Файл: 5сынып ежелгі азастан тарихы 1 нса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 1035

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


құралдары бәріне ортақ саналды.Барлығы бірлесіп орманда аң

аулады,балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды.Қауымның ішкі

жұмысын теңдей бөлісті.Әйелдер мен балалар жеміс-жидек

жинады,еркектер ор қазды,егістік жерді тазалады,жыртқыш аңдарды

аулады.Қауымның жеке мүшесіне тисті мүлікті,мысалы,найзаны кез

келгені пайдалана алды»:

А) Көршілес қауымның шығуы

В) Алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болуы

С) Өндіргіш шаруашылықтың қалыптасуы

Д) Ертедегі адамдардың ұжымы

Е) Рулық қауымның шығуы

4-нұсқа

1.Заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін

ғылым:

А)Этнология

В) Геральдика

С) Зоология

Д) Археология

Е) Антропология

2.«Менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» -деп жеріне басқаны

жолатпаған:

А) Ғұн тайпа көсемдері

В) Сақ тайпа көсемдері

С) Қаңлы тайпа көсемдері

Д) Үйсін тайпа көсемдері

Е) Қытайлар

3.Ежелгі Үйсін мемлекеті билеушісінің лауазымы:

А) Патша

В) Хан

С) Қаған

Д) Шаньюй

Е) Гуньмо

4.Екінші алтын адам табылған жер:

А) Бесоба

В) Шілікті

С) Берел

Д) Аралтөбе

Е) Бесшатыр

5.Ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастартардан жасалған

құралдың аты:

А) чоппер

В) чоппинг

С) қол шапқы

Д) микролит

Е) бифас

6.Қаңлыларда отырықшылық дамыған өңір:

А) Талғар,Талас бойы

В) Арал,Ташкент төңірегі

С) Қаратаудан Ілеге дейі

Д) Шу,Іле бойы

Е) Есіл,Ертіс бойы

7.Ғұндардың Қазақстан аумағына жылжуын басқарған билеуші:

А) Мөде

В) Чжи-Чжи

С) Руғила

Д) Аттила

Е) Маодун

8.Энеолит кезеңі бұл:

А) Орта тас ғасыры

В) Жаңа тас ғасыры

С) Ерте тас ғасыры

Д) Мысты-тас ғасыры

Е) Ерте палеолит

9.Мысты-тас дәуірінің Солтүстік Қазақстан аумағынан табылған қонысы:

А) Ботай

В) Пеньки

С) Мұзбел

Д) Шебір

Е) Алексеев

10.Сақ қоғамында айрықша бас киімі мен тостағаны танымал белгісі

болған топ мүшелері:

А) Жауынгерлер

В) Әскербасылар

С) Егіншілер

Д) Малшылар

Е) Абыздар

11. Сармат қоғамының сипатын анықтаңыз:

А) Рулық

В) Алғашқы қауымдық

С) Әскери-демократиялық

Д) Әскери- аристократиялық

Е) Монархиялық

12.«Жу патшасының тарихы» шығармасында қаңлылар туралы жазылған

мәлімет:

А) Көптеген елдермен сауда байланысын

В) Көшпелілердің өмірі мен тұрмысын

С) Қытаймен соғысын

Д) Билеушілер тарихын


Е) Мемлекеттің құрылған тарихын

13.Қаратау үңгірінен табылған жуан емес ағашты кесетін еңбек құралы:

А) Екі жағынан қырланған құрал

В) Бір жағынан қырланған құрал

С) Жіп байланған тас құрал

Д) Ирек ара секілді,жүзі өткір құрал

Е) Сүйектен жасалған сүңгі

14.Қаңлылар Қытайға қарсы ғұндармен әскери одақ құрған уақыт:

А) Б.з.б. 36-26 ж.ж

В) Б.з.б. 56-66 ж.ж

С) Б.з.б. 46-36 ж.ж

Д) Б.з.б. 26-16 ж.ж

Е) Б.з.б. 16-6 ж.ж

15.Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің аталуы:

А) Мұртты қорғандар

В) Патша қорғандар

С) Таңдаулы қорғандар

Д) Биік қорғандар

Е) Алып қорғандар

16.Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының ерекшелігі:

А) Үңгірдің қабырғасына ойма суреттер бейнеленген:

В) Ең көне неолиттік тұрақ

С) 300-ге таяу тас құралдар табылған

Д) Ең көне энеолиттік тұрақ

Е) 70 мың жылқы сүйегі табылған

17.Б.з.б І ғасырдың ортасында ғұн мемлекетінде орнаған жағдай:

А) Қытайды жаулады

В) Екіге бөлінді

С) Ұлы қоныс аудару басталды

Д) Көрші тайпаларды бағындырды

Е) Мөде қайтыс болды

18.Қытай императоры У-Дидің Батыс елдеріне елшілік жіберген жыл:

А) Б.з.з. 108 жылы

В) Б.з.з. 168 жылы

С) Б.з.з. 158 жылы

Д) Б.з.з. 138 жылы

Е) Б.з.з. 148 жылы

19.Бөріқазған және Тәңіріқазған тұрақтатарының ерекшелігі:

А) Еңбек құралдары Африкадан табылған құралдармен ұқсас

В) Үңгірдің қабырғасына ойма суреттер бейнеленген:

С) Ең көне неолиттік тұрақ

Д) 80 мың жылқы сүйегі табылған

Е) Бірнеше рет қоныстанған,бес қорымы бар

20. Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз:

«Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді...Найза,қылышпен

қаруланған,садақты жақсы атады,бәрі шетінен құралайды көзінен

тигізетін мерген келеді.Олардың найзасының ұшы,жебе және қылышы

мыстан жасалған;бас киімдер мен белдіктері,ертұрмандары алтынмен

әшекейленген.Сонымен қатар олар аттардың сауытын да мыстан

жасайды.Темір мен күмісті пайдаланбайды,себебі бұл металдар олардың

елінде өте аз,алтын мен мыс керісінше өте көп.Олар егін екпейді,үй

малдарын және Аракс өзенінен аулайтын балықтарды азық етеді.Сүт

ішеді.Құдайлардың арасында күнге табынады,оған жылқыны

құрбандыққа шалады.Бұл құрбандықтың мәні:«құдайлардың жүйрігі күн

болса,жануарлардың жүйрігі жылқы»дегенге саяды»:

А) Ғұндар

В) Сақтар

С) Сарматтар

Д) Үйсіндер

Е) Қаңлылар


5-нұсқа

1. Тасмола мәдениетінің басты ерекшелігі:

А) Екі жерлеу орнынан тұрды

В) 16 ат бірге көмілген

С) Сағана үш бөлікке бөлінген

Д) Тайпа көсемдері жерленген

Е) Бальзамдап жерленген

2. « Мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес,көздері үлкен.Кескін-

кейпі ірі,дене құрылысы мығым,жігерлі» деп,антрополог сипаттап жазған

адам:

А) Андрондық

В) Кроманьон

С) Үйсін

Д)Неандерталь

Е) Сақтар

3.Шілікті қорымындағы №5 обадан табылған құнды заттар:

А) Сандықшаға жерленген адам

В) 16 ат қаңқасы

С) Қатар жерленген екі адам,13 қола жебе

Д) 13 жирен жылқы

Е) 26 таңбалы күміс табақша

4.Сумен жабдықтаудың жаңа әдісі- құдық қазу ойлап табылды:

А) Орта палеолитте

В) Кейінгі палеолитте

С) Ерте палеолитте

Д) Энеолитте

Е) Қола дәуірінде

5.Қола дәуіріне тән мәдениеттер:

А) Тасмола,Жетіасар

В) Ботай,Қауыншы

С) Андронов,Берел

Д) Бесшатыр,Шілікті

Е) Андронов,Беғазы,Дәндібай

6.Сақ қоғамында “ сегіз аяқты” деп аталған қоғам мүшелері:

А) Қолөнешілер

В) Малшылар мен егіншілер

С) Абыздар

Д) Жауынгерлер

Е) Әскербасылар

7.Батыс ғұн ұлысының негізі қаланды:

А) ІІІ ғасырда

В) V ғасырда

С) ІV ғасырда

Д) ІІ ғасырда

Е) І ғасырда

8.Неолит дәуірінің басты ерекшеліктерінің бірі:

А) Садақ пен жебенің ойлап табылуы

В) Дәнүккіштің пайда болуы

С) Чоппердің пайда болуы

Д) Тобырдың пайда болуы

Е) Қоланың қолданысқа енуі

9.Ежелгі үйсіндердің бас сүйегін қалпына келтірген антрополог:

А) В.Бартольд

В) Ә.Марғұлан

С) М.Герасимов

Д) Қ.Сәтбаев

Е) Ә.Төлеубаев

10.Абыз асатаяғының бөліктері табылған ескерткіш:

А) Бесоба

В) Бесшатыр

С) Шілікті

Д) Аралтөөбе

Е) Берел

11.Кирмен шайқаста қаза тапқан Томиристің баласы:

А) Скунха

В) Шырақ

С) Спаргапис

Д) Полиэн

Е) Спитамен

12.Қарағанды облысы аумағында табылған қыш ыдыстарға салынған

бейнелер:

А) Ою-өрнек

В) Геометриялық өрнек

С) Күннің суреті

Д) Жануар бейнесі

Е) Гүлді өрнек

13.Хаома сусынын дайындайтын сақтардың қоныстанған аумағы:

А) Солтүстік Қазақстан

В) Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысы

С) Муграб аңғары

Д) Алтай мен Тарбағатай

Е) Сырдария мен Әмударияның төмеңгі ағысы

14.Сақтарға қарағанда моңғолоидтық белгі басымырақ болған тайпа:


А)Үйсіндер

В) Қаңлылар

С) Андрондықтар

Д) Ғұндар

Е) Сарматтар

15.Зеленая Балка,Сексеуіл тұрақтары жататын дәуір:

А) Орта тас дәуірі

В) Жаңа тас дәуірі

С) Ежелгі тас дәуірі

Д) Мысты- тас дәуірі

Е) Кейінгі тас дәуірі

16.Тесіктас үңгірінен табылған ежелгі баланың қаңқасына берілген атау:

А) Синантроп

В) Неандертальдық

С) Австролопитек

Д) Кроманьондық

Е) Питекантроп

17.Алғашқы адамдар тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге жеткен кезең:

А) Палеолит

В) Энеолит

С) Қола дәуірі

Д) Неолит

Е) Мезолит

18.Ежелгі көшпелілердің қыс жақындағанда қоныстанатын мал

жайылымы:

А) қыстау

В) тебінді жайылым

С) көктеу

Д) күздеу

Е) жайлау

19.Алғашқы кезде елдердің елшіліктері арасында аса құнды сыйлық

болған қытай тауары:

А) шай

В) оқ-дәрі

С) жібек

Д) қағаз

Е) фарфор

20. Мәтінде сипаталған шаруашылықтағы өзгерістердің орын алған

кезеңі:

«Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге

Жағдай жасады.Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға

мүмкіндік алды.Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп

жайылатын қой мен жылқы санының көбеюі жайылым ауыстырып,көшіп

отыруды қажает етті»:

А) Мезолит

В) Қола дәуірінің басы

С) Ерте темір дәуірі

Д) Неолит

Е) Палеолит

6-нұсқа

1.Ежелгі үйсіндердің діни сенімі:

А) Ислам дінін қабылдады

В) Көк тәңірге сенген

С) Пұтқа табынған

Д) Жаратушы күшке сенген

Е) Ата-баба аруағына сыйынған

2.Сақтардың парсы әскерлерінің құрамында болып,шайқасқан

жорықтары:

А) Персия,Грекия,Марафон

В) Египет,Грекия,Марафон

С) Грекия,Марафон,Маракана

Д) Египет,Маракана,Марафон

Е) Маракана, Персия ,Египет

3.Ұлы Жібек жолының басталып және аяқталатын бағытын анықтаңыз:

А) Қытай-Арабия

В) Қытай-Византия

С) Қытай- Рим

Д) Қытай- Жапония

Е) Қытай- Грекия

4.Қола дәуірінде қалыптасқан өзгерістер:

А) Терімшіліктің дамуы

В) Басқыншылық соғыстар

С) Сауда мен өнердің дамуы

Д) Жаңа жерлерді игеру

Е) Алтынды пайдалануды үйренуі

5.Алғашқы адамдардың Қазақстан аумағында таралып қоныстанған

дәуірі:

А) Мезолит

В) Орта палеолит

С) Неолит

Д) Кейінгі палеолит

Е) Ерте палеолит

6.Тұрғындары егіншілікпен айналысқан сақ қаласы:


А) Шірік- Рабат

В) Бәбіш-Молда

С) Талды

Д) Арқайым

Е) Түгіскен

7.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі:

А) Адам мен жылқыны қатар жерлеген

В) Екі жерлеу орындарының болуы

С) Жерлеу орындары құрылыстарының ірілігі

Д) Еркек пен әйел қатар жерленген

Е) Жерлеу орны үш бөліктен тұрған

8.Қола дәуірінің Орал тауының шығысынан Ертіс өңіріне дейінгі

аралықты қамтитын мәдениет:

А) Нұра

В) Алакөл

С) Беғазы-Дәндібай

Д) Атасу

Е) Феодоров

9.Қаңлылардың көрші тайпалары:

А) Сармат,алан,үйсін

В) Ся,сармат

С) Исседон алан,ғұн

Д) Аримаспы,үйсін,ся

Е) Юечжы,сармат,аргиппей

10.Сармат дәуірі қамтитын уақыт:

А) Б.з.б. VІІІ- б.з. І ғасырлары

В) Б.з.б. VІІІ- б.з. V ғасырлары

С) Б.з.б. VІІІ- б.з. ІVғасырлары

Д) Б.з.б. VІІІ- б.з. І ғасырлары

Е) Б.з.б. VІІІ- б.з. б.VІ ғасырлары

11.Қаңлылардың Қауыншы,Жетіасар мәдениетінің таралу аймақтары:

А) Тарбағатай-Сауыр аумағы,Ташкент төңірегі

В) Қазақстанның Солтүстік өңірлері,Сырдың орта ағысы

С) Арал-Каспий аралығы,Сарыарқа мен Сауыр аймағы

Д) ) Қазақстанның шығыс өңірлері, Сауыр аумағы

Е) Ташкент төңірегі, Қуаңдария мен Жаңадария аңғарлары

12.Қайтыс болған адамды киіммен жерлеу дәстүрі кездесетін қаңлы

мәдениеті:

А) Жетіасар

В) Отырар-Қаратау

С) Алакөл

Д) Қауыншы

Е) Беғазы-Дәндібай

13.Сақтар жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген

аймақ:

А) Жайық пен Балқаш аралығы

В) Сырдария бойы

С) Алтай мен Дунай аралығы

Д) Еділ мен Ертіс аралығы

Е) Жетісу мен Маңғыстау

14.Ордасы Чигу ( Чигучен) шығыс,батыс және орталық болып үшке

бөлінген мемлекет:

А) Үйсін

В) Сармат

С) Қаңлы

Д) Сақ

Е) Ғұн

15.Қола дәуірінде діни жоралғыларды жүргізушілер:

А) Абыздар

В) Ру басылары

С)Тайпа көсемдері

Д) Молдалар

Е) Ақсақалдар

16. Б.з.б. І ғасырдың ортасында ғұндардың бөліну құрылымы:

А) ұлы және кіші орда

В) оң қанат,сол қанат және орталық

С) солтүстік және оңтүстік

Д) ақорда және көкорда

Е) батыс және шығыс

17.Алғашқы адамдардың ерекше қасиетті деп бір затқа табынуы:

А) Фетишизм

В) Тотемизм

С) Анимизм

Д) Магия

Е) Зоопатрия

18. Ғұн мемлекетінің ыдыраған мезгілі:

А) 448 жылы

В) 451 жылы

С) 453 жылы

Д) 553 жылы

Е) 400 жылы

19.Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар:

А) Алтай мен Тянь-Шань

В) Солтүстік пен Орталық Қазақстан