Файл: 1. Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустар дегеніміз не.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 69
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МазмұныКІРІСПЕ1. Компьютерлік вирустар1.1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?2. Компьютерлік вирустардың жіктелуі2.1. Таралу ортасына қарай2.2. Жұғу тәсіліне қарай2.3. Зиянкестігіне қарай2.4. Алгаритм ерекшелігіне қарай2.5. Көлеміне қарай2.6. Логикасына қарайҚорытындыҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРКомпьютерлік вирустардың таралу жолдарыКІРІСПЕҚазіргі кезде адам өмірі экономиканың барлық саласында компьютермен байланысты. Осыған қарай жазып отырған курстық жұмыстың маңызы жоғары екеніне сенемін. Себебі компьютерлік вирустар проблемасы әлем елдерін толғандырады және оған қарсы тұруға көптеген конференциялар ұйымдастырылуда.Қазіргі кезде вирустар саны жылдан-жылға көбеюімен қатар күрделене түсті. Алғашқы вирус компьютер конфигурациясын коррекция жасайтын да жүйеге түскен соң активтелетін. Егер компьютер таза дискет жүйесімен жүктелген болса онда вирус болмайды да мәліметтер жазылған файлды вирустар зақымдамайды. Соңғы вирустар құжаттар мен файлдарды бүлдіре бастады.1. Компьютерлік вирустар1.1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?Компьютерлік вирус - шағын көлемді, өзінен-өзі көбейетін, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі объектілерге залалын тигізуге бейім, өлшемі бойынша 200 ден 5000 дейінгі арнайы компьютерлік программа. Олар өзінің бірнеше кодын көшіреді және оны басқа басқа программалар кодына біріктіреді, компьютерде тағы да басқа келеңсіз, түсініксіз әректтер жасауы мүмкін. Вирус компьютерге қолданушының бақылауынсыз зақымдалған дискета немесе файл арқылы кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» немесе «ауру жұққан» деп аталады. Зақымдалған программа жұмыс атқарған кезде ең алдымен вирус жұмысқа кіріседі. Вирус басқа программаларды тауып, зақымдайды және тағы басқа зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды. Компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне көлденең тұрады, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, жедел жады ластайды. Вирус бір компьютерге кірсе, басқа компьютерге тарауы мүмкін.Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіру және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң,жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде байқалмай қалады.
Осы программалардың саны мен түрі көбеюде. Сондықтан біз вирустардың табиғатын, жұғу әдістерін және олардан қорғана білуіміз қажет. Компьютерге вирус негізінде дискеттер және лазерлі диск арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Қазіргі уақытта 40000-нан астам компьютерлік вирустар бар.Вирустарға тән сипаттама беру өте қиын, өйткені вирустардың түрлері өте көп, осыған қоса әрбіреуінің тек өзіне ғана тән ерекше қасиеті болады. Кейбіреуі жасырын түрде бүлдіру іс-әрекетін бастайды, кейбіреуі тек көбейе береді, бірақ негізгісі–операциялық жүйенің түрлі объектілерге ену мүмкіндігі, өзінің дубликаттарын көбейтіп, желіге, файлдарға, компьютердің жүйелік бөліктеріне тасымалдау.1.2. Вирустардың жұғу белгілеріКомпьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң,компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді.Компьютерде вирус болған жағдайда оны табу өте маңызды. Ол үшін вирустың пайда болуының негізгі белгілерін білу қажет. Негізгі белгілерге келесі жағдайларды жатқызуға болады:
Файлдық вирустар- com және exe типті бірден атқарылатын командалық файлдарға жұғып тарайды. Осы топқа макрокомандалар арқылы жазылатын макро-вирустар да жатады. Олар Word, Exсel тәрізді программаларда дайындалған орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.Жүктелетін вирустар - дискінің жүктелу секторында (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік секторында (Master Boot Record-MBR) жабысатын вирустар. Кейбіреулері өз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT-кестеге мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Clаster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді. Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық.Файлдық-жүктелу вирустары - файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Бұлар көбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп, жылдам зиян тигізеді.2.2. Жұғу тәсіліне қарай екіге бөлінеді:Резиденттік вирустар-Жедел жадқа өзінің бөлігін тұрақты жазып қояды да, орындалатын программалар операциялық жүйемен байланысарда, соларға жабысып бүлдіре бастайды. Резиденттік вирустар жедел жадта орналасқандықтын, олар компьютерді өшіргенше немесе операциялық жүйені қайта жүктегенше тығылып отырып, зиянкестігін тигізе береді.Резиденттік емес вирустар-Компьютер жадында тұрақты орналаспайды, сондықтан шектеулі кезеңде ғана әсер етеді. Кейбір вирустар жедел жадта кішігірім резиденттік бөлігін қалдырып кетеді, бірақ ол вирус таратуға қатыспайды.2.3. Зиянкестігіне қарай төмендегідей бөлінеді:Қауіпсіз вирустар – компьютер жұмысына әсер етпейді (тек дискіге жазылып, оның бетіндегі мәлімет жазылатын көлемді азайтады).Қауіпті вирустар - компьютер жұмысына елеулі түрде әсер етіп, дискідегі файлдардың біраз бөлігін жойып жібере алады.Өте қауіпті вирустар - өздігінен қатты дискіні қайта форматтап, ондағы мәліметті түгелдей құртып жібереді. Мысалы, CIH “Чернобыль” вирусын айтуға болады, ол әр айдың 26-да іске кірісіп, дискідегі мәліметтерді және BIOS-ты құртады.2.4. Алгаритм ерекшелігіне қарай төмендегідей бөлінеді:Компаньон вирустар (companion)-бұлар файлды өзгертпейді, бірақ EXE-файлдар үшін COM типтес қосалқы серіктес файл құрады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшін XCOPY.COM файлын жасайды. Осы файл іске қосыларда алдымен вирус серігі жұмысқа кірсіп, бүлдіру істерін жүргізеді, тек соңында барып негізгі файл жұмысқа кіріседі.Паразиттік вирустар-өз көшірмелерін тарату барысында диск секторларын немесе файлдарды міндетті түрде өзгертеді.Репликаторлар немесе құрт вирустар (worm)-компаньон вирустар сияқты компьютерлік желі бойынша таралып, файлдар мен дискілерге тимейді. Олар компьютер жадындағы басқа компьютерлердің адрестерін тауып, соларға өз көшірмелерін жібереді. Құрт вирустар желілердің мәлімет тасымалдау қабілетін азайтып, сервердің жұмыс өнімділігін төмендетеді. Репликаторлар басқа файлдарға тиіспей, өз вирустары арқылы өздігінен көбейеді. Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында “Моррис құрты” деп аталатын желілік вирус АҚШ-тың ғаламдық бірнеше желілерінің жұмысын тоқтатты.
Көрінбейтін вирустар (стелс-Stealth) немесе тығылатын вирустар- бұлардың компьютерде өздерінің бар екендігін білдірмейтін мүмкіндіктері бар.Полиморфтық вирустар деп неше түрлі айла жасап, өздерін жасырып көрсетпеуге тырысатын вирустар тобын айтады. Полиморфтық вирустар (полиморфиктер, елес-вирустар, мутант вирустар)-оңайлықпен табылмайтын вирустар, өйткені олардың құрамында толық қайталанатын кодтар болмайды. Бұл вирустардың ішіндегі ең көп таралғаны OneHalf деген вирус.Макровирустар мәліметтерді өңдеу жүйелеріндегі (мәтіндік редакторлар және электрондық кестелер) макрокомандалар мүмкіндіктерін кең пайдаланады. Қазіргі кезде MS Word пен MS Excel құжаттарын бүлдіретін макровирустар кең таралған.Троян программасы керекті программа қасына жасырынып, біртіндеп өзінің бүлдіру құрту істерін өте сақ ептілікпен жүргізеді және компьютердегі құпия мәліметтерді таратумен айналысады. Троян программаларының басқа вирустар сияқты өздігінен көбейетін қасиеті жоқ. Оны “Троян аты” деп те атайды.2.5. Көлеміне қарайБіртұтас вирустық программаны ол ауру жұққызғанан кейін компьютер жадынан толық, әрі тұтас күйінде тауып алуға болады.Таралып орналасатын шашыраңқы вирус программасы бірнеше бөліктерге бөлініп тұрады. Оның құрамында вирус жасау мақсатында қалай біріктірілетінін компьютерге нұсқайтын бөлігі де болады. Сонымен, бұл вирус шашыраңқы күйде бөлініп сақталып тұрады да, тек аз уақытқа ғана бірігіп зияндық әрекетін істеп үлгіреді. 2.6. Логикасына қарайҰстауыш вирустар - программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаны тұзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады.Логикалық бомбалар - қарапайым программаға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шартта орындалғанда ғана әсер етеді. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға жұғуға тырысады.Құрттар - жүйелік программалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді.Троян аттары қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінісе компьютер желілерін жайлап алады. ҚорытындыҚорыта келсек, қазіргі кезде 40000 мыңдай вирустардың әрбіреуі өзінің қасиеттеріне ерекшеліктеріне қарай жіктелінеді. Осыған орай оларға қарсы жазылған антивирустық программалар жазу да кең етек алғанын көреміз.
XXI ғасыр компьютерлік технологияның дамуының өрлеуі болғандықтан, компьютерлік вирустар үнемі жаңарады және болашағы зор, оларды жоятын антивирус программалар да үнемі жаңарып отырады.Вирустарға қарсы iс-әрекет екi адам арасындағы жекпе–жекке ұқсайды. Өйткенi кез-келген вирустарды құрастыратын - адамдар және вирустарға қарсы программаларды құрастыратын да адамдар.Бұл курстық жұмысымды жазған уақытта әрбiр вирусқа қарсы программа құрастыру мүмкiн екенiн, және оны өз компьютерiңде тапсаң, белгiлi бiр тәртiп–шараларды ескеру керек екенiн бiлдiм. Оған қоса бұл жұмысымда вирустардың және оларға қарсы программмалардың түрлерi мен типтерi толық көрсетiлген. Әрбiр қарапайым қолданушы қазiргi кездегi вирустарға қарсы программмаларды қолдана алады. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР1. Балапанов Е., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ, Алматы, 2004.2. Новая коллекция рефератов и сочинении 2007, электронный учебник.

-
жұмыстың тоқтап қалуы немесе бұрын жұмыс істеп тұрған программалардың дұрыс жұмыс істемей қалуы; -
компьютердің баяу жұмыс істеуі; -
операциялық жүйеге жүктеме жасалмауы; -
файлдар мен каталогтардың жоғалуы; -
файлдардың соңғы өзгерген уақытын және күнін дұрыс көрсетпеуі; -
файлдардың көлемінің өзгеруі; -
дискідегі файлдардың саны кездейсоқ көбейіп кетуі; -
операциялық жадының бос көлемінің белгілі мөлшерде азаюы; -
экранға күтпеген мәліметтердің және бейнелердің шығуы; -
күтпеген дыбыстық сигналдардың пайда болуы; -
дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информацияның жазыла басталуы; -
бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс істеп тоқтамай кетуі; -
белгісіз адамдардан (компьютерлерден) электрондық хатпен бірге орындалатын программалардың келіп түсуі.