Файл: Мынбаева Жадра Ауезбековна Астана аласы кімдігіні Ы. Алтынсарин атындаы 83 мектепгимназиясы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мынбаева Жадра Ауезбековна
Астана қаласы әкімдігінің «Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК, қазақ тілі пәні мұғалімі
Қазақ тілі сабақтары арқылы бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тілін дамыту
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда негізгі басымдылық коммуникативтік дағдыларды, сөйлеу әрекетінің төрт түрін - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталады.
Қазақ тілі пәнінің мақсаты – оқушылаpға қазақ тілін меңгеpту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын аpттыpу, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәpежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұpпын, таpихын танып талаптандыpу, тілін құрметтеуге тәpбиелеу, сонымен қатаp Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіpшілігімен жан-жақты теpең таныстыpу. Оқушылаpды қазақ тілін оқу баpысында мұғалімнің қойған сұpақтаpын түсініп, оған жауап беpуге, үйpенген сөздеpін дұpыс айтуға, әсіpесе, құpамында қазақ тіліне тән дыбыстаpы баp сөздеp мен сөз тіpкестерін дұpыс қолданып, сөйлемді дұpыс құpуға үйpету қажет.
«Қазақ тілі» пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту;
- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;
- мәтіннің құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін талдап, мәтінге интерпретация жасау арқылы ойларын ауызша, жазбаша еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру;
- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге жетелеу;
Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
Тиімді оқытудың негізгі бір шарты – білімнің мазмұнын дәл тиімді анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн болып табылады. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады. Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат – тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат – оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Мемлекеттік тілдің іргетасын қалау бастауыш мектептен басталуы әбден заңды. Демек, мектептің оқушыларға ұсынатын білім беру материалдары осы заман ғылымының дәрежесі мен талабына сай болу керек. Соңғы жылдары білім беру үрдісінде бой көрсете бастаған ғалым М.Жанпейісованың модульдік технология әдісі бойынша қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету тиімді әдістердің бірі екенін өмір өзі дәлелдеп келеді.
М.Жұмабаев: Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа шығара аламыз деп жазады . Сөйлеу қалай пайда болады? – деген сауалға тоқталатын болсақ, жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп өзара ұғысады. Сөйлеу дегеніміз – тілдік материалдар арқылы жүзеге асу, тілдік заң ережелеріне, тілдік нормаға бағыну. Сөйлеу – әрекет, сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы.
Білімді толық меңгерту әдістемесінің ғылыми негізін ашқан америка психологтары Дж. Кэррон мен Б. Блум болса, Россияда М.В. Кларкиннің еңбектері білімді толық меңгерту әдістемесі бойынша оқушыларға бірдей уақыт мерзімінде, барлығына бірдей оқу бағдарламасын меңгерту қарастырылады. Сабақ процесінде жаңа сабақты меңгертуге көп уақыт жұмсалады да, оқығанды меңгеру нәтижесі тексерілмей қалады. Сабақтың түпкі нәтижесі негізгі шешімін таппайды. Психологтар Дж.Кэррон мен Б.Блум бірдей қиындау тапсырманы оқушылардың әр түрлі мерзімде орындауының себептерін анықтады:
-
Қабілеті төмен оқушылар уақытты көп пайдаланғанның өзінде сабақты меңгеру дағдысына жете алмайды. -
Талантты балалар (небәрі 5%) басқалар орындай алмайтын жоғарғы қиындау тапсырмаларды орындайды. -
70% оқушы белгіленген мерзімде тапсырманы орындап үлгеретіндер.
Америка психологтары Дж. Кэррон мен Б. Блум оқушыларды деңгейлік саралау барысында 3 деңгейді белгіледі:
1) минимальный (төменгі деңгей)
2) базалық (орташа деңгей)
3) шығармашылық (жоғары деңгей)
Осы үш деңгей бойынша мынадай қағидаларға тоқталады:
1) жалпы қабілетті – қабілетсіз бала жоқ, өз ісімен айналыспайды;
2) өзара сәйкестік, өзара жарысу басқа оқушыдай білмегенмен ізденісі арқылы дамып жетіледі.
Деңгейлік тапсырмалар сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері мен білім қорларын ескеріп жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта белгіленген білім беру қызметінің көлемі мен сапасы, жеке тұлға қалыптастыру талаптары жауап берсе
, оқушының қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты мүмкіндік деңгей жұмыстарын орындату арқылы әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі. Деңгейлік тапсырмаларды құру кезінде, 4-сынып оқушыларының физио-психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, сөйлеудің түрлері қамтылды. Пікірлесудің қандай түрлері болса да сөйлеу кезінде сөз арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі диалог сөйлеу болса, ол деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар мынадай психологиялық ерекшеліктерімен байқалады.
-
диалогта сөз бөгелмей еркін айтылады, ойды кең жайып айтуды тілемейді; -
сөйлем ықшам келеді, сүйемелдеп айтуды қажет етеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады; -
диалогтың қисындығы, мазмұны кемдеу болады; -
диалог сөз кең түрде жоспарланбайды, кейде тіптен сөз айтпай, ым-ишаратпен де көрсетіле салуы ықтимал.
Психолог Т.Тәжібаев: «Ауызша сөз бен жазбаша сөздің арасындағы үлкен айырмашылықтар бар, ол айырмашылықтар балалар тілінде айқын көрінеді» – дей келіп, бұл айырмашылықтардың себебі жазбаша сөздің өзгешелігінде, оның механикалық құрылысының күрделілігінде дегенді айтады. Жазып сөйлегенде логикалық байланыс күшті сақталады. Ауызша сөздің бағыты да, мазмұны да әңгімелесуші оқушылардың пікіріне байланысты өзгеріп отырады.
Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мақсаты – оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту болып табылады. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін әсіресе, бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру өте маңызды.
Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
-
Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады. -
Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемге осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары мынадай әдістемелер арқылы қалыптастыру ұтымды екені тәжірибе жүзінде дәлелденген. Олар:
-
Диалогтік оқыту әдістемесі; -
Ойын әдістемесі; -
Пікірталас әдістемесі;
Диалогтік оқыту әдістемесі – оқушылар мен мұғалімнің шешімді бірге іздеуін, оқыту процесінде өзара белсенді тілдік қатынаста болуын, бір-бірінің пікірін, ойын, көзқарасын сыйлауды, құрметтеуді қажет ететін жаңа инновациялық амал-тәсіл.
Іскерлік ойындар – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытататын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу үлгілері, сөйлесудің әдеби нормаларын меңгертеді.
Ауызекі сөйлеу диалогінің стилистикасы өте бай, себебі, ол мәселе эмоциямен байланысты: диалогтің осы түрінің (ауызекі стиль) стиларалық екенімен байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына сәлемдесу, әңгімелесу, үлкендермен және жолдастарымен сөйлесу кезінде сыпайы, анық, таза, дәл және мәдениетті сөйлеуді меңгерту қажет. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктіктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып, аяғына дейін тыңдай білуі де мәдениеттілік.
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
1. Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, қазақ тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет;
2. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс;
3. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу - тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені сөйлеу мәдениеті – мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.
Р.Ю.Мартынованың әдіс-тәсілдерін оқып, танысқаннан кейін, бірнеше көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Олардың ішінде ойын элементтері бар. Әр ойынның өз реті, жөні бар. Сондықтан, әрбір сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақ мазмұнына, тіпті сабақты пысықтау, қорытындылау кезінде де ойын элементінің мәні зор. Себебі бала ойнап отырып бірнеше сөзді өзінің сөздік қорына жинап отырады. Мысалы:
1.Ойынның шарты бойынша берілген сөйлемге әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы керек. Бірақ, сөйлемнің мағынасы өзгермеу керек. Сөйлемге сөз қосып, толықтыра алмаған оқушы жеңіледі.
-
Кітап. -
Менде кітап. -
Менде кітап бар. -
Менде жақсы кітап бар. -
Менде қызық, жақсы кітап бар.
Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын - оқушылардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұкият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Оқушылар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың тілі жаттығып, сөздерді еске сақтап қалуға мүмкіндік береді. «Дәмханада» рөлдік іскерлік ойынында «даяшы» мен «дәмханаға келушінің» рөлдері ойналады. Алдымен оқушыларға көмекші сөздер жазылған карточкалар беріледі. «Даяшы» рөліндегі оқушының карточкасында: ас мәзірі, нені қалайсыз, қою, сұйық тамақ, сусын, таңдаңыз, ас дәмді болсын, келіп тұрыңыз, қызмет көрсетуге ризамын. «Келуші» рөліндегі оқушының карточкасындағы сөздер: қанша тұрады, бұл қай сусын, рақмет, тағы келемін, шайды ұнатамын. Оқушылар берілген жағдаятты ойнап, тілін жаттықтырады.
Үлгі:
Даяшы: Сәлеметсіз бе? Отырыңыз
Келуші: Сәлеметсіз бе? Рақмет
Даяшы: Не қалайсыз?
Келуші: Әкеліңіз, мен алдымен ас мәзірін оқимын
Даяшы: жақсы, таңдаңыз. Міне, ас мәзірі.
Келуші: Маған қазақша сорпа,палау әкеліңіз.
Даяшы: Қандай сусын қалайсыз?
Келуші: Мен қазақтың шайын ұнатамын.
Даяшы: Жақсы, күтіңіз.
Келуші: Рақмет.
Даяшы: Ас дәмді болсын.
Келуші: Рақмет. Ұнаса тағы келемін.
Даяшы: Келіңіз. Қызмет етуге ризамын.
Бұл әдісті қолданғанда тек дамыту емес, сонымен қатар этикет ережелері де қамтылады. Қазақ тілінің грамматикалық ережесін оқыту негізінде оқушылардан оны жаттап алуға талап етудің қажеті жоқ, оның мазмұнын түсініп, сөз, сөйлем құрағанда сол ережелерді қолдана білуге үйрету қажет. Блок-сызбалар сабақта оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, балалардың тез ойлау, жазу, ойын жеткізе білу қабілеттерін дамытады. Мұндай ойындар кез келген оқу процесінде оқушыларды жаттықтыруда, олардың игеру қабілетін арттыруда ұтымды рөл атқарады.
Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.