ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 6078
Скачиваний: 91
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А ) 120 км B ) 240 км C ) 180 км D ) 200 км E ) 190 км
40. Ұзындығы 100 м - ге тең шеңбер бойымен екі дене қозғалып келеді . Олар бір бағытта қозғалып , әрбір 20 сек сайын кездеседі және әрбір 4 сек соң қарама - қарсы бағыттарда қозғалып кездесіп тұратын болса , әрбір дененің бір секундтағы жылдамдығын анықтаңыз .
A ) 15 м / с және 10 м / с В ) 25 м / с және 20 м / с С ) 12 м / с және 10 м / с D ) 15 м / с және 20 м / с E ) 30 м / с және 15 м / с
ӨЗЕН АҒЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР .
1. Моторлы қайықтың жылдамдығы 20 км / сағ , ал ағыстың жылдамдығы 2 км / сағ . Моторлы қайық ағысқа қарсы 90 км қашықтықты неше уақытта жүзетінін анықтаңыз .
А ) 4 сағ В ) 6 сағ C ) 4,5 сағ D ) 7 сағ E ) 5 сағ
2. Меншікті жылдамдығы 15 км / сағ - қа тең катер , ағыс бойымен 2 сағат , ағысқа қарсы 3 сағат жүзді . Егер ағыс жылдамдығы 2 км / сағ болса , катердің қанша км қашықтықты жүзгенін анықтаңыз .
A ) 75 км B ) 73 км C ) 80 км D ) 72 сағ E ) 70 сағ
3. Екі пункттің арақашықтығы 24 км . Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км / сағ , ал өзен ағысының жылдамдығы 2 км / сағ . Моторлы қайық бірінші пункттен екінші пунктке барып қайтуына неше уақыт жұмсайтынын анықтаңыз .
А ) 6 сағ В ) 8 сағ C ) 5 сағ D ) 4 сағ E ) 7 сағ
4. Қайық ағыспен 4 сағат және ағысқа қарсы 3 сағат барлығы 44 км қашықтықты жүзіп өтті . Ағыстың жылдамдығы 2 км / сағ болса , қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз .
А ) 5 км / сағ В ) 4 км / сағ C ) 7 км / сағ D ) 6 км / сағ E ) 8 км / сағ
5. Екі айлақ арасындағы 72 км қашықтықты катер ағыс бойымен 2 сағатта , ал ағысқа қарсы 3 сағатта жүзіп өтеді . Осы арақашықтықты сал қанша сағатта жүзіп өтетінін анықтаңыз .
А ) 12 сағ B ) 14 сағ C ) 10 сағ D ) 16 сағ E ) 18 сағ
6. Кеме өзен ағысымен 96 км және ағысқа қарсы сол қашықтықты барлығы 10 сағатта жүзіп өтті . Өзен ағысының жылдамдығы 4 км / сағ болса , кеменің тынық судағы жылдамдығын табыңыз
А ) 25 км / сағ В ) 20 км / сағ C ) 18 км / сағ D ) 24 км / сағ E ) 16 км / сағ
7. Моторлы қайық өзен ағысына қарсы 140 км жүзіп барып қайта оралды . Қайық бару уақытына қайту уақытынан 3 сағат артық жұмсады . Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 17 км / сағ болса , өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 4 км / сағ B ) 2 км / сағ C ) 1 км / сағ D)3 км / сағ E ) 5 км / сағ
8. Моторлы қайық өзен ағысына қарсы 165 км жүзіп , қайта оралды . Ағыс бойымен жүзген уақытына ағысқа қарсы жүзген уақытынан 4 сағат аз жұмсады . Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км / сағ болса , қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз .
A ) 15 км / сағ В ) 12 км / сағ C ) 13 км / сағ D ) 16 км / сағ E ) 10 км / сағ
9. Моторлы қайық өзен ағысымен 26 км , ал өзен ағысына қарсы 14 км жол жүріп , барлық жолға 4 сағат жұмсады . Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км / сағ болса , онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз .
A ) 15 км / сағ В ) 12 км / сағ C ) 13 км / сағ D ) 16 км / сағ E ) 10 км / сағ
10. Қайық өзен ағысымен 18 км және ағысқа қарсы 2 км жолға жұмсайтын уақыт , салдың 8 км жолға жұмсайтын уақытына тең . Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 8 км / сағ болса , онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 2 км / сағ В ) 4 км / сағ C ) 1 км / сағ D ) 3 км / сағ E ) 5 км / сағ
11. Қайық өзен ағысымен А пунктінен В пунктіне 5 сағатта барып , В пунктінен А пунктіне 7 сағатта қайта оралды . Өзен ағысының жылдамдығы 2 км / сағ болса , онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз .
А ) 12 км / сағ B ) 15 км / сағ C ) 10 км / сағ D ) 16 км / сағ E ) 14 км / сағ
12. Моторлы қайық өзен ағысымен 25 км , ал өзен ағысына қарсы 3 км жол жүріп , барлық жолға 2 сағат жұмсады . Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 12 км / сағ - қа тең . Егер өзен ағысының жылдамдығы 5 км / сағ - ты аспайтыны белгілі болса , онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 4 км / сағ B ) 1 км / сағ C ) 2 км / сағ D ) 3 км / сағ E ) 5 км / сағ
13. Кеме А пунктінен В пунктіне қарай өзен ағысымен жүзуге 5 сағат уақыт жұмсаса , қайтар жолға 8 сағат 20 минут жұмсады . Егер екі пункттің ара қашықтығы 100 км болса , онда кеменің меншікті жылдамдығын табыңыз .
A ) 15 км / сағ В ) 12 км / сағ C ) 16 км / сағ D ) 14 км / сағ E ) 18 км / сағ
14. А пунктінен өзен ағысы бойымен сал жіберілді . Салмен бірге бір уақытта В пунктінен А пунктіне қарай қайық шықты . Қайық жолда салды кезіктіріп , бөгелместен В пунктіне кері қайтты . Ол барлық жолға 50 минут жұмсады . Егер екі пункттің арасы 10 км , ал өзен ағысының жылдамдығы 4 км / сағ болса , онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз .
В ) 20 км / сағ C ) 22 км / сағ D ) 25 км / сағ А ) 24 км / сағ E ) 18 км / сағ
15. Өзеннің екі пунктінен меншікті жылдамдықтары тең екi моторлы қайық бір - біріне қарама - қарсы бағытта шықты . Өзен ағысының жылдамдығы 2 км / сағ . Ағыстың бойымен жүзген қайық кездескенге дейін 0,9 сағат , ал екіншісі 1 сағат жұмсады . Егер өзен ағысымен жүзген қайық 2 км артық жүзген болса , қайықтардың меншікті жылдамдықтарын табыңыз .
А ) 24 км / сағ В ) 20 км / сағ C ) 22 км / сағ D ) 25 км / сағ E ) 18 км / сағ
16. Моторлы қайық өзен ағысымен 36 км , ал өзен ағысына қарсы 8 км жол жүріп , барлық жолға 2 сағат жұмсады . Егер қайық өзен ағысымен 33 км , ал өзен ағысына қарсы б км жол жүзсе , онда ол барлық жолға 1 сағат 45 минут жұмсар еді . Қайықтың меншікті жылдамдығын табыңыз .
А ) 22 км / сағ В ) 25 км / сағ C ) 24 км / сағ D ) 20 км / сағ E ) 26 км / сағ
17. Сүңгуір кеме 15,6 км / сағ жылдамдықпен белгіленген жерге 2 сағат 15 минутта келеді . Белгіленген жерге 45 минут ерте келу үшін кеменің қандай жылдамдықпен жүруі тиіс екендігін табыңыз .
А ) 23,4 км / сағ B ) 22,4 км / сағ C ) 24,6 км / сағ D ) 25,5 км / сағ E ) 22,5 км / сағ
18. А мен В пункттерінің ара қашықтығы 14 км . Моторлы қайық А пунктінен сағат 9 : 00 - да шығып , В пунктінде 1 сағат 20 минут болғаннан кейін А пунктіне кері қайтты . Моторлы қайық А пунктіне сағат 17 : 00 - де жетті . Егер қайықтың жылдамдығы 5 км / сағ болса , онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 3 км / сағ В ) 5 км / сағ C ) 2 км / сағ D ) 4 км / сағ E ) 1 км / сағ
19. Екі айлақтың арасы 36 км . Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 15 км / сағ , ал өзен ағысының жылдамдығы 3 км / сағ болса , онда қайық бір айлақтан екінші айлаққа барып қайтуға қанша уақыт жұмсайтынын табыңыз .
А ) 6 сағат В ) 4 сағат C ) 2 сағат D ) 5 сағат E ) 3 сағат
20. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км / сағ . Қайықтың өзен ағысымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жылдамдығынан қаншаға артық екенін табыңыз .
А ) 4 км / сағ В ) 10 км / сағ C ) 6 км / сағ D ) 8 км / сағ E ) 12 км / сағ
21. Қайық өзен ағысымен 30 км және ағысқа қарсы 8 км жолға жұмсайтын уақыт , салдың 4 км жолға жұмсайтын уақытына тең . Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 18 км / сағ болса , онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 3 км / сағ B ) 2 км / сағ C ) 4 км / сағ D)6 км / сағ E ) 8 км / сағ
22. Қайық өзен ағысымен 20 км / сағ , ал ағысқа қарсы 16 км / сағ жылдамдықпен жүзетін болса , ағыстың жылдамдығын табыңыз .
А ) 3 км / сағ B ) 1 км / сағ C ) 4 км / сағ D ) 2 км / сағ E ) 5 км / сағ
23. Моторлы қайық өзен ағысымен 16 км жүзіп , кері қайтты . Барлық жолға 3 сағат уақыт жұмсады . Басқа уақытта бұл қайық 2 сағатта 8 км өзен ағысымен және 12 км өзен ағысына қарсы жүзді . Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 12 км / сағ ; 4 км / сағ
В ) 10 км / сағ ; 2 км / сағ
C ) 14 км / сағ ; 4 км / сағ
D ) 12 км / сағ ; 8 км / сағ
E ) 16 км / сағ ; 6 км / сағ
24. Қайықтың өзен ағысымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жүзген жылдамдығынан 4 есе артық . Қайық өзен ағысына қарсы 4 км жүзгеннен кейін , бөгелместен кері қайтты . Ол барлық жолға 2,5 сағат жұмсады . Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 2 км / сағ В ) 3 км / сағ C ) 1 км / сағ D ) 4 км / сағ E ) 6 км / сағ
25. Қайық 7 сағатта өзен ағысымен 60 км және өзен ағысына қарсы 64 км жол жүрді . Басқа уақытта қайық 7 сағатта өзен ағысымен 80 км және өзен ағысына қарсы 48 км жол жүрді . Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 18 км / сағ ; 4 км / сағ
B ) 16 км / сағ ; 2 км / сағ
С ) 12 км / сағ ; 2 км / сағ
D ) 14 км / сағ ; 4 км / сағ
E ) 18 км / сағ ; 2 км / сағ
26. Қайық өзен ағысымен 7 сағатта жүзетін жолды өзен ағысына қарсы 8 сағатта жүзіп өтеді . Егер қайықтың меншікті жылдамдығы 30 км / сағ болса , өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 4 км / сағ В ) 3 км / сағ C ) 2 км / сағ D ) 6 км / сағ E ) 1 км / сағ
27. Кеме өзен ағысына қарсы 4 км , ал өзен ағысы бойымен 32 км жол жүрді . Кеме барлық жолға 5 сағат уақыт жұмсады . Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км / сағ болса , онда кеменің тынық судағы жылдамдығын табыңыз .
А ) 8 км / сағ В ) 4 км / сағ C ) 2 км / сағ D ) 6 км / сағ E ) 5 км / сағ
28. Жылдамдығы 8 км / сағ болатын қайық , өзен ағысы бойымен 15 км және дәл сондай жолды өзен ағысына қарсы жүзеді . Ол барлық жолға 4 сағат жұмсаса , онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 8 км / сағ В ) 4 км / сағ C ) 2 км / сағ D ) 6 км / сағ E ) 3 км / сағ
29. А мен В пунктерінің ара қашықтығы 20 км . Жылдамдығы 20 км / сағ болатын моторлы қайық , А пунктінен В пунктіне дейін барып , 2,5 сағаттан кейін кері қайтты . Егер моторлы қайық В пунктінде 25 минут аялдаған болса , онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 8 км / сағ В ) 6 км / сағ C ) 2 км / сағ D ) 4 км / сағ E ) 3 км / сағ
30. Қайық өзен ағысымен 2 сағат және ағысқа қарсы 3 сағат барлығы 36 км жүзді . Қайықтың өзен ағысына қарсы жылдамдығы ағыс бойымен жүзгендегі жылдамдығынан 3 есе аз . Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын табыңыз .
А ) 6 км / сағ , 2 км / сағ
В ) 8 км / сағ , 4 км / сағ
C ) 6 км / сағ , 4 км / сағ
D ) 8 км / сағ , 2 км / сағ