Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 101
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 05.09-09.09 2022-2023 оқу жылы
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі 05.09.2022 | Сейсенбі 06.09.2022 | Сәрсенбі 07.09.2022 | Бейсенбі 08.09.2022 | Жұма 09.09.2022 |
Балаларды қабылдау | Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланың жеке пікірін білдіруге тарту. Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен әңгіме: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға кешікпеулерін ескерту. Балаңыздың жетістігі мен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз. Ата-аналарға балаларды асты толық ішуге үйретулерін ескерту. Дұрыс тамақтануға баулу | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Д\О: «Ұшты-ұшты» Мақсаты: Балалар әуеде ұшатын заттарды ажырата алады (көрк.әдеб, д\ш) | Кітап бұрышында жұмыс. «Жемістер» электронды кітапты қызықтау. Жемістердің атын қайталау, санау. (көрк.әдеб,матем.негіздер қорш.орта) | Табиғат бұрышында жұмыс Ірі жапырақты фикус гүлімен танысу және күтім жасау. (қорш.орта,сөй.дам ,танымдық дағды) | Үстел үсті ойыны: «Гүлді құрастыр» Төрт бөлікке бөлінген түймедақ гүлін құрастыру.Гүл туралы әңгімелеу. (құрастыру,қорш.орта, сөй.дам) | Д\о: «Көлеңкесінен ажырат» Үй жануарларын өз орнына орналастыру.Бейсбордпен жұмыс. (танымдық дағды,математика нег,көрк.әдеб) |
Таңертеңгі жаттығу | Жалпы дамыту жаттығулары. Бір сапқа тұрып,бір-бірінің артынан жүру,аяқтың ұшымен жүгіру,адымдап жүру,өкшемен жүру.Бір қатармен жүріп келіп,3 қатарға тұру. 1. Б.қ.к.аяқ бірге,қол төменде 1.қолды алдыға созу 2. бастан жоғары көтеру 3. жанына түсіру 4. б.қ.келу (5-6 рет) 2.Б.қ.к аяқ бірге,қол төменде 1.иықты жоғары көтеру 2.бастапқы қалыпқа келу (5-6 рет) 3.Б.қ.к аяқ бірге,қол төменде 1.қолды созу 2.отыру 3.тұру 4.б.қ.келу (5-6 рет) 4.Б.қ.к аяқ алшақ,қол белде 1.алға қарай еңкею 2.б.қ.келу (5-6 рет) 5.Б.қ.к.аяқ бірге,қол төменде 1.қолды алға созу 2.айқастыру 3.бастапқы қалыпқа келу. 3 қатардан 1-қатарға келу,жүру,жүгіру,тыныс алу жаттығуларын жасау | ||||
Таңғы ас | Ойын-жаттығу «Таза қолдар»Балалардың назарын тағамға аудару.Мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс,әдеп ережесі (өзіне өзі қызмет ету,сөйл.дам) Асқа бата жасау: Бірлік берсін басымызға, Береке берсін асымызға. Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын! Әумин (көрк.әдеб, сөйл дамыту, коммуникативтік дағды) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Шаттық шеңберін құру, Шаттық шеңбер : Арайлап таң атты, Алтын шуақ таратты. Жарқырайды күніміз, Қайрлы таң !балалар қызықты ойындар,жұмбақ жасыру (көрк.әдеб,сөйл.дамыту,қорш,орта,музыка) | ||||
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Міндеті: Меңгерген іскерлік,ептілік дағдыларын бекіту.Тура жолмен жүруге үйрету.Орынында тұрып қос аяқпен секіруге үйрету.Шағын топпен жүру,жүгіру кезінде қолды еркін қалыпта ұстап жүруге жаттықтыру.Тәрбиешінің тапсырмасын орындап,тыңдау,белгі бойынша тоқтау дағдыларын баулу: Қ\О: «Балабақша сарбаздары» | | Дене шынықтыру Міндеті: Менгерген іскерлік,ептілік дағдыларды бекіту.Шағын топпен тұру,педагогтің соңынан жүру,жүгіру.Тура жолмен жүруге үйрету.Орында тұрып қос аяқпен секіруге үйрету.Шағын топпен жүру,жүгіру кезінде қолды еркін қалыпта ұстап жүруге жаттықтыру.Педагогтін тапсырмасынтыңдау,орындау,белгі бойынша тоқтау дағдыларын бекіту. Қ\О: «Мені қуып жете аласың ба?» | Музыка | Дене шынықтыру Шеңбер құру,шеңбер бойы жүру және жүгіруге жаттықтыру .Қос аяғымен бір мезгілде екпін серпіліс жасай білу дағдыларын бекіту.Жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын қалыптастыру.Музыка ырғағына сәйкес қимылды жай,шапшаң,ырғақты орындау қабілетін дамыту. «Қ\О: Топ чемпиондары» Музыка |
Серуенге дайындық | Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге ойын құралдарын дайындау. Серуенде балаларды жақсы әрекеттер етуге ынталандыру. Серуен кезінде ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы еңбек-сүйгіштікке баулу. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды) | ||||
Серуен | Серуен картотекасы №1 Бақылау: «Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау» Мақсаты:Жыл мезгілдерінің өзгеруі туралы түсініктерін қалыптастыру, әр мезгілдің өз ерекшеліктері туралы түсініктерін тиянақтау. Еңбек: Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау Жеке жұмыс: «Күзге ең алғашқы дайындалған ағашты тап» (қайың, көк терек) Қ\О: «Бәйге» Мақсаты:Тез жүгіруге, ептілікке жаттықытыру. Жаттығу ойындары, қозғалыстарын қалыптастыру. Еркін ойын | Серуен картотекасы №2 Күздің алғашқы белгілерін бақылау Мақсаты: Жыл мезгілдерінің өзгеруі туралы түсініктерін молайту; Күздің алғашқы белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.(Сөйл дамыту, қорш орта,көр әдебиет) Еңбек: Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау. Қимылды ойын «Қуып жет». Мақсаты: Тез жүгіруге, ептілікке жаттықтыру. | Серуен картотекасы №3 Қайың ағашын бақылау Мақсаты: - Күзгі қайың ағашын бақылауды жалғастыру; Қайың ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы мен ұқсастығын табуға үйрету (Қорш орта) Еңбек: Гүлзарлардағы солған гүлдер дәнін жинау Мақсаты: үлкендерге көмектесу, келесі көктемге гүл дәндерін әзірлеу. Жеке жұмыс:Күзде ағаштар қандай өзгерістерге ұшырайды? Олардың жапырақтары неге сарғаяды? Ең алғаш қай ағаштың жапырағы сарғаяды? Ағаштардың өндірісте қандай пайдасы бар? (Сөйл дамыту) Қимылды ойын: «Допты ұста» Мақсаты: қағып алуға жәнекелесіге беруге үйрету.(Д/Ш) | Серуен картотекасы №4 Өрмекшіні бақылау Мақсаты: өрмекшінің өмірі мен сыртқы бейнесінің ерекшеліктері туралы білімдерін молайтуды жалғастыру; айнала қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру. (Қорш орта, Сөйл дамыту) Жеке жұмыс: Көркем сөз Сенде айтшы өрмекші, Неше аяқ, неше қол? Жауап берші өрмекші Неше аяқ, неше қол? (Көрк әдеб, сөйл дамыту) Еңбек: «Бархат» гүлдерін аударып, ыдысқы орналастыру Мақсаты: гүлдерге деген қамқорлыққа, әсемдікке тәрбиелеу Қ/О: «Үнсіз өт» Мақсаты: Жәй, нық, денені түзу ұстап жүруге жаттықтыру(Д/Ш) | Серуен картотекасы №5 Күн — жылу мен жарық көзі Мақсаты: күннің жарық және жылу көзі екені туралы түсініктерін қалыптастыру ойлау, талқылау, дәлелдеу дағдыларын дамыту; табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу. Психологиялық жаттығу: «Күншуақ» Мақсаты: Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау. Күн сәулесі адамға қуаныш, жылу беретінін сезіну -Бәріміз көзімізді жұмып, күнге қол созамыз. Күннен жылу алып бір-бірімізге сыйлаймыз, қуанып қол соғамыз.Еңбек: Алаңды тазалауға кішкентайларға көмектесу. Мақсаты: еңбексүйгіштікке, кішкентайларға көмекке келуге тәрбиелеу. Қ/О: «Өрт сөндірушілер жаттығуда» Мақсаты: қабырғаға өрмелеуге жаттықтыру. |
Серуеннен оралу | Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. Балалардың қатармен топқа оралуы, қатарда екі-екіден жүру. Балалардың киімдерін ретімен шешінуге дағдыландыру. Дара жұмыс этикет ережелерін сақтауын қадағалау. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды,математика негізді) | ||||
Түскі ас | Ас мәзірімен таныстыру.балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. Тағамды асықпай жеу керек. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек. Мақал-мәтел: Тату үйдің тамағы-тәтті. (көрк.әдеб) Ыдыспен ойнамау, қолдарын сермеп тамақты шашпау. (өзіне өзі қызмет ету,сөйл.дам) Асқа бата жасау: Бірлік берсін басымызға, Береке берсін асымызға. Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын! Әумин (көрк.әдеб, сөйл дамыту, коммуникативтік дағды) | ||||
Күндізгі ұйқы | Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі «Әлди –әлди ұйықтай ғой» «Бесік жырын» тыңдату «Бауырсақ» ертегісін оқып беру «Жақсы жатып, жайлы тұр!» (көрк.әдеб,музыка) | ||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Өлең жолдарын қайталай отырып төсекте жатып жаттығу жасау.Көзге арналған жаттығу. Біртіндеп реттілікпен киіну.Ұйқы ашар гимнастикасы (д\ш,өзіне-өзі қызмет ету,сөйлеуді дамыту) Үлкен болып өсеміз Жастықтан біз тұрамыз, Қолымызды созамыз. Аяғымызды жазамыз, Үлкен болып өсеміз. Ұйқыдан соң балалар, Шаш тарауды ұмытпа Барлығымыз айна алдына келіп, Шаш тараймыз жұмыла Ұйқы ашар гимнастикасы Үлкен болып өсеміз(көрк.әдеб,сөйл дамыту) | ||||
Бесін ас | Ас мәзірімен таныстыру.Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару. Тамақтарын толық ішуге қалыптастыру. Бата айтып, ас қайтаруды үйрету. Ас мәзірімен таныстыру, балалардың назарын тағамға аудару. Бата: Асымыз дәмді болсын, Еліміз Аман болсын, Тыныштық заман болсын.(көрк.әдебиет,танымдық дағды) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Дербес ойын «Қуыршақ бізде қонақта». Мақсаты:Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру. (сөй.дам,сурет салу,мүсіндеу) | Танымдық-қимылды ойын: «Аңдар жүрісі» Мақсаты:Балалар аңдардың жүрісін салып, санай алады. (сөй.дам,д\ш) | Суреттік боямалар «Қай жануар қайда мекен етеді?» Мақсаты: Балалар суретті таза бояп, туған жеріндегі жан-жануарлардың мекендерімен таныса алады. (сөй.дам,сурет салу, қршаған орта) | Кітап бұрышында жұмыс «Аспазшы» Мақсаты: Балалар аспазшы туралы түсіндіре алады. (сөй.дам) | Д\о:«Мозайка» Мақсаты: көлік құрастыру (құрастыру) |
Балалармен жеке жұмыс | Айзереге С,Ш дыбыстарын дұрыс айтқызу.Тіл ұстарту жаттығуы: Са-са-сана, Ша-ша-шана | Кариммен сурет салу дағдысын дамыту, қаламды дұрыс ұстауды үйрету | Стаспен жапсыру дағдысымен жұмыс жасауға көмектесу | Айарумен Геометриялық пішіндерді ажыратуын қадағалау. | Ханмен сызықтан шығармай бояуға үйрету |
Серуенге дайындық | Балалардың киіну реттілігін бақылау. Сыртқы киімдерін ауыстырып киюді қадағалау. Балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге шығамыз деген нұсқаумен барлық балалар орындарына тұру. Балаларды табиғатпен таныстыру. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды,математика негізді) | ||||
Серуен | Күн туралы өлең Қ\О: «Күн мен түн» | Қ/О«Қояным-қояным». Қоян туралы ән айту,қоянға еліктеп би қимылын салу(музыка,дене белсенділігі) | Балабақша мен балабақша қызметкерлері туралы түсіндіру, олардың еңбек әрекеттері туралы беру. | Қ/О «Ұшты-ұшты» Еркін ойын | Ауа райын бақылау Ыстық және суық желді ажырата біледі Еркін ойын «Тырналар»Тырнаның қимылын жасау (музыка, дене белсенділігі) |
Балалардың үйге қайтуы | Дұрыс тамақтану ережелері. | Кеңес: «Егер бала ерке болса» | Балаларға кеңсе құралдарын толық әкелулерін айту. | Балалардың балабақшаға уақытында келулерін ескерту | Ата-аналармен балаларының тазалықтары жайлы әңгімелесу. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 12.09-16.09 2022-2023 оқу жылы
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі 12.09.2022 | Сейсенбі 13.09.2022 | Сәрсенбі 14.09.2022 | Бейсенбі 15.09.2022 | Жұма 16.09.2022 |
Балаларды қабылдау | Балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Сәлемдесуді үйрету. Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланың жеке пікірін білдіруге тарту. Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-анадан баланың денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері туралы әңгімелесу,баланы дамыту мен тәрбиелеу(ауа-райына байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Құрылымдалған ойын: «Сиқырлы қалта» Мақсаты : Түрлі түсті асықтармен танысу,түсін атау (математика негіздері, сөйл дамыту,сурет салу) | Д\ ойын «Допты қағып ал» Мақсаты: балалар бір біріне допты лақтырып,отбасы мүшелерін атайды (сөйл дамыту,д/ш. мүсіндеу) | Д\ ойын: «Түрлі түсті пирамидалар» (құрастыру) (математика негіздері, мүсіндеу) | Ауладағы гүлдерді бақылау, суғару, күтіп-баптау. (Қоршаған орта, көркем әдеб) | Д\о: «Төлдерін ажырат» Үй жануарларын өз орнына орналастыру, төлдерін табу (танымдық дағды,математика нег,көрк.әдеб, сөйл дамыту) |
Таңертеңгі жаттығу | Жаттығулар кешені: Құралмен Марш екпінімен жүру Тәрбиешінің артынан шеңбер бойымен жүру. Тізелерімізді жоғары көтеріп жүгіреміз. Жаттығу 1) Б.Қ. екі қол белде, аяқ иық деңгейінде, 1- басты алдыға иеміз,2-артқа 3 - оңға 4 - солға иеміз, 5- Б.Қ. келу. 2) «Қайшы» 3) « Сағат » Б.Қ. екі қол белде, аяқ ыйық деңгейінде оңға 1- рет иілеміз,2- солға бір рет иілеміз 3- б.қ.келу. Терең тыныс алу жаттығуларын орындау. | ||||
Таңғы ас | Ойын-жаттығу «Таза қолдар»Балалардың назарын тағамға аудару.Мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс,әдеп ережесі (өзіне өзі қызмет ету,сөйл.дам) Асқа бата жасау Бата: Бірлік берсін басымызға, Береке берсін асымызға. Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын! Әумин (көрк.әдеб, сөйл дамыту, коммуникативтік дағды) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Шаттық шеңберін құру, Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!қызықты ойындар,жұмбақ жасыру (көрк.әдеб,сөйл.дамыту,қорш,орта,музыка) | ||||
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Міндеті: Қос аяғымен бір мезгілде екпін серпіліс жасай білу дағдыларын бекіту.Жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын қалыптастыру.Музыка ырғағына сәйкес қимылды жай,шапшаң,ырғақты орындау қабілетін дамыту. Қимылды ойын: «Досыңа қарай домалат» | | Дене шынықтыру Міндеті: Жай жүру,аяқтың ұшымен жүру,жүгіру.бытырап бір-біріне соқтығыспай ,заттарды айнала жүру.Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру,текшенің үстінде тепе-теңдік сақтап тұру.Заттардың арасынан «ирелеңдеп» жүру.Екі аяқпен бір мезгілде серпіле қос аяқтап алға жылжи секіру және жерге жеңіл ,аяқтың ұшымен қонуға үйрету.Қимылды белгілі тәсілмен ,белгіленген бағытта нұсқау бойынша бастап,орындап ,аяқтауға тәрбиелеу.Дене бітімінің дұрыс дамуын қадағалау. Қимылды ойын: «Топ чемпиондары» | Музыка | Дене шынықтыру Міндеті: Балаларды гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу және доптарды оң жжәне сол қолдарымен лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Жай жүру,аяқтың ұшымен жүру,жүгіру.бытырап бір-біріне соқтығыспай ,заттарды айнала жүру.Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру,текшенің үстінде тепе-теңдік сақтап тұру.Заттардың арасынан«ирелеңдеп» жүру.Екі аяқпен бір мезгілде серпіле қос аяқтап алға жылжи секіру және жерге жеңіл ,аяқтың ұшымен қонуға үйрету.Қимылды белгілі тәсілмен ,белгіленген бағытта нұсқау бойынша бастап,орындап ,аяқтауға тәрбиелеу.Дене бітімінің дұрыс дамуын қадағалау Қимылды ойын: «Орныңды тап» Музыка |
Серуенге дайындық | Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). | ||||
Серуен | Картотека №6 Аула тазалаушы еңбегін бақылау Мақсаты: күз мезгіліндегі аула тазалаушы еңбегі туралы білімдерін молайту, аула тазалаушыға қажетті құрал-жабдықтармен танысу(Қоршағ орта, сөйл дамыту, өз-өзіне қызмет ету) Еңбек: Аула тазалаушыға көмектесу (Д/Ш) Мақсаты: Еңбексүйгіштікке, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу Қ/О: «Қармақ» Мақсаты: ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу: Мақал: «Еңбек етпеген ішіп-жемейді» (көркем әдеб, сөйл дамыту | Картотека №7 Саңырауқұлақтарды бақылау Мақсаты: саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыруда танымдық белсенділіктерін дамыту (Қоршағ орта, сөйл дамыту, мүсіндеу) Бақылау барысы: Жұмбақ: Басында әсем қалпағы, Көлеңкені сүйеді Орманда болған әр бала Не екенін біледі (саңырауқұлақ) ( сөйл дамыту) Еңбек: Алаңда тазалық жұмыстарын жүргізу Мақсаты: еңбексүйгіштікке, үлкендерге көмекке келуге тәрбиелеу (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды) Қ/О: «Допты басқарушыға бер». Мақсаты: допты екі қолмен қағып алу және лақтыруға жаттықтыру (Д/Ш) | Картотека№8 Арнайы көліктерді бақылау Мақсаты: Арнайы көліктер туралы білімдерін кеңейту; Сөздік қорларын молайту. (Қоршағ орта, сөйл дамыту, сурет салу,мүсіндеу) Еңбек. Тәрбиешімен бірге сынған, құлаған құрғақ бұтақтарды жинау Мақсаты: Жұмыс уақытында ұқыпты болуға баулу. (Қоршағ орта, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет,танымдық дағды) Қ/О: «Қояндар мен түлкі». Мақсаты: тез жылдамдық, дағдыларын дамыту | Картотека №9 Гүл егілген клумбаны бақылау Мақсаты: өсімдіктердің күзгі тіршілігі туралы білімдерін тиянақтау; кейбір өсімдіктердің дәндерін шашып, қурап үлгергеніне көңіл бөлу; Күзде гүл ашатын гүлдермен (астра, настурция)таныстыру(Қоршағ орта, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдеб) Еңбек. Гүлдер дәнін жинап алу. Мақсаты: Балаларға келесі көктемнің қамын қазір ойлау керек екенін түсіндіру. (Қоршағ орта, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет,танымдық дағды) Қ/О: «Мені ата». Мақсаты: ымдау және қимыл арқылы жанурлар бейнесін жасау қабылеттерін | Картотека №10 Ағаштарды бақылау Мақсаты:күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру;қайың мен терек ағашын діңдері мен жапырақтарына қарап айыра білуге үйрету; ағаш бөліктері туралы білімдерін тиянақтау (діңі, бұтағы, тамыры); туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу. (Қоршағ орта, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет,танымдық дағды) Д/О.«Аталған ағашта тап». «Бір, екі, үш, қайыңға (терекке) қарай ұш!». Мақсаты: мәтінге сай қимыл жасауды үйрету, аталған ағашты табу Зерттеу қызметі Гербарий үшін қайың және терек жапырағын жинау (айырмашылықтарын атау) Қ/О: «Қасқыр қақпан» Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке баулу |
Серуеннен оралу | Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. Балалардың қатармен топқа оралуы, қатарда екі-екіден жүру.Қол жуу тәртібін қадағалау. Балалардың киімдерін ретімен шешінуге дағдыландыру. Дара жұмыс этикет ережелерін сақтауын қадағалау. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды,математика негізді) | ||||
Түскі ас | Ас мәзірімен таныстыру.балалардың назарын тағамға аудару, олардың адам денсаулығына пайдасын айту,тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. Тағамды асықпай ішу керек. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек. Мақал-мәтел: Тату үйдің тамағы-тәтті. (көрк.әдеб) Ыдыспен ойнамау, қолдарын сермеп тамақты шашпау. (өзіне өзі қызмет ету,сөйл.дам) Асқа бата жасау: Бірлік берсін басымызға, Береке берсін асымызға. Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын! Әумин (көрк.әдеб, сөйл дамыту, коммуникативтік дағды) | ||||
Күндізгі ұйқы | Ұйқыға арналған әуен аудио-ертегі «Әлди –әлди ұйықтайғой» «Бесік жырын» тыңдату «Жеті лақ» ертегісін оқып беру «Жақсы жатып, жайлы тұр!» (көрк.әдеб,музыка) | ||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Балаларды ұйқыдан ояту. Керілу, созылу жаттығуларын жасату. Өлең жолдарын қайталай отырып төсекте жатып жаттығу жасау.Нүктелі, тікенекті жолдарымен жүріп өту, сулы шүберек үстімен жүріп өту. Біртіндеп реттілікпен киіну.Ұйқы ашар гимнастикасы (д\ш,өзіне-өзі қызмет ету,сөйлеуді дамыту) «Үлкен болып өсеміз» Жастықтан біз тұрамыз, Қолымызды созамыз. Аяғымызды жазамыз, Үлкен болып өсеміз. Ұйқыдан соң балалар, Шаш тарауды ұмытпа Барлығымыз айна алдына келіп, Шаш тараймыз жұмыла Ұйқы ашар гимнастикасы «Үлкен болып өсеміз | ||||
Бесін ас | Ас мәзірімен таныстыру.Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару. Балалардың назарын тағамға аудару. Тамақтарын реттілігімен толық ішуге үйрету. Бата айтып, ас қайтаруды үйрету. Бата: Бірлік берсін басымызға, Береке берсін асымызға. Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын! Әумин Ас мәзірімен таныстыру, балалардың назарын тағамға аудару. (көрк.әдебиет,танымдық дағды) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Қ/О «Сөйлемей көрейікші» ойыны Мақсаты: балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу. (үндемес) Сергіту сәті: Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады. Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз. (сөй.дам,д/ш) | Танымдық-қимылды ойын: «Аңдар жүрісі» Мақсаты:Балалар аңдардың жүрісін салып, санай алады. (Д/Ш,математика негіздері) | Үстел үсті ойыны: «Жоғалған зат» ойыны. Мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ептілікке тәрбиелеу. (сөйл дамыту) | Д\О: «Ұқсас затты тап» Мақсаты: Ойын мақсаты: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ой - қиялын дамыту. (математика негіздері,сөйл дамыту, танымдық дағды) | Д\о: «Үй жануарлары»Мақсаты: Үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету. Ойын шарты: Дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй жануарларын алып, алған жануардың дене мүшелерін атату, олар туралы мейірімді сөздер айту.Балалар малдың төлдері қандай? (әдемі, сүйкімді.)Қалай еркелетеміз? (ботақан, қошақан.)Төлдер қалай ойнады. (секірді, жүгірді.) (сөйл дамыту,көркем әдебиет) |
Балалармен жеке жұмыс | Әдеміге С,Р дыбыстарын дұрыс айтқызу. Тіл ұстарту жаттығуы: Өс- өс- өс, Екіге екіні қос. Өс-өс-өс. Өнегелі болып өс. Ұқыпты боп өс. Ағаш тез- тез өс. Ра-ра- Ашулы Ара | Абылайга сызықтан шығармай бояуға үйрету. | Сафияға Алтын күз мерекесіне арналған тақпақты жаттауға көмектесу | Хадишаға тіл ұстарту жаттығуларын қайталату Үз-үз- Алтын күз Ла-Ла, Ақылды бала | Жанияға Ң ,Р дыбыстарын қайталату. Аң,Оң,Шаңғы Ара, Рақмет |
Серуенге дайындық | Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу. Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). | ||||
Серуен | Күз туралы өлең Қ\О: «Қолшатыр» Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу. (Д/Ш,көрк әдебиет) | «Қасқырлар мен лақтар» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады. Ойнаушылар үйлерінде тұрып: Бөрте, бөрте, бөрте лақ, Бөрте лақ тым ерке лақ Кетесің кейде секеңдеп, Байламаса көкем кеп — деген сөздерден Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады. (Д/Ш) | Ауладағы құстарға бақылау жасау құстарды тануға дене бөліктерін атауға үйрету (қоршаған ортамен танысу) Еркін ойын: | Қ\О:: «Айгөлек» Мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу, көңілдерін көтеру. (Д/Ш, сөйл дамыту) | Киімдерге бақылау Күз мезгілінде адамдардың киімдерінде болатын өзгерістерді байқайды(қоршаған ортамен танысу) Отбасы туралы ән айтады, (музыка) Еркін ойындар |
Балалардың үйге қайтуы | Күз мезгілі туралы әндерін қайталау | Ата-аналарға балалардың ауа-райына сай киіндіріп әкелулерін ескерту | Кеңес: Балалардың үйге қайтар жолда көрген қызықтары жайлы әңгімелесу | Кеңес:Балаларды достары жайында әңгімеге тару | Ата-аналармен балаларының тазалықтары жайлы әңгімелесу. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 19.09-23.09 2022-2023 оқу жылы
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі 19.09.2022 | Сейсенбі 20.09.2022 | Сәрсенбі 21.09.2022 | Бейсенбі 22.09.2022 | Жұма 23.09.2022 |
Балаларды қабылдау | Балаларды тамаша көңіл-күймен жақсы қарсы алу. Сәлемдесуді үйрету. Баладан бақшаға келгенше не көргенін, қандай көңіл күймен келгенін сұрау. Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-анадан баланың денсаулығы,баланың үйдегі күн тәртібі,жетістіктері туралы, демалыс күндерінің қалай өткендігі туралы әңгімелесу,баланы дамыту мен тәрбиелеу(ауа-райына байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Шығармашылық орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, (сурет салу) | «Жемістер» пазлын құрастыру (құрастыру) | Табиғат бұрышындағы еңбек Бегония гүлімен таныстырып күтім жасау (бөлме өсімдіктеріне күтім жасау) (қоршаған орта) | Д/о: « Жеке- жеке атын ата» ( қарға, үйрек.балапан, алма, алмұрт, тары, жемт.б.) Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту.» (көркем әдебиет, сөйл дамыту, танымдық дағды, мүсіндеу) | Д/о: «Түрлі түсті пирамидалар» (құрастыру) (математика нег,көрк.әдеб, сөйл дамыту,мүсіндеу) |
Таңертеңгі жаттығу | Жаттығулар кешені : (құралсыз) Тәрбиешінің артынан шеңбер бойымен жүру. Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру. Жаттығу 1.«Кім биік» 2.« Сағат » Б.Қ. екі қол белде, аяқ ыйық деңгейінде оңға 1- рет иілеміз,2- солға бір рет иілеміз 3- б.қ.келу. Б.Қ. 3) Б.Қ. екі қол белде, аяқ иық деңгейінде, 1- басты алдыға иеміз,2-артқа 3 - оңға 4 - солға иеміз, 5- Б.Қ. келу. Терең тыныс алу жаттығуларын орындау. | ||||
Таңғы ас | Ойын-жаттығу «Таза қолдар»Балалардың назарын тағамға аудару.Мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс,әдеп ережесі (өзіне өзі қызмет ету,сөйл.дам) Асқа бата жасау Асқа байлық, Денге саулық, Басымызға амандық берсін, Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын. Әумин (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, көркем әдебиет) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Шаттық шеңберін құру, Сəлем Күн Анамыз! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! қызықты ойындар,жұмбақ жасыру (көрк.әдеб,сөйл.дамыту,қорш,орта,музыка) | ||||
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Міндеті: Ирелең жолмен жүруге ,қос аяқпен секіруге үйрету.Шағын топпен бір-біріне кедергі жасамай жүгіру.Саптан шықпай ,бағытты сақтай жүру,аяқты тізеден сәл бүгіп,секіріп,аяқты алшақ ,бірге ұстау дағдылырын бекіту.Музыканың бсталуын сезініп,музыкаға сәйкес жүруге баулу. Қимылды ойын: «Қонжыққа кім тез жетеді?» | | Дене шынықтыру Міндеті: Қос аяқпен секіру.Бір-біріне доп домалатуды үйрету.Ирелең жолмен жүру.Қос аяқпен секіру дағдыларын бекіту. Музыканың бсталуын сезініп,музыкаға сәйкес жүруге баулу.Сөздерді қайталау және оны орындау дағдыларын қалыптастыру. Қимылды ойын: «Біздер де бар қуыршақ» | Музыка | Дене шынықтыру Міндеті: Белгі бойынша тоқтай білуге жаттықтыру .Допты астынан екі қолмен алға еркін лақтыруды үйрету.Көтеріңкі кеңістікте тепе-теңдік сақтап жүруді бекіту.Музыкаға сәйкес адымдап ,аяқты жоғары көтере ,қолды еркін ұстап жүру дағдыларын дамыту. Қимылды ойын: «Ұшақтар» Музыка |
Серуенге дайындық | Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге ойын құралдарын дайындау. Серуенде балаларды жақсы әрекеттер етуге ынталандыру. Серуен кезінде ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы еңбек-сүйгіштікке баулу. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды)1х | ||||
Серуен | № 11 серуен картотекасы. Бақылау: Күзгі ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау. Мақсаты: Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту, олардың түстерін айтқызу. (қорш орта, сөйл дамыту) Күзгі жапырақтар туралы өлең оқу: (Қ. Шарғытбаев) Алтын, сары, қызыл, көк Алуан- алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. (көрк әдебиет,сөйл дамыту) Еңбек: Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау. Қ/о «Жапырақ жинау» | № 12 серуен картатекасы Бақылау: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау. Мақсаты: Құстар туралы әңгімелеу, олардың аттарын аттату және қимыл – қозғалыстарын салып жүру, дауыстарын тыңдау. (қорш орта, сөйл дамыту,көрк әдебиет,сурет салу) Еңбек: Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жемсалғышқа құстарға жем салу, оларды қоректендіру. «Бозторғай» тақпағын жаттау (С.Сейфуллин) Міне торғай, Үйін қорғай Жер бауырлап зырлайды Шырқап биік, Күнге күйіп Қалмай, сайрап жырлайды. (көрк әдебиет, танымдық дағды) Қ/о «Қаздар, қаздар» | №13 серуен картотекасы. Бақылау: Жәндіктерді бақылау Мақсаты: Күзде жәндіктердің, көбелектердің жерге терең кіріп ұйықтайтынын айтып, олардың қалай азықтарын таситындарын бақылату(көрк әдебиет,сөйл дамыту,мүсіндеу) Еңбек: Дала гүлдерін суару. Қ/о«Көкөністер мен жемістерді жинау» | №14 серуен картотекасы. Бақылау: Ағаштардың желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау. Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету. Балаларға жапырақтар неліктен жерге түскендігі туралы әңгімелеп айту. Олардың түстерін атау. (қорш орта, сөйл дамыту,көрк әдебиет,сурет салу) Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жұмбақ жасыру. Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады. (Жапырақ) Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау. Қ/о «Кім жылдам?» Еркін ойын | №15 серуен картотекасы. Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау» Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту. (қорш орта, сөйл дамыту) Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен гүлдің жапырақтарынан тазалау. Қ/о «Ақ серек, көк серек» |
\Серуеннен оралу | Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды,математика негізді) | ||||
Түскі ас | Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті, көркем әдебиет) Ереже: Тамақ ішер кезде енді, Сөйлемейміз күлмейміз. Астан басқа өзгені, Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту) Бата: Асқа байлық, Денге саулық, Басымызға амандық берсін, Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын. Әумин (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, көркем әдебиет) | ||||
Күндізгі ұйқы | Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдату. «Алма» ертегісін оқып беру (көркем әрекет) (көрк.әдеб,музыка) | ||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Өз орындарында отырып керілу, созылу, тыныс алу жаттығуларын жасату. (дене жаттығулар мен белсенділігі) Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету.(мәдени-гигиеналық дағдылар өзіне-өзі қызмет ету дағдылары,). | ||||
Бесін ас | Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты толық ішуге үйрету.Ас мәзірімен таныстыру, балалардың назарын тағамға аудару. (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Бата айтып ас қайтаруды үйрету. Бата: Асқа байлық, Денге саулық, Басымызға амандық берсін, Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын. Әумин (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, көркем әдебиет) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Ауа райы: туралы күнтізбеден табиғат бұрышында тапсырмаларды орындау. Балалардың қалауы бойынша орталықтарда жұмыс. (сөйлеуді дамыту). Еркін тақырыпта шығармашылық (Сурет салу, жапсыру, мүсіндеу) іс әрекеттерін балалардың қалауы бойынша ұйымдастыру | Құм бетіне сурет салу Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту | Сюжетті-рөлді ойын: «Наубайшы» Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу, ой - қиялын одан әрі дамыту. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып тәрбиелеу. Ойын кезінінде Наубайшының еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру,жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу. | Сюжетті-рөлді ойын: «Дәрігер» Мақсаты: Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу. Құрал - жабдықтар: Ақ халат, медициналық ойыншықтар, құрал - жабдықтар, слайд көрсету. | Д\о:«Бейнені құрастыр» Мақсаты: төрт бөлікке бөлінген күзгі ағаштарды құрастыру. Аққайың,емен |
Балалармен жеке жұмыс | Айзереге Ш дыбысын дұрыс айтқызу,тіл ұстарту жұмысын жүргізу. Тіл ұстарту жаттығуы: Ша-ша-шана, Ша-ша-Шағала | Софиға Қыл қаламмен сурет салу дағдысын дамыту | Хангелдіге Алтын күз мерекесіне арналған әндерді қайталату | Даригамен геометриялық пішіндерді танып білуі үшін жұмыс жасау. Пішіндерден күшіктің үйшігін құрастыру. | Альтаирға ермексазбен дұрыс жұмыс жасау дағдысын үйрету |
Серуенге дайындық | Балалардың киіну реттілігін бақылау. Сыртқы киімдерін ауыстырып киюді қадағалау. Балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге шығамыз деген нұсқаумен барлық балалар орындарына тұру. Балаларды табиғатпен таныстыру. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды,математика негізді) | ||||
Серуен | Қ/о: «Кімнің шары алысқа ұшады?» Мақсаты: Дөңгелек жақ бұлшық етін дамыту, мұрынмен дұрыс тыныс алуын жаттықтыру. | Қ/О : «Ақ-Аю». Аю туралы ән айту, Аюға еліктеп би қимылын салу (музыка,дене белсенділігі) | Қ\О:«Кімнің құралы?» Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. | Қ/о «Жүгір де, ұста!» Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын барысы:Тәрбиеші қолына допты алып, баланың алдында 1,5 арақашықтықта тұру қажет.Допты жоғары лақтырып қағып алады да,тәрбиеші бірнеше қадам артқа жүреді де былай дейді: «бір лақтырдым,екі лақтырдым,үш лақтырдым – жүгірде қағып ал!».Бала жүгіріп келіп допты ұстап алуға тырысады, Ойын 2-3 рет қайталанады да, тәрбиеші балаға допты қағып алуына мүмкіндік береді. . | Қ/о: «Кім тапқыр?» Мақсаты: ойыншықтарды жасырып ,жасырылған ойыншықты табуын сұрау. |
Балалардың үйге қайтуы | Ата-аналарға кеңсе құралдарын толық әкелулерін ескерту | Ата-аналарға баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру | Алтын күз мерекесіне арналған Әндерді қайталау. | Ата- аналармен әңгімелесу. Балабақшаға балаларды уақытылы әкелулерін ескерту | Ата-аналармен балаларының мінез-құлықтары жайлы әңгімелесу. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 26.09-30.09 2022-2023 оқу жылы
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі 26.09.2022 | Сейсенбі 27.09.2022 | Сәрсенбі 28.09.2022 | Бейсенбі 29.09.2022 | Жұма 30.09.2022 |
Балаларды қабылдау | Балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алу. Сәлемдесу. Балабақшаға келерде көрген қызықтары жайлы әңгімеге тарту. Баладан өз отбасында қандай шаруамен айналысқаны жайлы айтып беруін сұрау(сөйлеуді дамыту, комуникативтік дағды) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Балаларды қабылдау үстінде Ата-аналармен баланың мінезіндегі өзгерістер туралы, ауа райының өзгеруіне байланысты киінуі туралы әңгімелесу. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимыл -ды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Д/О«Нан қайдан келеді?» Күнделікті қандай тағамдарды жейміз?. Олардың пайдасы қандай? Соның бірі нан қалай қайдан келеді? Балалардың пікірін тыңдау. (сөйлеуді дамыту) Балалардың таңдауына мүмкіндік беріп нанның суретін салу, ермексаздан нан жасау. (сурет салу, мүсіндеу) | «Көкөністер» пазлын құрастыру (құрастыру) Топта балалар арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу. | Табиғат бұрышындағы еңбек Фикус гүлімен таныстырып күтім жасау (бөлме өсімдіктеріне күтім жасау) (қоршаған орта) | Сюжеттік рөлді ойын: «Отбасы» Мақсаты: отбасы мүшелерін айту. (көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту байланыстырып сөйлеу,қоршаған ортамен танысу) Атаның қалпағын желім арқылы жапсыру (жапсыру).Қалпақты бояу(сурет салу) (көркем әдебиет, сөйл дамыту, танымдық дағды, мүсіндеу) | Д/о: «Бізге күз не әкелді?» Мақсаты:Күз мезгілінің бізге берер сыйы туралы білімдерін бекіту. Көкөністер мен жемістердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеу. (сөйлеуді дамыту байланыстырып сөйлеу,қоршаған ортамен танысу, жапсыру) |
Таңертеңгі жаттығу | Жаттығулар кешені : (құралмен) Тәрбиешінің артынан шеңбер бойымен жүру. Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру. Негізгі қимыл жаттығулар:
2)Қол белде,оңға,солға иілу. 3) «Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық. Орнымыздан түрегеп,басқа гүлге барайық». 4) Қолымыз иықта,алға,артқа есу 5) Қол белде,екі аяқпен секіру Терең тыныс алу жаттығуларын орындау. Денсаулық ол – шыныққан Барлық денең мүшесі Денсаулық ол – тыныққан Жүйке тамыр жүйесі (Көрк әдебиет,сөйл.дам) | ||||
Таңғы ас | Балалардың қолдарын жуып, асқа отыруын қадағалау.Балалардың назарын тағамға аудару. Дұрыс тамақтануға үйрету, тағамдарын толық ішулерін қадағалау. (өзіне өзі қызмет ету,сөйл.дам) Асқа бата жасау Асымыз дәмді болсын! Күніміз мәнді болсын, Киіміміз сәнді болсын Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын. Әумин (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, көркем әдебиет) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Шаттық шеңберін құру, Қайырлы таң Алтын күн Қайырлы таң Көк аспан Қайырлы таң Жер Ана Қайырлы таң менің Балабақшам Қайырлы таң менің Достарым Балалармен жаңалықтарымен бөлісу, жақсы тілектерін айтқызу. Терезеден табиғатты бақылау, күнделікті ауа райына байланысты табиғат бұрышында суреттерді ауыстыру. «Алтын күз» дегенді қалай түсінетіні, неге жапырақтар түсін өзгертеді, неге олар түседі тақырыбында әңгімелесу қызықты ойындар (көрк.әдеб,сөйл.дамыту,қорш,орта,музыка) | ||||
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Міндеті: Ирелең жолмен жүруге ,қос аяқпен секіруге үйрету.Шағын топпен бір-біріне кедергі жасамай жүгіру.Саптан шықпай ,бағытты сақтай жүру,аяқты тізеден сәл бүгіп,секіріп,аяқты алшақ ,бірге ұстау дағдылырын бекіту.Музыканың бсталуын сезініп,музыкаға сәйкес жүруге баулу. Қимылды ойын: «Қонжыққа кім тез жетеді?» | | Дене шынықтыру Міндеті: Қос аяқпен секіру.Бір-біріне доп домалатуды үйрету.Ирелең жолмен жүру.Қос аяқпен секіру дағдыларын бекіту. Музыканың бсталуын сезініп,музыкаға сәйкес жүруге баулу.Сөздерді қайталау және оны орындау дағдыларын қалыптастыру. Қимылды ойын: «Біздер де бар қуыршақ» | Музыка | Дене шынықтыру Міндеті: Белгі бойынша тоқтай білуге жаттықтыру .Допты астынан екі қолмен алға еркін лақтыруды үйрету.Көтеріңкі кеңістікте тепе-теңдік сақтап жүруді бекіту.Музыкаға сәйкес адымдап ,аяқты жоғары көтере ,қолды еркін ұстап жүру дағдыларын дамыту. Қимылды ойын: «Ұшақтар» Музыка |
Серуенге дайындық | Балалардың ретімен киінулерін қадағалау (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды)1х | ||||
Серуен | № 15 серуен картотекасы. Бақылау: Күзгі ауа райындағы өзгерістерді бақылау. Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа райын жазғы ауа – райымен салыстыру, күздегі өзгерістерді айтқызу. Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату. Балалармен жеке жұмыс:«Жел» туралы тақпақ айтқызу. Жел тынымсыз гуілдеп Болып кетті тым бұзық Шуылдайды тал терек Жапырағын жұлғызып Қ/О«Ұшты – ұшты» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс – әрекеттері. | № 16 серуен картотекасы Бақылау: Балабақша ауласындағы құстарды бақылау. Мақсаты: Құстар туралы әңгімелеу, олардың аттарын аттату және қимыл – қозғалыстарын салып жүру, дауыстарын тыңдау. Еңбек: Балабақша ауласындағы ілулі тұрған жемсалғышқа құстарға жем салу, оларды қоректендіру. Қ/О «Аққу – қаздар» | №17 серуен картотекасы. Бақылау: «Қайтқан құстарды бақылау» Мақсаты: Балалармен қайтқан құстарды бақылау. Олардың атын ататқызып, дауыстарын тыңдату. Олардың топ болып ұшуына назар аударту. Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау. Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар жасыру 1.Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін (Қарлығаш) 2. Күндіз соқыр не деген? Түнде қандай көреген (Үкі) 3. Еркін самғап ұшсын,- деп Мәпелейміз, баптаймыз Бейбітшілік құсы, - деп Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін) Қ/о: «Қайтқан құстар» | №18 серуен картотекасы. Бақылау: : «Күзгі желдің бағытын бақылау» Мақсаты: балаларға желдің қай бағытта соғып тұрғанын қандай леп арқылы соғып тұрғаны жөнінде жалпы түсінік беру. Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін арттыру. Еңбек: Балаларға желдің бағытымен ұшқан күзгі жапырақтарды жинату. (қорш орта, сөйл дамыту,көрк әдебиет,сурет салу) Балалармен жеке жұмыс: Балаларға жұмбақ жасыру. Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады. (Жапырақ) Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау. Қ/о «Кім жылдам?» Еркін ойын | №19 серуен картотекасы. Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау» Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту. (қорш орта, сөйл дамыту) Еңбек: Құм салғыштың ішіне түскен гүлдің жапырақтарынан тазалау. Қ/о «Ақ серек, көк серек» |
\Серуеннен оралу | Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды,математика негізді) | ||||
Түскі ас | Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті, көркем әдебиет) Ереже: Тамақ ішер кезде енді, Сөйлемейміз күлмейміз. Астан басқа өзгені, Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту) Бата: Асқа байлық, Денге саулық, Басымызға амандық берсін, Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын. Әумин (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, көркем әдебиет) | ||||
Күндізгі ұйқы | Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдату. «Алма» ертегісін оқып беру (көркем әрекет) (көрк.әдеб,музыка) | ||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Өз орындарында отырып керілу, созылу, тыныс алу жаттығуларын жасату. (дене жаттығулар мен белсенділігі) Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету.(мәдени-гигиеналық дағдылар өзіне-өзі қызмет ету дағдылары,). | ||||
Бесін ас | Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты толық ішуге үйрету.Ас мәзірімен таныстыру, балалардың назарын тағамға аудару. (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Бата айтып ас қайтаруды үйрету. Бата: Асқа байлық, Денге саулық, Басымызға амандық берсін, Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын. Әумин (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, көркем әдебиет) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Ауа райы: туралы күнтізбеден табиғат бұрышында тапсырмаларды орындау. Балалардың қалауы бойынша орталықтарда жұмыс. (сөйлеуді дамыту). Еркін тақырыпта шығармашылық (Сурет салу, жапсыру, мүсіндеу) іс әрекеттерін балалардың қалауы бойынша ұйымдастыру | Құм бетіне сурет салу Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту | Сюжетті-рөлді ойын: «Наубайшы» Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу, ой - қиялын одан әрі дамыту. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып тәрбиелеу. Ойын кезінінде Наубайшының еңбегіне деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру,жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу. | Сюжетті-рөлді ойын: «Дәрігер» Мақсаты: Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу. Құрал - жабдықтар: Ақ халат, медициналық ойыншықтар, құрал - жабдықтар, слайд көрсету. | Д\о:«Бейнені құрастыр» Мақсаты: төрт бөлікке бөлінген күзгі ағаштарды құрастыру. Аққайың,емен |
Балалармен жеке жұмыс | Ерсултанға Ш дыбысын дұрыс айтқызу,тіл ұстарту жұмысын жүргізу. Тіл ұстарту жаттығуы: Ша-ша-шана, Ша-ша-Шағала | Алимаға Қыл қаламмен сурет салу дағдысын дамыту | Айбынға Алтын күз мерекесіне арналған әндерді қайталату | Амерланмен геометриялық пішіндерді танып білуі үшін жұмыс жасау. Пішіндерден күшіктің үйшігін құрастыру. | Әдеміге ермексазбен дұрыс жұмыс жасау дағдысын үйрету |
Серуенге дайындық | Балалардың киіну реттілігін бақылау. Сыртқы киімдерін ауыстырып киюді қадағалау. Балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге шығамыз деген нұсқаумен барлық балалар орындарына тұру. Балаларды табиғатпен таныстыру. (коммуникативтік дағды,өзіне-өзі қызмет ету, танымдық дағды,математика негізді) | ||||
Серуен | Қ/о: «Кімнің шары алысқа ұшады?» Мақсаты: Дөңгелек жақ бұлшық етін дамыту, мұрынмен дұрыс тыныс алуын жаттықтыру. | Қ/О : «Ақ-Аю». Аю туралы ән айту, Аюға еліктеп би қимылын салу (музыка,дене белсенділігі) | Қ\О:«Кімнің құралы?» Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. | Қ/о «Жүгір де, ұста!» Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын барысы:Тәрбиеші қолына допты алып, баланың алдында 1,5 арақашықтықта тұру қажет.Допты жоғары лақтырып қағып алады да,тәрбиеші бірнеше қадам артқа жүреді де былай дейді: «бір лақтырдым,екі лақтырдым,үш лақтырдым – жүгірде қағып ал!».Бала жүгіріп келіп допты ұстап алуға тырысады, Ойын 2-3 рет қайталанады да, тәрбиеші балаға допты қағып алуына мүмкіндік береді. | Қ/о: «Кім тапқыр?» Мақсаты: ойыншықтарды жасырып ,жасырылған ойыншықты табуын сұрау. |
Балалардың үйге қайтуы | Ата-аналарға кеңсе құралдарын толық әкелулерін ескерту | Ата-аналарға баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру | Алтын күз мерекесіне арналған Әндерді қайталау. | Ата- аналармен әңгімелесу. Балабақшаға балаларды уақытылы әкелулерін ескерту | Ата-аналармен балаларының мінез-құлықтары жайлы әңгімелесу. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 03.10 - 07.10 2022-2023 оқу жылы
Апта күндері | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Күн тәртібі | 03.10.2022 | 04.10.2022 | 05.10.2022 | 06.10.2022 | 07.10.2022 |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен әрбір баланың ұйымдастырылған іс-әрекетіне дайындығы және ұйымдастырылған іс-әрекетке керекті заттар жайлы әңгімелесу. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Кітап бұрышындағы еңбек". (кітаптарды қалпына келтіру). Мақсаты: балаларды жөндеуді қажет ететін кітаптарды таңдауды және оларды мұқият желімдеуге үйрету (желім мен қайшыны дұрыс пайдалану, майлықтарды пайдалану). Кітаптарға ұқыпты қарауға, жұмыс істеуге, тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. | "Біздің шкафта тәртіп бар". Мақсаты: балаларды сыртқы киімге арналған шкафта заттарды бүктеу кезінде дәлдікке үйрету. | "Асхана бойынша кезекшілік". Мақсаты: балаларды кезекші міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету. Қолды мұқият жуыңыз, кезекшінің киімін киіңіз, үстелді дұрыс қойыңыз. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды тазалаңыз. Еңбек дағдыларын дамыту, үстелді жабдықтаудағы ретсіздікті көре білу. | "Кір сүлгілерді ауыстыру". Мақсаты: еңбекке деген тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу. Сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды және ұқыптылыққа үйрену. Еңбекке баулу. | "Шешіну бөлмесінің шкафындағы тәртіп". (тәрбиешінің көмекшісімен бірге) Мақсаты: балаларды жеке киім шкафтарында тәртіпті сақтауға үйрету: шкафты киім мен аяқкиімнен босату, сөрелерді дымқыл шүберекпен сүрту және киімді орнына мұқият бүктеу. Еңбекқорлыққа, тәртіпті көре білуге. Ұжымдағы тату-тәтті еңбек етуге үйрету. |
Үстел үсті ойыны. "Лото. "Ұл бала мен қыз бала киімдері". Мақсаты: балалардың зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту; заттарды топтастыруға дағдыландыру; байқампаздыққа тәрбиелеу. - Кімге не қажет? Қыз бала мен ұл балаға киім таңдау. "Қатарға тұрып билейік" жаттығуы. Мақсаты: балаларды жаттығу барысында ырғаққа сай қозғалып, сөздерді бірге айта жүріп, айтылған дене мүшелерін қозғауға машықтандыру; қабылдау, зерек болу қабілеттерін, вестибуляр аппаратын дамыту. Жаттығуды көңілді әуен жазбасын қосып өткізуге болады. Қатарға тұрып билейік, Мүшелерді көрсетейік: Басты оң-солға бұрып, Қос иықты көтерейік. Қатарға тұрып билейік, Мүшелерді көрсетейік: Жоғары қол көтеріп, Бұлғап, төмен түсірейік. Қатарға тұрып билейік, Мүшелерді көрсетейік: Аяқты кезек көтеріп, Маршпен шапалақтап жүрейік. Д. Ахметова."Құрылыс ойындары "Жануарларға арналған балабақша", "қуыршақтарға арналған үй". | Саусақ жаттығуы. Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ! Қала салсақ, жол салсақ. "Қайда барсаң – соны табасың" дидактикалық ойыны. Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға баулу. Педагог белгілі заттарды (жемістер мен көкөністерді немесе ойыншықтарды, не құралдарды) ойын аланының түрлі жерлеріне салады. Бала педагог айтқан бағытты қолмен көрсетіп, сол бағыт бойынша жүріп, жасырылған объектіні табу керек. Педагог нұсқауларды нақтылы және дұрыс беру керек: алға бес қадам, солға бұрылып екі қадам, оңға тағы екі қадам. Күрделенуі: балалардың өздері топтастарына нұсқау беріп, жүргізуші бола алады. | "Сақина" ойыны. Мақсаты: балаларды зеректікке, ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бастаушы шеңбер ішіне, ал балалар шеңберді айнала тұрады. Алақанында сақина бар, оны екі қолды біріктіріп, кезек-кезек балалардың алақанын ашып, байқатпай біріне беруге тырысады. Балалар бастаушының әрекетін және достарын мұқият бақылайды. Сақинаға ие болған бала басқаларға білдірмеу керек. Белгі бойынша бастаушы: "Сақина, сақина, қане шықшы ортаға!" – дегенде сақина ұстаған бала шеңбер ортасына жүгіріп шығады да, бастаушы болады. Егер ойыншылар белгі бергенге дейін балалардың бірінен сақинаны байқап қалса, оны шеңбер ортасына жібермейді. Ондай жағдайда ойынды сол бастаушы қайта жалғастырады. Көркем сөзді жаттау жаттығуы. Мақсаты: тақпақтың мазмұнын есте сақтап, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; көркем сөзге деген қызығушылықты арттыру. ""Бақшада"". Көңілді бар бала, Бақшаға, баққа енсек. Ойнаймыз аулада, Төбеміз әткеншек. Шешеміз жұмбақ та, Жаңылтпаш айтамыз. Кешкілік үй жаққа Үлкейіп қайтамыз. Б. Кірісбаев." | "Менің жанұям" фотосуреттерді қарастыру. Мақсаты: байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіру, сөздік қорын молайту; туыстарға деген сүйіспеншілікті арттыру. Фотосуретте бейнеленген отбасы жайлы әңгімелеу, Саусақ жаттығуы. "Ыдысты қалай жуамыз?". Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту; балалардың қарапайым дағдыларын жетілдіру. Біз көмекші болып жүреміз, (Бас бармақтарды көрсету) Жеңімізді кезегімен түреміз. (Женді түргенге еліктеу) Қолға табақшаны алып, (Саусақтарды созып, екі алақанды, айқастыра, бірі-біріне уқалау) Уқалап, жуып береміз. Кесе - екі қос алақандай, (Саусақтарды қосып, бірыңғай бүгіп, екі қолды қырынан қосып, "тербету") Шұңғыл алтын айдай. Қолға кесені алып, (Жұдырықтармен, қолдарды алмастырып, алақан ортасына басып, айналдыру) Айналдырып, жуып береміз. Д. Ахметова. | "Үй құрастырамыз" құрастыру ойыны. Мақсаты: балалардың зейінін, ойлау, елестету қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту; отбасына деген сүйіспеншілігін дамыту. Балалар құрылыс материалдардан түрлі үйдерді кұрастырады. Құралдары: құрылыс материалдар жинақнамасы: текшелер, кірпіштер, білеулер, призмалар. Сондай-ақ; "Лего" немесе ағаш құрастырғыш ойыншықтары. "Қандай көлік қайда жүреді?" дамытушы жаттығуы. Мақсаты: балалардың көліктер туралы ұғымдарын пысықтау, қызығушылығын арттыру; зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Құралары: жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл машина т.б. Балаларға кезекпен жеке суреттер көрсетіледі: - Балалар, көрсетілген суретке қарап, көліктердің қайда жүретінін қимылмен көрсетейік: жерде жүрсе - аяқтарымызды топылдатамыз, суда жүзсе - қолымызбен суда жүзгендей қимылдар жасаймыз, аспанда ұшса - қолдарымызды қанат сияқты сермейміз. Ойынды, екі командаға бөлініп, ойнауға болады. | |
Таңертенгі жаттығу | 1. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде 1.1. Балалар қолдарын алдарына созып, алақандарын ашып-жұмады; 1.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5-6 рет қайталанады). 2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол көкірек тұсында 2.1. Оң аяқтарын артқа қойып, екі қолдарын да артқа созады 2.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 4 рет қайталанады). 3. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде 3.1. Орындарында тұрып, бастарын алдымен оңға бұрады 3.2. Бастапқы қалып (дәл осы жаттығу сол жаққа қайталанады және 5 рет қайталанады). 4. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене бос, қол көкірек тұсында 4.1. Қолдарын жандарына созады; 4.2. Бастапқы қалып (жаттығу 6 рет қайталанады) 5. Бастапқы қалып аяқ бірге, дене бос, қол төменде 5.1. Қолдарын жандарында ұстап, бір орында тұрып, пингвин сияқты айналу 5.2. Бастапқы қалып (жаттығу 5 рет қайталанады). (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Таңғы ас | Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру: асхана құралдарын дұрыс қолдану (ас қасығы мен шай қасығын, шанышқыны); майлықты ұқыпты пайдалану; нанды үгітпей жеу, асты ауызды жауып шайнау, тамақ ішіп отырғанда сөйлемеу; әдепті болуға тәрбиелеу (ас үшін алғыс білдіру, тазалық пен тиянақтылық қажеттілігі.) Біздерде бар қасықтар Сиқырлы екен құралдар. Міне — қасық, міне — ас. Еш нәрсені қалмас. Осы сөздерден кейін, балалар таңғы астарын ішеді. Тамақтану барысында, тәрбиеші балалардың орындықта дұрыс отыруын қадағалайды. Егер бала орындықта дұрыс отырмаса, жанына келіп түзу отыру керектігін айтуға болады. | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | «Қылқалам ханшасы». Жер-Ана, саған мың алғыс, Сыйлайсың бізге қуаныш. Жазда, күзде, қыста да, Көркемсің көктем тұста да! Шеңберге тұрады, бір-біріне жылы сөздер айтады. ҚР Президенті, ҚР Рәміздері жайлы әңгімелесу. ҚР Әнұранын шырқау. | «Тілек тілеу». Барлығымыз табиғатты сүйеміз, Үлкендердің сөзін ойға түйеміз. Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз, Бейбіт өмір баршамызға тілейміз! (Шеңбер құрып, қайталайды). Күз ерекшеліктері жайлы әңгімелесу. | - Сәлем, саған, ыстық жерім! Сәлем, саған, туыс елім! Ыстық маған ошақ үйім, Домбыраның қоңыр күйі! Бір-біріне жылулық сыйлап, достық туралы, топтың ережесі туралы әңгімелесу. | - Қайырлы таң, Алтын күн! Қайырлы таң, Жер Ана. Аман болсын, достарым, Аман болсын, ата-анам. Алтын күз жайлы әңгімелесу. | Күн жылуын аямасын, Шуағымен аяласын. Достық деген бәйтеректі, Барлық бала саяласын. Жапырақтар туралы әңгімелесу. |
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру "Күзгі жолдар үстіндегі ойындар". Мақсаты: балаларды кіші және үлкен қадаммен жүгіру; тақтайда көлденеңінен еңбектеуге үйрету. "Көңілді еңбекте" қимылды ойыны. | Қазақ тілі Қазақ тілі "Күз мезгілі. Алтын күз". Мақсаты: балалардың "күз" жайлы түсініктерін дамыту; "алтын күз" сөзінің мағынасын түсіндіру; "Кім? Не?" сұрақтарына жауап беретін зат есімді сөздер, "Не істейді?" сұрақтарына жауап беретін етістікті сөздер жайлы негізгі түсініктерін қалыптастыру. Мнемокарточкаларға негізделген сөздік жұмыс. "Күз" тақырыбына мнемокесте бойынша әңгіме құрау. Фонемо-ырғақты жаттығу "Бұлтқа". Өлеңді мәнерлеп оқу "Алтын күз". Музыка "Күз" Мақсаты: балаларды күз туралы әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білуге үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін арттыру. Дидактикалық ойын: "Балақан да алақан". | Дене шынықтыру "Еңкіс тақтайдың үстімен жүрелеп жүру". Мақсаты: балаларды сапта дене қалпын тік ұстап, педагогтің белгі беруі бойынша "Тіктел!", "Түзел!", "Тік тұр!" сөздерімен қимылдарды бұлжытпай орындауға үйрету. "Чемпион" қимылды ойыны. | Музыка "Күзге ән арнайық". Мақсаты: балалардың музыканы тыңдай білуге қызығушылықтарын арттыру; әнді тыңдай отырып, сипатын ажырата білуге үйрету. "Төмен және жоғары дыбыстар" музыкалық-дидактикалық ойыны. | Дене шынықтыру "Тақтай үстімен біз қалай жүре білеміз". Мақсаты: балаларды екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру); оң және сол қолымен көлденең нысанаға (2–2,5 м қашықтықтан) допты лақтыруға үйрету. "Кім шақырғанын анықта!" ойыны. |
2- таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау) | ||||
Серуенге дайындық | Мақсаттары: - киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру; - өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру; - шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу; - ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу; - көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Серуен | Күн-жылу мен жарық көзі. Мақсаты: күн-жылу мен жарық көзі екені жайлы түсініктерін пысықтау; талқылау, дәлелдеу біліктіліктерін дамыту; табиғатты аялауға тәрбиелеу. Зерттеу. Күнге қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсыну. - Күнге қарағанда, өзіңді қалай сезінесің? - Күнге тура қарай аламыз ба, көзімізге зиянын тигізбей ме? Педагог балаларға екі тасты алып, біреуін күннің көзіне, екіншісін көлеңкеге, яғни, жан-жағын жауып, қараңғы жерге қоюды сұрайды. Біраз уақыттан кейін, балалар күн көзінде тұрған тас көлеңкеде тұрған тасқа қарағанда қызып, жылы екеніне көз жеткізеді. Күн көзінде зат қызатынына қорытынды жасау. Еңбек тапсырмалары: кіші топ балаларына ойын аумақтарын жинауға көмектесу. Мақсаты: жасы кішіге көмектесуге ұмтылуға үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Ақ сүйек" қимыл-қозғалыс ойыны. Ойын мақсаты: балаларды ойын ережесіне сай ойнауға машықтандыру; зеректікке, қырағылыққа, дәлдікке дағдыландыру; шыдамдылыққа тәрбиелеу. Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақ сүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақ сүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек. "Ақ сүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: "Ал ақсүйекті іздеңдер, кім тез табар екен?" - дейді. Ойынның шарты бойынша ақ сүйекті тауып алған бала басқаларға білдірмей, тәрбиешіге тез әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақ сүйек өзіне беріледі. Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады. Жабдығы: ақ сүйек. "Өрт сөндірушілер оқуда" ойыны. Мақсаты: қабырғаға өрмелеу біліктіліктерін бекіту; зейіндерін дамыту. Өз бетінше еркін ойын әрекеті, алаңда шығарылған материалмен ойындар. "Шеңберді дәлде". Мақсаты: нысанаға дәлдеп тигізуге жаттықтыру. | Желді бақылау. Мақсаты: балалардың желдің қасиеттерін тануға деген қызығушылықтарын арттыру; бақылау нәтижесінде желге ауызша сипаттама беруге, іс-тәжірибелер жасауға дағдыландыру. "Түтікшемен үрлеп, лентаны желбіретейік" жаттығуы. Педагог әрбір баланың алдына түтікше мен лентаны (қағаздан қиылған жолақ та жарайды) береді. - Балалар, қазір біз қажетті күшпен үрлеуді жасап, түтікшеден желді үрлеп шығарамыз. - Мен "жел қатты соғып тұр" десем, сендер қатты үрлеп, лентаны қатты желбіретесіңдер. - Мен "жел баяу соқты" десем, сендер түтікшеге ақырын үрлеп, баяу желді білдіресіңдер. Еңбек әрекеті: ойын алаңына ағаштардан қурап түскен ұсақ бұтақтарды жинау. Мақсаты: аула сыпырушыға көмек көрсету, өзгелердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. "Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды бірігіп, шеңберде ойын ережесіне сай ойнауға ынталандыру; бір адамдай белгі бойынша, шеңбер бойымен біресе бір, біресе екінші жаққа жүріп, содан соң жылдамдықты қосып, жүгіруге дағдыландыру; вестибуляр аппаратын дамыту; ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ақырын-ақырын итеріп, Әткеншекті қозғалтамыз. Жылдам-жылдам жүгіріп, Шеңберді айналдырамыз. Д. Ахметова. Соңғы сөздерден кейін балалар жерге отырып, қолдарын босатады, демалады. Ойын бірнеше рет қайталану мүмкін. Педагог барлық балалардың бірыңғай қимылдауын қадағалап жүру керек. Шеңбер бойымен жүргізу үшін, балаларды бір жаққа бұрып, беттерін шеңбер ортасына қарату керек. Балалардың ойынды меңгерудегі басты міндеті - аса жылдам жүгірмеу. Әрбір бала қимылдау кезінде шеңбердің бір жақ бойымен жүріп, бүкіл шеңбердің жылжып жатқанын бақылайды. "Шұңқырдан аттап секіріп өт" қимылды жаттығуы. Мақсаты: балаларды ұзындыққа секіруге машықтандыру; вестибуляр аппаратын, күш-жігерін дамыту. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар. Мақсаты: қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы қосылуға тәрбиелеу. | Суды бақылау. Мақсаты: балаларға сумен ұқыпты жұмыс істеуді дағдыландыру; судың қасиеттері жайлы түсініктерін нақтылау; судың табиғи сұйық зат екендігіне көз жеткізу; ұғымталдыққа тәрбиелеу. Бақылау барысы. Судың қасиеттеріне көңіл аудару. Су әртүрлі температурада болады: мұздай суық (тоңазытқыштан мұздар текшелері), жылы (қолды жуғанда) және ыстық (шәйнекте су қайнатылғанда). Су күннің көзінде ысыйды. Ыстық күнде бассейнде су тез қызады. Тоғандағы, өзендегі, көлдегі су қызады, сондықтан жазда адамдар шомылуға барады. Қыста су қар, мұз күйінде болу мүмкін, ұстаса - өте суық. "Шәйнектен қандай сұйық құйылды?" жаттығуы. Мақсаты: балаларды суреттердегі шәйнектерге қарап, әрқайсында шәйнектен кесеге қандай сұйық құйылып жатқанын анықтауға дағдыландыру; түстерді қабылдау, ой-қиял, сөйлеу қабілеттерін дамыту. - Балалар, шайды біз сұйыққа жатқызамыз. Шәйнектен тек шай сұйығы ғана құйылмайды, сол сұйықтарды қалай білетіндеріңді көрейік. Педагог балаларға шәйнектен қандай сұйықтың құйылғаны туралы сұрайды. Құралдары: бірнеше бір-біріне ұқсас суреттер: бірінен су құйылып жатыр, екіншісінен - сүт, үшіншісінен - кофе, төртіншісінен - қара шай, бесіншісінен - лимонад. Жаттығуды шынайы түрде іс-тәжірибеде көрсетуге болады. Сонда құралдар ретінде стақандарға құйылған: шай, кофе, лимонад, сүт, су қолданылады. "Ақ серек, көк серек" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды ойын шарты бойынша ойнауға, мұқият және белсенді болуға; батылдыққа, жылдамдыққа, жеделдеп жүгіруге баулу; балалардың тіл байлығын жетілдіру, достық қарым-қатынастарын дамыту. Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып, тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады. - Ақ серек, көк серек, Бізден сізге кім керек? Екінші топтағылар ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Ескерту: педагог ойын ойнау алдында қауіпсіздік ережелерін қайталап, нұсқау беру тиіс. "Жыланша" қимылды ойын-жаттығуы. Мақсаты: бастаушының және бір-бірінің соңынан бағыттарды өзгертіп, тізбекті үзбей, арақашықты сақтап, жүгіре білу қабілетін жетілдіру. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар. Мақсаты: қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы қосылуға тәрбиелеу. | Мысықты бақылау. Мақсаты: балалардың үй жануарлары, мысық жайлы білімдерін нақтылау, сипаттау мәтінін құрастыра білуге машықтандыру; есте сақтау қабілеттерін, байқампаздықтарын дамыту; жан-жануарларды тануға, деген қызығушылыққа, оларға қамқорлық танытуға тәрбиелеу. Көркем сөз. "Мысық". Үстінде үйдің Тұр еді мысық. Қасына келді Бір торғай ұшып. бассалмақ болып, Ыршыды мысық. Жалт берді торғай, Пыр етіп ұшып. Биіктен жерге Топ ете түсіп, Мысықтың қалды Жамбасы ісіп. Б. Соқпақбаев Еңбек әрекеті: ойын алаңындағы ұсақ қоқыстарды жинап, шығару. Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Мысық пен тышқан" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды ойын шартына сай ойнауға, рөлді дәл атқаруға бейімдеу; зеректікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, жалтарып жүгіруге машықтандыру; шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. "Мысық" пен "тышқанды" балалардың қалаулары бойынша немесе санамақ арқылы тағайындауға болады. Ойын басталар алдында кейіпкерлер шеңбер сыртында бір-бірінен алшақ тұрады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады: - Мысығымыз момықай, Жүреді аулада андамай. Тышқан көрсе - бас салады! Кім тышқанды құтқарады? Осы сөздерді айтып, балалар тоқтайды да "мысық" "тышқанды" қуалап кетеді. Балалар қол ұстасып, қажеті болса, қолдарды жоғары көтеріп, "тышқан" үшін ұяға жол ашып беріп жатады. "Мысық" ұяға кіріп кетсе, ары қарай өткізбес үшін, қолдарды төмен түсіріп, жолды жауып қояды. Ойынға қатысушы балалар өте зерек болу керек, біресе қолдарды көтеріп, біресе түсіріп, "мысық" пен "тышқанның" қуаласпағын реттеп жату - басты міндеті. "Тышқан" ұсталынса, кейіпкерді ауыстыруға болады. "Кім қапшаны алыс лақтырады?" қимылды ойын-жаттығуы. Мақсаты: балаларда белгі бойынша әрекет ету біліктіліктерін дамыту, оң және сол қолымен қапшықты алысқа лақтыруды, жүгіруді, түсті тануды жаттықтыру. Еркін ойындар: шығарылған материалдармен ойындар, қимыл-қозғалысты дамыту, секіртпеден секіру. | Аспанды бақылау. Мақсаты: балаларды аспанның ашық не бұлтты екенін анықтап; бұлттарды белгілі бейнелерге ұқсас екендігін байқауға машықтандыру; ой-қиялын, зейінін, бақылау қабілетін дамыту. Көркем сөз. "Аспанда". Аспан малға толып кетті - Бұлттар түлік болып кетті: Бір бұлт шықты ешкі болып, Бір бұлт шықты мешке болып. Бір бұлт шықты бие болып, Бір бұлт шықты түйе болып, Бір бұлт шықты шошқа болып, Бір бұлт шықты қошқар болып.я Қ. Мырзалиев Еңбек әрекеті: ағаштағы құрғақ бұтақтарды жинау. Мақсаты: құралдарды қолдануды үйрету, еңбек біліктіліктерін дамыту. "Қу түлкі" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балалардың ойын шарттарына сай ойнай білу, “Мен - түлкі!” сигналы бойынша қолға түспей, жалтарып, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту (қалыптастыру, жетілдіру); қимылдарды үлестіруге, ептілікке тәрбиелеу. Балалар кіші шеңберге жиналады. Олар педагогтің нұсқауы бойынша көздерін жұмады, ал жүргізуші-педагог балаларды шеңбер сыртында жүріп, кез келген баланы сәл түртіп қалады. Осыдан бері педагог таңдаған бала "қу түлкі" болып саналады. Ал ойыншы-балалар болса, жан-жақтарына қарап: "Қу түлкі, сен қайдасың?" - деп, үш рет сұрайды. Соңғы сұрақтан кейін бұдан бері жасырынып тұрған "қу түлкі": "Мен мындамын!" - деп дауыстайды. Осы жерден бастап, балалар жан-жаққа "қу түлкіден" қашып құтылу керек. "Қу түлкі" кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады. "Үш табан" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды мергендікке, шыдамдыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу; асықты қолда қолда еркін ұстап, ойын алаңында белгілі қимылдарды жасауға дағдыландыру. Ойынға үш-төрт бала қатыса алады. Ойынды алаңның бірнеше жерінде бірнеше топ балалар үшін ұйымдастыруға болады. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар. Мақсаты: қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы қосылуға тәрбиелеу. |