Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 103
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Түскі ас | Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары | Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру; Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Бесін ас | Алдына қойған асқа назар аударту; дастархан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу. "Күз туралы тақпақты құрастыру". Мақсаты: балаларда тақпақ, өлең туралы негізгі ұғымдар қалыптастыру, көркем сөз үлгісінің қара сөзден айырмашылығын таныту; "күз мезгілі" ұғымына жататын табиғаттағы өзгерістері, құбылыстарды пысықтау. Жаттымақ жаттығуы. "Күз суық, сары көйлекті". Сюжеттік-рөлді ойын: «Шаштараз». Мақсаты: балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әртүрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу. | Сурет салудан ойын-жаттығу "Күзгі саябақтағы жапырақтардың түсуі". Мақсаты: балаларды жапырақ пішінін қою бояумен бояп, қағаз бетіне бедерін басу техникасымен таныстыру; жапырақтың бетіне күздің ашық бояуларына араластырып бояп, қағаз бетіне басып, жапырақтың нақтылы ізін қалдыруға дағдыландыру. Дамытушы жаттығу. "Бұл қандай ағаштың жапырағы?". "Жүгіріп қағып ал" қимылды ойыны. Балалар ойын алаңында еркін тұрады. Тәрбиеші үлкен әдемі доппен балаларға қарама-қарсы тұрады (қашықтығы 1,5-2 м). Тәрбиеші «Бір лақтырамын, екі лақтырамын, үш лақтырамын, кім жүйрік қағып алсын!» - деп допты лақтырады да өзі қағып алып: «Қаға алмадыңдар қайта жүгіріңдер,» - дейді. Балалар өз орындарына қайта барып тұрады. Ойын жалғасады. Ойын кезінде балалардың қағып алуына мүмкіндік жасап, қойып жүреді. Қалған балалар соңына еріп жүреді. | Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Күзгі жапырақтар шоқтары". Мақсаты: балалардың заттардың бірден төртке дейінгі сандарға сәйкес жиындар жөніндегі түсініктерін қалыптастыру. Дамытушы жаттығу. "Күзгі бояу". Дидактикалық ойын "Басқаша айт". Мақсаты: жалпылама ұғымдарды бекіту (мұғалім балаға допты лақтырып, жалпы ұғымды атайды, бала допты кері лақтырады және түр ұғымын атайды: ойыншық-қуыршақ, жиһаз-үстел) Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Алтын жапырақ". Мақсаты: балаларды күз маусымының өзгерістерімен таныстыру. Дидактикалық ойын: "Жапырақтарды түсіне қарай топта". | Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Алтын күз". Мақсаты: балаларды "Алтын күз" өлеңінің мазмұнымен таныстыра отырып, тақпақты мұқият тыңдауға үйрету. Дидактикалық ойын: "Жапырақтарды ажырат". Театрды сахналау. "Қызыл телпек" ертегі желісін маскамен сахналау. Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Саңырауқұлақтар". Мақсаты: екі бөлшектен тұратын заттарды, оларға тән пішіндерін бере отырып , сомдай біліктерін нығайту; жұмыс кезінде қырнауышты дұрыс пайдалануға үйрету. | Құрастырудан ойын-жаттығу "Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат". Мақсаты: балаларды жасымықтан саңырауқұлақтың қалпақшасын, қарақұмықтан саңырауқұлақтың түбіртегін, құрмадан саңырауқұлақ орналасқан шөпті құрастыруға үйрету. «Балықшы». Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер: аквариум суреті, балықтар. Ойынның барысы: балалар суреттегі аквариумнан балықтарды аулап алады да, балық қандай түсті екендігіне айтады. |
Балалармен жеке жұмыс | «Әдемі кілемшелер». Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін үрдістерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. Ойынның мазмұны: балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды. | Жаңылтпаш жаттайық. 1) Доп деп, Дөп теп. 2) Қапыда ит қапты, Қатты қапты, Қапты қатты. 3) Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар. | Кел, жазайық. Мақсаты: тиянақтылыққа, көркем жазуға, қалам ұстауға үйрету. Үзік сызықтарды салу білігін бекіту. Балаларға үлгілер таратылады. Суреттер мен жазулар үзік сызықтар арқылы беріледі. | Артикуляциялық жаттығу. 1) Ара болсаң, ызыңда З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж Жұмыс істе, тығылма. - Ара қалай дыбыстайды? (з- з-з) - қатты\жай 2) «Зе-зе-зе, зе-зе-зе – бұл шынылы терезе», «За-за-за, за-за-за – үйдің іші тап-таза», «Зу-зу-зу, зу-зу-зу – күрекпен жерді қазу», «Са-са-са, са-са-са – ызыңдайды маса. | 10-ға дейін кері қарай санауды бекіту. Геометриялық денелерді дұрыс атап, ажырата білуге үйрету. |
Серуенге дайындық | Балалардың өз бетінше, жүйелі киінуін бақылау. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Серуен | Серуенге деген қызығушылықтарын ояту. "Алтын күз" тақырыбында жеке әңгімелесулер. | ||||
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Кешкі ас | Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. Музыкалық аспаптармен ойындар. Еркін ойындар. Қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамытатын ойындар. Кітаптарды санау, өлшеу, салыстыру. Театрландырылған қойылым. "Алма" ертегісі Мақсаты: балалар жадында ертегі мазмұнын қайта жаңғырту, есте сақтау, ойлау, эмоциялық, ым-ишаралық, коммуникативтік қабілеттерін дамыту. Керекті құрал-жабдықтар. Алма пішіні, костюмдер, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері (қоян, қарға, аю, кірпі). Барысы. Педагог балаларға "Алма" ертегісінің мазмұнын қайталатады. Балалар өз қалауы бойынша кейіпкерлерді таңдайды, кейін кейіпкерлер костюмдарын киіп, өз орындарына барады. Басынан автор рөлін педагог өзі алады. Қойылым соңында педагог кейіпкерлерді бөлек қатарға тұрғызады, көрермендерге кім ненің рөлін ойнағанын таныстырады. Әртіс-балалар, көрермендерге құрмет білдіріп, бас иеді де, қошеметпен мадақтауларға ие болады. Соңында педагог балалардан, шығарманың олай аяқталғанына не себеп болғанын анықтайды, кейіпкерлердің әрекетін қысқаша талдап береді. | ||||
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес) | «Жеке бас гигиенасының басты ережелері», «Достарымыздың арасында өзімізді қалай ұстау керекпіз?» тақырыптарында әңгіме жүргізу. | «Отбасымен серуендеу» атты тақырыбында көрме ұйымдастыру. | Жоба: "Жомарт күз" атты тақырыпта көрме ұйымдастыру. | «Айына бір рет отбасы күнін өткізу». | "Баланың серуенін қалай ұйымдастырамыз" тақырыбында ата-аналарға кеңес. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 10.10 - 14.10 2022-2023 оқу жылы
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі 10.10.2022 | Сейсенбі 11.10.2022 | Сәрсенбі 12.10.2022 | Бейсенбі 13.10.2022 | Жұма 14.10.2022 | |||||
Балаларды қабылдау | Балаларды қабылдау: балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балабақша туралы сұрақтар қою. Сөйлеуді дамыту | Әнұран айту. Еліміздің рәміздері жайлы әңгіме жүргізу. Көк байрақтың кескінін жапсыру. Қоршаған ортамен таныстыру | Бақша ауласындағы көкөністермен таныстыу. Жақсы көңіл күй сыйлау. Қоршаған ортамен таныстыру | Әнұран айту. Балалармен әңгімелесу Күз мезгілінде қандай құбылыстар болатынын балалардан сұрау. Көркем әдебиет | Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту Сөйлеуді дамыту | |||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен әңгіме: Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата –анамен әңгімелесу. Ата –аналармен қарым –қатынас мәдениетін орнату. Күн тәртібін сақтауға дағдылану. | Ата-аналармен әңгіме: Ата- аналарға балаларын таңертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту. | Ата-аналармен әңгіме: Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру. | Ата-аналармен әңгіме: Ата –аналарға баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру. | Ата-аналармен әңгіме: Ата –аналарға керекті құрал –жабдықтарды әкелуін өтіну. | |||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер) | «Жұбын тап» ойыны Міндеті: Балалардың алдына екі бөлікке бөлінген жұмыртқа-ларды беріп, түстерін тауып сәйкестендіруге үйрету. Математика негіздері «Көңілді қалам» Балалармен бірлесіп плакатта сурет салу (сурет салу) | «Көңілді көліктер» Көліктің дөңгелегін орналастыру (ұсақ қол мотори-касына арналған ойындар) Қимылды ойын: «Жемістерді тер» Қоршаған ортамен таныстыру | «Көңілді бояулар» Міндеті: Суреттерді бояу. Балаларға қарындашты оң қолмен ұстай білуге дағдыландыру Сурет салу | «Бауырсақ» ертегісі Міндеті: Балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту. Атрибутпен ертегіні айтып беру. Көркем әдебиет | Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойын-дарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары (ұсақ қол моторика-сына арналған ойындар). | |||||
Таңертенгі жаттығу | Жалпы дамыту жаттығулары. 1) Б. қ: таяқ жерде, 1- таяқты жоғары көтеру, оңға қарай. (6-8 рет қайталау) 2) Таяқты тік ұстау, қол таяқтың жоғары басында, 1-тез қолды көтеріп шапалақтау; 2. а. қ. (6-8 рет қайталау) 3) Аяқты алшақ ұстау, таяқша төменде 1-2 алға қарай еңкею, қолды жоғары көтеру, қолға қарау; 3-4 а. қ. (6-8 рет қайталау) 4) Тіземен отыру, таяқ қолда артта 1-артқа қарай иелеу, өкшеге тию дем шығару. 2. а. қ. дем алу. 5) Б. қ: таяқ төменде екі қолмен екі шетінен ұстау; 1-2 таяқты жоғары көтеру, артқа апару 3-4 а. қ. (6 рет қайталау) 6) Б. қ: отырып, аяқты бүгіп ұстау таяқшаның алдында, қолмен арттан біреу 1-таяқшаның үстімен аяқты жіберіп, түзету дем шығару 2. Б. қ. ( 5-6 рет қайталау) 7) Таяқшаның үстімен жанымен секіру ( алға, артқа). | |||||||||
Таңғы ас | Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті) Асың, асың, асыңа, Бақыт қонсын басыңа, Дастарханың мол болсын, Көңіл күйің жай болсын. Астарың дәмді болсын! Ботқаны тауысып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету. | |||||||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту) Ұйымдастырылған іс әрекет тақырыбына сай ойындар ойнату. | |||||||||
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру | Музыка | Дене шынықтыру | Музыка | Дене шынықтыру | |||||
Дене шынықтыру «Қатарға бірден сапқа тұру» Мақсаты: Сапқа, тізбекке тұру, бастаушыға қарап түзелу, орында жұптасып тұру; музыкаға сәйкес өкшеден аяқтың ұшына ауыса, қысқа адым және кең адым мен шашырап жүгіру. Бір-біріне доп лақтыру. Тізенің арасына доп қыстырып секіруге үйрету Қимылды ойын «Көңілді доп» Мақсаты: Балаларды жылдам дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәр-биелеу | Қазақ тілі Тақырыбы: Біз тұратын көше Мақсаты: Балаларға өздері тұратын көшелердің аттарын атай білуге үйрету.Сөздік қорларын молайту,тіл мәдениетін жетілдіру. Музыка Мақсаты: Театр арқылы дыбыстарды таза айтқызу, тыңдау, «жоғары» және «төмен» дыбыстарын айыру, екі бөлімді әнді ажырата білуге үйрету. | Дене шынықтыру «Қатарға екіден сапқа тұру» Мақсаты: екіден сапқа тұру, шашырап жүгіру, сапта өз орынын таба жүгіру, белгілі қашықтыққа жүгіруге жаттықтыру. Заттардан аттап жүруде тепе-теңдік сақтау. секіртпемен еркін секіруге үйрету. Қимылды ойын Қасқыр мен лақтар Мақсаты: Балалар-ды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. | Музыка Мақсаты: Театр арқылы дыбыстарды таза айтқызу, тыңдау, «жоғары» және «төмен» дыбыстарын айыру, екі бөлімді әнді ажырата білуге үйрету. | Дене шынықтыру 1 Дене тәрбиесі «Сапқа тұру, қолды алға созып түзелу» Мақсаты: сапқа тұру, шашырап жүгіру, сапта өз орынын таба жүгіру, белгілі қашықтыққа жүгіруге жаттықтыру. Заттардан аттап жүруде тепе-теңдік сақтау. Қимылды ойын «Түлкі мен қаздар» Мақсаты: Түлкі мен қаздың қимылын жасауға,үйрету,жыл-дамдыққа баулу. | ||||||
2-ші таңғы ас | 2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, еңбек әрекеті, (кезекшілік) Тамақтану (балалардың үстел басында дұрыс отыруын қадағалау, алаңдамау (сөйлеуді дамыту, коммуникативтік әрекет). | |||||||||
Серуенге дайындық | Серуенге ойын құралдарын дайындау. | Балалалардың серуенге деген қызығушылықтарын туғызу, балалармен жеке әңгімелесу. | Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. | Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау. | Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты).Ауа –рай құбылыстары жайлы әңгіме жүргізу. (Қоршаған ортамен танысу) | |||||
Серуен | Бақылау:Құстардың қысқы тіршілігін бақылау. Мақсаты: Құстардың күзгі тіршілігін қадағалай отырып, кейбіреуінің жылы жаққаұшып кететіндігі, ал кейбіреуінің қыстап қалатындығы туралы түсінік беру. Еңбек: «Біздің ойыншықтар». Жеке жұмыс: Тақпақ: «Құстар қайтып барады». Қимылдық ойын: «Жүзік салу» Мақсаты: Зейін қойып тыңдауға үйрету. | Бақылау:Ауа-райын бақылау. Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау. Еңбек: «Таза алаң». Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік». Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи». Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру. | Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау. Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау. Еңбек:Жапырақтардан гүл шоғын жасау Жеке жұмыс: «Күзгі жапырақ» тақпақ Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар сезгендей. Желмен ұшып барады, Жерге қонып үлгермей Қимылдық ойын: «Монданақ». Мақсаты: Қимыл қозғалысын дамыту | Бақылау: Күнді бақылау. Мақсаты: Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да қажеттілігін ашу. Еңбек: Гүл шоғы. Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам» Қимылдық ойын: «Үрпек төбет» Мақсаты: Тез жүгіре білуге үйрету, жылдамдыққа , батылдыққа тәрбиелеу | Бақылау: Тұманды бақылау. Мақсаты: Күздегі тұманды бақылау , тұманның қайдан пайда болатынын түсіндіру. Еңбек: Ағаштардың түптерін қопсыту. Жеке жұмыс: Мақал-мәтел. Таза болса- табиғат, Аман болар –адамзат. Ойын: «Біз кішкене отбасы» Мақсаты: Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету. | |||||
Серуеннен оралу | Балаларға киімге ұқыпты қарау керектігі жайлы әңгіме жүргізу. «Ұқыпты бала» әңгімесі (Сөйлеуді дамыту) | Балалардың саппен топқа оралуы, сапта екі-екіден жүруге дағдыландыру. | Серуеннен келгеннен кейін киімдерін ұқыпты ілуді қадағалау. Қолдарын жууға үйрету. | Серуеннен ішке қатармен, саппен жүруді үйрету. Балаларға қимылды ойын түрінде үйрету. Қимылды ойын: «Сапқа тұр» Мақсаты: Балаларды қатарға, сапқа тұруды көрсету. | Балалардың ұйымшылдықпен топқа оралуы киімдерін шешіп шкафтарына орналастыру. | |||||
Түскі ас | Астарың дәмді болсын! Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету. | Ойын- жаттығу: Астың алды үнемі, Сабынмен қол жуамыз, Таза болды мұнтаздай, Тағамға қол созамыз. | Бата беру Астарыңа адалдық берсін! Бастарыңа амандық берсін! | Кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою) «Ас – адамның арқауы» Мақсаты: Балаларға тамақтану әдебі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. (Көркем әдебиет) | Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу, Ас қайыру Дастарқаныңа береке берсін! Бастарыңа мереке берсін! Әумин | |||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Ана мен бала» музыкасын тыңдату | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Үйшік» ертегі | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Құлыншағым» музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы жағдай жасау «Түлкі мен тырна» ертегі | «Сандар» әнін тыңдату. | |||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут) Созылу. Б.қ. арқада жатып қолымызды жоғары көтеріп басымыздан асырап төсекке түсіреміз, көзімізді ашып жұмамыз ( 2- 4 рет) Ойын «Жаз бен күз» оң жаққа қарап жатып күз дегенде тіземізді құшақтап алу, күзде суық тонамыз , жаз дегенде керілеміз ( 3- 4 рет) | Көзімізді уқалау. Күзде күн суыды , молдас құрып отырып алақанымызды уқалап жылытамыз, жылы алақанымызбен бетімізді жуамыз ( 3-4рет) «Көз» туралы тақпақ: Алақанды соғайық Көзімізді ашайық Орнымыздан тұрайық Көзімізді жуайық. (Дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту) | Майтабанның алдын алу. ( 2 минут) Арнайы жолдармен жүру, дымқыл жолмен жүру. | Орындыққа отырып екі аяғымызды алдыға созып башпайларымызды бүгу, босату (4-5 рет) Орындыққа отырып екі аяғымызды алдыға созып өзімізге қарай тарту (4-5 рет) | Орындыққа отырып екі аяғымызды жерге қойып башпайымызды жоғары көтеру, өкшеміз еденде ( 4-5 рет) Жіпке байланған көбелектерді үрлеу ( 4-5 рет) | |||||
Бесін ас | Бір- біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу, балалардың назарын тағамға аудару. | Балалардың назарын тағамға аудару. | Тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру. | «Бата айтып», «Ас қайтаруды» үйрету. (Көркем әдебиет) | Ас мәзірімен таныстыру, балалардың назарын тағамға аудару. | |||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | «Менің балабақшам» Суреттер әлеміне саяхат Қоршаған ортамен таныстыру | «Пішіндерді орналастыр және суретін сал» ойыны Мақсаты: пішіндерді ұяшықтарға түстеріне және көлеміне сәйкес орналастырады. Дөңгелек пішінді мүсіндеу. Математика негіздері | «Өз үйін тап» ойыны Мақсаты: үлкен – кіші ұғымдары туралы түсінік беру. Математика негіздері | «Өз орнын тап» ойыны Мақсаты: түстерді тануға үйрету. | Үстел -үсті ойыны пазл: «Үйшік құрастыр» Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту. Құрастыру | |||||
Балалармен жеке жұмыс | Саусақ жаттығуы: «Қоңырау» Сыңғырлайды қоңырау, Сыңғыр-сыңғыр етеді. Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту. Әдемі мен Дарига | (Көркем әдебиет) «Менің ойыншықтарым» М.Әлімбаев Өлең жолдарын түсіне отырып, жаттау қабілеттерін жетілдіру. Ойыншықтарды атай отырып сипаттауға, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқа әңгіме құрастыра білуге үйрету. Абдулғани мен Хадиша | Саусақ жаттығуы: «Қоянның құлағы» Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту. Алима мен Айбын | Сөйлеуді дамыту «Екі дос» (өлең) Қадыр Мырза Әли Мақсаты: Құрдастарымен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету, ойында және қарым-қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Сафия мен Софи | Саусақ ойыны: Саусағымда сақина Санап көрші кәнеки 1,2,3 Бір, екі үш Демалайық жинап күш. Стас пен Байбек | |||||
Серуенге дайындық | Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау. Балаларды реттілікпен киінуге дағдыландыру. | Құмнан түрлі құрылыстарды құрастыру үшін формаларды дайындау. | Серуенге шығамыз деген нұсқаумен барлық балалар орындарына тұру. Еңбек құралдары ойыншықтарын далаға алып шығуға дайындап қою. (Қоршаған ортамен танысу) | Балаларды реттілікпен киінуге дағдыландыру. | Өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту тақырыбына жеке әңгімелер өткізу. | |||||
Серуен | Картотека қортындылау | Картотека қортындылау | Картотека қортындылау | Картотека қортындылау | Картотека қортындылау | |||||
Серуеннен оралу | Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті | |||||||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Түрлі балалар әрекетінде (ойын, қимылдық, танымдық, шығармашылық, зерттеу ,эксперимент, еңбек, балалардың дербес әрекеті, өзіне-өзі қызмет ету ) іске асырылады | |||||||||
Балалардың үйіне қайтуы | Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 17.10 - 21.10 2022-2023 оқу жылы
Апта күндері | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Күн тәртібі | 17.10.2022 | 18.10.2022 | 19.10.2022 | 20.10.2022 | 21.10.2022 |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Медбике және психологпен бірлескен жұмыс. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Өз төсегімізді жинауды үйренеміз". Мақсаты: балалардың өз төсегіне күтім жасау бойынша біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; ұқыптылыққа, басқа біреуге көмектесуге ұмтылуға тәрбиелеу; еңбекке ұқыпты қарауға тәрбиелеу; өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша дербестігі мен дағдыларын дамыту. | Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру, ойын бұрышындағы кезекшілікті атқаруға үйрету. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. "Бөлме өсімдіктерін жуу". Мақсаты: балаларға суару әдістері (тегенде, жапырақтардың астынан) және ережелер (толтырмай, біркелкі суару) туралы түсінік беру; өсімдіктерге күтім жасау ниетін дамыту. Балаларды қолжетімді көмекке тарту, жабық өсімдіктер туралы балалардың ойларын нақтылау. | Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. "Бөлме өсімдіктерін суғару". Мақсаты: өсімдіктердің жарық пен ылғалға деген қажеттіліктері туралы балалардың білімдерін кеңейту, ылғалды сүейтін және құрғақшылыққа төзімді, фотофильді, көлеңкеге төзімді өсімдіктерді жапырақтарынан қалай тануға болатындығын үйрету. Сумен және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті, еңбек дағдыларын дамыту. Қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. | "Орындықтарды жуу" Мақсаты: балаларды тәрбиешінің көмекшісіне жәрдемдесуге, топтық бөлмедегі орындықтарды таза ұстауға үйрету, оларды дымқыл шүберекпен сүртіп, орындарына қоюды үйрету. Еңбек дағдыларын дамыту, жұмыс кезінде мәдени -гигиеналық талаптарды сақтау қабілетін қалыптастыру. Ересектерге көмектесуге деген ынтаны, олардың жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу. | Балабақшадағы еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйрету. Ертегілер мен әңгімелердің кейіпкерлері арқылы «Еңбек түбі – зейнет» ұғымын түсіндіру. Үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу. Мысалы: «Бір уыс мақта», « Бұзау бақтым», Қайдан келдің бауырсақ?» деген әңгіме, ертегілер арқылы балаларға барлық заттардың еңбекпен келетіндігін түсіндіру. "Жабық өсімдіктерді бүріккіш пистолеттен сумен бүрку". Мақсаты: жаңа еңбек дағдыларын үйрету; балалардың жапырақтарға ылғал қажет деген түсінігін бекіту; өсімдіктерге ұқыпты қарауды тәрбиелеу. Балаларға өсімдіктерді суару қажеттілігін өз бетінше анықтауға үйрету (топырақтың түсі мен күйіне, өсімдіктің пайда болуына байланысты), суару техникасын еске түсіру. |
"Не артық?" дамытушылық ойыны. Мақсаты: балаларды заттарды шарттарда берілген белгілер бойынша жіктеуге машықтандыру; ойлау қабілеттерін дамыту. Құралдары: түрлі заттар мен ойыншықтар немесе заттық сурет-карточкалар. Педагог түрлі заттарды немесе суреттерді төртеуден тізбекке қояды немесе салады. Әрбір төрт зат немесе суреттің арасында біреуі артық болып саналады. Артықты табу үшін балалар төрттің арасынан бәріне ортақ қасиеті жоқты іздеп атайды. Саусақ жаттығуы. "Ыдысты қалай жуамыз?". Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту; балалардың қарапайым дағдыларын жетілдіру. Біз көмекші болып жүреміз, (Бас бармақтарды көрсету) Жеңімізді кезегімен түреміз. (Женді түргенге еліктеу) Қолға табақшаны алып, (Саусақтарды созып, екі алақанды, айқастыра, бірі-біріне уқалау) Уқалап, жуып береміз. Кесе - екі қос алақандай, (Саусақтарды қосып, бірыңғай бүгіп, екі қолды қырынан қосып, "тербету") Шұңғыл алтын айдай. Қолға кесені алып, (Жұдырықтармен, қолдарды алмастырып, алақан ортасына басып, айналдыру) Айналдырып, жуып береміз. Д. Ахметова. | Үстел үсті ойыны. «Мозаика». Мақсаты: балаларға берілген суреттердің бөлігін тауып орналастыра білуге үйрету. Тапқырлықа баулу. Саусақ жаттығуы. «Он саусақ». Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алма жіпті де. Екі саусақ бірікті Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды ... Өнерлі екен он саусақ! Қала салсақ, жол салсақ.... М.Әлімбаев | Дидактикалық ойын "Баспанасын тап". Мақсаты: жануарлар мен жәндіктер туралы балалардың білімдерін бекіту. Ойын шарты: допты әр балаға кезекпен лақтыра отырып, мұғалім сұрақ қояды, ал допты қайтарған бала жауап береді. "Айналамыздағы геометриялық пішіндер" дамытушы ойыны (заттар). Мақсаты: балалардың қоршаған заттар, геометриялық пішіндер туралы түсініктерін пысықтау; ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін жетілдіру. Құралдары: шеңбер, сопақша, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш сияқты пішіндер; геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың кескіндері. - Балалар, қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? (Дөңгелек, сопақша, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш). - Алдарыңдағы суреттерде салынған заттарды атап көрейік. (Балалар заттарды атайды) - Оларды қандай бір сөздермен біріктіреміз? (Жиһаз, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, киімдер.) - Суреттегі заттарды өзіне ұқсас геометриялық пішінмен үстін бастырып қойыңдар. "Моншақтарды жинаймыз" дидактикалық ойыны. Мақсаты: геометриялық пішіндерді екі қасиеті бойынша (түсі мен пішіні, көлемі мен пішіні, көлемі мен пішіні) топтастыру біліктіліктерін қалыптастыру, пішіндердің кезектесуіндегі қарапайым заңдылықтарды көру. | Дидактикалық ойын «Зат неге ұқсайды?». Мақсаты: балаларды бөлме ішіндегі заттардың қандай пішінге ұқсайтынын ажыратып айта білуге үйрету. "Домино" дидактикалық ойыны. Мақсаты: баланың топтамалар жайлы білімдерін дамыту, пысықтау; сәйкес заттың бейнесін тауып дұрыс ататқызып, оның атқаратын қызметі жайында бір сөйлемді құрастыруға дағдыландыру; қабылдау, зейін, ойлау қабілеттері, ұсақ қол моторикасын желітдіру. Ойын шарты. Суреттері сәйкес келетін карточкалардың біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады. Қажетті құралдар: бірдей қос суреттер, әртүрлі объектілердің бейнеленген көлемдері 5×6 см карточкалар. | Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап». Мақсаты: балаларды әр құстың көлеңкесін тауып орналастыруға үйрету. Сөйлеу тілін дамыту. Құстардың атауын атап, сипаттауға үйрету. "Не өзгерді?" дамытушылық ойыны. Мақсаты: саналы логикалық есте сақтауды және зейін бөлуді қалыптастыру. Құралдар: түрлі ойыншықтар топтамасы. | |
Таңертенгі жаттығу | Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, таяқшаны қолмен ұстау. 1-таяқшаны алға созу; 2-оң қолды төмен түсіріп, сол қолдағы таяқшаны тігінен ұстап, жоғары көтеру; 3-таяқшаны алдыға созып ұстау; 4-сол қолды төмен түсіріп, таяқшаны оң қолға ауыстырып, таяқшаны жоғары көтеру; 5-таяқшаны алдыға созып ұстау; 6-бастапқы қалыпқа келу. Бастапқы қалып: аяқтың арасын ашып тұру, екі қолды шынтақтан бүгіп, таяқшаны кеуде тұста ұстау. 1-2-алға иілу, еденге қолды тигізу; 3-4- бастапқы қалыпқа оралу. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, таяқша еденде жатады. 1-оң аяқпен таяқшаны аттап, алға бір адым жасау; 2-сол аяқты оның қасына алып келу; 3-оң аяқпен таяқшаны аттап, артқа бір адым жасау; 4-сол аяқпен артқа бір адым жасау. Бастапқы қалып: тізерлеп тұру, таяқшаның екі шетінен ұстап, жауырынға қойып тұру. 1- таяқшаны жоғары көтеру; 2-оңға иілу; 3-түзу тұрып, таяқшаны жоғары көтеру; 4-бастапқы қалып. Дәл солай сол жақпен орындалады. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Таңғы ас | Балалардың беті-қолын жуып, таңғы асқа отыру. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті-қолды жуу. Ойын- жаттығу: Ас атасы - нан. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен. Бір түйір нанның қадірін, Тарыққанда білерсің. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Бидай туралы әңгімелесу. Балаларға 1-ден 4-ке дейін санауды ұсынады. Саналғандар реттік сандарына сәйкес 4 топқа бөлінеді. | "Нан қалай пайда болады?" суреті бойынша, әңгіме құрастырып айтып беруге үйрету. | Нанның піскеніне дейінгі еңбек туралы әңгімелесу. | Ұннан жасалатын тағам түрлері туралы әңгімелесу. Балалар киімдерінің түстеріне қарай 4 топқа бөлінеді. | "Ас атасы - нан" тақырыбында әңгімелесу. |
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру "Мергендер жарысы". Мақсаты: балаларды сапқа құрылымын өзгертіп қайта тұруға; 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіруге үйрету. "Алыптар мен құртақандар"қимылды ойыны. Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Еркежан әжей тақпағын мәнерлеп оқу". Мақсаты: балаларды тақпақты толықтай мұқият тыңдауға, мазмұны бойынша сұрақтарға, мәтін жолдарымен жауап беруге машықтандыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. "Нан өнімдері" дүкені. Рөлді және сөздік ойыны. | Қазақ тілі Қазақ тілі "Сиқырлы бауырсақтар". Ыдыстар. Мақсаты: балаларды "Сиқырлы бауырсақтар" әңгімесімен, бауырсақтың дайындалу реттілігімен таныстыру; нан туралы түсініктерін дамыту; ыдыстың жана түрлерімен олардың қолданысымен таныстыру. Сюжетті тірек суреттер бойынша мәнерлеп әңгімелеу "Сиқырлы бауырсақтар". Сергіту сәті "Астық егемін". Көлеңкелі көрнекіліктер бойынша әңгіме құрастыру. Дидактикалық ойын "Дастархан әзірлеу". Есте сақтауға арналған сөздік жаттығу "Есте сақта". "Ас атасы - нан". Музыка "Тәтті нан". Мақсаты: балалардың музыканы тыңдай отырып, сипатын ажырата білу қабілетін арттыру; әнді тыңдауда дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру. Дидактикалық ойын: "Көңілді – мұңды". | Дене шынықтыру "Алға жүрелеп жылжу". Мақсаты: алға жүрелеп жылжи отырып, екі аяғымен жерде жатқан таяқшалардан аттап, секіруге үйрету және допты аяқты қайшылап отырып-тұрып домалату дағдысын жетілдіру. "Торғай мен мысық" қимылды ойыны. Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Таба нан". Мақсаты: балаларды әңгіме мазмұнымен таныстыра отырып, нанның қасиеті мен бидайдың өзіндік ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру; әңгімені тыңдау кезінде нанның қасиетін эмоциялық сезіммен қабылдай білуге үйрету. Дидактикалық ойын: "Нан қалай пайда болады?". | Музыка "Адам еңбегіне жыр". Мақсаты: балалардың музыканы тыңдай отырып, сипатын ажырата білу қабілетін арттыру; әнді тыңдауда дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру. "Әуенді сағат" музыкалық - дидактикалық ойын. | Дене шынықтыру "Арақашықты сақтау амалдары". Мақсаты: балаларды ойлы-қырлы тақтаймен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтауға; 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіруге үйрету. "Қос аяқпен секір" қимылды ойыны. Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Сарқытты тең бөлейік". Мақсаты: балалардың бес саны туралы ұғымдарын қалыптастыру; сандардың заттардың көлеміне, түрлеріне емес, тек жиынына байланысты екенін түсіндіру. Дамытушы жаттығу. "Сарқытқа үш табақ." |
2- таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" | ||||
Серуенге дайындық | Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. | ||||
Серуен | Желді бақылау. Мақсаты: күзгі желге назар аударту. Іс-тәжірибелік әрекет: жел бағдардың көмегімен желдің күшін анықтау. Балаларға желді, жалауларға, жапырақтарға қарап бар не жоқ екендігін, қай жаққа есетінін байқату. "Түтікшемен үрлеп, лентаны желбіретейік" жаттығуы. Педагог әрбір баланың алдына түтікше мен лентаны (қағаздан қиылған жолақ та жарайды) береді. - Балалар, қазір біз қажетті күшпен үрлеуді жасап, түтікшеден желді үрлеп шығарамыз. - Мен "жел қатты соғып тұр" десем, сендер қатты үрлеп, лентаны қатты желбіретесіңдер. - Мен "жел баяу соқты" десем, сендер түтікшеге ақырын үрлеп, баяу желді білдіресіңдер. Еңбек әрекеті: шығарылған материалдарды жинау. Мақсаты: балаларды серуеннен кейін ретке келтіруді үйрету: ойыншықтарды жинау, себетке салу, ойыншықтарды жинау. "Орамал" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Балалар шеңбер құрып отырады, ал шеңбер бойымен бір бала жүгіреді, қолында орамалы болуы тиіс. Шеңбер бойынша отырған баланың біріне орамалды артына тастап кетуге тиісті. Бала артына бұрылып қарап, орамалды алып, орамал тастаған баланы қуып жетіп орамалды лақтырып тигізуі керек. Егер тигізе алмаса, ойынды өзі жалғастырады. Орамал тастаған ойыншы қуып келе жатқан баланың орынына отыруы керек. Қуушы бала, орамал тастаушыға орамалды тигізсе, онда ойынды орамал тастаушы бала өзі жалғастырады. "Қарға мен торғай" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: кеңістікті бағдарлауды үйрету, бір-біріне қағыспау біліктіліктерін дамыту, тәрбиешінің нұсқаулығын тыңдау; достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Дербес әрекет: еркін ойындар, шығарылған материалмен ойындар. Мақсаты: қимыл-қозғалысты дамыту, кеңістікті бағдарлай білу дағдысын қалыптастыру. | Аспанды бақылау. Мақсаты: балаларды аспандағы болып жатқан құбылыстарды ажыратуға, атауға дағдыландыру; ауа райының құбылмалы екендігін түсінуге үйрету. Балаларды түрлі табиғат құбылыстарымен: ашық, бұлтты, бұлыңғыр таныстыру. "Жаңбыр жауғанда" фонемо-ырғақ жаттығуы. Мақсаты: балаларды сөздердің ырғағына сай қимылдауға баулу; жаңбырға еліктеуге ынталандыру; артикуляцияны жаттықтыру. Жау, жау жаңбыр Жау жаңбыр! Арық суы мол болсын! Өсімдіктер мол болсын! Жауған жерін шөп болсын! Тырс-тырс! Тырс-тырс! (Бір аяқпен секіру) Тарс-тұрс! Тарс-тұрс! (Екінші аяқпен секіру) Шылп-шылп! Шылп-шылп! (Екі аяқпен секіру) Еңбек әрекеті: гүлзардағы гүлдерді суару. Мақсаты: балаларды тиісті еңбек әрекеттерін орындауды үйрету. "Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды бірігіп, шеңберде ойын ережесіне сай ойнауға ынталандыру; бір адамдай белгі бойынша, шеңбер бойымен біресе бір, біресе екінші жаққа жүріп, содан соң жылдамдықты қосып, жүгіруге дағдыландыру; вестибуляр аппаратын дамыту; ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ақырын-ақырын итеріп, Әткеншекті қозғалтамыз. Жылдам-жылдам жүгіріп, Шеңберді айналдырамыз. Д. Ахметова. Соңғы сөздерден кейін балалар жерге отырып, қолдарын босатады, демалады. Ойын бірнеше рет қайталану мүмкін. Педагог барлық балалардың бірыңғай қимылдауын қадағалап жүру керек. Шеңбер бойымен жүргізу үшін, балаларды бір жаққа бұрып, беттерін шеңбер ортасына қарату керек. Балалардың ойынды меңгерудегі басты міндеті - аса жылдам жүгірмеу. Әрбір бала қимылдау кезінде шеңбердің бір жақ бойымен жүріп, бүкіл шеңбердің жылжып жатқанын бақылайды. "Жанды лабиринт" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: тепе-теңдікті, ептілікті, қозғалыс жылдамдығын, тапқырлықты дамыту; бірлескен іс-қимылдардың реттілігін жаттықтыру. Еркін ойындар: шығарылған материалмен ойындар, топтық ойындар. Мақсаты: қимыл-қозғалысты дамыту, допты алға, қолды бүкпей беру біліктіліктерін бекіту; арақатынастарды дамыту. | Бағдарлау. Ойын алаңына экскурсия. Мақсаты: балаларды бағдарлау барысына, басынан бастап, аяғына дейін, зейін салып, қатысуға бейімдеу; дүниетанымын кеңейту; өсімдіктер әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларға балабақша ғимаратын айналып өтіп, аумағында не өсіп тұрғанын анықтауды ұсынады. Көркем сөз. "Ағаш". Қала да орман, қыр да орман. Сонау алыс жылдардан Өзен бойы, жол бойы Орман, орман ырғалған. Қаптай өскен өңірді Орман қандай өмірлі! С. Сейтхазин. Нақтылау: қайсысы ағаштар, бұталар, гүлдер. Еңбек әрекеті: жолдарды сыпыру. Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Үйректер мен аңшылар" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты. Ұйымшылдыққа, зейінділікке тәрбиелеу, өз қимыл-қозғалысын басқару біліктіліктерін дамыту, балаларды допты қозғалмалы нысанға тигізуге жаттықтыру, көру қабілеттерін дамыту. "Бояулар" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды жүгіру бағытын өзгертіп, жылдамдықпен жүгіре білуге машықтандыру; қуғыншы жете алмайтындай тырысуды, ептілікті, қозғалыс жылдамдығын дамыту; достыққа тәрбиелеу. Балалар "бояушыны" санамақ арқылы таңдайды, қалғаны "бояуларды" сомдайды. "Бояулар" белгілі жерде тізіліп отырады (тұрады). Әрбір бала, ешкімге айтпай, өзіне бояу түсін таңдайды, тек "бояушы" сұраған кезде, өзі ойлап қойған түсті естіп, ойынға кіріседі. Педагог (кейін балалардың бірі) "бояуды сатушы" болып, "бояушы" бояуды сатып алуға келген кезде сұрақтар қойып, "бояушы" қандай бояуды қалайтынын сұрап жатады. "Бояушы" алақанымен "сатушы" алақанын келісілген сан рет қағады да, "бояуды қуалап кетеді. Егер "бояу" қашып, қайтып келсе, "бояушы" бояуды сатып алуға қайта келеді. "Бояу" ұсталынса, оны сомдаған бала "бояушы" болады. "Бояушы" балалар таңдамаған түсті айтса, өзге түсті қалауға мәжбүр болады. Күрделенуі: жаттығу сөздерін жылдамдатып айтып, балаларды сол темпке бейімдетуге болады. Дербес ойындар: шығарылған материалмен ойындар, қимыл-қозғалысты дамыту, кеңістікті бағдарлай білуді, тепе-теңдікті сақтай білуді жетілдіру. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен алаңдағы ойындар. Мақсаты: қызығушылығы бойынша ойын таңдау мүмкіншілігімен қамтамасыз ету мен құрдастарымен өзара әрекет ету біліктілігін дамыту. | Аула сыпырушының жұмысын бақылау. Мақсаты: танымдық әрекеттерін белсендету; еңбек нәтижесін бағалауды үйрету. Көркем сөз. "Көше тазалаушы". Таныссың ба, бала, менің ісіммен, Көшелерді сыпыратын кісі мен. Қалған-құтқан нәрселерді жұғымсыз Сыпырғышым сыпырады тынымсыз. Ескі-құсқы шүберекті, сүйекті, Қораптарды, түймелерді, тиекті. Шиқылдаған екі жақты арбамен Апарам да аударамын орға мен. Қадыр Мырзалиев Балаларға аула сыпырушының құрал-жабдықтарын атап, сол жабдықтарды жұмыста қалай қолданытынын көрсетуге шақыру. Еңбек әрекеті: сәбилер тобындағы ойын алаңындағы гүлдерді суару. Мақсаты: суқұйғышқа, шелекке су толтыру біліктілігін дамыту, суғару кезінде суды ұқыпты пайдалану, ұжымдық жұмысты мадақтау. "Бұғы аулаушылар" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды әртүрлі бағытта жалтарып жүгіруде жаттығу, ептілікті, жылдамдықты дамыту. Балалар "бұғыларды" сомдайды, "бұғы аулаушылар" болып бір-екі бала санамақпен тағайындалады. Белгі бойынша "бұғылар" алаңның бір жағынан екінші жаққа жүгіреді, ортаңғы екі шетте тұрған "бұғы аулаушылар" қолмен түртіп, ұстап жатады. Ойынның соңынанда балалар "бұғы аулаушылар" ұстаған "бұғыларды" санайды. Ойын бірнеше рет қайталану мүмкін. "Кегльді қағып ал" жаттығуы. Мақсаты: допты тура бағытта домалатып, алшақ тұрған кегльді қағып түсіруге дағдыландыру; дәлдікке, ептілікке, зеректікке баулу. Еркін ойындар: шығарылған материалмен ойындар. Мақсаты: балаларға ойынға қажет құрылыс нысандарын тұрғызуды үйрету (үй, и т.б.); ойында табиғи материалдарды қолдану (құм, су т.б.). Ойын мазмұны мен тақырыбын байытуды дамыту. | Қылқан жапырықты ағаштарды бақылау. Мақсаты: ағаштар жайлы білімдерін бекіту, қорытындылау, салыстыру, тұжырымдай білуді дамыту; қылқан жапырақтыларды өзге ағаштардан ажырата білуге баулу. Дауылға да, аязға да, Шыдап бағар міз бақпай. Тау етегі тұрағы, Жап–жасыл боп тұрады. (Қарағай) "Қысы – жазы шешпейтін, Көйлегі бар жасылдан. Өзгертпейді еш кейпін, Жаралғандай асылдан. (Шырша) Балалардан қарағай мен шыршаны қандай белгілерге қарап ажырататындарын сұрау. Екі ағаш қылқандарының ұзындықтары мен түстеріне көңіл аударуды ұсынады. Қылқан жапырақтылардың неге солай аталатынын туралы сұрау. Адам денсаулығына, табиғаттың жандануына жағымды ықпалы туралы баяндау. Еңбек әрекеті: ойын алаңындағы табиғи материалдарды жинау. Мақсаты: еңбек етуге ниеттерін ояту, жұмысты таза және тиянақты орындау. Санамақты мәнерлеп жатқа айту жаттығуы. Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту. Бота, түйе, Құлын, бие, Торай, шошқа, Қозы, қошқар, Қодық, құлан, Көжек, қоян, Бақа, шаян, Торғай, шымшық... Сен, қал! Сен, шық! Қадыр Мырза Али. "Қойшы мен табын" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды ойын шартына сай ойнауға дағдыландыру; ойын желісіне белсенді қатысуға бейімдеу, басқарушы және ойыншы рөлдерін ойнай білуге машықтандыру; шапшаңдыққа, зеректікке, жылдамдыққа баулу; күш-жігерін, төзімділігін дамыту. Алаңның бір жағында көмегімен қой қора қоршалады. Ойнаушылар санамақ арқылы "қойшыны" таңдалып алады; қалғандары – "қойларды" сомдайды. "Қойшының" көзін байланады. Балалардың біреуі (алғашында педагог) "қойшыдан сұрайды: "Қойшы, қойшы, маған қанша қадам бересің?". "Қойшы" өз санын (онға дейін) айтады. Осы қашықтықтан "қойшы": «Менің табыным қайда?", - деп сұрайды. "Қойлар" (балалар): "Мә-мә-мә..", - деп дауыстайды да үндемей қалады. Қойшы оларды іздей бастайды. Балалар жүргізушіден қашып құтылмақшы болады. Егер "қойшы" балалардың бірін түртіп қалса, сұрайды: "Қойым, қойым, өзіңді ата!" Ал ойнаушы, "қой": "Мә-мә-мә", - деп дауысын шығарады. "Қойшы" баланы дауысынан танып қойса, ұсталған - "қойшыға" айналады. Жаңа ойын басталады. Егер бала танылмай жатса, осы "қойшымен" ойын жалғасады. "Шеңберден шеңберге" қимылды ойын-жаттығуы. Мақсаты: балаларды шеңберлерге бақытты ауыстырып екі аяқпен секіруге дағдыландыру; күш-жігерін дамыту. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар. Мақсаты: ойындарға саналы қосылуға тәрбиелеу. |
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. | ||||
Түскі ас | Гигиеналық дағдылар Мақсаты: қолды жуу ережелерін бекіту; ойын - жарыстар; тәрбиешінің тазалық туралы әңгімесі; балалардың өзін-өзі бақылауы. Көркем сөз Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым, Аппақ бетің, маңдайың. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Күндізгі ұйқы | «Бір үзім нан» ертегісін оқып беріп, балаларды ұйықтату. | ||||
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары | Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. Домала, доп, домала! (екі қолды айналдыру) Балшыққа тек жолама. (сұқ саусақпен ескерту) Жек көремін оныңды, (сұқ саусақпен оң және сол жаққа серпілту) Бүлдіресің қолыңды. (екі колының алақандарын жоғары көтеріп айналдыру) Секіріп өт ордан да, (екі қолыңды жұдырықтап кезек-кезек бірінің үстінен бірін секірту) Секіріп өт жолдан да, (екі қолды жұдырықтап кезек-кезек бірінің үстінен бірін секірту) Қуса күшік жетпесін, (баяу жүгіру) Машина басып кетпесін. (машинаның рулін айналдыру) (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Бесін ас | Алдына қойған асқа назар аударту; дастархан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Құрастырудан ойын-жаттығу "Бидай масағы". Мақсаты: балаларды "Масақ" украин халық ертегісіндегі масақты оригами әдісі бойынша құрастыруға үйрету. "Шарды ұста" қимылды ойыны. Тәрбиеші ортаға үрленген көптеген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді. Кім көп шар жинаса, сол бала жеңімпаз атанады. 10-15 сек.. Ойын жалғасады. | Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу "Бауырсақ". Мақсаты: балаларды бауырсақпен, соның ішінде нан өнімдерімен таныстыра отырып, нанның бидай дақылынан пайда болатындығы туралы түсініктерін кеңейту. Дидактикалық ойын: "Бауырсақ қалай дайындалады?". «Зообаққа орналастыр». Мақсаты: заттың көлеміне қарап, салыстырып, талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап зообаққа орналастырып, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру. Көрнекіліктер: зообақ торлары, әртүрлі жануарлар, аңдар, құстар. Ойын шарты: зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін, т.б.. кіші торға орналастыруы керек. Бала неліктен олай орналастырғанының себебін пілдің үлкен, қоянның кішкентай екенін, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтады | «Жеміс жинау». Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету. Қажетті құрал-жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері. Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әртүрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен бір бала санайды, кейін барлығы хормен салыстырады. Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады. Мысалы: «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу? Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алманың пішіні неге ұқсайды?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Анама бәліш пісіремін". Мақсаты: ермексаздан бәліш жасауды үйрету; ұннан жасалатын тағамдар туралы білімдерін жаңғырту. | Дамытушылық жаттығу. "Не өзгерді?" Мақсаты: балалардың қабылдауын, зейіндерін, есте сақтауын дамыту; байқампаздыққа, зеректілікке тәрбиелеу. Керекті құрал-жабдықтар: Әртүрлі заттар мен ойыншықтар. Барысы. Педагог балалардың алдына таныс ойыншықтар мен заттарды ұсынады. Алдымен саны 6 басталып, ал кейін 10-12 дейін жеткізілуі мүмкін. Ойыншықтарды бір қатарға орналастырғанда, балалар олардың реттік нөмірін айтады. Балалар көздерін жұмады, педагог қатардағы ойыншықтардың орналасуын өзгертеді. Балалар көздерін ашады да, қай ойыншық қай жерге ығысқанын айтады. Сюжетті-рөлдік ойын. "Үй құрастыру". Мақсаты: балалардың құрылыс нысандарын тұрғызуға қатысатын мамандар жайлы білімдерін кеңейту, бекіту; еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Керекті құрал-жабдықтар. Құрылыс материалдары, қағаз беттері, қара қарындаштар, сызбалар, ойыншық жүк тасымалдаушылар, құрылысқа керек ойыншық саймандар (балға, бұрауыш, кемпірауыз, т. б). келісім. Педагог алдын-ала балалармен құрылысқа қатысатын мамандар жайлы әңгімелеседі. Балалар сәулетші, инженер-құрылысшы, тас қалаушы, жүк тиеуші, жүргізуші, сияқты мамандардың қызметтік міндеттерін анықтайды. Балалар құрылысқа қатысатын мамандардың рөлін өзара бөлісіп алады; өздеріне қажет киімдер мен құрал-жабдықтарды алып, өз орындарына барады. Педагог балалармен бірлесіп ойынды сәулетші бастайтынын айтады. Кейін балалар жүк тиеуші, жүргізуші, кірпіш қалаушы мен инженеров-құрылысшының жұмыстарын орындайды. Педагог диалог барысында ойыншылар арасындағы сөйлеу тізбегін, әдептілік ережелерінің сақталуын реттейді, бекіту сұрақтарын қояды. Педагог балармен бірге қорытынды жасайды: салынған үйдің сапасы жақсы болу үшін, құрылыс-мамандарының бірге кеңесуі; жұмысты жоспарға сәйкес орындауы; үй тұрғызуда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы. | «Үйдің есігін жабайық». Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. Сурет салудан ойын-жаттығу "Алтын бидай алқабы". Мақсаты: балаларды бидай алқабы көрінісін салуға үйрету; бидай масақтарын бор және саусақтарды басу арқылы салу техникасын игерту; адамның бидайды өсірудегі еңбегі туралы білімдерін тиянақтау. Бақылау жаттығуы. "Дақылдарды танып, ата". |
Балалармен жеке жұмыс | «Мынау қай пішін?» Мақсаты: геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. Көрнекілік: картоннан жасалған геометриялық пішіндердің 5 түрі. Барысы: бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. | «Мақал мәтелдер». Мақсаты: айтылған мақал-мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру. | Артикуляциялық жаттығу «Кім қалай дыбыстайды?» (баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту) - А, аа, аа, а, а, аааааа ... ... (қуанышты дауыспен). - Ааа, аа, а, а, ааа ... ... (аянышты дауыспен). - А, аа, аааа, а, ааа ... ... (таң қалған дауыспен). 1 минут жұмыс істеңіз. Екінші баламен (и), үшінші баламен (о) дыбысымен жұмыс істеуге болады. Фонетикалық жаттығуларды екінші тілді (орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі т.б..) үйрету мақсатына қарай да қолдануға болады. Ол үшін педагог қандай дыбысқа аса мән беру қажет екендігін анықтап алуы тиіс. | Кел, жазайық. Мақсаты: тиянақтылыққа, көркем жазуға, қалам ұстауға үйрету. Үзік сызықтарды салу білігін бекіту. Балаларға үлгілер таратылады. Суреттер мен жазулар үзік сызықтар арқылы беріледі. | «Кім зейінді?» Мақсаты: белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. Көрнекілік: сіріңке қорабында үлестірмелі геометриялық пішіндер. Барысы: тәрбиеші төмендегі геометриялық пішіндерден бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады. |
Серуенге дайындық | Мақсаттары: - киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру; - өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру; - шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу; - ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу; - көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу. (дербес әрекет) | ||||
Серуен | Серуенге деген қызығушылықтарын ояту. "Ас атасы-нан" тақырыбында жеке әңгімелесулер. | ||||
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. | ||||
Кешкі ас | Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. Музыкалық аспаптармен ойындар. Еркін ойындар. Қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамытатын ойындар. Кітаптарды санау, өлшеу, салыстыру. Театрды сахналау "Үш торай" ертегісін алжапқыштармен сахналау. | ||||
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес) | "Баланы дұрыс сөйлеуге қалай үйрету керек?" ата-аналарға кеңес. | «Отбасының салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған дәстүрлері» атты сұрақ-жауап. | Психолог кеңесі. Мысалы: «Көпшілік орындарында ЖРВИ кезінде балалар өздерін қалай ұстау керек?» | «Салауатты өмір салты ережелері», «Балаларға ыңғайлы киім таңдау» тақырыптарында әңгіме жүргізу. | Ата-аналарға кеңес "Өрт қауіпсіздігі". |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы: МКҚК «№14 бөбекжай балабақшасы»
Топ: ересек «Айгөлек» тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: 22.10 - 28.10 2022-2023 оқу жылы
Апта күндері | Сенбі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Күн тәртібі | 22.10.2022 | | | 26.10.2022 | 27.10.2022 | 28.10.2022 |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | |||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналарға кеңес: "Үйдегі жағдайда балабақшаның күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыру". | |||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | «Асхана бойынша кезекшілік». Мақсаты: балаларды кезекші міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету. Қолды мұқият жуу, кезекшінің киімін кию, үстелді дұрыс қою. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды тазалаңыз. Еңбек дағдыларын дамыту, үстелді жабдықтауда тәртіпсіздікті көре білу. | | | "Біз топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезенің ернек тақтайларын дымқыл шүберекпен сүртеміз". Мақсаты: балаларды сумен жұмыс кезінде келесі ережелерді сақтауға үйрету: жеңді түру, шүберекті сулау және құрғатып сығу, ластанған кезде оны сумен шаю. | "Төсектерді төсеуде күтушіге көмек көрсету". Мақсаты: балаларды өз төсек-орындарын ажыратуға үйрету; ересектерге қолдарынан келетін көмектерін көрсетуге деген ынтаны тәрбиелеу; жұмысқа деген ұмтылысты, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. | "Біз орындықтарды орнына орналастырамыз". Мақсаты: еңбек дағдыларын дамытуды жалғастыру; тапсырманы мұқият, жылдам орындау. |
"Торғай-торғай тоқылдақ" артикуляциялық жаттығу. Мақсаты: балаларды мәтінді есте сақтап, мәнерлеп айтуға машықтандыру; артикуляцияны жетілдіру; көркем сөзге деген қызығушылықты арттыру. Торғай-торғай, тоқылдақ, Жерден тары тары шоқып ап, Бөтегесі томпайып Тойған қозыдай монтайып, "Шіп-шіп" десіп отырар. "Халық ауыз әдебиеті.) "Домино" дидактикалық ойыны. Мақсаты: баланың топтамалар жайлы білімдерін дамыту, пысықтау; сәйкес заттың бейнесін тауып дұрыс атауға, оның атқаратын қызметі жайында бір сөйлемді құрастыруға дағдыландыру; қабылдау, зейін, ойлау қабілеттері, ұсақ қол моторикасын желілдіру. Ойын шарты. Суреттері сәйкес келетін карточкалардың біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады. Қажетті құралдар: бірдей қос суреттер, әртүрлі объектілердің бейнеленген көлемдері 5×6 см карточкалар. | | | "Суретті құрастыр" дидактикалық ойыны. Мақсаты: баланы бірнеше бөліктерден тұратын, тұтас суретті құрастыра білуге үйрету, төзімділікке, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу. Сурет бөліктерін таңдағанда қателеспеу, кім тез өз суретін құрастырып, дұрыс атайды сол жеңімпаз атанады. Ойын іс-әрекеті. Тұтас суретті құрастыру үшін тиісті бөлшектерін іздестіру. Қажетті құралдар. Бірнеше бөлікке бөлінген түрлі заттардың суреттері (көлемдері 7×8 см карточкалар). "Ұшады құстар біздің бақта" жаттығуы. Мақсаты: балаларды құстардың қимылдарына еліктеуге машықтандыру; құстар әлеміне деген қызығушылықты арттыру. Педагог балаларға алдын-ала құстардың ұшып-қонып жүргені туралы бейнежазбаларды көрсету мүмкін. Қанаттарын жайып жан-жаққа, (Аяқ ұштарына тұру, екі қолды жан-жақтан жоғары бірқалыпты көтеру) Ұшады құстар біздің бақта. (Құстың ұшқанына еліктеу, қолдармен бұлғау) Солға ұшады, ұмтылып, (Бір қолды сол жақта төменнен жоғары бірқалыпты көтеру) Оңға ұшады, ұмтылып. (Екінші қолды оң жақта төменнен жоғары бірқалыпты көтеру) Біресе төмен түсіп, қонады бұтаққа, (Төмен отыру) Біресе көкке самғайды, ұқсайды ұшаққа. (Аяқ ұштарына тұру, екі қолды жан-жақтан жоғары бірқалыпты көтеру) Д. Ахметова. | "Жалпы атауын бер" үстел үсті ойыны. Мақсаты: балаларды бірнеше объектіні ортақ белгісі, қасиеті бойынша біріктіріп, топтаманы дұрыс атай білу дағдыларын жетілдіру; сөздік қорларын байыту; ақыл-ой қабілетін дамыту. Балаларға лото карталары беріледі. Балалар белгілі карточкаларды топтастырып жалпы атауын атайды (жануарлар, құстар, үй құстары, үй жануарлары, құралдар, жиһаз, ыдыс-аяқ, ғимараттар, қыздардың және ұлдардың киімдері). "Не (кім) қалай қимылдайды?" дамытушылық ойыны. Мақсаты: балаларды жан-жануарлардың суретін көріп, қалай қимылдайтындарын айтуға машықтандыру; байланыстырып сөйлеуді жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Құралдары: жан-жануарлардың суреттері. Мысалы. Ат - шабады, жүреді, жортады, жатады, секіреді. Құрт - жорғалайды, жатады. Көбелек - ұшады, қонады, жүреді, отырады. Балық - жүзеді, тыныс алады, құйрығымен қозғалтады. Қасқыр - жүреді, жүгіреді, күтіп жатады, отырады, секіреді. Шегіртке - отырады, секіреді, ұшады, жорғалайды. Бүркіт - ұшады, қалқиды, қонады, отырады, жүгіреді. Адам - тұрады, жатады, отырады, жүгіреді, секіреді, билейді, еңкейеді, шалқаяды. | "Мен өзіммен бірге жолға аламын" ойыны. Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту. Ойын материалдары мен көрнекі құралдар: бір заттардың суреттері бар суреттер. Балаңызға жүзуге баруды ұсыныңыз. Бірақ сапардың сәтті өтуі үшін оған мұқият дайындалу керек, қажет нәрсенің бәрін жинау керек. Баладан бір суретті алып, бұл заттың қалай пайдаланатынын сұраңыз. Суреттердегі заттар өте әртүрлі болуы керек. Мысалы, бала доптың бейнесін алады: "сіз демалыс кезінде доп ойнай аласыз, допты құтқару шеңберінің орнына қолдануға болады, өйткені ол батып кетпейді және т.б.." Бала суретті алдына қойып, әртүрлі жерге саяхаттау үшін не қажет болатынын айтуы керек (шөл далада, пойызда, ауылда). Санамақты мәнерлеп жатқа айту жаттығуы. Мақсаты: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту. Бота, түйе, Құлын, бие, Торай,шошқа, Қозы, қошқар, Қодық,құлан, Көжек, қоян, Бақа,шаян, Торғай,шымшық... Сен, қал! Сен, шық! Қадыр Мырза Али. | |
Таңертенгі жаттығу | Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, екіге бөлінген секіртпе төменде. 1-2-секіртпені жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; 3-4-бастапқы қалып: аяқтарын сәл ашып тұру, секіртпе төменде. 1-оң жаққа бір қадам жасап, секіртпені жоғары көтеру; 2-оңға иілу; 3-тік түзелу, секіртпені жоғары көтеру; 4-бастапқы қалып. Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, секіртпені екі бүктеп ұстап, төмен түсіріп тұру. 1-2- отыру, секіртпені жоғары көтеру; 3-4-бастапқы қалып. Бастапқы қалып: аяқты иықтың деңгейңнде қою, секіртпе иықта. 1- денені оңға бұру; 2-бастапқы қалып. Бастапқы қалып: аяқты сәл ашып, секіртпені арт жаққа ұстап тұру. Секіртпені алға қарай айналдыра отырып, кішкене үзіліс жасап, екі аяқты ауыстыра отырып, бір орында қос аяқпен секіру. (дербес әрекет) | |||||
Таңғы ас | Балалардың беті-қолын жуып, таңғы асқа отыруы. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті-қолды жуу. Ойын жаттығу: Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп алып, қастерлеп Торғайларға тастаңдар. | |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Арайлы таң, армысың! Шуақты күн, армысың! Жан досым, саған сәлем берейін, Аман-есен бармысың! Жыл құстары туралы әңгімелесу. | | | Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түссін даламыз. Қайырлы таң достарым! Құстар түрлерімен танысып, әңгімелесу. | -Сәлем бердім досыма! Аман болсын әрқашан! Асығамын қашанда! Жайдарлы мінезді апайыма. Құстар туралы қызықты деректер | Үлкенге сіз дейміз! Кішіге де сіз дейміз! Бәрін, бәрін құрметтеп, Бас иеміз біз. Жыл құстарын пысықтау. |
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру "Саптарда кім бар?" Мақсаты: балаларды тепе-теңдікті сақтай отырып, қолын жоғары көтеріп тақтай бойымен жүруге үйрету. "Ұйқыдағы түлкі!" ойыны. Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Жыл құстары жылы жаққа ұшты. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: [ұ], [ү] дыбыстары". Мақсаты: балаларға жыл құстары туралы түсіндіру; [Ұ], [Ү] дауысты дыбыстар жөнінде ұғымдар қалыптастыру; дауысты дыбыстардың сөздердің құрамында жіңішке және жуан болып естілуін түсіндіру. Қозғалмалы ойын: "Қаздар! Ұшыңдар!". | | | Дене шынықтыру "Кедергілерден секіру". Мақсаты: бір қатарға қойылған (5 м) кеглилардың арасымен оң және сол аяқпен кезек секіру дағдысына үйрету. "Қоян" қимылды ойыны. | Музыка "Көгершіндер әні". Мақсаты: балалардың көгершіндер туралы әуенді қабылдауға қабілетін арттыру; әнді тыңдауда дыбысты есту қабілетін жетілдіру. Дидактикалық ойын: "Көңілді паровоз". | Дене шынықтыру "Кедергілерден сүрінбей өтіп көр". Мақсаты: балаларды қимылды ойындар арқылы түрлі бағытта жүгіруге; допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыруға үйрету. "Допты қуалап ұста!" қимылды ойыны. |
2- таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | |||||
Серуенге дайындық | Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | |||||
Серуен | Сауысқанды бақылау. Мақсаты: балалардың сауысқан құсы туралы түсініктерін тиянақтау; құстар әлеміне деген қызығушылықты арттыру; байқағыштыққа тәрбиелеу. "Сауысқан". Ала қанат сауысқан, Жауыр атқа жабысқан. Ойда жауыр көрінсе, Ойбайлатқан сауысқан. Қырда жауыр көрінсе, Қиқаңдатқан сауысқан. (Ел аузынан). Еңбек әрекеті: шығарылған материалдарды жинау. Мақсаты: балаларды серуеннен кейін орындарын ретке келтіруді үйрету: ойыншықтарды тазалау және жинау, себетке салу. "Аққу-қаздар" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: белгі белгі сөздерді мұқият тыңдап, ойынға белсенді қатысуға, ойын шартын бұзбауға, қимылдарды үлестіріп, жылдам жүгіруге бейімдеу; дене мүшелерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Педагог балаларға "аққу-қаздар" болуды ұсынады. Балалар алаңның бір жағына, педагог - қарама-қарсы жаққа тұрады. Алаңның ортаңғы екі шетінде (санамақпен таңдалған) екі бала "қасқыр" рөлін атқарып тұрады. Педагог: - Аққу-қаздар, қайдасыңдар? Қайда қонып, ұшасыңдар? Балалар: - Біз ұшамыз жылы жаққа, Қайтқымыз келеді ошаққа! Осы сөздерден кейін, балалар қарама-қарсы жаққа жүгіріп ("ұшып") ұмтылады. "Қасқырлар" "аққу-қаздарды" ұстап алуға тырысады. Ұстап алу - баланы қолмен тигізу болып саналады. Педагог алдын-ала алаңның шетінде балалар үшін "қасқырлардан қауіпсіз" орынды сызып қояды. Ойын бірнеше рет қайталанады. ойын аяқталған сайын, "қасқырлар" ұстап алған "қаздар" саналады. Ойыншылардың қабілеттерін бағаланады. "Ұстап ал" қимылды ойын-жаттығуы. Мақсаты: белгі бойынша жылдам әрекет етуге үйрету; достық қарым-қатынастарды дамыту. Өз бетімен еркін ойын әрекеті: "Мені қуып жет". Мақсаты: жалтарып, бағытты өзгертіп жүгіруді дамыту. | | | Торғайды бақылау. Мақсаты: торғайдың тіршілігі, сыртқы ерекшеліктері жайындағы түсінік пен білімді тиянақтау, құстарды аялау сезімін тәрбиелеу. Торғайдың адамға жақын, бір топ болып мекендейтінін байқату; торғайдың, қыстағы тіршілігі мысалында көрсетіп, өте төзімді, батыл құс екеніне көңіл аудару. Торғайдың сыртқы дене пішініне қарағанда, қоңыр, сұр, қара түстерді байқауға болатынын көрсету. "Торғай". Торғай, торғайсың, Жылдамсың, сондайсың, Шырылдап қоймайсың, Ұшасың, талмасың. Шомылып ал шалшыққа, Қона ғой біздің баққа. Д. Ахметова. "Қайда барсаң – соны табасың" дидактикалық ойыны. Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға баулу. Педагог белгілі заттарды (жемістер мен көкөністерді немесе ойыншықтарды, не құралдарды) ойын аланының түрлі жерлеріне салады. Бала педагог айтқан бағытты қолмен көрсетіп, сол бағыт бойынша жүріп, жасырылған объектіні табу керек. Педагог нұсқауларды нақтылы және дұрыс беру керек: алға бес қадам, солға бұрылып екі қадам, оңға тағы екі қадам. Күрделенуі: балалардың өздері топтастарына нұсқау беріп, жүргізуші бола алады. Еңбек әрекеті: шығарылған материалдарды құмнан қағып, жинау. Мақсаты: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. "Қаршыға мен қарлығаш" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: балаларды ойын шартын бұзбай, белгілер бойынша ойнауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ойыншылар екі топқа бөлініп, екі бағытқа қарап, екі қатарға тұрады. Бұлардың бір қатары "Қаршығалар" да, екінші қатарындағылар "Қарлығаштар" болады. Бір ойыншыны санамақ арқылы басқарушы ретінде таңдайды. Басқарушы екі саптың арасымен ерсілі-қарсылы жүріп дауыстайды. Алдымен "қар..." дейді де, содан соң қалауынша "шығалар" немесе "лығаштар" деп қосады. Сол кезде бастаушы атын атаған топтағылар бытырай қаша жөнеледі де, аты аталмаған топ оларды қуалайды. Олардың міндеті - қашқан топтағылардың біреуін ұстап алу. Ұсталған ойыншы сол топқа өтеді. Қайсы топ қарсы топтың ойыншысын көп қосып алса, сол топ жеңеді. "Кім жоғары?" ойыны. Мақсаты: белгі бойынша балалардың жер деңгейінен жоғары тұрған заттардың үстіне шығып алу қабілетін дамыту. "Заттар" деп орындықтарды, сатыларды, діңгектерді көру. Өз бетімен еркін ойын әрекеті: "Өзеннен өту". Мақсаты: бөрене үстінде түзу және қырындап жүруге жаттықтыру; дене тепе-теңдігін сақтауға бейімдеу. | Құстарды бақылау. Мақсаты: балалардың аула құстары, олардың тіршілігі жайлы білімдерін кеңейту; құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Педагог балаларға ойын аланыңа, бау-бақшаға ұшып келген құстардың дыбыстарын тыңдап, ажыратуды ұсынады. Құстардың түрі көп болмаса, педагог смартфонына жазылған құстардың дыбыстарын тыңдатып, дұрыс атауды ұсынады. Балалар құстардың үнін сөзбен қалай айтуға болатынын түсіндіреді. Торғай - шырылдайды. Қарға - қарқылдайды. Сауысқан - шықылықтайды. Бөдене - бытпылдайды. Бұлбұл - сайрайды. "Торғайдың әні" артикуляциялық жаттығуы. Мақсаты: балаларды мәтінді есте сақтап, мәнерлеп айтуға машықтандыру; артикуляцияны жетілдіру; көркем сөзге деген қызығушылықты арттыру. Шыр-шыр еткен торғайды, Қорғамасаң, болмайды. Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды. Ж. Сымақов. Еңбек әрекеті: ағаш тұқымдарын жинау. Мақсаты: балаларды тұқым жинауға ынталандыру. "Ит пен торғай" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: ит пен торғайға тиесілі қылықтар жайлы білімдерін бекіту; дауысты басқаруға үйрету. "Шұңқырдан аттап секіріп өт" қимылды жаттығуы. Мақсаты: балаларды ұзындыққа секіруге машықтандыру; вестибуляр аппаратын, күш-жігерін дамыту. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, қимыл-қозғалысты дамыту. Мақсаты: допты астыңғы жақтан бір-біріне лақтыру дағдыларын бекіту. | Құстың ұшуын бақылау. Мақсаты: құстардың түрлілігі, олардың қозғалу тәсілі жайлы түсініктерін нақтылау. Педагог ұшып-қонып жүрген құстардың қимылдарына көңіл аударады, балалардан құстар неге дәл осылай қимылдайтынын анықтайды. Қанаттардың көмегімен құстар бір орыннан, екінші орынға, жерді баспай, ұшып, қалықтайды. Құстардың қанаттары қауырсындардан тұрады. Құстар аяқтарымен жүреді де секіреді. Мысалы, түйеқұс жылдам жүгіреді. Құстар әуеде қанаттарын желкендей жайып, қалықтайды. Мысалы, бүргіт биік ұшып, қалықтап, қорегін аңдиды. Балаларға құстардың ұшып, қалыптап жүретінін бейнежазбадан көрсету. Ересектермен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: ағаш үгінділерімен бақша үлескесін жабу. Мақсаты: жұппен жұмыс жасауға үйрету; достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. "Қайда жасырылғанын тап" қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға, ақыл-ой қабілетін дамыту. "Жоғары - төмен" қимыл жаттығуы. Мақсаты: балаларды мәтіннің мәніне, ырғағына сай қимылдауға машықтандыру; жоғары және төмен ұғымдарын пысықтау; табиғат құбылыстарына деген қызығушылықты арттыру. - Балалар, "жоғары" десем - қолдарыңды жоғары созып, шапалақтайсыңдар, "төмен десем" - төмен отырып, тыныш отырасыңдар. Күлімдейді алтын күн. Жерде жатыр алтын құм. Құстар ұшты биікке. Сәбіз өсті жүйекте. Кіші болдық желектей, Өсеміз биік теректей. Д. Ахметова. Күрделенуі: жаттығу сөздерін жылдамдатып айтып, балаларды сол темпке бейімдетуге болады. "Тым-тырақай" ойыны. Мақсаты: балаларды ойын шартына сай ойнай білуге баулу; шапшаңдыққа, зеректікке, кеңістікті бағдарлау, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту. Балалар шеңбер құрайды. Бір немесе бірнеше бала шеңбер ортасында белгі санамақ сөздерден кейін ұстап алушылардың рөлін атқаратын болады. Ал, кәнеки, балалар, Бір, екі, үш - деп, санаңдар! Бір, екі, үш! Ал тараңдар! Бұл сөздерден кейін балалар жан-жаққа бытырай қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алу керек. Екі, үш бала ұсталған соң, тәрбиеші "бір, екі, үш" - деп санағанша, балалар тез шеңбер құрып тұрады. Ойын қайта басталады. Өз бетімен еркін ойын әрекеті, қимыл-қозғалысты дамыту. Мақсаты: жүру және жүгіру техникасын пысықтау. |