Файл: Сценарий клинической симуляции Геморрагический синдром - каз.docx
ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 355
Скачиваний: 5
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПЕДИАТРИЯ БОЙЫНША №2 ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ |
||
МЕДИЦИНАЛЫҚ СИМУЛЯЦИЯНЫҢ СЦЕНАРИЙІ ҚБ 2014 |
2013 – 2014 оқу жылындағы интерндердің қорытынды бақылауына арналған
медициналық симуляцияның сценарийі
Клиникалық жағдай: «Нәрестелередегі геморрагиялық синдромының диагностикасы және жүргізу тактикасы»
Оқиға:
Сіз – кезекші неонатолог. Нәрестестеде үшінші күні қан аралас құсық пайда болды.
-
Науқастың шағымдары мен анамнезін жинаңыз
-
Лабораторлы-инструменталдық зерттеу нәтижелерін талдаңыз
-
Диагноз қойыңыз
-
Науқасты емдеу тактикасын анықтаңыз
Соңғы нәтиже (outcomes):
-
Анасын сұрау және науқасты физикалды зертеу
-
Дертке клиникалық диагноз қою жолын білу
-
Дерттің ажырату диагнозын білу
-
Ақпарат бере алатын диганосткалық әдістер мен зертханалық тексерулерінің мәліметтерін талдай білу
-
Геморрагиялық синдромы бар нәрестені емдей алу
-
Бала анасымен тіл табыса білу және анасындағы үрей сезімін тарқата білу
«Нәрестелередегі геморрагиялық синдромының диагностикасы және жүргізу тактикасы»
тақырыбы бойынша клиникалық жағдайды
бағалау парағы (check-list)
№ |
Бағалау қадамдардың критерийлері |
Баллмен бағалау |
||
Выполнил правильно |
Выполнил с замечаниями |
Не выполнил |
||
1 |
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
2,0 |
1,0 |
0 |
2 |
Физикалды зерттеу: тексеріп–қарау, пальпация, перкуссия |
2,0 |
1,0 |
0 |
3 |
Жорамал диагноз қою (негзгі диагнозды кқрсетті, дерттің ауырлағын анықтады). |
2,0 |
1,0 |
0 |
4 |
Тексеру жоспарын негзідеу (барлық қажетті тексеру әдістерін көрсетті) |
2,0 |
1,0 |
0 |
5 |
Жалпы қан сынағы мен қанның б/х сынағын талдады (алынған мәліметтер бойынша анасына ақпарат берді) |
2,0 |
1,0 |
0 |
6 |
Іш қусының УДЗ зерттеуін талдау |
2,0 |
1,0 |
0 |
7 |
Апт сынамасын талдау |
2,0 |
1,0 |
0 |
8 |
Қорытынды диганозды негіздеу |
2,0 |
1,0 |
0 |
9 |
Ем алгоритімін құрау |
2,0 |
1,0 |
0 |
10 |
Алдын алу шарасы бойынша ұсыныс беру |
1,0 |
0,5 |
0 |
11 |
Бала анасымен тіл табыса білу және анасындағы үрей сезімін тарқата білу |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
Барлық баллдар саны |
|
|
|
Максисмальді балл - 20
Стандартталған актерге (пациентке) арналған мәтін сценарийі және оның ойнау рөлінің суреттемесі
Пациент: қыз нәресте анасымен
Жасы: 3 күндік
Анасы: Нәрестестеде қан аралас құсық пайда болды.
Сұрақтың мәні |
Актегер қоылатын сұрақтар |
Актердің жауабы (анасының) |
Құсықтың пайда болған мерзімін анықтау |
Алғаш рет балаңыз қашан құсты және құсықтың құрамы жайында айтсаңыз? |
Құсық 6 сағ бұрын пайда болды, екі рет құсты, қызғыш қан аралас болды. Осы жаңа соңғы рет құсқанда құсығының құрамында қара түсті қоспалар болды. |
Құсықтың мүмкін себеін анықтау |
Емізетін емшек ұшында жарықтар бар ма? |
Иә, бірақ қанамайды. |
Қан ктеудің мерзімін анықтау |
Нәжісі болды ма және түсі қандай? |
Иә, жақында ғана болды, қара түсті |
Анамнезі: Нәресте 2 жүктіліктен, 2 туыт. Мерзімінде дүниеге келген. Жүктілік асқынусыз өткен. Босану кезеңі созылып, бала орта дәрежелі асфиксиямен туылған. Бірінші тәулігінде қарқынды ем палатасында байқауда болған. Екінші тәуліктен бастап анасының қасында. Туылғандағы салмағы – 4350 гр., бойы 55 см.
Объективті: Баланың айқайы қатты, ауырсынған. Бас пішіні дұрыс, үлкен еңбегі кернелмеген, беті симметриялы. Шартсыз туа біткен рефлекстері жылдам өшеді. Соруы жақсы. Тері түсі сарғыш, таза, құрғақ. Тынысы тыңдағанда екі өкпенің барлық бөліктерінде жақсы естіледі, сырылдар жоқ. Жүрек үндері ырғақты, кереңделген. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 1,5 см төмен, көк бауыры ұлғаймаған.
Жалпы қан сынағының нәтижесі:
кіндік қанында:Нв – 220 г\л, эритроциттер 6,0 млн, тромбоциттер 280 мың, лейкоциттер 13 мыңс (с\я – 65%, лимфоциттер – 27%, моноциттер – 13%);
3-ші тәулікте: Нв – 190 г\л, эритроциттер 5,0 млн, тромбоциттер 220 мың, лейкоциттер 10 мың (с\я – 68 %, таяқшалар – 2%, лимфоциттер – 25%, моноциттер – 15%);
Қанның биохимиялық сынағы:
- кіндік қанында: жалпы билирубин 35 мкмоль/л тікелей емес түрінің есебінен, глюкоза – 2,7 ммоль/л.
- 3-ші тәулікте: жалпы билирубин 120 мкмоль\л тікелей емес түрінің есебінен.
Іш қуысының УДЗ:
Бауыр : Эхогендігі орташа. Өт қапшығы: 16х12мм. Іші бір текті. Ұйқы безі: паренхимасы біртекті. Көк бауыр: өзгеріссіз.
Апт сынамасы – оң
«Нәрестелередегі геморрагиялық сиедромының диагностикасы және ем тактикасы»
тақырыбы бойынша клиникалық жағдай жауабының эталоны
№ |
Қадамдарды бағалау көрсеткіштері |
жауаптың эталоны |
1 |
Анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? |
Толықтығы, дәлдігі |
2 |
Физикалды зерттеу: тексеріп–қарау, пальпация, перкуссия |
Қарау, пальпация, перкуссия, перкуторлы және аускультативті мәліметтерді талдау |
3 |
Жорамал диагноз қою (негзгі диагнозды кқрсетті, дерттің ауырлағын анықтады). |
Нәрестенің геморрагиялық ауруы |
4 |
Тексеру жоспарын негзідеу (барлық қажетті тексеру әдістерін көрсетті) |
Зерттеу әдістерін көрсетті (ЖҚС, Іш қуысының УДЗ, Апт сынамасы). |
5 |
Жалпы қан сынағы мен қанның б/х сынағын талдады (алынған мәліметтер бойынша анасына ақпарат берді) |
Көрсеткіштері қалыпта |
6 |
Іш қусының УДЗ зерттеуін талдау |
Өзгерссіз |
7 |
Апт сынамасын талдау |
Нәтижесі оң, яғни ол нәрестенің қаны. |
8 |
Қорытынды диганозды негіздеу |
Нәрестенің геморрагиялық ауруы, жеңіл дәрежесі |
9 |
Ем алгоритімін құрау |
Ішке викасол 3-4 күн, 3-4 үзіліспен, ауыр дәрежесінде қтырылған қан сарысуын қанға енгізу. |
10 |
Алдын алу шарасы бойынша ұсыныс беру |
Жүктілік кезінде гстоз болса, анасында дертер болғанда, балады асфиксия, туыттық жарақаттар, құрсақішілік инфекцияларда алдын алу мақсатымен викасол тағайындау. |
11 |
Бала анасымен тіл табыса білу және анасындағы үрей сезімін тарқата білу |
Бала анасымен тіл табыса білу және анасындағы үрей сезімін тарқата білу |
|
Барлық баллдар саны |
|
Симуляция жабдықтары:
-
Тапсырма қағаз, еріктіге арналған сценарий, өадамдарды бағалау көрсеткіштері
-
ЖҚА, б/х сынағының б/х сынағының, іш қусының УДЗ зерттеуінің, Апт сынамасының сипаттамалары.
-
Фонендоскоп.
Жасалынған жағдай: оқу бөлмесі – нәресте бөлімшесі.
1. Дәрігер мен паиентке отыратын орындық – 2
2. Дәрігерге үстел – 1
3. Жөргек үстел – 1
4. Нәресте қуыршақ
Құрастырушының аты-жөні – Качурина Д.Р.
Рецензенттер аты-жөні: м.ғ.д. Қатарбаев А.Қ., м.ғ.д. Омарова К.О.
ББК жиылысының № 6 хаттамасы 25.02.14