Файл: 1. 2, 3, 5, 8, 12, 17, А 22 в 24 с 23 d 25 e 27.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 6083

Скачиваний: 91

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ХИМИЯЛЫҚ КОНЦЕНТРАЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР .

1. Қышқыл 25 % болатын ерітінді алу үшін , 5 л 40 % -дық кышқыл ерітіндісіне 20 % -дық сол қышқыл ерітіндісінен неше литр қосу керек ?

А ) 18 л B ) 15 л C ) 20 л D ) 12 л E ) 16 л

2. 25 % -дық қышқыл ерітіндісін алу үшін , 500 г 40 % -дық қышқыл ерітіндісіне қанша су құю керек ?

А ) 200 г В ) 320 г С ) 250 г D ) 300 E ) 350 г

3. 10 % -дық тұзды қышқыл ерітіндісін алу үшін , 50 г 35 % -дық қышқыл ерітіндісіне неше грамм су қосу керек ?

А ) 120 г B ) 145 г C ) 150 г D ) 130 г E ) 125 г

4. 20 кг қарбыздың 99 % -ы су . Тұрған қарбыз сола бастады және ішіндегі су мөлшері 98 % -ға дейін азайды . Солған қарбыздың массасын анықтаңыз .

A ) 15 кг В ) 12 кг C ) 10 кг D ) 18 кг E ) 16 кг

5. 4 кг мыс пен қалайы қорытындысының 40 % -ы қалайы . Қорытпада 70 % -дық қалайы болу үшін , қорытпаға қанша қалайы қосу керек ?

А ) 4 кг В ) 6 кг C ) 5 кг D ) 7 кг E ) 3 кг

6. 16 % -дық тұз ерітіндісін алу үшін 800 г 10 % -дық тұз ерітіндісін қандай массаға дейін буландыру қажет ?

А ) 200 г В ) 300 г С ) 250 г D ) 320 г E ) 350 г

7. 36 кг мыс пен мырыш қорытпасының 45 % -ы мыс . Қорытпада 60 % мыс болу үшін , қорытпаға қанша мыс қосу керек ?

А ) 14 кг B ) 15,5 кг C ) 13,5 кг D ) 14,5 кг E ) 15 кг

8. 8 кг 18 % -дық ерітіндіге 12 кг 8 % -дық сол ерітінді араластырылды . Алынған жаңа ерітіндінің концентрациясын табыңыз .

A ) 15 % B ) 18 % C ) 10 % D ) 12 % E ) 16 %
9. Теңіз суының құрамында 8 % тұз бар . 30 кг теңіз суына , ондағы тұздың мөлшері 5 % болу үшін қанша тұщы су құю керек ?

А ) 22 кг В ) 20 кг C ) 13 кг D ) 15 кг E ) 18 кг

10. Екі қышқыл ерітінділері бар : біріншісі – 20 % -дық , екіншісі – 30 % -дық . Біріншісінен 0,5 л және екіншісінен 1,5 л ерітінділерді араластырып , жаңа ерітінді алынды . Жаңа ерітіндідегі қышқылдың концентрациясын анықтаңыз .

А ) 29,5 % B ) 27,5 % C ) 25,5 % D ) 24,5 % E ) 28,5 %

11. Ыдыста 10,5 кг 40 % -дық күкірт қышқылы бар . 50 % ерітінді алу үшін , 75 % -дық күкірт қышқылынан қанша құю керек ?

А ) 5,2 кг В ) 3,8 кг C ) 4,2 кг D ) 3,5 кг E ) 4,5 кг

12. 30 % -дық тұзды қышқыл ерітіндісіне 10 % -дық тұзды қышқыл ерітіндісін араластырып , 600 г 15 % -дық тұзды қышқыл ерітіндісі алынды . Әр ерітіндіден неше граммнан алынды ?

A ) 150 г ; 450 г В ) 200 г ; 400 г С ) 250 г ; 350 г D ) 100 г ; 500 г E ) 150 г ; 350 г

13. Апельсин және ананас шырындарының қоспасы бар . Бірінші қоспада 40 % апельсин шырыны , ал екіншісінде – 80 % . 20 литр қоспада апельсин шырыны 70 % болу үшін , әр қоспадан қанша литр алу керек ?


А ) 8 кг ; 12 кг В ) 6 кг ; 14 кг C ) 9 кг ; 11 кг D ) 5 кг ; 15 кг E ) 4 кг ; 16 кг

14. 90 % -ы судан тұратын 100 кг затта 80 % -ы су болу үшін , қанша суды буландыру қажет ?

A ) 40 кг В ) 60 кг C ) 55 кг D ) 45 кг E ) 50 кг
15. Екі құйманың бірінде 35 % , ал екіншісінде 65 % күміс бар . Екеуін балқытып , 47 % -ы күміс болатын 30 г құйма алынды . Әр құйманың массасын табыңыз .

A ) 16 кг ; 14 кг B ) 19 кг ; 11 кг C ) 18 кг ; 12 кг D ) 17 кг ; 13 кг E ) 20 кг ; 10 кг

16. Бірінші балқыманың 5 % -ы мыс , ал екіншісінің 12 % -ы мыс . Екінші балқыманың массасы біріншісінен 6 кг - ға артық . Екі балқыманы араластырып , 10 % -ы мыс болатын үшінші балқыма алынды . Үшінші балқыманың массасын анықтаңыз .

A ) 16 кг B ) 14 кг C ) 18 кг D ) 15 кг E ) 12 кг

17. 18 % -дық тұз ерітіндісін алу үшін , 200 г 15 % -дық тұз ерітіндісіне 20 % -дық тұз ерітіндісінен неше грамм құю керек ?

А ) 200 г В ) 320 г C ) 250 г D ) 300 г E ) 350 г

18. Құрамында 60 % және 40 % қалайы болатын , қалайы мен қорғасынның балқымалары бар . 600 г 45 % -дық қалайысы болатын балқыма алу үшін әр балқымадан неше грамнан алу керек ?

А ) 250 г ; 350 г В ) 200 г ; 400 г C ) 150 г ; 450 г D ) 100 г ; 500 г E ) 150 г ; 350 г

19. Алтын мен күмістің екі балқымасы бар . Бір балқымадағы бұл металдардың мөлшері 1 : 2 қатынасындай , ал екіншісінде 2 : 3 . Алтын мен күміс 7:12 қатынасында енетіндей 19 г балқыма шығу үшін , әр балқымадан қанша алу керек ?

А ) 8 г ; 11 г B ) 7 г ; 12 г. C ) 9 г ; 10 г D ) 6 г ; 13 г E ) 5 г ; 14 г


20. Қоймада тұрған цементтің ылғалдылығы 18 % . Цементті бір жерден екінші жерге тасыған кезде жаңбырдың әсерінен ылғалдылығы 2 % -ға артты . Егер қоймадан 400 кг цемент жіберілген болса , онда оның тасымалдаудан кейінгі массасын табыңыз .

A ) 400 кг В ) 420 кг C ) 418 кг D ) 415 кг E ) 410 кг

21. 600 г 8 % -дық және 200 г 12 % -дық күкірт қышқылы араластырылады . Жаңадан алынған ерітіндінің концентрациясын табыңыз .

A ) 12 % B ) 9 % C ) 10 % D ) 8 % E ) 16 %

22. Бірінші балқымада мыс пен қалайының массалары 2 : 3 қатынасындай , ал екіншісінде 3 : 7 қатынасындай . Мыс пен қалайының массалары 3 : 5 қатынасындай болатын 12 кг жаңа балқыма алу үшін әр балқымадан қанша алу керек ?

А ) 8 кг ; 4 кг В ) 10 кг ; 2 кг C ) 7 кг ; 5 кг D ) 9 кг ; 3 кг E ) 6 кг ; 6 кг

23. Мыс пен мырыштың массалары 2 : 3 қатынасындай болатын балқымаға 4 кг таза мыс қосылды . Жаңа шыққан балқымада мыс пен мырыштың массалары 2 : 1 қатынасындай болды . Неше килограмм жаңа балқыма пайда болды ?



А ) 10 кг В ) 8 кг C ) 5 кг D ) 7 кг E ) 9 кг

24. Концентрациясы 15 % болатын 2 кг тұзды сумен концентрациясы 10 % болатын 8 кг тұзды суды араластырғанда пайда болатын тұзды судың концентрациясын табыңыз .

А ) 10 % B ) 22 % C ) 13 % D ) 11 % E ) 9 %
25. Массасы 100 г болатын қышқыл ерітіндінің концентрациясын 30 % -дан 10 % -ға төмендету үшін қышқыл ерітіндісіне неше грамм су қосу керек екенін табыңыз .

А ) 100 г B ) 150 г C ) 200 г D ) 250 г E ) 300 г

26.4 кг тұщы суға 6 кг 50 % -дық тұзды су қосылды . Пайда болған жаңа ерітіндінің концентрациясын табыңыз .

А ) 25 % B ) 30 % C ) 15 % D ) 20 % E ) 35 %

27. 15 г 30 % -дық қышқыл ерітіндісі мен 45 г 10 % -дық қышқыл ерітіндісін араластырды . Пайда болған жаңа ерітіндінің концентрациясын табыңыз .

А ) 5 % B ) 30 % C ) 10 % D ) 25 % E ) 15 %

28. Жаңа піскен жүзімнің құрамында 90 % су , ал кептірілген жүзімнің құрамында 12 % су болады . Олай болса 22 кг жаңа піскен жүзімнен неше кг кептірілген жүзім алуға болатынын табыңыз .

А ) 2,5 кг В ) 1,5 кг C ) 2 кг D ) 3,5 кг E ) 3 кг

29. Ылғалдылығы 85 % болатын 0,5 т мақта бар . Осы мақтаның ылғалдылығын 25 % -ға түсіру үшін неше тонна суды буландыру керек екенін табыңыз .

А ) 0,3 т B ) 2т C ) 0,1 т D ) 0,2 т E ) 0,4 т

30. Теңіз суындағы тұздың концентрациясы 5 % -ға тең . Олай болса 15 кг теңіз суындағы тұздың концентрациясы 1,5 % болу үшін неше кг тұщы су қосу керек екенін табыңыз .

А ) 20 л В ) 40 л С ) 25 л D ) 30 л E ) 35 л

31. Тұздың концентрациясы 1 % болатын 100 г тұзды су берілген . Суды буландырғаннан кейін тұздың концентрациясы 2 % -ды құрады . Олай болса тұзды судағы тұздың массасын табыңыз .

А ) 3г В ) 0,5 г C ) 2 г D ) 1 г E ) 2,5 г

32. Массалары 80 г және 120 г болатын екі тұз ерітіндісі берілген . Бірінші ерітіндінің құрамында 12 г , ал екінші ерітіндінің құрамында 15 г тұз бар . Егер екі ерітіндіні араластырсақ , онда пайда болған жаңа ерітіндінің концентрациясын табыңыз .

A ) 27 % B ) 13,5 % C ) 12,5 % D ) 10 % E ) 11 %
33. Алтын мен күмістен тұратын екі балқыма берілген . Бірінші балқымада бұл болып келеді . Балқымадағы металдардың массалары 1 : 4 қатынасындай болатын металдардың массалары 1 : 9 қатынасындай , ал екіншісінде 2 : 3 қатынасындай 15 кг жаңа балқыма алу үшін , әр балқымадан неше кг алу керек екенін табыңыз .

А ) 12 кг және 3 кг

B ) 11 кг және 4 кг

C ) 10 кг және 5 кг

D ) 9 кг және 6 кг

E ) 8 кг және 7 кг

34. Жаңа піскен таңқурайдың құрамында 85 % , ал кептірілген таңқурайдың құрамында 20 % су бар . 36 кг жаңа піскен таңқурайдан неше кг кептірілген таңқурай алуға болатынын табыңыз .


А ) 5,25 кг В ) 5 кг C ) 6,25 кг D ) 6,75 кг E ) 6 кг

35. Теңіз суындағы тұздың коцентрациясы 5 % -ға тең . Олай болса 80 кг теңіз суындағы тұздың коцентрациясы 2 % болу үшін неше кг тұщы су қосу керек екенін табыңыз .

А ) 140 кг В ) 120 кг C ) 100 кг D ) 80 кг E ) 160 кг

36. Қоймадағы ылғалдығы 20 % болатын 51 т бидай бар . Бидайды кептіргеннен кейін ылғалдығы 15 % -ды құрады . Қоймадағы бидайдың кептіргеннен кейінгі массасын табыңыз .

А ) 3т В ) 45 т C ) 6т D ) 42 т E ) 48 т
37. Көлемі бойынша бірінші ерітіндіде 30 % , ал екінші ерітіндіде 55 % азот кышқылы бар . 100 л 50 % -дық азот қышқылын алу үшін , әр ерітіндіден қанша литрдан алу керек екендігін табыңыз .

А ) 30 л және 70 л

В ) 40 л және 60 л

C ) 50 л және 50 л

D ) 20 л және 80 л

E ) 25 л және 75 л

38. Құрамында 5 % және 40 % никель болатын екі балқыма бар . Құрамында 30 % никель болатын 140 т жаңа балқыма шығару үшін , әр балқымадан қанша тоннадан алу керек екендігін табыңыз .

А ) 120 т және 20 т

В ) 30 т және 110 т

C ) 50 т және 90 т

D ) 40 т және 100 т

E ) 60 т және 80 т

39. Құрамында 20 % және 40 % мыс болатын мыс пен мырыштың екі балқымасы бар . Құрамында 25 % мыс болатын жаңа балқыма шығару үшін , екі балқымадан қандай қатынасты алу керек екендігін табыңыз .

A ) 2 : 1 B ) 5 : 2 C ) 3 : 1 D ) 3 : 2 E ) 5 : 3

40. Массасы 18 кг қоспа екі заттан тұрады . Егер бұл қоспадан бірінші заттың 40 % -ын , ал екінші заттың 25 % -ын бөліп алсақ , онда қалған қоспада бұл заттардың массалары тең болады . Бастапқы қоспадағы заттардың массаларын табыңыз .

А ) 12 кг және 6 кг

В ) 10 кг және 8 кг

C ) 5 кг және 13 кг

D ) 7 кг және 11 кг

E ) 4 кг және 14 кг
41. Құрамында тұздың концентрациясы 10 % және 25 % болатын екі тұз ерітіндісін араластырып , 3 кг 20 % -дық тұз ерітіндісі алынды . Әр ерітіндіден қанша килограммнан алынғанын табыңыз .

А ) 0,5 кг және 2,5 кг

В ) 1,5 кг және 1,5 кг

C ) 1 кг және 2 кг

D ) 0,3 кг және 2,7 кг

E ) 0,6 кг және 2,4 кг

42. Қоймадағы жаңа пісірілген жүзімнің ылғалдығы 99 % -ды құрайды . Біраз уақыт өткеннен кейін жүзімнің ылғалдығы 1 % -ға төмендеді . Қоймадағы жүзімнің массасы қанша пайызға төмендегенін табыңыз .

А ) 30 % B ) 40 % C ) 70 % D ) 60 % E ) 50 %

43. Құрамында 65 % су болатын алмұртты кептірген кезде массасының 50 % -ын жоғалтады . Кептірілген алмұрттың құрамында қанша пайыз су бар екенін табыңыз .


А ) 60 % B ) 40 % C ) 20 % D ) 30 % E ) 10 %

44. Құрамында тұздың концентрациясы 15 % болатын 600 г тұз ерітіндісіне қанша грамм тұщы су қосқанда , тұздың концентрациясы 10 % -ды құрайтын болады ?

А ) 500 г В ) 400 г C ) 300 г D ) 200г E ) 150 г
45. Құрамында қанттың концентрациясы 20 % болу үшін , 120 г 30 % -дық қант шәрбатына қанша грамм тұщы су қосу керек екендігін табыңыз .

A ) 40 г В ) 60 г C ) 20 г D ) 30 г E ) 50 г

46. Жаңа піскен алманың құрамында 95 % , ал кептірілген алманың құрамында 30 % су болады . 28 т жаңа піскен алмадан қанша тонна кептірілген алма алуға болатынын табыңыз .

А ) 26 т B ) 2 т C ) 4т D ) 24 т E ) 5 т

47. Құрамында 90 % су болатын 500 кг мақта бар . Мақтаның құрамында судың концентрациясы 50 % болу үшін , қанша килограмм суды буландыру керек екендігін табыңыз .

А ) 200 кг В ) 300 кг C ) 100 кг D ) 400 кг E ) 250 кг
48. 70 % -ы судан тұратын алманы кептіргенде , өз массасының 60 % -ын жоғалтады . Кептірілген алманың қанша пайызын су құрайды ?

А ) 24 % B ) 30 % C)25 % D ) 32 % E ) 27 %
49. 98 % -ы судан тұратын 100 кг жас қияр сола бастады . Солған қиярдың су мөлшері 96 % болса , онда оның массасын табыңыз .

А ) 45 кг B ) 48 кг C ) 55 кг D ) 50 кг E ) 42 кг
50 . 10 % -дық 200 г қант ерітіндісі мен 20 % -дық 300 г қант ерітіндісі араластырылды . Пайда болған қоспаның концентрациясын табыңыз .

A ) 12 % B ) 16 % С ) 20 % D ) 84 % E ) 15 %

ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР .

1. Екі жаяу жүргінші бір пункттен бір уақытта қарама - қарсы бағытта жолға шықты . Біріншісінің жылдамдығы 6 км / сағ , ал екіншісінікі 8 км / сағ . 5 сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады ?

A ) 40 км B ) 60км C ) 70 км D ) 80 км E ) 50 км

2. Арақашықтығы 60 км болатын екі ауылдан бір - біріне қарама - қарсы бағытта екі жаяу жүргінші жолға шықты . Біріншісінің жылдамдығы 3 км / сағ , ал екіншісінікі 7 км / сағ . 2 сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады ?

A ) 40 км B ) 60 км C ) 70 км D ) 80 км E ) 50 км

3. Велосипедші мен мотоциклші бір пункттен бір уақытта бір бағытта жолға шықты . Мотоциклшінің жылдамдығы 50 км / сағ , ал велосипедшінің жылдамдығы 30 км / сағ . Неше сағаттан кейін екеуінің арасы 80 км болады ?

А ) 6 сағ