың соңында - Әмір Темір дәуірінде Орта Азияда қала салу, суландыру жүйелерін құру, керуен сарайлар, медреселер, діни ғимараттар тұрғызу ерекше қолға алынды. Олардың санатында сол дәуір сәулетшілерінің тамаша туындысы - Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Ол құрылысты Темір бастап салғызып, Ұлықбек аяқтаған. Ортағасырлық Орта Азия мәдениеті дүниежүзілік өркениетке өз үлесін қосты. I тапсырма.Семантикалық карта. Дұрыс жауабын тауып + таңбасын қой.
II тапсырма. «Өз жартыңды тап» ойыны.Ойынның шарты:Карточкалар беріледі, біреуінде-сұрақтар, екіншісінде –жауаптарға арналған тірек кестелер.
Оқу реті: 1.Халықтың арманы мен тілегін білдіретін,мифтік желіге құрылған батырлық эпос. 2.Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы. 3.География саласында қыруар еңбек жазып қалды.Географиялық карта жасады. 4.XIX ғасырдағы түрік әдебиетінің ескерткіштері қатарына жататын,саясат мемлекет басқару,әскери іс жөніндегі философиялық трактат. 5. 1836 жылы «Манас» поэмасын тұңғыш хатқа түсірді. III тапсырма.Сәйкестендіру. Ғалымдар. Еңбектері. Әл-Хорезми Шахнама Фирдоуси Астрономия кестесі Бабыр Білім кітабы Жүсіп Баласағұни Бабырнама Әбу ибн Сина Құтадғу білік-«Құт негізгі-билік» V тапсырма. Тақырыпқа қатысты және қатысты емес сөздерді оқи отырып, ішіне, сыртына кестесін толтыру. Ішіне бағанына сабаққа қатысты сөздер, ал қатысты емес сөздер сыртына бағанына толтырылады. Ішіне Сыртына Жәрмеңке Бабыр Әбу Райхан Бируни Шахристан Осман Ұлықбек Қият Сәулет өнері VI тапсырма.Сөйлемді аяқта. 1.X ғасырдағы Орта Азия сәулет өнері негізінен__________________тұрады. 2.Бейнелеу өнері де өркендеді,___________Самарқан,Бұхара қалаларында___________дамыды. 3.IX ғ. ғасырдағы ескерткіштердің көбі_______________ құйылған. 4. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы _______________кітап миниатюрасы және __________ою-өрнек салу мектебі көрнекті орын алды. 5.Күйдірілген кірпіштен салынған _______________ ескерткіштері жақсы дамыған. Оқушыларды жұпқа бөліп, Коперникке дейінгі және Коперник кезіндегі кейбір әлеуметтік топтардағы ғылым деңгейін зерттеу керектігін түсіндіру. - Мин династиясына дейінгі Қытай; - Мұсылман әлемі; - Үндістан; - Ежелгі Грекия. Оқушылардың Күн, жер және ғаламшарлар туралы кез келген қоғам ойлайтындығы турасында, Күннің жерді айнала қозғалатындығы турасында баяндама жасағанына көз жеткізу. Ғылыми жаттығулар оқушылардың санасында ғылымның бір кезеңмен немесе бір ортамен шектелмейтіндігін, басқа кезең мен өзге халықтарда да жоғары деігейде дами алатыны жайында ой салу керек. Десек те, гелиоцентриялық теорияны Аристарх пен көне грек философы Селевк қана жақтаған. Аристарх туралы Коперник өз еңбегінде көрсетіп те кеткен. Ол өз ойлау жүйесінде мұсылман ғылымының математикалық методикаларын қолданған секілді. Бірақ оған нақты ғылыми тұжырым жоқ. Уақыт бітісімен жұптарға өзге жұптармен өз жаңалықтарымен 2 минут ішінде бөлісуін өтініңіз. Әр жұп өзге жұптармен түгел қарым-қатынасқа түсіп, барлығы да бір-бірінің ойымен бөлісуі қажет. К Коперниктің бірқилылығы турасында оқушылармен ауызша талдау жасау керек. (Шынына келсек, ең алғаш Жердің Күнді айналатындығы турасында теорияны үсынған көне грек философы Аристарх еді. Бірақ ол ешқандай қолдау таппай, теориясы танылмай қалды. Ал Коперник теорияны жариялау арқылы танымал болды. Сонан соң Коперник Ескерткіші турасында сұхбатымызды жалғастырамыз.) | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы |
Коперник пен Бруноның көзқарасын Галилей қалай дәлелдеді және дамытты | Тақырып бойынша СИНКВЕЙН жазу Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді «Чемодан, мясорубка, корзина»: - нені білдім, нені үйрендім - не түсініксіз болып қалды - маған не қызықсыз болды | Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: Мұғалімнің аты-жөні : | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 Сабақ 34 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қорытынды қайталау | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) | 6.3.2.1 – ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «тари» ұғымын білу және пайдалану; 6.3.1.1– ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтау; | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | «Дүние жүзі тарихы бойынша курсының мазмұны мен маңыздылығымен таныып, тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптысу тарихымен толық танысты | |||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер | Тарих пәні туралы біледі. Тарихтың негізін салушы тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің маңызын анықтайды. Көне замандардан бастап орта ғасырлық тарихшылардың еңбектеріне тоқталып, Қазақ тарихындағы алатын орнын бағалай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар: Суреттен не көріп тұрсыңдар? Сурет сендерге ұнады ма? Неліктен? Балалар қандай ойын ойнап жатыр? Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар? Күз, жапырақ, сары,қызыл жапырақ, қолшатыр, жаңбыр, көк аспан, табиғат, бақ, әдемі, жылы, табиғатты тамашалау, қорғау сөздерін қолдану арқылы сөздік қоры дамиды. | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтардыдарыту | - өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну - өз елі үшін мақтаныш - ұлттық сана-сезім - жаһандық азаматтық | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Белсенді тақтадан суретті қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, музыка желісімен сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс, жыл мезгілін,табиғатты суреттеу арқылы дүниетану пәнімен байланысады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | «Мәтін түрлеріу» тақырыбы бойынша мәтіндермен жұмыс орындалған.Суретке қарап көріністі әңгімелей алады. | |||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ барысында таныстырылым көрсеткенде қолданылады, алтын күз тақырыбына бейнебаян көрсетіліп, сергіту сәті орындалады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңі | Педагог әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Басы | Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу. Қызығушылықты ояту: Тақтада әріптер тұрады, оқушы бір әріпті таңдап, соған тарихқа байланыстыа байланысты сөйлемдер айтады. |
«Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих» сөзі- «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады; Жетістік критерийлерін болжайды; Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады. | Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. | ||||||||||||||||||||||||||
Ортасы | менталдық карта» әдісін«арқылы оқушылар топтасып өз ойларын айту қазақтардың тайпасын айтып мекендеген жерлерін өздері картадан көрсетеді оқулықты пайдаланып, тақырыпқа сай мәліметтер беріледі. « «Асоссация» әдісі пайдаланып оқушылардың ойлауынсыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Тарихтың қайнар көзі – деректер. Тарих – ең көне ғылымдардың бірі, соған қарамастан бүгінде оның маңызы зор және ешқашан жайылмайды, себебі кез-келген ғылым саласын алсақ, ең алдымен оны оқып меңгеру үшін оның пайда болу тарихын білу қажет . ақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады. | Тақырыптың жоспары: 1 Тарихи дерек көздері . ә) Жазбаша деректер. ә) Ауызша деректер. б) Археологиялық деректер. в) Этнографиялық деректер. Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала «Тарихи деректер» деген кесте іліп қою керек.
Отанымыздың тарихы бүгінгі күнге дейін негізінен заттай және жазбаша түрде басқа тілдегі деректер арқылы жазылып келгенін, атадан-балаға мұра болып жетіп отырған ауызша тарих айту дәстүрінің болғанына тоқталу. Тарихты дұрыс түсіну үшін осы деректердің бәрін салыстыра қолдану керектігін айтамын. 1. Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесін-дегі ролі. .Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері.2. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістер. 3.Тарихи кеңістікпен уақыттағы, өткен практикалар жөніндегі құбылыстарды тудыру жолдары. Білімді дамытуға жәрдем жасау, тарихи білім құрылымында қажетті элемент ретінде тарихи құбылыстарды тудыру. Бекіту сұрақтары: 1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлерін айтыңыз? 2. Тарихи білімнің қалыптасуының кезеңдері қалай жүзеге асады? 3. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістерді атаңыз? 4. Тарихи кеңістікпен уақыттағы құбылыстарды тудыру жолдары қандай? Бағалау критерийі: -Тарих ұғымына талдау; Дескриптор: - «Тарих» сөзін мағынасын атайды; Кері байланыс: 1 топ – сендер тырыстыңдар 2 топ - сендер жақсы тырыстың, 3 топ - сен барлығын таптың, жарайсын. 2-тапсырма: (Жұппен орындалады). Тарихи деректерді сәйкестендіріңіз: Оқушылар бір- бірінің ойын толықтырады | Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. | ||||||||||||||||||||||||||
Соңы | Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» Бүгінгі сабақтан мен өзім үшін... алдым, ... үйрендім? ...маңызды болды. Өзін-өзі бағалау: «Бес бармақ» әдісі арқылы. Бас бармақтың үстіне қарап тұрғаны тапсырманың өте жақсы немесе дұрыс орындағандарыңды білдіреді, ал төмен қарап тұрса, тапсырманың дұрыс орындамағандарың, ал бас бармақты оң немесе сол жаққа қаратсаңдар, тапсырма жақсы орындалды. | Кері байланыс:
Үй тапсырмасы. Қосымша ақпарат оқып келу. | Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады. | Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық. |