Файл: 1 Мектеп малімі, малім ызметіні ерекшеліктері, педагогикалы абілеттері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 99
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1) Мектеп мұғалімі, мұғалім қызметінің ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттері.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты – қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б
Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).
2 ) Педагогика пәні, негізгі ұғымдар, салалар.
«Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «пайс»- бабалар және «әгейн» -баланы басқару тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика бала жайында ғылым,олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.
Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қаситеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Сонымен бірге ұғымдар- біздің санамаыздың сатылары. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалықұғымдардың бірі –тәрбие.
«Тәрбие» — дегеніміз адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық — тарихи тәжірибеніберу процесі болып табылады.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік құбылысретінде барлық тәрбие салаларынқамтиды; отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу- тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындары. Біздің мемлекетте бұл салалар ортақ қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа бағытталған.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты бір текті процесс. 1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушытаным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретінжәне жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогикалық салалары олар:
1)жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
2)сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
мектеп педагогикасы,
3)сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
4)жеке пән әдістері,
5)Педагогика тарихы.
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар:
6)мектептану,
7)отбасы тәрбиесінің педагогикасы,
8)басқару педагогикасы,
9)ішкі істер педагогикасы.
Дербес педагогикалық пән ретінде:
10)әскери педагогика,
12)жоғары мектеп педагогикасы,
13)кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.
3) Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне басталды. Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:
Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
● Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
● Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғары
Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
● Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
● Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
● Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін тұрмысының зерттейді.
● Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.
Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
4) Педагогикалық зерттеу әдістері.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық, тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және т.б. әдістер.
Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әртүрлі: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері.
5) Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге бөлініп, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді.
Мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту шеңберінде 5 (6) жасар балаларды міндетті түрде мектепалды даярлықтан өткізу көзделген. Бұл - мектепке оқуға қабылдау барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара болмақ.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.
Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады: 1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі: 2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі; 3. Білім берудің зайырлы сипаты; 4. Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту; 5. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
6. Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы; 7. Білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту; 8. Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты; 9. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау; 11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру;
12. Оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) Тұлғаның дамуына әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлардың әсері.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық үрдіске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты салалары мынау: 1)Денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды. 2)Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б. 3)Әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб.
Қазіргі кезеңдегі педагогика тұлғаның дамуына ықпал ететін екі факторды – биологиялық және әлеуметтік жүйені бірлікте қарайды. Биологиялық тұрғыдан келгенде тұқым қуалау жағы, ал әлеуметтік тұрғыдан отбасы, әлеуметтік және қоғамдық жағдай ескеріледі.
7) Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты, міндеттері және мәні.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау. Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс.
8) Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.
Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.
Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерін кең көлемде баяндалған.