Файл: Аналитикалы шешу жолы есепті бірнеше арапайым есептерге блшектеу арылы болады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.







2. Физикалық есептер бұл оқушылардың физикалық құбылыстарды танып зерттеу логикалық ойлауын, білімдерін қалыптастыру және өзінің түсініктерін тәжірибеде пайдалана алуын жетілдіру үшін қолданылатын жаттығулар. Есептер шешу мен шығару оқу процессінің негізгі құрамды бөлігі болып келеді және еңбексүйгіштікті, ақылдың танымдылығын, пікірлердің тәуелсіздігін қалыптастырып, оқуға деген қызығушылықты арттырады, еркі мен мінезін жандандырады, құбылыстарды талдай алу әрекетін дамытып, ақпараттарды жалпылауы пайда болады.

Физика сабағында есептер шығару негізінен: проблемалық жағдаяттарды туғызу үшін; тәжірибелік дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру үшін; жаңа ақпаратты жеткізу үшін; оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін; білімнің жетіктігі мен тереңдігін тексеру үшін; материалды қайталаумен бірге бекіту үшін қолданылады.

Есептер сипаттарына қарай бөлінеді және мазмұнына байланысты: нақты, абстрактілі, техникалық, тарихи түрде; дидактикалық сипатына байланысты: жаттығу, шығармашылық, зерттеушілік, бақылау түрінде; шарттарына байланысты: мәтіндік, графикалық, эксперименттік, сурет есептер түрінде;
күрделілігіне байланысты: қарапайым, күрделі, құрамалы, аса күрделі түрде; талаптарына байланысты: белгісізді табуға, дәлелдеуге, құрастыруға беріледі; шешу жолдарына байланысты: эксперименттік, есептеушілік, графикалық түрде болады.
Есеп шығару кезінде қандай логикалық операциялардың пайдаланатынына байланысты оны шешудің жолдары аналитикалық, синтетикалық және аналитикалық-синтетикалық болып келеді.
Аналитикалық шешу жолы есепті бірнеше қарапайым есептерге бөлшектеу арқылы болады.
Синтетикалық шешу жолында шамалардың арасында байланыстар анықталып, теңдеуге қажетті белгісіз шама табылғанға дейінгі іздестіру жүргізіледі. Аналитикалық және синтетикалық шешу амалдары қашан да бір бірімен байланысты болады. Есеп шешуге математикалық ақпаратты пайдаланудың келесі жолдары бар: арифметикалық, алгебралық және геометриялық.

Арифметикалық тәсілде физикалық шамаларды теңдеу құрмай өзгертудің математикалық амалдары қолданылады. Алгебралық тәсілде теңдеуді құру физикалық формулаларға негізделіп, ізделінетін физикалық шама анықталады.
Геометриялық тәсілдің орнына көбінесе геометриялық әдіс термині қолданылады. Ол кескіндердің геометриялық және тригонометриялық қасиеттерін шығару барысында пайдаланылады.
Қазіргі уақытта физикалық есептерді шығаруда алгоритмдік тәсілдер жиі пайдаланылуда.

Физикалық есептерді шығарудың маңыздылығы:
❖ Оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын жандандырады;
❖ Физикалық ұғымдарды кеңінен ұғындырады;
❖ Әр сабақта проблемалық жағдай қойып, оны шығаруға септігін тигізеді;
❖ Физикалық құбылыстар, заңдар мен теорияларды талдауға, нәтижелеуге,
олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтайды;
❖ Пәнаралық әрекеттестікті орнатады;
Жалпы, есептердің құрамы мынадай бөліктерден тұрады: Есеп шарты — физикалық объект, ұғым, құбылыс, процесс және олардың күйі туралы мәліметтерден тұратын бөлім.
Оқу процессінде физика есептерінің рөлі айрықша. Оқушыларға есептерді шығартып үйретудің келесідей тәсілдерін атауға болады.
1. Оқытушы есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқылы оқушыларды есеп шығаруға жұмылдырып, тақтаға есепті өзі жазып көрсетеді. Бұл тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан соң қолданылады. Бұндайда күрделігі бойынша орташа есепті таңдап алған дұрыс болып есептеледі.
2. Есепке талдау бүкіл сыныппен талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға шығарып, қалған оқушылар орындарында шығарады. Бұл жағдайда тақтаға орташа оқитын оқушыны шығарған мақұл болады. Өйткені, жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, қалғандары назардан тыс қалып, ал нашар оқитын бала мүлдем шығара алмайды.
3. Мұғалім қандай есепті шығару қажеттілігін айтқаннан кейін, оқушылар оны өз бетінше орындайды. Бірақ, бұл жерде мұғалімнің әр есептің түріне қарай кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп карочкаларын жасап, өздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады. Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға болады.
Мазмұнына қарай физикада есептер механика

, молекулалық физика, электрдинамика т.б. болып бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, графикпен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, күрделілік деңгейіне байланысты бөлінеді.
Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді. Жеңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады. Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формуланы, кейде бір тараудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын есептер мен белгілі бір дағдыны қажет ететін эксперименттік есептерді айтады. Мұндай есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайталанған кезде, оқушылардың білімін айқындап жетілдіру үшін шығару қажет. Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып бөлінеді. Шығармашылық есептер — есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген
кезде, олимпиадаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады.
Есептің берілу тәсіліне қарай (4 түрге бөледі) мәтінді, графиктік, сұрақ-есептер, сурет-есептер болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер суретімен, графиктерімен қоса жүреді. Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу — есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мұндай бөліну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына қарай есеп таңдауына көмектеседі.
Сапалық есептердің физикалық құбылыстар мен зандылықтарды оқып үйренуде маңызы өте зор. Мысалы, тербелісті оқып үйренгенде:

1. Алтыбақанға бір адам емес, екі адам отырса тербеліс периоды өзгере ме?
2. Серіппедегі дененің массасын екі есе арттырсақ, оның тербеліс периоды қалай өзгереді?
3. Егер де дене бекітілген серіппені қатаңдығы бұрынғыдан екі есе артық серіппемен ауыстырсақ, дененің тербеліс периоды қалай өзгереді? деген сапалық есептерді шығару арқылы тербеліс кезеңін анықтауға берілген формулаларды оқушылардың естерінде қалдырып, бекітуге болады. Әрі олар
оның тәжірибеде күнделікті өмірде пайдалануымен таныс болады.

Есептерді шығару алгоритмі

Физика есептерін жүйелі түрде шешу–тақырыпқа сай заңдардың физикалық мазмұнын тереңірек түсінуге көмектеседі; оларды нақтылы жағдайда қолдана білу мәселелерін үйретеді.
Алгоритм математика мен информатиканың кеңінен тараған негізгі түсініктерінің бірі. Көптеген жайттарда алгоритм түсінігі электронды есептеу машиналарына сәйкес пайда болады деген пікір дұрыс емес. Алгоритм түсінігі электронды есептеу машиналарынан бірнеше ғасыр бұрын пайда болып, өмірде қолданылып келеді.
Алгоритм– алғашқыда берілген мағлұматтармен бір мәнде анықталатын жауап алу үшін қай амалды қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу тәсілдерінің нақты
сипаттамасы.
Алгоритмді енгізу оқушыларды күрделі есептерді шығарудың жалпы әдісімен қаруландырады. Есеп шығару процесі қиын кезеңдерге бөлуге болады:
1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, түсініксіз сөздердің мағынасын жеткізу. Бұған көп назар аударылуы қажет. Оқушы есепте көрсетілген физикалық құбылыстар мағынасын дұрыс түсініп, қойылып отырған есеп шарттарын нақты түсінуге тиіс.

2. Есептің шартын қысқаша жазып, суреті болса, салу керек.
3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық үрдістер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке назар аудару. Есептің шартында берілген шамаларды қарастырғанда олардың физиканың қай бөліміне қатысты екенін түсініп, құбылыстардың арасындағы әрекеттестіктерін, әрқайсысының заңдылығын анықтау. Күрделі оқиғаларды жеке құбылыстарға келтіріп,қарапайым түрге келтіру керек. Мүмкіндігі болса оқиғаның суретін салу, оның графигін сызу есепті талдау және заңдылықтарын ашу үшін өте қажет.
4. Есеп шығарудың жоспарын құрып, тәжірибе жүргізу, есепке керекті тұрақтылар мен кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау. Есепті шешу үшін жалпы жолдарын іздестіріп, проблеманың нәтижесіне жетіп шығару керек. Ол үшін сұраққа жауап беретін
формуладан бастап, құбылысқа қатысы бар басқа да тәуелділіктерді қолданып, соңғы формуланы шығарып алу және мүмкін болғанша бұл теңдеуді аналитикалық талдау және математикалық түрлендірулер жолымен шығарып алып, содан кейін ғана сандардың мәндерін өз орындарына қою
керек. Барлық жағдайда бір ғана корытынды формула шығару міндетті емес, кейде есепті бөлшектеп те шығару ыңғайлы болуы мүмкін. Эксперименттік есепті шығару үшін, алғашқыда есептің берілу шартына байланысты құбылысты сипаттайтын заңдылықтарды белгілеп, тапсырма бойынша тәжірибелер жүргізіп, қажетті шамаларды алу керек. Содан кейін тосы шамаларды бір-бірімен салыстыру бойынша графиктік тәуелділікті көрсету арқылы, белгіленген заңдылыктарымен салыстыра отырып, қорытынды шығару керек. Бұндай корытынды шығарылғаннан кейін бұрындары

теориялық жолмен берілген жалпы заңдылықтарды алуға болады. Оқушылар үшін мұндай шешу жолы өте пайдалы.
5. Физикалық шамаларды ХБЖ жазу.
6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу.
7. Теңдеулерді құру және оларды шешу.
8. Ізделініп отырған шаманы табу, тәжірибе қорытындысы бойынша талдаужасау.
9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру. Есептің жауабы шын өмірдегі мәндерге сәйкес болады. Мысалы, адам жылдамдығы 50 мс болуы мүмкін емес т.с.с.
10. Есептің басқаша шығару амалдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін алу.
Алгоритм және алгоритмдік тәсілді қолдану кезінде оқыту, есепті шешу
әдісін түсіну процесін әжептәуір тездететіні, оқушыларға есеп шешу
әдістерін жеткізу барысында алгоритмді пайдалану тиімділігін тексеруге
жүргізілген зерттеу және тәжірибе амалдары көрсетіп отыр. Мұғалімдер
алгоритмді тиімсіз және қиын деп ойлауы мүмкін, бірақ есепті бірлесе шешіп,
алгоритм арқылы шешсе, оқушылар да оны тез түсінетін болады.
Электродинамика бөліміндегі есептерді шағыру алгоритмі келесі
тармақтардан тұрады:
1. Есептің шартын мұқият оқып, берілгенін талдау жасай отырып, жазу;
2. Физикалық процесті қарастыру;
3. Схема сызып, оған қатысты элементтерді көрсету;
4. Электр өрісі мен зарядтарға әрекет ететін күштердің формулаларын жазу;
5. Есептің берілген сан мәндерін үрдістерге қатысты теңдеудің формулаларына қойып есептеу;
6. Шыққан нәтижені бағалау, есептің дұрыс шешілгендігін тексеру.